kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вольфрам электродтары көмегімен пластиналардың тік жіктерін аргонды доғалық пісіру технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка бинарного урока производственного обучения и спецтехнологии по профессии "Электрогазосварщик".Урок проводится преподавателем специальной технологии совместно  с мастером производственного обучения.На уроке осуществляется взаимосвязь теории с практикой, политехнизм, когда студенты ориентируются на применение теоретических знаний по спецтехнологии в производственной деятельности.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вольфрам электродтары көмегімен пластиналардың тік жіктерін аргонды доғалық пісіру технологиясы»




Атырау облысы білім басқармасы

Атырау индустриалды колледжі

БИНАРЛЫҚ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Садикова Камагул Кумаргалиевна – арнайы пән оқытушысы

Бекешев Амиржан Сабыргалиевич – өндірістік оқыту шебері


Сабақтың тақырыбы:

« Вольфрам электродтары көмегімен пластиналардың тік жіктерін аргонды доғалық пісіру технологиясы»


Мамандығы: "Пісіру ісі"

Біліктілігі: "Электргазымен дәнекерлеуші"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

1. Студенттердің пластиналарды пісіруде білімдерін және машықтарын қалыптастыру;

2. Студенттердің пісіру жіктерін орындауда әр бағыттылықты (пісіру жағдайларын) білуі мен оның машықтарын игеруін жетілдіру;

3. Тапсырманы орындауда уақытты тиімді пайдалану, жоғары дәлдікті және технологиялық реттілігін сақтауын қадағалау;

Тәрбиелік:

1. Жұмысты орындауда ұқыптылық, орындалатын жұмыстың сапасына деген жоғары жауапкершілік, құралдар-жабдықтарды пайдалануды тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Дамытушылық:

1. Жұмыстың сараптамасын өздігінен жасай білуге, тапсырма бойынша дайындалған жұмыстың сапасын эталонға сүйене отырып бағалай білуді дағдыландыру.

2. Студенттердің инструкциялы-технологиялық картаға сүйене отырып өздігінен жұмыс істеу біліктіліктерін тексеру және бекіту.

3. Студенттердің жұмысты орындауда шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Дидактикалық тапсырмалар:

Тақырып бойынша жаңа білімдерін, әдістерін, дағдыларын бекіту.



Сабақтың материалды-техникалық базасы:

1. Құралдар: балға, шапқы, темір щетка, сызғыш, чертилка (белгі салғыш), бұрыштама;

2. Материалдар: пісіруге арналған дайындамалар - болат пластиналар 200*100*4 мм, вольфрам электродтары маркасы WL - 20 диаметрі d = 2,4 мм , пісіру сымы OK Tigrod 12,64 диаметрі d = 2,4 мм;

3. Жабдықтар: дәнекерлеу посты, УДГ - 161, WSME - 200, WAVE - 200, 1665 DC POWER TIG DC|HF , газэлектрлі оттықтар, щиттер, маскалар, қорғаныш көзілдіріктер, арнайы киім.

4. Көрнекілік: технологиялық нұсқау картасы, бұйым үлгісі, бұйым эскизі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) Өндірістік оқыту шебері:

1.1. Студенттерді тізім бойынша тексеру.

1.2. Студенттерді 3 бригадага бөліп, отырғызу.

1.3. Студенттердің сабаққа және жұмысқа дайындығын тексеру.

Кезеңдер

Уақыт (мин)

Шебердің іс - әрекеті

Оқытушының іс - әрекеті

Студенттің іс - әрекеті

I.

Кіріспе нұсқау

50 мин


2.1.

Тірек білімдерін анықтап, жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау

10 мин

2.1. Сабақтың тақырыбын жариялау:

« Вольфрам электродтары көмегімен пластиналардың тік жіктерін аргонды доғалық пісіру технологиясы»;


Тыңдайды, есте сақтайды

2.2. Сабақтың мақсатын жариялау:

Аргонды доғамен пластинаны тік бағытта пісіру тәсілдерімен танысамыз және пісіруді орындауды үйренеміз;


Тыңдайды, есте сақтайды

2.3. Өткен сабақтағы материалдар бойынша (әңгімелесу) қайталау:

1) Пісіру жігін орындауда қандай бағыттылық қолданылады?

2) Өткен сабақта қандай бағытта орналасуына байланысты пісіру жігін пайдаланады?

3) Төменгі бағыттағы жіктер қалай орындалады?

4) Жіктерді пісіру кезінде қандай ақаулар пайда болуы мүмкін?


Студенттер шебердің сұрақтарына жауап береді.

Қорытындылайды: теориялық сабақтарда алған білімдерінің практикалық сабақтардың сапасына тигізетін әсері


Төменгі, тік, көлденең және төбелік.


Төменгі жағдайда


Әрбір топ студенттері жасалған жұмыстарын шолу жасауы керек;



Әрбір топ бригадирі істелген жұмыстардың ақауларын талдайды;

2.2.

Қайталауды қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшу





2.3.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

« Вольфрам электродтары көмегімен пластиналардың тік жіктерін аргонды доғалық пісіру технологиясы»;

































































































1) Істелетін жұмыстың осы мамандықты игерудегі маңыздылығы туралы айту;

2) Студенттерге қандай жұмыс жасап, нендей дағдыларды үйреніп, игеретінін жеткізу;

3) Дайын жұмысты, үлгіні не эталонды көрсету;

4) Істелетін деталь қай жерде қолданылады, немесе қай түйіннің бөлшегі, оның маңыздылығы туралы айтып жеткізу;

5) Қажет болса сызбасын түсіндіріп, техникалық талаптарды орындаудың маңыздылығына тоқтау;

6) Жұмыс істеу ретін нұсқаулық - технологиялық картаны пайдаланып түсіндіру;

7) Жұмысты, жұмыс ретін көрсету;

8) Жұмыс барысында өзін - өзі бақылау тәсілдерін айту;

9) Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;

10) Болуы мүмкін ақаулықтарды болдырмау жолдарымен таныстыру;

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Пісіру режимдерін таңдау туралы студенттерге сұрақ қою;













Тік жіктерді орындау барысында электрод диаметрі мен пісіру сымының диаметрін таңдаған кезде , төменгі жағдайдағыға қарағанда 1 мм -ге төмен болады;







ал пісіру тогын таңдаған кезде , төменгі жағдайдағы жіктерді орындағанға қарағанда 10-15% -ға азайтады.











2. Пісіру техникасы;

Электродтың ұшы мен оттықтың арасы: түйістірмелі қосылыстар үшін- 3-5 мм,ал бұрыштық және таврлы қосылыстар үшін 5-8 мм-ді құрауы қажет.


Газэлектрлі оттықты пісіру кезінде жіктің бойымен жүргізеді.Бұл кезде вольфрам электроды мен қосымша сымның ұшы қорғаныш газының аймағынан шықпауы қажет.

Жұқа металдардың түйістірмелі жіктерін қосымша сымдардың көмегімен пісіреді. Қосымша пісіру сымы мен газэлектрлі оттықтың арасы 900 - ты құрау керек. Газэлектрлі оттықты пісірілетін металға бұрыштай орналастырып, қосымша сымды іркілісті қозғалыспен 1-6 траекториясы бойынша жүргізеді.



3. Пісіру технологиясы бойынша технологиялық нұсқау картасын пайдаланып, әңгімелесе отырып түсіндіру:


Металды пісіруге дайындауды еске салу

Болатты пісіруге, жиектерін дайындауға газбен, ауалы доғалы кесу түрлерін қолданады. Металды құрастырып жинау алдында оның жиектерін 20 мм-ге дейін тазалап алады.

Металды жинап,бекітуді еске салу Жіктерді жинау қысқыштарында ұстатып, бекітеді. Дұрыс бекітілмеген жіктердің ақауларын механикалық әдіспен жояды.


Пісіру технологиясы: видео -ролик көрсету арқылы түсіндіру:

Пісіруді тұрақты токтың тура жалғануымен орындайды. Тік жіктерді пісіруді төменнен жоғарыға, жоғарыдан төмен қарай екі тәсілмен орындайды. Пісіруді қысқа доғамен орындайды.



Ең тиімдісі төменнен жоғары қарай орындау тәсілі болып табылады.


Студенттерге сұрақ: Неліктен деп ойлайсындар?


Доғаны бірден сөндірмей,ұзарта отырып өшіреді. Газды доға сөнген соң, 10-15 секундтан соң өшіреді.


Арнайы технология пәндерінен білімдерін пайдаланып, сұрақтарға жауап беру:

1. Пісіру режимдерін таңдау;


1. Пісіру режимдерін таңдау:

Болатты және басқа металдарды тұрақты токтың тура жалғануымен пісіреді.

Пісіру тоғының өлшемін пісірілетін металдың қалыңдығы мен вольфрам электродының диаметрі және маркасына, токтың түрі мен жалғануына байланысты таңдап алады.




- игеру дәрежесін тексеру сұрақтарына жауап беру;













































































Себебі, жоғарыдан төмен қарай тік жіктерді пісіру кезінде пісіру сымы металының ағысы тез болады да , жік салуға кедергі туғызады.





- түсінгендерін байқау мақсатында жұмысты орындату;


2.4.

Кіріспе нұсқауды қорытындылау


1. Тік жікті орындау мінездемесіне қарай неше түрге бөлінеді?

2.Тік жікті орындау үшін металды дәнекерлеуге дайындау үшін қандай құрал-жабдықтар пайдаланылады?

3.Бастапқы ұстатудың ұзындығы мен арақашықтығы нешеге тең болуы керек?

4.Сұйық металл ваннадан ағып кетпес үшін электродты неше градуста ұстау керек?

5.«Төменнен жоғары қарай пісіру» терминін қалай түсінесіз?

6.Тік жікті пісіру кезінде ток күші қалай өзгереді?

7. Аргонды доғамен тік жіктерді орындау кезінде қандай қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау қажет?


Тік жіктерді пісіруді төменнен жоғарыға, жоғарыдан төмен қарай екі тәсілмен орындайды.


Аргонды доғамен пісіруге арналған пісіру аппараттары (тұрақты ток көзі) мен газэлектрлі оттық, аргон баллоны.

Металдың қалыңдығы мен ұзындығына байланысты металл шетінен 10-15 мм -дей қалдырып, ортасынан тең аралықта

3 жерден ұстатуды орындайды.

Төменнен жоғарыға қарай жүргізгенде 45-50 градус, жоғарыдан төмен қарай орындағанда 10-20 градус.

Пісіру науасы төменнен жоғары қарай жылжитын тік жікті пісіріп қосу;

Сұйық металл пісіру науасына ақпау үшін төменгі жікті орындау кезіне қарағанда 5-10% -ға төмендейді.


II.

Ағымдағы нұсқау

4 сағат 30 мин

Студенттердің жұмыс орындарын бірнеше рет айналып шығу

Жаттығулар

Өз бетімен жұмыс


1 мақсатты айналым


Студенттердің жұмысын орындау дайындығына назар аудару. Олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін технологиялық - нұсқау карталарының маңызын түсіндіру.

Әр студенттің технологиялық - нұсқау карталарымен танысқандығын байқау



2 мақсатты айналым


Еңбектің әдіс - айлаларының дұрыстығын тексеру, қате болған жағдайда оларға көмек көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын талап ету

Өз жұмыс орнынан студенттердің жұмысын бақылау



3 мақсатты айналым


Студенттердің жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру.

Жекеленген кеңес беру. Үлгерімі төмен, әлсіз студенттерге көңіл бөлу. Технологиялық процесті бақылау.



4 мақсатты айналым


Әр студенттің іс - әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал - жабдықтар мен құрылғыларды пайдалана білуіне көңіл бөлу. Орындаған жұмысының сапасына, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру.

Бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру. Жұмыс орындалуын бағалау.



5 мақсатты айналым


Құрал - жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдап алу.



III.

Қорытынды

нұсқау

20 мин

1.Өндірістік оқу кезіндегі атқарылған жұмыстың қорытындысын шығару:

Орындалған жұмыстарға сараптама жасап, ақаулары болса көрсетеді. Тігістерді орындау кезінде білімгерлердің тапсырманы орындау деңгейін анықтау. Студенттердің техникалық талаптардан ауытқығанынан, ақаулардың пайда болу себебін түсіндіру.

2.Жұмыстың нәтижесін хабарлау.

Жұмысты толық талқылап болғаннан кейін, бағаларын хабарлау. Үлгермеуші студенттерге келесі, яғни, «Тік жіктерді жасау» тақырыбына дайындалуына ұсыныс жасалынады.


3.Студенттерді атап көрсету,әр студенттің бағасын жеке бағалау.































Әрбір студенттің жұмысын бағалап, журналға түсіру.

Топ бригадирлері жұмыс кезіндегі студенттердің жіберген кемшіліктерін талқылайды, бағалау парағын толтырады



Арнайы пән оқытушысы : Садикова К.К.


Өндірістік оқыту шебері: Бекешов А.С.




Технологиялық нұсқау картасы

«Пластиналардың тік жіктертерін орындау»

Өлшемдері:

Болат пластина: 200*100*4 мм

Маркасы: ВСт3


п.п

Операция

Құрал-жабдықтар

Материал түрі

Технологиялық процесс

Жұмыс реті

1

Металды дәнекерлеуге дайындау

сызғыш, бор, чертилка, металл щетка, бұрыштама

200х100 мм. өлшемді болат пластина - 2 дана

Өлшем жасау, және металл жиектерін тазалап, жиыстыру


2

Жинақтау

Сызғыш, бұрыштама, бекітуге арналған қысқыш

200х100мм. өлшемді болат пластина - 2 дана

Бұйымның детальдарын жиыстыру, қысқыштарда бекіту

3

Ұстату (прихватка)

Дәнекерлеу посты - қоректендіру ток көзі: УДГ - 161, , WSME - 200, WAVE - 200, 1665 DC POWER TIG DC|HF , газэлектрлі оттықтар, шапқы, балға, қорғаныш көзілдірігі

200х100мм. өлшемді болат пластина, вольфрам электродтары, пісіру сымы

Бұйымның сызбасына қарай ұстату

4

Пісіру

Дәнекерлеу посты - қоректендіру ток көзі: УДГ - 161, WSME - 200, WAVE - 200, 1665 DC POWER TIG DC|HF , газэлектрлі оттықтар, шапқы, балға, қорғаныш көзілдірігі

200х100мм. өлшемді болат пластина, вольфрам электродтары, пісіру сымы


Болат пластинаны дәнекерлеу және оларды қождан тазалау.



5

Болат пластинаның пісірілген жігін қождан тазалау.


Дәнекерлеу посты, шапқы, балға, қорғаныш көзілдірігі

200х100мм. өлшемді болат пластина

5

Жұмыс сапасын тексеру

Бұрыштама


Пісірілген жікті визуальды түрде тексеру.




Арнайы пән оқытушысы : Садикова К.К.

Өндірістік оқыту шебері: Бекешов А.С.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Садикова Камагул Кумаргалиевна – преподаватель спецтехнологии, Бекешев Амиржан Сабыргалиевич – мастер производственного обучения

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393065


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства