Ж?ндіктерді? ?алай пайда бол?анды?ы ж?нінде орта? к?з?арас жо?ты? ?асы.
Оларды? ар?ы бабалары ?ыры?ая?тар деп санал?ан, алайда генетикалы?
талдау шаянт?різдестермен туыстас екендігін д?лелдеп отыр.
?абырша? сауыт созылмайды. Сонды?тан ж?ндіктер жетілгенше (дерн?сіл сатысында), ескі жабынын тастап, деміл-деміл т?леп отырады. Оны? орнына уа?ыт ?ткен сайын ?атая т?сетін жа?а ?абат пайда болады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Адам е?бекпен шы?далады »
Маңғыстау облысы . Бейнеу ауданы . Манашы орта мектебінің . . .. биология пәні мұғалімі .. Анар Ильясова
Тақырыбы: Адам еңбекпен шыңдалады
Мақсаты:Адам еңбекпен шыңдалатындығы жайында,еңбек сөзінің мәнін ашып түсіндіру
Адамдық борышың ,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта,оны біл.
Талаптан да,білім мен өнер үйрен.
Білімсіз,өнерсіз,
Болады ақыл тұл. (Ш.Құдайбердиев)Адамдар еңбектенеді,сол еңбектерінің нәтижесінде олардың қолдары,ойлары және тілдері дамыды.Мысалы:Адам «саналы адам»түрінің пайда болуында әлеуметтік факторлар шешуші рөл атқарды.Олар еңбек,сөз,қоғамдасып тіршілік ету,әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы нәтижесінде болды.Адам эволюциясында еңбектің рөлі зор.Адамның еңбек етуі еңбек құралдарын жасаудан басталды.Адамның маймылға ұқсас ата тегі еңбек құралын өзі жасап,оны бірте-бірте күрделендіріп,пайдаланып, өзінің тіршілік ортасына бейімделе келе түрлі морфологиялық және физиологиялық өзгерістерге ие болды. Мұның себебі:су тартылып,орман алқаптарының көлемі азайып,ашық далалы жерлер пайда болды.Ағаш басында тіршілік еткен маймылдар енді жерге түсіп ,ашық алаңқай жерлерде қоректерін жеп,күн көре бастады.Қоректік заттары өзгеріп басқа өсімдіктермен, майда жәндіктермен қоректене бастады.Осыған байланысты еңбек құралдары қажет болды.Олар түрлі құрал-саймандар жасап тіршілік ете бастады.(Слайдтар:маймылдардың еңбек етуі)
Ендеше,қол-еңбек құралы ғана емес,ол-еңбектің жемісі. Ал еңбек –адам эволюциясының негізгі факторы.Еңбек қоғамдасып тіршілік етуге бастама берді.Адам өз еңбегі арқылы табиғатты өзгертіп,оны тиімді пайдалана алатын дәрежеге жетті.
Уақыт өте келе адамдар еңбексіз өмір сүре алмайтындықтарын түсінді.Адамдар кез келген іспен немесе сүйкті жұмысымен ,не үй шаруасымен айналысты.Адамға еңбекке деген қажеттілік пайда болды.Еңбек –адамның саналы,күш салуды қажет ететін,мақсатқа бағытталған және нәтижесі бар іс-әрекеті.Барлық адамның өз күшін жұмсап,еңбектену қабілеті бар екенін көрсетті.Еңбек деген қабілеттілік адамныңеңбек күші деп аталады.Үлкен кісі де, оқушы да осы қасиетке ие.(Мына суретте Елбасымыздың Ұстаздар қауымының еңбектерін елеп марапаттаулары көрсетілген)
Жүргізуші: «Еңбек»-бұл дүниедегі құдіретті күш,діни ұғымда құдай болса,ғылыми ұғымдағы бірден –бір жасампаз ұлы күш-еңбек. «Адамшылықтың парызы үшін-еңбек қылсаң,алланың сүйген құлының бірі боласың»дейді ақын
Еңбекті «Бес асыл істің негізгісі»деп бағалаған-Абай:
Бақпен асқан патшадан,
Мимен асқан қара артық
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.....деп адамды дүние жүзіндегі тіршіліктің жасампаз күші етіп отырған оның еңбегі,адамның адамгершілігі тек адал еңбегінің бағаланатыны туралы ой қорытады.
Көп мамандандырылған еңбек-ақыл-ой еңбегі.Бұл салада қызмет ететіндерге көп білім ,шеберлік,жұмыс дағдылары қажет.Көп мамандық иелері инженер,мұғалім,дәрігер,экономист,сәулетші,қаржы, құрылысшы тігінші және тағы басқаладың барлығы-ақыл-ой еңбегімен айналысатындар.(Әр мамандық бойынша суреттер,слайдтар)
Еңбек күші деп адамның еңбек ету қабілеттілігін айтады.Өмір бойы адамдар еңбек етеді.Соңында еңбек нәтижесін көреді.Бұрын еңбек ете отырып балаларын асыраса,адам өзі қартайғанда баяғы балалары есейіп ендігіден әрі қарай балалары еңбек етеді.Баяғы өзін баққан ата-анасын енді өзі бағады.
Ендігі кезекте «Еңбек»жайлы білетін мақал-мәтелдерімізді айтайық
1.оқушы
1 Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей 2. Еңбек түбі –береке 3 Еңбек етсең-емерсің
4 Адамды адам еткен-еңбек 5 Еңбектің наны тәтті Жалқаудың жаны тәтті
6 Еңбексіз құрған дәулет, Емсіз жабысқан дертпен тең
7 Егіннің егілгенін айтпа,еңбегін айт 8 Ердің атын еңбек шығарады.
2 ші оқушы
1 Жұмыстың жаманы жоқ 2 Талаптыға нұр жауар Талапсызға күн жауар
3.Бастаған істі тастама 4 Еңбек ерлікке жеткізер
5 Көп біл,аз сөйле 6 Ерінбей еңбек қыл,жалықпай өнер қыл
Олай болса,еңбектің қызметінің мақсаты адам еңбегін тек қана бөлу болып табылмайды,сонымен қатар ,ол жұмысшылардың күш-жігерін ортақ іске біріктіруді де қамтиды екен.(Ұн Завод.Бейнеу)
Дене еңбегі-адамның күшін талап ететін еңбек. Мыс,нан қайдан келеді? Диқан бабаң екті де, Еңбектен еш қашпады
Алдыңа әкеп төкті де Ақ нанды үйіп тастады Жер жыртып,егін егіп,оны орып алып,бидайды дирменге тартып, одан кейін ұнын илеп, наубайхана пешінде пісіріп –түсіру керек.Бұл тек нан жасау жолы ғана.
Асықпай іш тамақты, Жалама ыдыс аяқты
Нанды үгітпе,қадірле, Қабығымен бәрін же.
Олай болса «Еңбекпен тапқан тиын» көрніс (ата,ана,бала)
3 оқушы
Бір үзім нан- қолда етпен орнатқан Бір үзім нан –бақытыңа бойлатқан.
Бір үзім нан –ұмыттырып аштықты Бір үзім нан –айдалада қой баққан
4-оқушы
Бір үзім нан- қасиетті киелім Бір үзім нан –саған басты иемін
Бір үзім нан-жоқшылықты көрсетпей Бір үзім нан-ойнап күліп жүргізген
Жүргізуші
Терін төккен сол нан үшін бабамыз Қадір тұтқан ата менен анамыз
Бәрін қойып дастарқанға о,тоба! Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз дей отыра еңбек ете жүріп әдептілікті де сақтай білейік!
1. Өзіңе көмектескен ,керек затыңды берген,сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа рахмет айт
2 .Тамақ ішіп болған соң ас дайындаған кісіге «рахмет» айт
3 . Біреу өзіңе «рахмет»айтса, «жақсы»деп жауап бер
Күлме кемтар адамға Ешқашан үлкен кісіге Отырма беріп сыртыңды
«Сіз»деген сыпайылық «Сен»деген анайылық
«Тыйым сөздердің»бала өміріне беретін тәлім тәрбиесі мол
Мұғалім: Олай болса тақтаға қарап жұмбақтар шешеміз
1. Тілсіз мұғалім Сырын ұғамын, Білім алып шығамын (кітап)
2. Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс өнер (қол)
3. Ұзын мұртты сарылар Қойнында дәні бар (бидай)
4. Қасиетті тағам (нан)
5. Неден қымбат қазына жоқ (кітап)
Мұғалім: Балалар мұның бәрін не себепті айтып жатырмыз? Мамандық бізге не үшін керек? Оқушылар: Жұмыс істеп еңбек ету үшін
Мұғалім: Не үшін еңбек етеміз? Оқушылар Өмір сүру үшін
Мұғалім: Өмір сүру үшін не қажет? Оқушылар Қаражат қажет, Мұғалім: Оны табу үшін еңбек ету керек
Қорытынды:
Жалпы қорыта келгенде еңбек арқасында қазіргі адамдар еркін өмір сүріп жатыр.Еңбек арқылы әркімнің де өрісі кеңейері сөзсіз.Сондықтан баршамыз еңбек етейік.Сабағыңа жөндеп әзірленсең-осының өзі еңбек балалар. Адам еңбекпен шыңдалады.