kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А??улар ?йы?та?анда (М??а?али Ма?атаевті еске алу кеші)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: А??улар ?йы?та?анда (М??а?али Ма?атаевті еске алу кеші)

 

Ма?саты

А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев шы?армашылы?ымен таныстыру,  ?з ойларын еркін жеткізе білуге адамгершілікке,  жа?сы ?лгі-?негеге, ?ам?орлы??а, мейірімділікке  т?рбиелеу.

 

К?рнекіліктер: а?ын портреті, М??а?али жайлы жазыл?ан плакаттар, баяндама,  автор ?ле?дері  ж?не «А??улар ?йы?та?анда» к?рініске ?ажетті ??ралдар.

 

А?а т?лімгер Абдураимова Рая А?ылбек?ызы кіріспе с?зі.

 

?ле? «Арыз жазып кетейін» ?алдыбаев Ровшан о?иды.  

Ж?ргізуші

Армысыздар а?айын, ?лкен –кіші,

Бармысыздар хал?ым мені? жылы ж?зді.

Поэзиясын ?аза?ты жандандыр?ан

М??а?али-хал?ымны? асыл ?лы!

Ар ма ?ымбатты жиыл?ан ?ауым, аяулы ?стаздар, арда?ты студент замандастар!

                   Ей, ?ле?, ма?ан тиген еншім еді?,

                   Бой жазайын, ?асыма келші мені?

                   Мені? са?ан шамалы жа?сылы?ым,

                   Сен де ма?ан, ?рине, к?ншімеді?.

Ия, осынау жыр жолдарын а? ?а?аз бен ?аламын серік ?ылып, ?ара ?ле?ні? ??діретімен тебірене жырла?ан хал?ымызды? а?иы? а?ыны, хал?ыны? ма?дайына біткен аяулы перзенті ?аза?ты? ?йгілі М??а?алиы болатын. Міне, б?гінде сол а?иы? перзентті? ту?ан к?ні. ?мірден ?зі кетсе де, артында м??гі ?шпес ?ле?і ?ал?ан М??а?али ?аза?ты? тілімен, рухымен ж?не ?аза?ты? ас?а? поэзиясымен ж?лдызы жар?ырап м??гі бірге жасайды. Олай болса ?ымбатты ?ауым б?гінгі «А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаевті еске алу кешіне» арнал?ан ашы? т?рбие са?атын 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А??улар ?йы?та?анда (М??а?али Ма?атаевті еске алу кеші) »


Абдураимова Рая Ақылбекқызы

Бірінші санатты, информатика пәнінің оқытушысы


Тақырыбы: Аққулар ұйықтағанда (Мұқағали Мақатаевті еске алу кеші)


Мақсаты

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығымен таныстыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге адамгершілікке, жақсы үлгі-өнегеге, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: ақын портреті, Мұқағали жайлы жазылған плакаттар, баяндама, автор өлеңдері және «Аққулар ұйықтағанда» көрініске қажетті құралдар.


Аға тәлімгер Абдураимова Рая Ақылбекқызы кіріспе сөзі.


Өлең «Арыз жазып кетейін» Қалдыбаев Ровшан оқиды.

Жүргізуші

Армысыздар ағайын, үлкен –кіші,

Бармысыздар халқым менің жылы жүзді.

Поэзиясын қазақты жандандырған

Мұқағали-халқымның асыл ұлы!

Ар ма қымбатты жиылған қауым, аяулы ұстаздар, ардақты студент замандастар!

Ей, өлең, маған тиген еншім едің,

Бой жазайын, қасыма келші менің

Менің саған шамалы жақсылығым,

Сен де маған, әрине, көншімедің.

Ия, осынау жыр жолдарын ақ қағаз бен қаламын серік қылып, қара өлеңнің құдіретімен тебірене жырлаған халқымыздың ақиық ақыны, халқының маңдайына біткен аяулы перзенті қазақтың әйгілі Мұқағалиы болатын. Міне, бүгінде сол ақиық перзенттің туған күні. Өмірден өзі кетсе де, артында мәңгі өшпес өлеңі қалған Мұқағали қазақтың тілімен, рухымен және қазақтың асқақ поэзиясымен жұлдызы жарқырап мәңгі бірге жасайды. Олай болса қымбатты қауым бүгінгі «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевті еске алу кешіне» арналған ашық тәрбие сағатын АСУ-2у және де ИС-3 топтарының студенттерінің сіздерге ұсынуында қабыл алыңыздар.

Жүргізуші Баяндама «Ақын ғұмыры» Сейдахметова Сымбат

Ән «Өмір сүрейік алмасып» Сансызбаева Айнұр

Жүргізуші Ендігі кезекте, көрермендерге ғасыр ақыны -Мұқағали Мақатаев жайында сұрақтар беріледі, сұрақтарға жауап бергендерге арнайы сыйлығымыз бар.

  1. Мұқағали Мақатаев кай жылы, қайда туылды? Азан шақырып қойған аты кім? (1931 ж 13-наурызда, Алматы облысының Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген оның шын аты Мұқамедқали)

  2. Мұқағалидың ән жазылған қандай өлеңдерін білесіздер? Кем дегенде 5-еуін атап берсеңіздер («Сенің көзің», «Фариза қыз», «Өмір сүрейік алмасып, «Арулар», «Бақытыңды жырлайды»).

  3. Мұқағали сүйген жары Лашынмен қашан, қалай танысты? («Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пъесасында ойнап жүріп, бірін бірі ұнатады. Сөйтіп, 1949 жылдың көктемінде екеуі үйлененеді).

  4. Арулар-асыл жандар

Шуақ болып шашылғандар,

Қуат боп тасығандар,... өлеңнің жалғасын айтыңыз.

(Құшақ боп ашылғандар

Арулар-асыл жандар

Арулар-асыл жарлар!)

  1. Ақынның көзі тірісінде қанша кітабы жарық көрді және мемлекеттік сыйлыққа ие болған кітабын атаңыз (11-кітабыжарық көрді, «Аманат» кітабы сыйлыққа ие болды)

Жүргізуші «Ана»- ғұмырдағы теңдесі жоқ махаббаттың иесі. Өмірдің өшпес көркі Ана- баласының бүйрегі ауырса, жүрегі сыздай ауырған әлемнің мейірбаны ғой, шіркін қаншама ақын перзент жүрегі алдымен «Ана» деп жыр жазары хақ! Олай болса, Мұқағалидың анаға деген сағынышын, махаббатын ақынның өлеңінен тыңдап көрейік.

Өлең оқу «Анашым» Байбатшаева Фариза

Жүргізуші «Ана» деп сыр тербетіп, жыр қозғадық

Жырларын асқақ ақын біз тыңдайық

Ана әркез асыл жан ал алайда

Әкені де жырлауды ұмытпадық.

«Әке»-асқар тау, биік тұлға, Ана-отбасының ұйтқысы, берекесі-әке, әркез шаңырақтың кең тірегі. Ана мен әке бір –бірінің ғұмырлық серігі. Екеуі де бұл өмірдің қос шынары, бәйтерегі. Келесі кезек әкеге арналған жыр.

Өлең оқу «Әке туралы сөз» Бабашева Гулмира

«Ұлыма» Қорғанбаева Дана

Жүргізуші Қыз-ғұмыр бұл жүректің әсем жыры,

Талмай жүрегінің үміт-нұры.

Бал-бұл жайнап әлемге сән беретін,

Қыздар мәңгі ғұмырдың ғажап гүлі-дегендей.

Өлең оқу «Қызыма» Айдарханов Бейбіт

Ән «Есіңе мені алғайсың»

Жүргізуші Сыршыл ақынның жастық алау шағында жазған махаббат, ғашықтық жайындағы өлеңдер топтамасы бір арна. Ақынның өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар мәнерлеп оқу «Ғашықпын», «Махаббат диалогы» Құлбеков Нұрдәулет, Сейдахметова Сымбат тамашалаңыздар.

Жүргізуші Ғашықтық деген «дерт» екен

Улайтын адам жүрегін

«Сезім» деген гул екен

Жүрекке ерте егілген!

Ех, шіркін, ғашықтық! Адамзатты әміріне көндірген, бұл сезімнің жолымен еруге барша жан бағынып кетті емес пе? Міне, Мұқағалида сондай ғашық жанның бірі болатын. Бәлкім, сан-мың ақынның

«Ғашық жан-ақын жан

Ақын жан- өмірге ғашық жан» дегені ұғынуымызша шындыққа жанасатындай.

Ән «Фариза» Кенжебаев Елкелді

Өлең оқу «Шәміл» Бақыт Айнур

Жүргізуші Поэзия!

Менімен егіз бе едің,

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауыртқан таулардан сені іздедім,- дегендей «Поэзия-үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, шексіз сезімге толы махаббат», осы құдіретті белгілердің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады.

Аққу –адалдықтың белгісі

Аққу –сұлулықтың үлгісі. Шынында да аққуды ардақтауда халқымыздың «аққуды атпа, арыңды сатпа» деген дана сөзді оның құдіреттілігін аңғартқандай, Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қысқаша көрініс тамашалаңыздар.

ҚАТЫСУШЫЛАР :

  1. Әке

  2. Ана

  3. Бала

  4. Бақсы

  5. Жылқышы қарт

  6. Ауыл адамдары

  7. Аққулар - биші қыздар

  8. Автор

Автор


Өзенде жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?

Ортаймаған «Жетім көл» толмаған да,

Болған өмір ұқсайды болмағанға,

Сызат тажоқ, бетінде сызық та жоқ

Айдынынааққуы қонбаған ба?

Беу, дүние-ай, аққулар оралғанда,

Айдын көлдің иесі жол алғанда,

Жетісіп бір "Жетім көл"қалушы еді-ау,

Тынушы еді-ау,теңселген қара орман да.

Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,

Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.

Бұл көлге мылтық атқан саятшы емес,

Тірі жан аяқ басыпкелмейтұғын.

І- көрініс /Сахнада қазақы үйдің іші, жасау-жабдық. Төсекте ауырып, қызуы көтеріліп, сандырақтаған бала. Төсектің жанында, баланың қолын ұстаған, аһлеп-үһлеп есі шыққан әке мен ана/.

Ана: Жаңағы бақсы шал да кешікті–ау! Құдай-ай,енді қайттік? Сорлы балам-ай.

Әке: Я, Құдай, бақсы ата келді, мінекей, өзі де келді.

/Әлем –жәлем киінген, басына қауырсын қадаған, сылдырмағы көп, ақ таяғы бар бақсы келеді/

Бақсы: /баланың тамырын ұстап/ - Апыр-ай мына баланың ауруы шатақ қой! Жын! Жын! Жын! Жын қамап тұр екен! Алдымен жынды қуу керек! Мен енді дем салайын.

Таудан аққан сумен кет,

Есіп соққан желмен кет.

Жортып жүрген аңмен кет,

Көкте ұшқан құспен кет. Кет! Кет! Кет! /баланы шыркөбелек айналып, қиқу салып, жерді таяғымен тоқылдатып, сылдырмағын қағып, ақыры «уһ» деп жерге құлайды. Әке мен ана сыбырласады/.

Ана: Қарашы, балам көзін ашты ма? Оң өзгеріс бар ма?

Бақсы: /Орнынан атып тұрады/: Бұл баланы аққумен аластау керек! Ауру иесі сол екен. Өлген аққумен ұшықтау керек болып тұр! Ертеңге дейін қалайда аққу табыңдар! Әйтпесе баладан айырыласыңдар деп кетіп қалады.

Ана: /Басын төсекке сүйеп отырып, сандырақтаған күйі/: -Жаңағы бақсы шал не деп кетті? Әлде өтірік әлде шын демеп кетті «Аққуменен баланы аластаңдар!» деді дағы жөніне жөнеп кетті... /Әлдене есіне түскендей, басын жұлып алып, күйеуіне қарап өктем дауыспен/ Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға. Неткен жансың санасыз жаратылған?! Жаңағы бақсы шалдың айтқан сөзі ұмытып кетті ме санатыңнан

«Айналайын аққудың қанатынан.

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

Жетімкөлге барып қайт таң жамылып,

Таң атқанша қалайда тауға ілік.

Біреулердің көзіне-түсіп қалма,бүліндірме, салма бүлік».

Әке /дағдары/:

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайланған

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын

Перзент сұрап несіне армандайсың?

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әккел!Атты ертте!Жалған бәрі!/Ана жинала бастайды/.


ІІ-көрініс /Сахнада жетімкөл бейнеленген картина. Судың сылдыры мен құстардың сайраған үні. Ол арада екі аққу-қыз қалықтап тербетіліп жүр. Бір бұрышта қолында мылтығы бар ана бас бұғып, аққуларға тамсана қарап отырады/.

Автор:

Қысқа таң. Бұлбұл үні, көл бетінде,

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкәппар құс келбетіне

Аққулар! Аққу мойын, сүмбе -қанат

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырынды кімге аманат?!

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!

Бір мамығы майысса ауырсынып,

Тарақ етіп, тұмсығын тарайды кеп,

Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.

Құм тұрса да бір түйір ауырсынып,

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу!


/Осы кезде «Аққу» күйі ойналады да, аққу боп қыздар билейді. Би аяқтала бергенда мылтық атылып, бір аққу қансырап жерге құлайды. Келесі аққу жерде жатқан аққуды айнала билеп ұшып кетеді. Осы кезде сахнаның бір бұрышынан қолында ұзын құрығы бар жылқышы шығады/.

Жылқышы:Ей, кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?

Басыңды көтер-дағы, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

/Ана сүйретіліп орнынан тұрып, қартқа қарай бір-екі аттап басып, тоқтайды/

Ана: Keшip, ата!

Адам емес, мен енді жай тулақпын,

Жемісіне тас аттым гәкку-бақтың,

Жалғыз ұлым ауырып, амалсыздан,

Тәуіптің айтуымен, аққуды аттым!

Жылқышы:

Әй балам, болмады ғой, болмады ғой.

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой,

Тәуіптің айтқанының бәрі етірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!

Мін атқа, қайт ауылға тағат қыл да,

...Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?

Аққуға кезенерде ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Ана: Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір, аққу атқан оңбайды деп

/Ана мылтығын алып, кетуге жиналады/

Автор:

. . .Ат басын шұғыл бұрып, тайып тұрды,

Жетімкөл жетімсіреп қалып қойды

Әлденеден сұм жүрек сескенеді,

Аракідік әлдене ес береді

Табиғаттың, таудың да, акқудың да,

Байқұстың болмай қалды еш керегі,

Келеді ана, сезбейді ештеңені

Бай ұмыт, әлсіз жатқан бала да ұмыт,

Қайтқан құстай алыстап барады үміт.

Көліменен қоштасқан аққу үні,

Құлағына келеді арагідік.-

...Абыр-сабыр үй маңы дүрбелеңді,

Алғаш ана абыржып білмеген-ді

Өң бе,түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында

Отырғандай Жетімкөл жағасында.

Аққу жатыр көзінің, шарасында.

Аунап түсіп атынан, үйге енді,

Есіне алып ерін де, баласын да

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана Жетімкөл жағасында

Өлі менен тірінің арасында...

Ана /көкке қолын жайып/:

Қазір, ботам. . .

Мінекей, таң атады. . .

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын,

Жазыласың, құлыным, балапаным

Қасиет!


О, қасиет. Осындай ма ең?

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең?!

Қасиет! Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет қасымдағы досымдай ма ең!. .

Қасиет... Қасірет ..Қасірет...Қасиет. . .

Автор:

Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын

Жалғыз-ақ, сол арманым

Қиын екен қимасың екі бірдей,

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны. .

Аққулар. .

Аңыз көп қой олар жайлы

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды. .

Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды.

Орнында екен, Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жоғалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.


Жүргізуші Өлең «Аққулар, қош болыңдар» Сагингалиева Арайлым

Досанова Құралайдың өзінің шығарған Ақиық ақынға арналған «Арнау» тыңдаңыздар.


Жүргізуші Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында, азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.

«... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай

От боп жанып өтіп кеткен ақынға-

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді –ай».- деп

Айтақын ақын жырлағандай өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол –біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Бүгінгі АСУ-2у және ИС-3 топтарының ұйымдастырған «Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевті еске алу кеші» атты ашық тәрбие сағаты тамашалағандарыңызға үлкен рахмет, сау болыңыздар.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
А??улар ?йы?та?анда (М??а?али Ма?атаевті еске алу кеші)

Автор: Абдураимова Рая Акилбековна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176717


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства