kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алаш ?айраткерлеріні? ?стан?ан Ата За?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата-бабамыз а?са?ан Т?уелсіздікке ?ол жетіп, Егемендігімізді? е?сесі ны?айып, к?п?лтты ?аза?станымыз к?ркейіп, ел экономикасы ?сіп-?ркендеп, хал?ымызды? ?л-ау?аты артып, дамуды? да??ыл жолын та?дады?. ?ыруар ?айратты, е?селі е?бекті ?ажет етер к?рделі де, ?иын ?мір ?ткелдерінен ?тіп, алуан асуларды, биік белестерді ба?ындырды?. Елбасымызды? салихалы саясатыны? ар?асында ?лем хал?ын мойындат?ан Егемендігі е?селі, Т?уелсіздігі т??ырлы, саяси т?ра?тылы?ы орны??ан к?п?лтты мемлекетке айналды?. 1991 жылы ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік т?уелсіздігі туралы За? ?абылданды. ?аза?стан Республикасыны? жа?а Конституциясын Елбасымыз Н.?.Назарбаев ?сынып, оны ?аза?стан хал?ы 1995 жылы 30 тамызда?ы Республикалы? референдумда бір ауыздан ма??лдады.

?Р Конституциясы – мемлекетімізді? іргесін ны?айтуда?ы ?арышты ?адамдарды? ?алыптасуы мен жа?а ж?йені? орны?уына, саясат сахынасында ?аза?стан Республикасыны? ?анат жаюы жолында?ы  бірден-бір бастаушы за?, серпінді сенім, ?Р Конституциясы - ?ділет жолын к?рсетер мемлекетімізді? Ата за?ы, айшы?ты ??жаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алаш ?айраткерлеріні? ?стан?ан Ата За?ы»

Алаш қайраткерлерінің ұстанған Ата Заңы


Мақсаты: Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ата заң – елдігімнің еңсесі» тақырыбы жазылған плакат, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, Қазақстан Республикасы Конституциясы кітабы, Мемлекеттік Ту, Елтаңба.


БАРЫСЫ:


1-жүргізуші: Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық. Елбасымыздың салихалы саясатының арқасында әлем халқын мойындатқан Егемендігі еңселі, Тәуелсіздігі тұғырлы, саяси тұрақтылығы орныққан көпұлтты мемлекетке айналдық. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамыздағы Республикалық референдумда бір ауыздан мақұлдады.

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы - әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.

2-жүргізуші:

Ата заңым – ар-намысым, айбарым,

Болашағым, тектілігім, қайнарым,

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер, байрағым!

1-жүргізуші:

Қазақстан –егеменді байрақты ел,

Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел.

Ата заңым – елдігімнің еңсесі,

Заңы барда қазақ елі айбатты ел.

Заңым барда зайырлы елмен теңестір,

Қай кезде де заңды біліп кеңес құр.


2-жүргізуші:

Ал, ұстаздар, оқушылар ортаға назар салайық,

Сайыскерлер шықпақ сайысқа, қол соғып қарсы алайық.

Жеңімпаз болу шарты сол, сәт сапар тілеп бәріне,

Сайысты біздер бастайық, қалмаңыздар жасқанып

1-жүргізуші: Ортаға қатысушы топтарды шақырайық. Алдарыңызда «Өжет» тобы мен «Әділет» тобы, қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Дөңгелек үстелдің әділ төрелігін беретін әділқазы алқасын сайлап алайық.

1-жүргізуші: Ал, оқушылар, енді сендерді бүгінгі ойынның негізгі бөлімдерімен таныстырайық.

І бөлім – «Кім жылдам?»

ІІ бөлім – «Заңды білесің бе?»

ІІІ бөлім – «Жорға»

ІV бөлім – «Кездейсоқ оқиғалар»

V бөлім – «Егер де мен...»

1-жүргізуші: «Заңды білесің бе?» деп аталатын келесі бөлімде әр топ қарсы топқа сұрақтар береді. Бұл сұраққа бірден жауап беруге болады немесе 30 секунд ойлануға мүмкіндік беріледі. Жауапты электр шамын жағу арқылы бересіңдер.

Топтардың сұрақтары:

  1. Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар және жауапкершілігін ауырлататын жағдайларды ажыратып бер.

- Қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы жасалса;

- Бір адам екінші адамды қарызымды бермедің деп ұрып, өлтіруі;

- Дүкеннің терезесін байқаусызда сындырып қойып, бірақ орнына әйнек салып береді;

- Жасаған қылмысы үшін қатты уайымдап, өзі полицияға барып айтты;

- Ұшақты басқа жаққа ұшуға қарудың күшімен мәжбүр етті.

  1. Жеке адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын атап бер.? (Өмір сүру, ождан мен қадір-қасиетті сақтау, ар-ұят бостандықтары, қажетті қорғаныс құқығы, және т.б.)

1-жүргізуші:

Ата заңым-Тәуелсіздік таңысың,

Арайланып атар ұрпақ қамы үшін.

Әділеттің ақ жолына бастайтын,

Ата Заңым – туған елдің бағысың.


2-жүргізуші:

Ата заңым – ар намысым айбарым,

Сенің арқаң бұзылмаған қаймағым.

Ата Заңның аясында көш бастап,

Тұғырлардан желбірей бер байрағым!

Тұғырың биіктей берсін, елім менің!


1-жүргізуші: Олай болса, боймызды сергіту үшін ұлттық биімізді тамашалайық.

2-жүргізуші:

Тілейміз елге қуатты құтты қадам,

Еңселі ел ертеңін ұлықтаған.

Тәуелсіз егеменді елдің ұландары,

Білімнің туын шыңға шарықтатқан.

1-жүргізуші: Ойынның «Жорға» жарысының кезегі де келді. . Бұл бөлімде топ басшылары жарысады. 11 сұрақ беріледі. Кім сұраққа көп жауап берсе, сол топ басшысы жеңеді. Ал іске сәт!

2-жүргізуші: «Өжет» тобының топ басшысына:

  1. «Жеті жарғы» атты заңдар жинағы қай ханның тұсында болды? Тәуке хан

  2. Республиканың ең жоғары өкілді органы? Парламент

  3. «Адвокат» сөзінің қазақшасы? Қорғаушы

  4. Мына мақалды аяқта «Ұрлық түбі...» Қорлық

  5. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды? 1991 ж. 16 желтоқсан

  6. Біреудің меншігіндегі затын жасырын жолмен алу не деп аталады? Ұрлық

  7. Ең жоғарғы құқықтық күші бар нормативтік құжат? Заң

  8. Әркімнің өмір сүруге құқы бар деген сөздер қай баптан алынған? 15 бап

  9. Парламент қанша және қандай палатадан тұрады? 2- сенат және мәжіліс

  10. Конституцияның қай бабында мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керек екені айтылған? 34 бап

  11. Басқа бір адамның ожданы мен қадіріне тіл тигізу, масқаралау не деп аталады? Қорлау

1-жүргізуші: «Әділет» тобының топ басшысының сұрақтары:

  1. Қазақ халқының сот жүйесін кімдер басқарған? Билер

  2. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? Сот

  3. «Указ» сөзінің қазақшасы? Жарлық

  4. Мына мақалды аяқта «Ұры байымайды...» Сұқ семірмейді

  5. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты? 1998ж

  6. Біреудің меншігін ашықтан-ашық алып кету не деп аталады? Тонау

  7. Әркімнің ар ождан бостандығы құқы бар деген сөздер Конституцияның қай бабынан? 22-бап

  8. Конституция қанша бөлімнен тұрады? Тоғыз

  9. Конституцияның қай бабында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқы бар делінген? 13-бап

  10. Жасалған қылмысы үшін қылмыскердің жазаға тартылуы не деп аталады? Жазалау

  11. Заң жүзінде танылған, қоғамға қауіпті іс-әрекет не деп аталады? Қылмыс.

1-жүргізуші: «Егер де мен...» деп аталатын келесі бөлімде кезек берейік.

Дөңгелек үстелдің әділ төрелігін беру үшін әділқазы кеңесіне сөз береміз.


Бұзылмас мәңгі анық бал қаймағы,

Достығым бақыт, бірлік-мол қайнары.

Көркейсін Тәуелсіз ел Қазақстан,

Желбіреп аспанында көк байрағы.


2-жүргізуші:

Жаңғырып ғұрпымыз, салтымыз,

Бейбіт күн кешуде халқымыз.

Егемен ел болып еңселі,

Әлемге танылды даңқымыз

1-жүргізуші:

Өткізіп сан қырлы дүбірді,

Қоғамды орнаттық бүгінгі.

Елбасы жарқын жол ұсынып,

Тәуелсіз ел болдық тұғырлы.

2-жүргізуші:

Ата заңым-егемендік, теңдігім,

Қанат жайып көкке өрлеген кеңдігім.

Ата заңмен іргелімін мен бүгін,

Ата заңым еңселеген елдігім!



1-жүргізуші:

Нық елімнің болашаққа сенімі,

Мерекеде шаттанады көңілі.

Ата заңның мәртебесі биіктеп.

Нұрлы болсын азат елдің өмірі,

Орнағанда әрбір елге заңдылық,

Ата берсін алдымызда таң күліп

Конституция елдігімнің еңсесі,

Асқақтасын абыройың мәңгілік.

2-жүргізуші: Қазақстан Респубикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын! Көк байрағымыз желбіреп, Тәуелсіз мемлекетіміз тұғырларға төрлей берсін, ағайын!







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Алаш ?айраткерлеріні? ?стан?ан Ата За?ы

Автор: ?тепберген А?ерке Асылхан?ызы

Дата: 05.11.2015

Номер свидетельства: 248299


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства