kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок производственного обучения "Үлгімен сәнді әрлеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка  урока производственного обучения в группе по профессии: "Мастер отделочных строительных работ" на тему: Технология малярных работ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок производственного обучения "Үлгімен сәнді әрлеу"»

Сабақ жоспары

Мамандығы " Жалпы құрылыс шебері"


Бағдарлама тақырыбы: "Сырлау жұмыстарының технологиясы"

Сабақтың тақырыбы: « Үлгімен сәнді әрлеу».

Дайындаған: Өндірістік оқыту шебері Сулейменова А.И.

1 топ Мамандығы: "Жалпы құрылыс шебері" Өндірістік оқыту шебері: Сулейменова А.И. Бағдарлама тақырыбы: " Сырлау жұмыстарының технологиясы" Сабақтың тақырыбы: « Үлгімен сәнді әрлеу». Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Студенттердің алған білімдері мен дағдыларын пайдалана отырып, трафарет дайындауға, трафаретпен сәнді сылақ жұмыстарын жүргізуге үйрету. Дамытушылық: - Өз жұмыстарын ұйымдастыру және жұмыс барысында жабдықтар мен құрал саймандарды қолдануды , күрделі мәселелерге өздері шешім қабылдауды , - Жұмыс барсында өз жұмыстарының тиімділік жолдарын тауып оны жетілдіру және кәсіби қызметін қалыптастыруды дағдыландыру. - Ойын дамыту, шығармашылық қаблетін, эстетикалық қиялдау және орындаған жұмыстарын талдауға және дамытуға Тәрбиелік: - Жұмысқа деген жауапкершіліккке тәрбиелеу. - Мамандығына деген қызығушылығын және сүйіспеншілігін арттыра отырып ,жоғары көрсеткіштер көрсетуге ынталандыруға тәрбиелеу .- Ұқыптылыққа, тазалыққа, құрал- саймандарды ұқыпты ұстауға, материалдарды пайдалануда, талапқа сай еңбек ережесінің қауіпсіздік техникасын сақтау қасиеттеріне тәрбиелеу.

Қорытындыда әр студент білу керек.

білу керек

жасай білу керек

- трафарет бойынша әрлеу технологиясын;

- қауіпсіздік ережесін;

- сапаға талап;

- қағаз қалыпты трафаретін дайындауды; - студенттердің кәсіби қызметімен және трафаретпен әрлеу технологиясын орындауда тәсілдерін білімдерін, дағдыларын игеру

Материалдық - техникалық база: Жабдықтармен құрал- саймандар : - трафаретті орындау үшін қағаздағы сурет. - қатты қағаз трафарет дайындау үшін.

- құрғақ қоспа - сулы эмульция

- колер

- шөтке

- құрылыс пышағы

- скоч

- ертінді үшін ыдыс

- карандаш

- қайшы

- шүберек

- қалақша

- әйнек. Көрнекілік құралдар:

- дайын жұмыс үлгісі

- плакат- технологиялық нұсқау картасы.

- плакат

- слайд

Өндірістік оқыту жұмыстары: ғанышты тақталарға трафарет бойынша сәнді сылақ жұмыстарын орындау     

Пәнаралық байланысАрнайы технология, материалтану.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ( 5 минут) 1.1 Студенттердің сабаққа қатынасын тексеру. 1.2. Студенттердің арнайы жұмыс киімінің талапқа сайлығын тексеру. ( қажеттілігі болса ескертулер жасап, түзеттіру). ІІ. Кіріспе нұсқау( 40 минут) 2.1. Сабақтың тақырыбын жариялау. 2.2. Сабақтың мақсаты: Студенттердің трафарет үлгісін үйлестіріп , турлі - түсті сәнді сылақ ерітіндісін дәлме- дәл сәйкес келтіріп және трафаретпен жұмыс жасау техникасын , қалыптастыру және үйрету. 2.3. Өткен сабақтағы материалдар бойынша ( әңгімелесу) қайталау. 1. Қандай сәнді сылақ түрлерін өттіңдер? 2.Сәнді сылаққа арналған қандай қоспаларды білесіңдер? 3.Қоспаларды дайындау реті қандай? 4.Сәнді сылақты қандай жерлерде қолданады қандай құрал- саймандармен бедер сала аламыз ? 5. Сәнді әрлеу қандай жерлерде көріп жүрсіңдер? 6.Қосылған жерлердің технологиясын қалай орындаймыз? 7. Кім бедер салуды көрсетеді 8. Қауіпсіздік техника ережлерін айтындар? Жаңа сабақты түсіндіру: 1-5 сурет трафарет

Трафарет - үлгі сурет күрлелі емес суреттер мен ою- өрнектерді көбейтудің ең қарапайым техникасы. Трафаретпен әрлеу жұмыстары бөлмелерді сәнді әрлеу жұмыстарына жатады. Соңғы кезде трафаретпен әрлеу сұранысқа ие, трафарет көмегімен қарапайым қабырғамызды сәндеуге болады. Ол сендердің өз қиялдарыңа қарай өздеріне ұнаған суреттері (гул құс т.б ) суреті бар винилді тұсқағазды да пайдалануға болады бөлмеңіздің сәнін келтіреді. Бүгін біз трафарет жасап және соның көмегімен ғаныш тақталарына сәнді сылақ ерітіндісімен сурет саламыз. Жұмысты орындағанда технологиялық нұсқау картасын пайдаланып отырыңдар ол сендерге үлкен көмек . Үлгі түрлері : 1. Қарапайым тура және кері үлгілер көмкермелерді бір сырмен түсіруге қызмет етеді. 2.Көп сырлы үлгілерді бірнеше сыр түсіндегі суреттерді түсіру үшін пайдаланады. 3.Тұтас үлгілер жекеленген айналарды суреттеп тұтас толтырып әрлуге арналған. 4. Қиыршық себуге арналған үлгілер қабырға мен төбенің үстіңгі бетін сәндеп сурет салу кезінде қолданады

Жұмыстың реті

Құрал - саймандар

Жұмыс мазмұны

Трафарет дайындау

Құрылыс пышағы, қайшы, әйнек

-әйнектің үстіне скоч көмегімен қартон және суреті бар қағазымызды мұқият жапсырамыз. - пышақпен суреттегі сызық бойынша ойып кесеміз.

Өндірістік оқыту шебері трафарет үлгісін оюын іс жүзінде көрсетуі.

Әр бір менің қимылыма мұқият қараңдар. Мен сендерге қазір пышақ немесе қайшы көмегімен трафарет оямын технологиялық нұсқау картасына сәйкес. Трафарет кескенде мынадай ақаулары болуы мүмкін: сурет жыртылуы, кішкене қана кесілмей қалған жерлер, шеттері толқын тәріздес кесілген . Сендер трафаретті қалай ою керек екендігін көрдіңдер. Енді осыған сылақ ертіндісін таңдауды үйренеміз .

Жұмыс бастамас бұрын керекті материалдарды құрал - саймандарды дайындаймыз (ыдыс, таяқша, колер, құрғақ қоспа, трафарет ) трафаретпен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техника ережелерін сақтауымыз керек екенін еске алайық

Трафарет дайындаудың технологиялық реті

Әйнек үстіне пышақ көмегімен немесе қайшымен ою

Еңбек қорғау бойынша нұсқауы. техникалық қауіпсіздік ережелерін ұмытпауымыз керек. еске аламыз трафарет дайындағанда т қауіпсіздік ережелер.

Қолғаппен жұмыс жасау керек. Пышақпен немесе қайшымен жұмыс жасағанда мұқият болу керек.әйнектің үстіне үлгіні кескенде әйнекті мұқият ұстау керек, қолдарыңды кесіп кетпеу үшін. пышақпен қайшыны тек қолданар алдында алу керек ,жұмыс біткесін орнына қою керек. Бір - біріңе пышақты жабық түрінде беру керек.

жұмыс кезінде бір -біріңе кедіргі жасамау керек.


Сырмен жұмыс жасағанда :

жұмыс орнын дайындау.

құрал - саймандардың дұрыстығын тексеру.

белмеде 3-4 сағаттан артық болмау керек.

жұмысты ұқыпты жасау

жұмыс біткесін құрал - саймандарды жинау

жұмыс аяталғаннан соң қолды сабынмен мұқият жуу

Жұмыс кезінде еңбекті қорғау

- жұмысты арнайы киіммен және жөндеген құрал саймандармен орындау;

- жұмыс орнын қоршамау керек;

-құрал - саймандарды аяқ асы тастамау;

бұрышты жерлерде құрал - саймандармен мұқият жасау өздеріңді жарақаттандырмау;




сұрақ

жауап

Қандай сулы сырларды білесіңдер?

желімді, силикатты, әкті,сулы эмульсия

Түс таңдау

Жұмыс реті

Құрал - саймандар

Жұмыс мазмұны

Сыр араластыру

Құрғақ қоспа, колер сулы эмульсия, тайақша

Ерітіндіні ыдыста араластырамыз. Ақ құрғақ қоспаға керекті түсті қосамыз қызыл сары, жасыл, көк

Керекті түсті таңдауды көрсету

сұрақ

жауап

Суретке түсті қалай таңдаймыз

араластырамыз ақ + сары+ қызыл

= қызғылт сары

ақ+ сары = ашық сары

Трафарет салу үшін

- қалақша , шөтке (губка)дайындау - ерітінді дайындау. - ғанышты тақтайшаға дайын трафарет үлгісін скоч көмегімен жапсырамыз. - жапсырылған трафарет үстінен ерітіндіні жағамыз. - керек болса суретің кейбір жерлерін түзету.

трафаретті мұқият ұстау керек , қолданғанда тиянақты болу керек жыртпау, умаждамау, жұмыс біткесін жуып кептіру , картонды папкада сақтау керек. Сурет салу

Жұмыстың орындалу реті

Құрал - саймандар

Жұмыс мазмұны

Трафарет бойынша сурет салу

Трафарет , қалақша , шөтке,ыдыс

Трафаретті ғанышты тақтаға скоч пен жапсырып екінші қолмен трафарет үстіне ерітіндіні жағамыз, сәл кепкесін тарфаретті аламыз , трафаретті сумен жуып сүртеміз

Суретті жөндеу

шөтке

трафареттің жиектерін түйіскен жерлерін кішкене шөткемен жөндейміз

Мынадай ақаулар болады

1. Ақпалар.

2. Суреттердің түзеу орнасуы.

3. Түйіскен жерлердің көрінуі.

Студенттердің жұмыстары бағаланады

-жұмыс орнының ұйымдастырылуы;

-еңбек қорғау және техникалық ережелердің сақталуы ;

- жұмыстың технологиялық орындалу ретінің сақталуы:

Жұмыс сапасының бағалау критериясы

- ғанышты тақтаға трафареттің толықтай жатуы;

- ертіндінің тегіс жағылуы;

- трафареттегі сурет жиектері( анық, ақпасыз) ;

- түйіскен жерлердің білінбеуі;

- трафаретпен орындалған сурет , ауытқуы болмауы керек эскизге сәйкес

болуы қажет түстеріде өз орнын алуы;

Ағымдағы нұсқау. Жаттығу және өзбетімен жұмыс (4с. 25 мин)

Жұмыс орнын ұйымдастыру.

Студенттергі трафарет үлгілерін беру.( жаттығу)

(Тапсырма орындау сәтінде жай әуен қосып қою)

Студенттер өздігімен жұмыс жасау және өндірістік оқыту шеберінің тексеру мақсатында

1. Компьютерден әр оқушы өзіне трафарет таңдау

2.Жеке трафарет үлгісін жасау.

3.Керекті түсті таңдау.

4.Сурет салу.

1 - мақсатты айналым: студенттердің өзіндік жұмыс орынын ұйымдастыру және техника қауіпсіздік ережелерінің орындалуын;

2 - мақсатты айналым : жұмыстың технологиялық ретімен орындалуы және жұмыс әдіс, тәсідерінің дұрыс орындалуын тексеру

3 - мақсатты айналым студенттердің жұмыс барысында материалдарды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру

4- мақсатты айналым–жұмыстың сапасын тексеру . құрал- жабдықтарды, жұмыс орнын қабылдап алу әрбір студенттің жұмысын бағалап журналға түсіру.

IV.Қортынды нұсқау ( 20мин)

  • студенттержұмыстарын өздері қортындылау

  • студенттердің жұмыс сапасын бағалау

  • жеке оқушыларды атап өту

  • жіберілген қателіктерге тоқталып , қажетті нұсқау беру.

  • Бағалау

  • үй тапсырмасы

  • жұмыс орнын жинау






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Урок производственного обучения "Үлгімен сәнді әрлеу"

Автор: Сулейменова Алтыншаш Изгалиевна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394283


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства