Дамытушылы?: Айналада?ылармен рухани ??ндылы?тар негізінде ?арым-?атынас орнату ?абілеттері дамиды; адам бойында адамгершілік ?абілеті дамиды, ?деп нормаларын са?тау ?детін ?йренеді;
Просмотр содержимого документа
«Адам бойында?ы асыл ?асиет»
Тақырыбы: Адам бойындағы асыл қасиет
Мақсаты:
Дамытушылық: Айналадағылармен рухани құндылықтар негізінде қарым-қатынас орнату қабілеттері дамиды; адам бойында адамгершілік қабілеті дамиды , әдеп нормаларын сақтау әдетін үйренеді;
-Бас каиімді теппе, айналдырма, аяқ астына тастама.
-Малды бастан ұрма.
-Жасы үлкеннің алдын кеспе.
-Кемтар адамға күлме.
Киіну, сөйлеу, сәлемдесу әдебі.
Аманат: Сәлемдесу әдебі.Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлем береді. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау – мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысық боп тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп әдеп сақтауы керек.Мысалы кейбір оқушылар өздеріне сабақ бермейтін оқушылармен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, және мәдениетсіздік деп ойлаймын.
Сара: Сөйлесу әдебі. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп,көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде алаңдап,жан-жағына қарау, теңселу, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қатты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау-әдепсіздіктің белгісі деп ойлаймын.
Айнұр: Әдемі, таза киіну әдебі. Киіне білу де адамның ішкі мәдениетіне , талғамына байланысты. Жүріс-тұрысымыз, сөзіміз, ісіміз, киіміміз рухани талғамды қажет етеді. Талғамы жоғары адам ғана өз бойына қонымды, жарасымды киімді таңдап, үнемі таза жүре алады.
Проблемалық жағдаяттардан шығып көрейік:
1-топ: Сен өте асығыссың. Себебі, сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан кісіні қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққанынан жылап жіберді. Сенің әректің?
2-топ: Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішті ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп өзі үйді жинап, сыпырып қойды.Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің?
3-топ: Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаң, алыстан келген туысың екен. Сенің анаң есікті ашпауды ескерткен.Сенің әрекетің ?
-оқушылар жағдаятпен танысады
Топпен жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:
а) Ашу-дұшпан,...........-дос,
.........-ыңа ақыл қос.
ә)Балаң .................болса, жердің үсті жақсы,
Балаң.....................болса, жердің асты жақсы.
а) Адам бойындағы мына қасиеттердің қарама- қарсы ұғымдарын ата:
Қастық-..........
әділдік-.................
білімді-...........
тентек-.................
еңбекқор-.......
дөрекі-.................
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой:
ә) Ж....................-ты көп қуған пәлеге жолығар,
Ж....................-ты көп қуған байлыққа жолығар.
Жалғастыр ойыны:
«Не істеуге болмайды ?»
Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.
-Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау ............................
-Сабақты жақсы оқу ..............................................
Ой толғау
-« Мен мейірімді адаммын, өйткені...........»
-Сабақтан алған әсерім............. жүрекшеге жазады
Әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін алдына мақсат қоюы керек. Адамды көздеген мақсатына жеткізетін де, алысты жақын ететін, тікенді гүл ететін де -ақылы. Ақылсыз өмірдің ешбір мәні жоқ. Ақыл адамды әдептілікке бастайды. Тәкәппар болма. Сыйлағанды сыйлай біл.Айтқан сөзді тыңдай біл.