Просмотр содержимого документа
«"Ал,к?не,?ыздар!" сынып са?аты»
Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
2 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі:Байсейтова Қарлығаш Жолдасқызы
Мерекелік сайыс:«Ал, кәне, қыздар!»
Мақсаты:арулардың бойындағы жеке қабілеттері мен талантарын ашуға, топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелілігі: қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, әдептілік,сыпайылық,инабаттылық, мол мейірімділік, ата-анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,үлкенді құрметтеуге, сыйлай білуге,ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.
Ұғып ал бөбектерім сен де мұны деп –ақындарымыз жырлағандай аналар мерекесі құтты болсын !
Мұғалім: 8 -деген әдемі сан әлемде,
Ұран болған ана сөзі әлемге.
Құтты болсын мейрамдарың құрбылар,
Әз әже, аяулы ана, ару қыздар!
Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі, ең қадірлі сөз-АНА! Бала дүниеге келгеннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы , бар-лық сүйіспеншілік,мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін, жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген.Ол-8-ші Наурыз мерекесі!
Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымыз да бұл жарық дүние есігін ашпас еді.Ендеше асыл әжелері-мізді де мерекесімен құттықтаймыз! Әжелер,көктемгі күндей жақырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздерге мықты денсаулық, бақытты да ұзақ өмір тілейміз!
Бүгін біз де ,аналарымызды мейрамымен құттықтау үшін, «Ал,кәне, қыздар"сайысын мерекелік сыйлық ретінде ұсынбақпыз.
Жоспар:
І. Біз қазақтың қызымыз! (әр топтың танысуы)
ІІ. Мақал-сөздің мәйегі (мақал-мәтел сайысы)
ІІІ.Дәмді және тез (дәмді салат дайындау)
ІҮ. Көңілге түрлі ой салар,әсем ән
мен тәтті күй (ән,би,мәнерлеп өлең оқу)
Ү. Қыз өссе-елдің көркі! (көктемгі сән үлгілері)
ҮІ. Қорытынды (марапаттау)
Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын , сайысымызға әділ қазылық ететін әділ қазы мүшелерін сайлап алайық.
«Сөз мәйегі-мақал» десе, ендеше, алдына жан салмайтын аруларымыздың мақал-мәтел сайысын тамашалаңыздар.
«Қызғалдақ» тобының аруларына
1. Ағайын алтау, .... .2.Мектеп анасыз білім жоқ, ... . 3.Қойшының қызы , ... .
4.Анаға қарап қыз өсер, ... . 5.Жақсы қыз - ... . 6.Апасы киген сәукелені, ...
7.Бір қыздың тойы болса, ... 8.Ақ жаулығы ананың ақ көрпесі ..... .
9.Ананың ойы қияда,анасыз баланың көзі тоқ. 10.Ананың ойы қияда, баланың ойы қияда.
Бәйшешек» тобының аруларына:
1. Ана сүтін ақтамағанды , .... . 2.Асығу баланың ісі , ... .
3.Ағайынның алтын сарайынан, .... . 4.Ата- ананың қадірін, ...
5.Ананың сүйген жері, отқа да күймейді, оқ та тимейді. 6.Әдепті бала ата -анасын мақтатар,... .
7.Қыз жоқ жерде, ... .8.Қызы бардың , ... . 9.Баланың білегі жүрегі ауырса, ананың жүрегі аурады. 10Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
3-ші бөлім «Дәмді және тез» дәмді салат жасау . «Шеше көрген тон пішер», «Ас -адамның арқауы» деген керемет мақалдарды білеміз. Дәмді ас дайындау да өнер.Біздің аруларымыз сіздерге өздері әзірлеген ас мәзірін ұсынады.(салат жасайды)
Музыкалық пауза: «Анашым» әні: Иасин, Мейрамбек,Нұрдаулет
4 бөлім: «Өнерліге өріс кең»
.О,Ана,абзал Ана асылдарым,
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би,
Сіздер үшін мереке шашулары!
Тыңдасаңыз ән де бар шалықтаған,
Билесеңіз би де бар қалықтаған,-дегендей ән,би ,мәнерлеп оқу сайысын та-машалаңыздар.
.«Бәйшешек» тобы.Естеу Нүсіпбеков «Аналарға арнау» оқитын Аружан
Анасыздар әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,-мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар-Ақ Еділ,Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулатып,
Әр үйдің Күні десе,-лайықсыздар.
Өр десекте сіздерді,-лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді,- лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді,- лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді,- лайықсыздар.
Анасыздар,кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң кең байтақ данасыздар
Көлеңке жоқ көңілінде, қылауы жоқ,
Үлбереген жауқазын баласыздар.
Сіздер-Күнсіз,аспанда жарқыраган
Сіздер-Өзен,тау суы сарқыраған
Сіздер-ана,сіздер-жар,сіздер-қыздар,
Сіздер-жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп ,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
.«Қызғалдақ»тобының әні: «Ақ мамам»
.«Бәйшешек» тобының әні:«Ана туралы жыр»
.«Қызғалдақ»тобының биі: « Қыз қуу»
.«Бәйшешек» тобының биі: «Арива»
Муз. пауза: Қымбат Әбілдәқызының өлеңдері
5-ші бөлімде «Қыз өссе-елдің көркі» көктемгі сән үлгілері
..Біздің халқымызда«Қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың белгісі ретінде қолданылады.Халқымыздың ауыз әдебиетінде:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер айдай толған жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқымның сақтай білген ізгі салтын,-деген өлең бар.
.Бұл қыз баланың айрықша әдепті де ,көрікті болатындығын аңғартады. Адам көркі-шүберек» ,«Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»деген мақал бар. Осының бәрі қыз баланың сүйкімділігінен, нәзіктігінен,өнер-білімге бе-йім тұратындығынан шыққан сөз.Халқымыз қыз баласын ардақтап ,мәпелеп өсіреді.
Қымбатты қонақтар, мерекелеріңіз құтты болсын, сайысымыз мәресіне жақындап та қалды.
.Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашан үлгісі боп,
Күш қайратың әрқашан тасқындасын.
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқның,-дей келе, әділ қазылар дайын болғанша сөз кезегін сыныптың ер балаларына береміз.
Ер балалар:Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Құрметті 2-ші «А»сыныбының арулары сендерді мерекелеріңмен құттықтаймыз.Денсаулық,табыс тілейміз.Оқуда озат болып, ата ананың сүйікті қыздары,ұстаздың үлгілі шәкірттері болыңдар. (Сыйлықтарын ұсынады)
Барлық арулар хормен:
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады,аялайды,бағады.
Сол үшін құрметтейік бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Қорытынды бөлім: О,Ана,Ардақты ана,Асыл ана!
Аз сөзбен қасиетің ашыла ма?
Теңіздей шалқып жатқан жан сырыңа,
Бұл тілек бұлақтың басы ғана.
.Әйел өмір, нәзік аппақ бұлақтай,
Ол жымиса күнге қосыла күліпті Ай.
Біз жүреміз бар бақытты тілеп тек,
Сіздер берген мейірімді ұмытпай.
Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде «Жұмақ аналардың аяғының астын-да»делінсе, халық даналығында «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолы-мен әлемді тербейді» деген. Бү-гінгі таңда үйде бала тәрбиелеп, Түзде еңбек-кер атанып, туған же-рінің гүлденіп, көркеюіне өз үлесін қосып жүрген абзал жандар біздің ұжымнан да табылады.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасының төрайымы Бержанқызы Ларисаға берілді. (сөйлеп, мақтау қағаздарын тапсырады)
.Ана-перзент тәрбиелеуші, ана- ғалым, ана- ұстаз! Тәуелсіз Қазақстанның тұғырының биік болуының негізі ана тәрбиесінен бастау алады.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» леген көреген сөзі 21-ші ғасырда да мәнін жоймасы анық.
Анасы бар адам-асыл қазынасы бар адам.Құрметті аналар,сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Ғұмырларыңыз ұзақ болғай.Ендігі сөз аналарға беріледі. (Аналар сөйледі)