kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

№ 19 орта мектепте "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«№ 19 орта мектепте "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы»

Мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының

1 аусымның ашылуы жайлы

МӘЛІМЕТ

№19 орта мектебі жанынан оқушылардың «Жаз – 2017» жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыру мақсатында құрылған «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының 1ауысымының ашылуы 1 маусым күні болды. Мектеп жанындағы лагерде демалушылардың тізімін жасау кезінде жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, және өмірдің қиын жағдайына тап болған және жағдайсыз отбасы балаларына басты назар аударылды. Лагерге демалуға бастауыш сынып оқушылары, әсіресе жетім балалар, жағдайы төмен отбасы балалары, жағдайсыз отбасы балалары тартылды.

Оқушылардың демалысын және бос уақытын ұйымдастыруда төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылады:

- Шығармашылық танымдылық (мектеп жанындағы лагер)

- Көңілді спорттық ойындар

- Еңбекке баулу (жөндеу, көгалдандыру бригадалары)

- Экологиялық тәрбие (туристік экскурсия, саяхаттар ұйымдастыру)

- Тарихи өлкетану (тимуршылар бригадасы, зерттеу талантары)

- Мектеп ауласындағы жұмыс.

- Қала сыртындағы лагерлер

- Көгалдандыру бригадасы

- Қызығушылығы бойынша үйірме.

Мектеп жанынан құрылған «Балдаурен» сауықтыру лагерінің жұмыс жоспарлары құрылып бекітілді. Штаб басшысы болып мектеп директоры М.Бейсенбаева, штаб басшысының орынбасары болып тәрбие ісінің меңгерушісі А.Онгарбаева, лагерь басшысы А. Абу тағайындалды. Штаб жұмысының жоспары құрылып бекітілді.

І ауысымға 01.06.-14.06 күндері аралығында «Балдырған» тобының 15 оқушысы (топ жетекшісі А.Абикенова), ІІ ауысымға 17.06-28.06 күндері аралығында «Айгөлек» тобының 15 оқушысы (топ жетекшісі Рахметова Г.) және «Балдәурен» тобының 18 оқушысы (топ жетекшісі А.Тұмарбаева) демалады.

«Балдаурен» мектеп жанындағы лагерінде бастауыш сынып оқушыларының демалысы және оқушылардың спорттық топтары қарастырылды.

Жоспарға сай штаб отырыстары өткізіліп, хаттамалары тіркелді.

Жазғы демалыс кезінде 5-8 сынып оқушыларынан құрылған көгалдандыру бригадасына 40 (қырық) оқушы қамтылып, оқушылар өздерінің еңбек апталарын бекітілген кестеге сәйкес мектеп ауласында өткізеді. Көгалдандыру бригадасының жетекшісі: Базылбекова Толқын.

Туризм мен қызығушылығы бойынша 34 (отыз төрт) оқушы қатысады.

Жалпы, 300 (үш жүз) оқушы қамтылды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
№ 19 орта мектепте "Балдәурен" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы

Автор: Онгарбаева Азиза Сериковна

Дата: 07.08.2017

Номер свидетельства: 425023


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства