kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

2013-2014 о?у жылында?ы а?а т?лімгерді? ат?арыл?ан ж?мысы туралы есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мазм?ны

  1. А?а вожатый?а арнал?ан лауазымды? н?с?аулы? (3-6 бет)
  2. Ж?мыс жоспары мен ат?арыл?ан іс-шаралар есебі.
  3.  Республикалы? Біры??ай «Жас ?лан» балалар мен жас?спірімдер ?йымыны? м?тінді есебі.

 2014-2015 о?у жылына арнал?ан ж?мыс жоспары

Просмотр содержимого документа
«2013-2014 о?у жылында?ы а?а т?лімгерді? ат?арыл?ан ж?мысы туралы есеп»





















2013-2014 оқу жылындағы

аға тәлімгердің

атқарылған жұмысы туралы

есеп



























Мазмұны

  1. Аға вожатыйға арналған лауазымдық нұсқаулық (3-6 бет)

  2. Жұмыс жоспары мен атқарылған іс-шаралар есебі.

  3. Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мәтінді есебі.

  4. 2014-2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.



































І. Аға тәлімгерге арналған лауазымдық нұсқаулық.



1. Жалпы ережелер. 
1.1 Аға тәрбиеші мектеп директорының рұқсатымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
1.2 Аға тәрбиешінің жоғары кәсіби немесе орта кәсіби білімі болуы қажет, еңбек өтіліне талап қойылмайды, немесе орта (толық) жалпы білім алғаны жөнінде құжаты болуы мүмкін және арнайы дайындықтан өтеді, еңбек өтіліне талап қойылмайды. 
1.3 Аға тәрбиеші мектепте директордың тәрбие жөніндегі орынбасарына бағынады. 
1.4 Өзінің қызметінде аға тәрбиеші ҚР Конституциясын, ҚР Президентінің жарлығын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі барлық басқармалардың еңбекті қорғау және нормалары, өртке қарсы және техника қауіпсіздігі ережелері, сонымен қатар, мектеп Жарғысымен және құқықтық актілерді (сонымен қатар мектеп директорының осы нұсқаулыққа сай шешімдері) , еңбек шартын басшылыққа алады. 
2. Функциялары . 
аға тәрбиеші қызметінің негізгі бағыттары : 
2.1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу. 
2.2 Бос уақытты қызықты өткізу. 
3. Лауазымдық міндеттері. 
Аға тәрбиеші келесідей қызметтік міндеттемелерді атқарады : 
3.1 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі мен дамуына жәрдемдесу, олардың қызметінде еріктілік, өзіндік өзгешелік, адамгершілік, ізгілік принциптеріне бағдарламалар дайындауға көмектеседі. 
3.2 Балалар қоғамдық ұйымдары, бірлестіктері қызметі құрылымына жаңа өзгерістер енгізуге ат салысады, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және өмір талаптарына сай ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастырады. 
3.3 Жұмыс істейтін басқа да жастар және балалар ұйымдары жөнінде оқушыларға толық ақпарат береді. 
3.4 Өздерінің қызметінің тақырыбы, бағдары жөнінде мектепке көрнекі құралдар іліп қоюды ұйымдастырады. 
3.5 Мектепте оқушылардың азаматтық және ізгілік қасиеттерін танытуға, өз қажеттілігі мен көзқарасын жүзеге асыруға, бос уақыттарын қызықты және пайдалы өткізуге қолайлы жағдай туғызады. 
3.6 Өзіне сеніп тапсырылған оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қадағалайды, еңбек қауіпсіздігі ережелері мен қалыптарын, өрт қауіпсіздігі және техникалық қауіпсіздігін қатаң сақтайды. 
3.7 Оқушылардың каникул күндерін ұйымдастырады. 
3.8 Жасөспірімдермен және балалармен жұмыстың озық тәжірибелерін қолданады, өз біліктілігін жетілдіріп отырады. 
3.9 Балалар ұйымдарының алғашқы ұжымдық жетекшілерін, ұйымдастырушыларын дайындау,қабылдау бойынша жұмыс атқарады. 
3.10 Өз жұмысын жоспарлайды, құжаттарды белгілі тәртіп бойынша жүргізеді. 
3.11 Мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда этикалық нормаларды сақтайды. 
4. Құқықтары : 
Аға тәрбиешінің құқықтары : 
4.1 Өздігінен оқушылармен жұмыс әдісін және түрлерін таңдайды, оны мектеп жоспарына және педагогикалық мақсатқа сай жоспарлайды. 
4.2 Мектеп Жарғысында анықталғандай мектепті басқару ісіне, педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға ; 
4.3 Кәсіби абыройын, қасиетін қорғауға; 
4.4 Өз жұмысын бағалайтын шағымдармен және басқа да құжаттармен танысуға, оларға түсінік беруге; 
4.5 Би этиканың қалыптары бұзылған жағдайға байланысты құрылған қызметтік тексеріске немесе тәртіптік тексеріс кезінде өз мүддесін қорғаушы арқылы немесе өзі қорғануға; 
4.6 Заңмен қарастырылған оқиғалардан басқадай тәртіптік немесе қызметтік тексерістер нәтижесін құпияда сақтауға; 
4.7 Біліктілігін арттыруға; 
4.8 Сәйкестік біліктілік деңгейіне ерікті түрде аттестациядан өтуге, аттестациядан сәтті өткен жағдайда ол біліктілікті алуға; 
4.9 Оқушыларға сабақ немесе үзіліс кезінде тәртіпті сақтау жөнінде өкім беруге, тәртіп бұзған оқушыларға Ережеге сәйкес ескерту немесе керісінше ынталандыруға , 
5. Жауапкершілік ; 
5.1 Лауазымдық міндеттерін, мектеп Жарғысын немесе мектеп ішілік жұмыс кестесі Ережелерін орындамағаны үшін немесе тиісті түрде орындамағаны үшін , аға тәрбиеші осы Нұсқаулыққа сәйкес еңбек заңнамасында анықталғандай тәртіптік жауапкершілікке шақырылады; 
5.2 Оқушылар тәрбиелеуде бір рет болсын күш көрсететін болса немесе жеке тұлғаға психикалық жәбірлеген жағдайда, моральға қайшы келетін қандай да бір болмасын теріс қылық көрсеткен жағдайда ҚР «Білім туралы» Заңына және еңбек заңнамаларына сәйкес қызметтен босатылады; 
5.3 Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау немесе орындамау барысында мектепке немесе оқу процесіне кесірі тиетін болса аға тәрбиеші еңбек және азаматтық заңнамаларға сәйкес материалдық шығынды өтейді, 
6. Өзара қарым-қатынас. Қызметтік байланыстар. 
6.1 Аға тәрбиеші мектеп директоры бекіткен аптасына 36 сағаттық жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді, 
6.2 Өзін-өзі басқару органдарымен, мектептің педагогикалық ұжымдарымен , қосымша білім беретін мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болады; 
6.3 Әр оқу жылына, әр тоқсанға өз жұмысы бойынша өзі жоспар құрады. Жұмыс жоспары мектептің тәрбие жұмысы бойынша орынбасарымен бекітіледі; 
6.4 Әр оқу тоқсаны аяқталған кезде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өз жұмысының көлемі жөнінде бес парақтан аспайтын жазбаша есеп береді; 
6.5 Мектеп әкімшілігінен құқықтық –нормативтік және ұйымдастыру-әдістемелік тақырыпта ақпарат алады, қажетті құжаттармен танысады; 
6.6 Өз құзырына кіретін мәселелер бойынша мектептің педагогикалық кеңесімен жүйелі түрде ақпараттармен алмасады; 
Аға тәрбиешінің жұмысын жоспарлауы. 
Жоспарлау – болашақ бейнесі жасалатын ақыл-ой қызметінің түрі. 
Аға тәрбиешінің жұмыс жоспары – оқыту-тәрбиелеу жұмысын жоспарлаудың жалпы жүйесінің бір түрі. 
Жоспарлар түрі : 
- болашақ ; 
- күнтізбелік; 
- күнделікті, 
- нақты істің жоспарын дайындау;

Ұжым - бұл ортақ әлеуметтік маңызы бар, қызметтес, осы қызметті ұйымдастырушылар, бірлік, ынтымақ арқылы ерекшеленетін,жалпы жауапкершілік атқаратын, барлық мүшесіне міндеттер бірдей бөлінетін тәрбиеленушілер тобы. 
Ұжым теориясын құрастырған көрнекті отандық педагог өкілі Антон Семенович Макаренко (1888 - 1939). 
Ол ұжым өмірінің заңын қалыптастырды: қозғалыс – ұжым өмірінің қалпы, тоқтау – оның ажалы, ұжымның даму принциптерін анықтады (жариялылық, жауапты тәуелділік, болашақ бағыты) ұжымның даму кезеңдерін мүшеледі. 
Ұжымның даму сатылары. 
1. ұжымның қалыптасуы (алғашқы бірігу сатысы). Ұжымның ұйымдастырушысы – педагог, одан барлық талаптар шығады. 
Ұжымда белсенділер анықталып, тәрбиеленушілер бір мақсат негізінде бірігіп, ортақ ұйым, ортақ қызмет жасай бастағагда даму сатысының бірінші кезеңі аяқталды деп саналады. 
2. ұжымның құрылымын тұрақтандыру. 
Ұжым бұл кезеңде тұтас жүйе сияқты қалыптасады, мұнда өздігінен ұйымдасу және реттелу механизмі істей бастайды. 
Педагогтың бұл сатыдағы негізгі мақсаты – ұжымның бар жігерін ортақ мақсатқа жұмылдыру, яғни ұжым не мақсат үшін құрылса, соны шешу болып табылады. 
Ұжым дамуының бұл сатысында жарыстар да, ұжым және кей оқушылар арасындағы келіспеушілікті жеңу, жалпы және жеке болашақ жоспарлар, оқушылардың жеке топтары арасында. 
3. ұжымның гүлденуі. 
Бұл кезеңде ұжым әр мүшесінің жеке дамуының құралына айналады. 
Жалпы тәжірибе, құбылыстың біркелкі бағасы – ұжым дамуының үшінші сатысының өзіндік ерекшеліктерінің негізгі белгісі болып табылады. 
4. ұжымның дамуы. 
Бұл сатыда әр оқушы өзінің нақты қалыптасқан ұжымдық тәжірибесіне айқындалған талаптар қоя біледі, сонымен, тәрбие үдерісі өзін-өзі тәрбиелеу үдерісіне ауысады. 
Даму сатыларының арасында айқындалған шектеулер жоқ – келесі сатыға көшу мүмкіндіктері өтілген сатылар негізінде құралады. 
Егер тәрбиешіге оқушылармен жұмыс істеу үрдісінде өзінің мақсатына қол жеткізу үшін жаңа ұжым құру қажет болса, онда ұжым қалыптастырудың келесідей жаңа алгоритмі (жүйесі) ұсынылады: 
Мен ұжым қалыптастырамын. 
1. мен балаларға ұнауым керек. 
2. мен оларды танып –білуім керек. 
3. мен біз бірігетін қызмет түрін анықтауым керек. 
4. мен балаларды осы қызметімізбен айналыстыруым керек. 
5. мен бұл қызмет айналасына ұрықты біріктіруім керек – менің жақын көмекшілерімді (белсенділер) 
6. мен балалар алдына болашақтағы жарқын және айқындалған жақын мақсатымызды қоя білуім керек. 
7. мен қарым – қатынастың түрін анықтап, балалар арасындағы қарым-қатынас түрін бекітуім керек. 
8. мен қызмет басқаруды балаларға жартылай беруім керек және өзін-өзі басқару органдарын құруым керек. 
9. мен оқушыларға ерекшелік белгілерін ұсынуым керек. 
10. мен ұжымның кездесу орнын жабдықтауым керек. 
11. мен айрықша дәстүрлерді салуым керек 
12. мен барлығына қорғаныс сезімін қамтамасыз етуім керек. 
13. мен балалардың тұйық болуын болдырмай, ұжымды жарқындыққа баулуым керек. 
14. мен балаларға жолдастар – қызықты ұжым табуым керек. 
15. мен бір орында тұрмауым керек. Тоқтау – ұжымның өлгені. 

Белсенділер арасында ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыра отырып, тәрбиеші өзінің де жетекшілік ете білу қабілетін қалыптастырады, яғни, ұжым қызметін толық немесе кей түрлерге бағыттай алады : спорттық, қоғамдық – еңбектік, ойын т.б. Ұжымды осылай немесе жеке жұмыс түрлерімен басқара білу белсендіні жетекші ретінде таныта алады. 
Ереже бойынша ұжым жетекшісін ұжым мүшелері сайлайды, кей жағдайда тәрбиешінің, педагогтардың, басқа да өзін - өзі басқару органдарының ұсынысымен тағайындалады. Мұндай тағайындаулар балалар бірлестіктерінде, сыныптарда болады. Бірақ, мұнда ұсыныс арқылы тағайындалған балалардан басқа да өте ықпалды тұлғалар – көшбасшылар болуы мүмкін. Көшбасшы ,әдетте, осы ұжым ішінен шығады, ұжымның мүддесі мен мақсаттарын қорғайды, осылай өз жолдастары арасында бейресми жетекші бола алады.Тәрбиешінің міндеті – ұжым арасында осындай көшбасшыларды анықтау, оларға ресми түрде жетекші болуға көмектеседі. Бұл арада нені түсіну қажет : 
Көшбасшы – ұжым ішіндегі шағын топ шешімдерін реттейді, ал жетекші ұжымға байланысты барлық мәселелерді реттейді; 
Көшбасшы – ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа толық тәуелді болады, оның басымдылығы тек бір топта немесе ұжым қызметінің бір көрінісінде ғана бола алады, ал жетекші ұжым ішінде беделді болып танылып, оның көңіл – күйіне тәуелді болмайды, ол өзінің ұжымында ұжымнан басқа, қоғамдық қарым-қатынас нәтижелерін жариялап отырады; 
Көшбасшы – бұл заңды жетекшінің көмекшісі, ұжымның мүддесін қорғай алады, ал жетекші ұйымдасқан ұжымның басшысы болып табылады; 
Көшбасшы – көбінесе ұжым мүшелерінің көңіл-күйіне бағынады, сондықтан ол ұжым ішінде тұрақты емес, ал жетекші - өзіне сенімді, ұжым ішінде тұрақты, ұжым мүшелерінің көңіл – күйіне тәуелсіз; 
Көшбасшы – бұл кішкентай, аз топтың мүддесін қорғайды, ал, жетекші - өз ұжымын қоғамда көрсете алады; 
Осындай ерекшеліктерді біле тұра жетекші балалар – жасөспірімдердің қай ұжымында болмасын , қай бірлестікте болмасын өзіне көмекшіні, ұйымдастырушыны тез тауып алады, азғантай топтардың көшбасшыларын анықтай алады, олармен бірлесіп қандай да бір жұмыс түрін істеуді ұйғарады. 
Қандай да болмасын бір істе танылған көшбасшы балалар ұжымда, бірлестіктерде, белсенділер арасында өз қызметінің нұсқаушысы болады. Мысалы, туризм жөнінде нұсқаушы, абаттандыру жөніндегі нұсқаушы т.б. басқа балаларды өзінің білгеніне үйрету, шағын топтардың мүддесін қорғау үшін ұйымдастырушы бола алады. Мысалы, звено, экипаж, жас туристер, жас экологтар, жас коллекционерлер топтары. 





















ІІ. №1 қазақ орта мектебінің аға вожатыйдың

2013-2014 оқу жылы бойынша мәтінді есебі



Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту,олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке потенциалдарын іске асыру, білім алумен қатар,әржақты болу.



Міндеттері:

  1. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту мақсатында, мемлекеттік мерекелерге баларды міндетті түрде қатыстыру.

  2. Балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында, өзіндік идеяларын іске асыруда қолдау көрсету.

  3. Мектеп оқушыларының шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында,жан-жақты іс-шараларды ұйымдастыру.



№1 қазақ орта мектебіндегі аға вожатыйдың жұмыс жоспары 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары негізінде іске асырылды.

Жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді.



  1. Тамыз айында 2013-2014 оқу жылына аға вожатыйдың жұмыс жоспары мен Мектеп комитетінің жұмыс жоспары бекітілді.

  2. 1-қыркүйек «Бір ел,бір халық,бір тағдыр» атты салтанатты сап түзеу өтті.

  3. 1 қыркүйектен бастап мектеп комитетінің жұмысы жалғасып,тізім өзгерілді. Мектеп комитеті 9-10 сынып оқушыларының арасынан ең белсенділері таңдап алынды.Бұл комитет белгіленген жоспар негізінде жұмыс атқарды.

  4. 7-қыркүйек «Отбасы күні» не арналған спорттық іс-шараға 1-11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы белсенді қатысты.

  5. Қарттар күніне орай мектеп

  6. Ұстаздар күніне арналған Мектеп комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген

«Ұстаз - ұлы есім» атты концерттік кеш өткізілді. Ол кеште мектеп ұстаздары мен ардагер ұстаздар қатысты. Қосымша 1

  1. 5-11 сынып арасында «Сыбдыры сұлу,Алтын күз» атты мектепішілік қыздар арасында сайыс өтті. Бұл сайыста қыздар өз білімдерімен қатар,сұлулық пен шығармашылықты бірге ала жүрді. Қосымша 2

  2. 2014 жылдың 1 желтоқсанында ҚР президент күні мен Халықаралық ЖҚТБ күніне қарсы акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияда жоғарғы сынып оқушыларының комитетінің ұйымдастыруымен іс-шара ойдағыдай өтті. Комитет мүшелері мектеп президентімен бірге агитациялық кітапшалар мен қызыл ленталарды оқушыларға табыс етті. 3 сабақтан соң Денсаулықты нығайту сектор жетекшісінің ұйымдастыруымен флешмоб өткізілді. Қосымша 3

  3. 2014 жылдың желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздік күніне орай 7-8 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл байқауда оқушылар өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін,сүйіспеншіліктерін көрсете алды.Сайыста ерекше көзге

  4. 16 желтоқсанда жылдан - жылға аталып өтілетін ҚР Тәуелсіздігі.Біздің мектебімізде бұл салтанатты түрде аталып өтті. Қосымша 4

  5. Жаңа-жылда 5-11 сыныптарға арналған мерекелік кештерде жас ұстаздар және мектеп комитетінің ұйымдастыруымен арнайы әзірлеме дайындалып, персонаждарға костюмдер тігілді. Арнайы бейнефильм түсірілді.Әр сынып берілген тапсырма,яғни әр мемлекетті көрсету барысында номер қойды. Бұл мереке қарсаңында мектепте жәрмеңке ұйымдастырылып,жиналған қаражат мектеп комитетінің қоржынына түсті.Бұл қаражатты алдағы болатын іс-шараларға керекті заттарды алуға жұмсалады.





  1. 2014 жылдың жылдан жылға дәстүрге айналған ақпан айында өтетін «Жарайсың!» атты түлектермен кездесу кеші былтырғы жылғы түлектермен және аяулы ұстаздармен қауыштырды.Бұл кездесуге 60-қа жуық мектеп түлектері қатысты.Бұлар 2004 жыл мен 2013 жыл аралығында мектепті тәмәмдаған түлектер.Аталмыш кеште концерттік номерлермен қатар,ұстаздар мен биылғы оқу бітірушілердің жылы лебіздері айтылды. Қызықты ойындар өткізілді.

  2. 1 мамыр күні Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының алдында «Масленица» өтті. Бұл іс-шараға барлық кәсіп орындар мен білім беру мекемелері белсене қатысты. Бұл шарада да біз артта қалмай оқушылар мен ұстаздардан құралған топпен қатысып белсенділік көрсетті.

  3. 8 –наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде кезекті іс –шара өз деңгейінде өтті. Бұл салтанатты кеште мектеп комитеті және мектебіміздің ер азаматтары біздің аяулы ұстаздарға өз алғыстарын білдірді.

Мектеп президенті бастамасымен мектеп директорының қолдауымен мектепте өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл жылы өзгеше болғаны,пән мұғалімдері сабақтарда оқушыларымен бірге отырып сабақ беру процессіне қол ұштарын,ақыл-кеңестерін айтып отырды.

  1. Наурыз мейрамында мәдениет сарайының алдында мерекелік іс-шаралар өткізілді.

  2. 1 мамыр күні мектебімізде қаламыздың ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

  3. 25 мамыр күні мектепте «Сыңғырла соңғы қоңырау » атты соңғы қоңырау рәсімі өтті.





Жалпы,қорытындылай келе,биылғы оқу жылында айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.Бірақта келесі оқу жылына жоспарлаған іс-шаралар бойынша жаңа идеяларға толы жұмыстарды атқарамыз.

Проблемалар:

  1. Мектептегі іс-шараларды өткізу барысында, сыныптар арасында жоспарлаған іс-шараларға оқушылар мен сынып жетекшілердің белсенді қатыспауы.

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты,музыкалық номерлердің аздығы.Тағыда бір айта кететін жайт,ол мектеп оқушыларымен мектеп ұстаздарынан құралған хор,трио,квартет,квинтеттердің жоқтығы.Бұған басты да бір себеп – музыканттың жоқтығы.
































ІІІ. №1 қазақ орта мектебінің аға тәлімгері Ж.М.Малгаждарованың

2013-2014 оқу жылы бойынша Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мәтінді есебі.


«Жас Ұланның» мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.



«Жас Ұланның» міндеттері:

  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

  • Балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;

  • Жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.


Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлау қарсаңында «Нұр Отан» ХДП-ң

ХІІ съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тілегі бойынша Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылуы шешілді. Ат аталмыш ұйымға 1-10 сынып оқушыларын қабылдау жылына үш рет өткізіліп отырады.

2011-2012 оқу жылынан бастап 2013-2014 оқу жылы бойынша «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған балалар мен жасөспірімдер саны 657 («Жас Ұлан» - 419; «Жас Қыран» - 238) Қосымша

Олар 2011-2012- 256 бала

2012-2013-221 бала

2013-2014- 180 бала қабылданды.

Қазіргі таңда 313 бала ұйымға қабылдануға жоспарда тұр.

РҚБ «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жас өспірімдер ұйымының» ережесі негізінде мектебімізде өткен оқу жылында ұйымға қабылдау рәсімдері өткізілді.

Олар:

  1. 2013 жылдың 16 желтоқсан күні ұйымға алғашқы қабылдау өтті. 100 оқушы қабылданды. 30 «Жас Қыран»; 70 «Жас Ұлан». Оның ішіндегі жетістіктері мол 10 оқушы қаламыздың балалар шығармашылық үйінде ұйымдастырылды. Қабылдауға қала әкімдігінің белгі өкілдері,ұлағатты ұстаздар, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, мектеп директорлары және қаламыздың үздік оқушылары қатысты.

  2. Келесі қабылдау белгіленген ереже бойынша «Қазақстан халықтар достығы күні», яғни 1 мамыр күні өткізілді. Атап айтқанда «Жас Қырандар»-30; «Жас Ұландар»-50.

  3. Одан кейінгі қабылдау рәсімі 2014 жылдың 6 шілдесінде өтеді. Бұл күні жоспарда «Жас Ұлан» -20; «Жас Қыран» - 10 оқушы қабылданады.

Сонымен қатар,мектебіміздің «Жас Ұландықтары» мен «Жас Қырандары» қала және облыс көлемінде спорт,би, білім жағынан әрқашан алда.

Атап өтсек: 5 «б» сынып оқушыларының арасынан




ІV. 2014-2015 оқу жылына аға тәлімгер жоспары


Өтілетін іс-шаралар

жауаптылар

қыркүйек

1

Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару бірлестігін сайлау (оқушылар кеңесі)

Аға тәлімгер

2

Білім күні

ТІМ,аға тәлімгер

3

Тілдер апталығына қабырға газетін шығару

Баспасөз

4

Оқушылардың киім киісі, бой-басы тазалығын тексеру

Жыл бойы тексеру

Денсаулық және спорт секторы

(мектеп комитеті)

5


«Ең білімді» ойыны


Президент

Баспасөз мүшелері

6.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдерімен бірлескен КВН

Аға тәлімгер

(мектеп комитеті)

қазан

1

Топ басшыларының жиналысын өткізу

президент

2

«Жас Ұлан» командасының жоспарын құру

Аға тәлімгер

3

Қыздар мен ұлдар арасынан сырласу кеңесін ашу

Аға тәлімгер

4

Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар ұйымдастыру

ТІМ

кеңес мүшелері

5

«Күзгі бал»

кеңес мүшелері

6

«Сиқырлы қазан» сайысы

Аға тәлімгер

Тіл мамандары

кеңес мүшелері

қараша

1

Оқушылар кеңесінің отырысы

Аға тәлімгер

президент

2

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны

Аға тәлімгер

3

Экология тақырыбына дебат

Тарих пен география пәндерінің мұғалімдері

Аға тәлімгер

желтоқсан

1

"Ғасыр іңдеті" (қабырға газетін шығару)

Баспасөз комитеті

2

Тәуелсіздік күнінен қабырға газетін шығару

Баспасөз комитеті

3

«Жас Ұлан »ұйымына қабылдау

Аға тәлімгер

4

«Жігіт сұлтаны» атты байқау

кеңес мүшелері

5

Жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастыру

кеңес мүшелері

Қаңтар

1

Оқушылар кеңесі жұмысының тоқсандық қорытынды жиналысы

президент

2

"КВН" (7-9кл.)

Аға тәлімгер

3

Тазалықты, кезекшілікті бақылау

Денсаулық орталығы

Ақпан

1

"Қыз сыны" сайысы

Аға тәлімгер

мәдениет орталығы

2

Сабақ үлгеріміне рейд

Білім орталығы

3

Топ басшылары жиналысы

президент

Наурыз

1

Мерекелік іс-шараларға ат салысу, қабырға газеттерін шығару

кеңесі мүшелері

2

«Жігіт сұлтаны» 4 сыныптар


Аға тәлімгер

мәдениет орталығы

3

"Наурыз" мерекесіне қабырға газетін шығару

Баспасөз

4

Тоқсандық қорытынды жиналысы

президент

Сәуір

1

"Табиғатты қорғау туралы сөйлесейік" дөңгелек стол

кеңес мүшелері

2

"Брэйн-ринг"

Аға тәлімгер

Білім орталығы

3

Тазалықты бақылау

Денсаулық және спорт орталығы

Мамыр


«Жас Ұлан»ұйымына қабылдау

Аға тәлімгер

1

Ұландар мерекесіне арналған жиын

президент, аға тәлімгер

2

"Ерліктері ел есінде" Жеңіс күніне арналған жиынға қатысу

президент

мәдениет орталығы

3

Қабырға газетін шығару

баспасөз

4

Қорытынды жиналыс

Аға тәлімгер

5

«Соңғы қоңырау» салтанаты

Кеңес мүшелері

Маусым

1

1 маусым балаларды қорғау күні

ТІМ

Аға тәлімгер

2

4 маусым ҚР Рәміздер күні

ТІМ

Аға тәлімгер

Шілде

1

6 шілде «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

Аға тәлімгер




11



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
2013-2014 о?у жылында?ы а?а т?лімгерді? ат?арыл?ан ж?мысы туралы есеп

Автор: Малгаждарова Жадыра Муратовна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288563

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства