kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1001 ма?ал 101 ж?мба? сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: 1001 ма?ал,101 ж?мба?

Ма?саты: 1. О?ушыларды?  халы? ауыз ?дебиетіне  деген  с?йіспеншілігін,   

                   ?ызы?ыушылы?ын, шешендік ?нерін, ойлау  ?абілетін дамыту.

                  2.Халы? ауыз  ?дебиетін пайдалып, оны  орында ?олдана  білуге,                  

                   шаршы топ  алды?да  с?з  ж?йесін  таба  білуге ?йрету.

                  3.Халы? ауыз ?дебиетін ??рметтеп,оны дамыту?а, тіл м?дениетіне,               

                  досты?  ?арым – ?атынас?а, ой ?ш?ырлы?ы мен  тап?ырлы??а, ?з      

                  ?лтын с?йюге, халы? м?дениетін  жал?астыру?а т?рбиелеу.

?дісі: Ойын, жарыс.

К?рнекілігі: Ма?ал – м?телдер, ж?мба?тар, на?ыл с?здер, слайд.

Кіріспе. Сыныбымызда  «Мы? бір ма?ал, ж?з  бір ж?мба?» ойын жарысы ?ткелі отыр, м?нда?ы ма?сатымыз  - халы? ауыз ?дебиетін дамыту. Халы? м?расын са?тау ж?не жал?астыру, тап?ырлы? пен  ой ?ш?ырлы?ына т?рбиелеу.

   Ма?ал – м?телдер  ?асырлар  шежіресі, онда халы? тарихы, оны?  ?леуметтік  тіршілігі, а?ыл – ?негесі  мол к?рініс  тап?ан. Ма?ал – м?телдер ой  д?лдігімен  тере?дігімен, ы?шамдылы?ымен ерекшеленеді.  ?мірді? сан алуан ??былыстары?да?ы  халы?ты?  ?асырлар бой?ы т?жірибесі ?орытылады.

   Ж?мба?тар  да ауыз ?дебиетіні? ертеден келе  жат?ан т?рі. Жалпы ал?анда   ж?мба?  адамны?  д?ниетану жолында?ы ойыны?, ?иялыны? шамасын білдіреді. Онда хал?ымызды? ой – ?иялы  дамуыны? ізденістеріні?     ізі жатыр. Ж?мба?тан халы?ты?  ойлау ж?йесін  танимыз. Б?гін  ортамыз?а халы? ауыз ?дебиетіні?  е?  жанашырларыны?  бір тобы келіп отыр.

?адамдары?ыз?а н?р жаусын дей келе, б?гінгі «Мы?  бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?» ойы? жарысынгы? ашылуын жариялаймыз. Жарысты жинал?ан ж?лдызшалар санымен ба?алайтынымызды ескертемін.

«Т?лпар» тобы: Жал?аудан  жаман жо?.

                              О?ымаса маман жо?.

«С???ар» тобы: Білім іздеген ?сер

                               Б?лік іздеген ?шер.

«?ыран» тобы: Бар  ізгілік тек  біліммен алынар,

                            Білімменен аспан?а  жол  салынар.

Сайысымыз мынадай  б?лімдерден  т?рады.

                  1.Жал?асын  тап

                  2. Ма?алмен жауап

                  3. Ма?ал тест

                  4. К?рермендер сайысы

                  5. Кім тап?ыр?

                  6. Жасырдым ж?мба?,

                       Айттым ?ле?.

I  б?лім. Жал?асын тап.

Т?лпар тобына

  1.Оттан оттан да ысты?,   (Жалыны  бар шо?тан да ысты?)

  2. Елі іші – береке             (К?п ісі – мереке)

3.Ер ту?ан жеріне келер.     Ат   т?р?ан жеріне келер)

4. Е?бек етпей елге ?кпелеме,    (Тері?  т?кпей жерге ?кпелеме )

С???ар тобына

1. ?нер – а?ып жат?ан  б?ла?    (Білім жа?ып жат?ан шыра?)

2.Отансыз адам,    (Ормансыз  б?лб?л)

2. ?р елді? за?ы бас?а,    (Иттері ?ара ?ас?а)

3. Болат  ?айнауда шыны?ады    (Батыр майданда шыны?ады)

4. Е?бегі?е ?арай – ??рмет,  ( Жасына ?арай ізет.)

5. Білімдіге  д?ние жары?,  (Білімсізді?  к?ні к?ріп).

?ыран тобына

1.Отан ?шін к?рес,(Елге тиген ?лес).

2. А?айы? тату болса ат  к?п,(Абысын тату болса ас к?п)

3. Ер жігітті? екі с?йлегені ?лген,(Еменні?  иілгені сын?аны)

4. Е?бегі? егіз болса,   (Байлы?ы? сегіз болда)

5. А?ылды?а жан ?ымбат ,(А?ылсыз?а мал ?ымбат)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1001 ма?ал 101 ж?мба? сыныптан тыс шара»

Тақырыбы: 1001 мақал,101 жұмбақ


Мақсаты: 1. Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін,

қызығыушылығын, шешендік өнерін, ойлау қабілетін дамыту.

2.Халық ауыз әдебиетін пайдалып, оны орында қолдана білуге,

шаршы топ алдыңда сөз жүйесін таба білуге үйрету.

3.Халық ауыз әдебиетін құрметтеп,оны дамытуға, тіл мәдениетіне,

достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз

ұлтын сүйюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: Ойын, жарыс.

Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, жұмбақтар, нақыл сөздер, слайд.

Кіріспе. Сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойын жарысы өткелі отыр, мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту. Халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл – өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Өмірдің сан алуан құбылыстарыңдағы халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады.

Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Онда халқымыздың ой – қиялы дамуының ізденістерінің ізі жатыр. Жұмбақтан халықтың ойлау жүйесін танимыз. Бүгін ортамызға халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы келіп отыр.

Қадамдарыңызға нұр жаусын дей келе, бүгінгі «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойың жарысынгың ашылуын жариялаймыз. Жарысты жиналған жұлдызшалар санымен бағалайтынымызды ескертемін.


«Тұлпар» тобы: Жалқаудан жаман жоқ.

Оқымаса маман жоқ.

«Сұңқар» тобы: Білім іздеген өсер

Бүлік іздеген өшер.

«Қыран» тобы: Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар .

Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

1.Жалғасын тап

2. Мақалмен жауап

3. Мақал тест

4. Көрермендер сайысы

5. Кім тапқыр?

6. Жасырдым жұмбақ,

Айттым өлең.

I бөлім. Жалғасын тап.

Тұлпар тобына

1.Оттан оттан да ыстық, (Жалыны бар шоқтан да ыстық)

2. Елі іші – береке (Көп ісі – мереке)

3.Ер туған жеріне келер. Ат тұрған жеріне келер)

4. Еңбек етпей елге өкпелеме , (Терің төкпей жерге өкпелеме )

Сұңқар тобына

1. Өнер – ағып жатқан бұлақ (Білім жаңып жатқан шырақ)

2.Отансыз адам , (Ормансыз бұлбұл)

2. Әр елдің заңы басқа , (Иттері қара қасқа)

3. Болат қайнауда шынығады (Батыр майданда шынығады)

4. Еңбегіңе қарай – құрмет, ( Жасына қарай ізет.)

5. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні кәріп).

Қыран тобына

1.Отан үшін күрес ,(Елге тиген үлес).

2. Ағайың тату болса ат көп ,(Абысын тату болса ас көп)

3. Ер жігіттің екі сөйлегені өлген,(Еменнің иілгені сынғаны)

4. Еңбегің егіз болса, (Байлығың сегіз болда)

5. Ақылдыға жан қымбат ,(Ақылсызға мал қымбат)


II – бөлім. Мақалмен жауап.

Тұлпар тобына

1.Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)

2. Етікті қонышынан басып киюге болма? (Қолыңнан келсе , қонышыңнан бас)

3. Оттан не ыстық? (Отан оттан да ыстық)

4. Отқа түсіп күймеуге болама? ( Отан үшін отқа түс қүймейсің )

Сұңқар тобына

1.Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті)

2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

3. Шошқа үре ме? (Қорада ит жоқта шошқа үреді)

4. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)

Қыран тобына

1.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)

2. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

3. Ер қаруы нешеу ? (Ер қаруы – бес қару)

4. Ер неше рет , қорқақ неше рет өледі? (Батыр бір рет, қорқақ мың рет өледі)


III бөлім Мақал-тест

Тұлпар тобына

  1. Туған жердің .... күйесіз.

А. Үйі ә. түтіні б. ары

2. Кәсібі бардың .... бар.

А. Нәсібі ә. ақшасы б. бағы

3. Ерінбеген ... су ішеді.

А. електен ә. құдықтан б. шелектен

4. Кітап .... , білім тоқығандікі.

А. Алғандікі ә. оқығандікі б. сатқандікі

5. Кісі аты тершіл, кісі киімі ... .

А. Ақшыл ә. қалың б. кіршіл



Сұңқар тобына

1. Ата-анаң отырған .... төбесіне шықпа.

А. Үйдің ә. дөңнің б. төбенің

2. Әкенің қадірін .... болғанда білерсің.

А. қарт ә. бастық б. балалы

3.Жығылып жатып ... күлме.

А. Сүрінгенге ә. жүгіргенге б.тұрғызғанға

4. ... уақыт соққан желдей тез өтер.

А. Тығыз ә. жақсы б. бақытты

5. Шын жолдас ... берік, ерге серік.

А. Болаттай ә. жауға б. сөзге

Қыран тобына

1.Сәуір болмай .... болмас.

А. Тәуір ә. күн б. жаңбыр.

2. Жасыңда қылжың б олсаң, өскенде .... боларсың.

А. Ақылды ә. суық б. мылжың

3. Бір аштықтың , бір ..... бар.

А. Тоқтығы ә. тамағы б. берері

4. Анасын сүйгеннің .... сүй.

А. Өзін ә. баласын б. анасын

5. Отан .... басталады.

А. Үйден ә. қаладан б. отбасынан


IVКөрермендермен жұмыс


Көрсетілген суреттерге мақал айту

(қыз, гүл, ана , кітап, батыр)


V бөлім Кім тапқыр?

Мақалды қимылмен , ым-ишарамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.

1.Қолы қимылдағаннның, ауызы қимылдар.


2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.


3. Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.


4. Таспен атқанды аспен ат.


5.Отан оттан да ыстық.

VI бөлім Жасырдым жұмбақ, айттым өлең

Өлең жоддары оқылып, мақал – мәтелмен айтылады.

1.Ана тақырыбы бойынша,

Еркелесем күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейді

Маңдайымана иіскеп менің

«Құлыншағым күнім» дейтін.

2. «Қыс» тақырыбы.

Ақ киімді, денелі ақ сақалды,

Соқыр, мылқа, танымас тірі жанды

Үсті – басы ақ қырау, түсі сық.

Басқан жері сықырлар келіп қалды.

Жаз сайға қонба

Қыс қарға қонба.

3. «Ана тілі» тақырыбы бойынша,

Сүйемін туған тілді – анам тілін.

Бесікте жатқанымды –ақ берген блімі

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

4. «Достық» тақырыбы бойынша.

Достық бағы біздің бұл –

Көлеңке емес күнде өскен

Бөлек –бөлек қызыл гүл

Бас қосқанда – гүлдесте .

Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.

Жұмбақтар.

Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз)


Бойлаған сайын тереңге,

Шығасын биік белеңге. (Білім)


Бірде төмен, бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесен, қозғалыста болады. (Тіл)


Жылт – жылт еткен,

Жырадан өткен (Су)


Көзге танытқан,

Сөзді дамытқан.

Ойды кеңейткен

Озықтарға теңейткен. (Мектеп)


Үй ішінде отыз екі батыр

Кіргендерді отап, турап жатыр. (Тіс)

Қорытынды.

Марапаттау.

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы № 47 ЖОБМ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кендекеева Нургуль Жадыгеровна





Сұңқар тобына

1. Ата-анаң отырған .... төбесіне шықпа.

А. Үйдің ә. дөңнің б. төбенің


2. Әкенің қадірін .... болғанда білерсің.

А. қарт ә. бастық б. балалы


3.Жығылып жатып ... күлме.

А. Сүрінгенге ә. жүгіргенге б.тұрғызғанға


4. ... уақыт соққан желдей тез өтер.

А. Тығыз ә. жақсы б. бақытты


5. Шын жолдас ... берік, ерге серік.

А. Болаттай ә. жауға б. сөзге


Қыран тобына

1.Сәуір болмай .... болмас.

А. Тәуір ә. күн б. жаңбыр


  1. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ....боларсың.

А. Ақылды ә. суық б. мылжың


3. Бір аштықтың , бір ..... бар.

А. Тоқтығы ә. тамағы б. берері


4. Анасын сүйгеннің .... сүй.

А. Өзін ә. баласын б. анасын


5. Отан .... басталады.

А. Үйден ә. қаладан б. отбасынан





Тұлпар тобына


  1. Туған жердің .... күйесіз.

А. Үйі ә. түтіні б. ары


2. Кәсібі бардың .... бар.

А. Нәсібі ә. ақшасы б. бағы


3. Ерінбеген ... су ішеді.

А. електен ә. құдықтан б. шелектен


4. Кітап .... , білім тоқығандікі.

А. Алғандікі ә. оқығандікі б. сатқандікі


5. Кісі аты тершіл, кісі киімі ... .

А. Ақшыл ә. қалың б.кіршіл



1.Қолы қимылдағаннның, ауызы қимылдар.


2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.


3. Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.


4. Таспен атқанды аспен ат.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
1001 ма?ал 101 ж?мба? сыныптан тыс шара

Автор: Кенжекеева Нургуль Жадыгеровна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316582


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства