kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок производственного обучения "Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақ жүргізу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока  производственного обучения для  группы  по профессии "Мастер отделочных строительных работ"  на тему:"Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақ жүргізу"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок производственного обучения "Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақ жүргізу"»

Атырау индустриалды колледжі

Сабақ жоспары

Мамандығы: 1401262 « Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері»



Басты тақырып: Сылақ жұмыстарының технологиясы Сабақ тақырыбы: Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақ жүргізу Сулейменова А.И. - өндірістік оқыту шебері .

Сабақ мақсаты: Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақты сылаудың әдіс тәсілдерін үйрету. Студенттерге шеберханалардағы еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелерін және өрттен алдын алу шараларымен таныстыру. Аспаптар, қосымша жабдықтар, құрал- саймандарды қолдана білуді үйрету. Тәрбиелік мақсаты: Студентерді мамандығына деген сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа,тазалыққа қызығушылыққа, құрал-саймандарды күтіп ұстауға, материалдарды пайдалануда талапқа сай еңбек ережесінің техникалық қауіпсіздігін сақтау қасиеттеріне тәрбиелеу, студенттің ойын дамыту. Студенттердің күрделі мәселелерге өздері шешім қабылдауды және кәсіби қызметін қалыптастыру. Материалды техникалық қамтамасыз етілуі: компьютер, мультимедиалық проектор, плакаттар, стендтер, слайдтар , технологиялық нұсқау картасы. Құрал-жабдықтар: қол құрал-саймандар( балға, темір шөтке, шөтке, қалақ, сокол, аңдама, түзеткіш), құм Сабақ әдісі: аралас

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: (10м) 1.Студенттерді журнал тізімі бойынша тергеу. 2.Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру

II. Кіріспе нұсқау: (50м)

Студенттердің өткен тақырып бойынша білімін тексеру

1. Қандай ерітінді түрлерін білесіңдер? 2. Цемент ерітіндісінің көлемдік бөліктері қандай және қалай дайындаймыз? 3.Әк – гипс ертінділерін қалай дайындамыз? 4. Сылақ жұмыстарына қолданатын құрал – саймандарды атаңдар? 5. Сылақ жұмыстарында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек? 6. Сылақ қабаттарын атаңдар? 7. Қара сылақ пен негізгі сылақ ерітінділерінің айырмашылығы неде? 8. Әрлеу сылағының ерітіндісі қалай дайындалады?



Сабақтың тақырыбымен мақсатын айту.

1. Сылақ түрлері туралы мағлұмат. Сылақ түрлері: А)Қарапайым сылақ – сарай, подвал, гараж қабырғаларын сыланады. Екі қабаттан тұрады. Қара сылақ, негізгі сылақ Б)Жақсартылған сылақ – тұрғын үй, мектеп, балабақша ғимараттары сыланады. Үш қабаттан тұрады. Қара сылақ, негізгі сылақ және әрлеу сылағы В)Жоғары сапалы сылақ – театр, мейрамхана, қонақ үй ғимараттары сыланады. Үш қабаттан тұрады. Қара сылақ, негізгі сылақ және әрлеу сылағы

2. Үстіңгі бетті сылаққа дайындау. Жіктері бос қуыс әрі тым кедір –бұдырлы болып қаланған кірпіш қкбырғаларды сылақ жүргізу алдында металл щөткемен тазалап ,су бүркеді. Егер қаланған кірпіш жіктері ерітіндімен толық толтырылса, оны кемінде 10 мм- дей етіп қырнап тегістейді. Қабырғалардың тегістігін тіктеуішпен анықтау. 3.Қара сылақты лақтыру. Жәшіктен біртіндеп соколға қара сылаққа сұйық ертіндіні қажетті мөлшерде салған соң, артығын жиегі жағынан алып тастайды. Соколдағы ерітіндімен жұмыс істейтін жерге таянады, сылақ қалақшасымен бір тастам ерітінді алады да оны сыланатын қабырға бетіне бас деңгейінде тиісінше солдан оңға, оңнан солға лақтыра тастаймыз. 4. Негізгі сылақты лақтыру. Жәшіктен біртіндеп соколға негізгі сылаққа қоюырақ ертіндіні қажетті мөлшерде салған соң, артығын жиегі жағынан алып тастайды. Соколдағы ерітіндімен жұмыс істейтін жерге таянады, сылақ қалақшасымен бір тастам ерітінді алады да оны сыланатын қабырға бетіне бас деңгейінде тиісінше солдан оңға, оңнан солға лақтыра тастаймыз. 5. Негізгі сылақты тегістеу. Аңдаманы ерітінді жағылған қабырға бетіне тақайды, жоғары қырын көтеріңкіреп, қабырғамен төменнен жоғары қарай зиг-заг қимылымен жылжытамыз. Ерітінді мол түскен жерлері ысырылып, аңдама бетіне жағылады. Кемдеу түскен жерлеріне жаңағы жиналған ерітінді жағылады. Аңдамамен алғашында тік бағытта содан соң көлденең бағытта тегістеледі.аңдамамен тегістелген үстіңгі бетті түзеткішпен беттің түзеулігін тексереді. Сылақ бетіне барлық бағытта қойып, тегіс емес жерлерді сол сәтте түзетеміз.ой- шұқыр жерлерге ерітінді жағып тегістеледі, төбешіктер қырналып тасталады.

5. Үстіңгі бетті ысқылау. Бір қолмен ысқышты ұстап тұрып , оны қабырға бетіне басып, сағат тіліне қарсы айналдыра қозғайды. Ысырылған ерітінді ойықтарды бітейді. 6. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Сылақ жұмыстарының орындау кезінде мынадай қауіпсіздік ережелері сақталу керек. кәсіби емес жаңа үйреніп жүрген сылақшы білу керек, айналаңдағы адамдардың қауіпті жарақат алмауын сақтандыруды және қате жібермеу үшін қауіпсіздік ережелерін жатқа білу керек. Арнайы киіміміз ыңғайлы және ылғалды болмауы керек . Ашық терілеріңе ерітінді түссе оны сумен сабын жуу кажет. Әк ерітіндісімен жұмыс жасаған кезде қолға вазелин жағу керек. Сылақ жұмыстарын бастамас бұрын, үстіңгі беттен барлық шегелерді алу қажет, ерітіндіні тегістегенді қолды жарлап алмас үшін.алынған шегелерді қорапқа жинау керек. Ерітінді дайындағанда материалдарды қолдануды және сақтауды қатаң түрде білу керек. Адам организміне зиянды материалдарды дайындау ережелерін білу керек. Құрғақ қоспамен жұмыс жасаған кезде олардың тыныс органдарына және көзге түспеуінен қорғану керек. Құрал -саймандарды тазалықта ұстау керек, құралдың қол ұстайтын жері тегіс және мықты екенін анықтауыңыз керек. Бочкалар және тастың үстерінде сылақ жұмыстарын жұргізуге болмайды.Сатыларда жұмыс жасау керек. Су қолдарынмен электр жүйелерін ұстауға болмайды.

III.Ағымды нұсқау:(4 с.40 м) 1.Жұмыс орнын ұйымдастыру. 2.Берілген тапсырманы орындау (қарапайым сылақ ) 3.Жұмыстың орындалу ретін тексеру. (үстіңгі бетті дайындау, кара сылақты пен негізгі сылақты лақтыру, тегістеу және ысқылау ) 4.Жұмыс кезінде қадағалап, қателіктерін түзетіп, жекелей нұсқау беріп, көрсету. 5.Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.

Сабақты бекіту:

1. Сылақтың қандай түрлері бар? 2.Қарапайым сылақты қандай жерлерде қолданамыз? 3.Қарапайым сылақ неше қабаттан тұрады. 4.Бүгінгі сабақта қандай құрал –саймандар қолдандық? 5.Жұмысты орындау кезіндегі жұмысшының қимылын атаңдар? 6. Жұмыстың орындалу реті қандай? 7.Техникалық қауіпсіздік ережелері

IV. Қорытынды нұсқау (20мин)

1. Студенттерге сабақ мақсатының орындалуын 2. Жіберген қателіктерін айтып, болдырмау жолдарын көрсету. 3. Жақсы орындаған студенттердің жұмыстағы жетістіктерін айтып, 4. Бағалау 5. Үйге тапсырма беру. А.М. Шепелев «Сылақ жұмыстары» § 10 Сылақ қабаттары, олардың жағылуы және тегістелуі §15 Ғимараттарды сылау мен қарапайым және жақсартылған сылақты атқару реті. 6. Жұмыс орнын жинау.



Өндірістік оқыту шебері: А.И. Сулейменова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Урок производственного обучения "Тас қабырға беттеріне қарапайым сылақ жүргізу"

Автор: Сулейменова Алтыншаш Изгалиевна

Дата: 22.02.2017

Номер свидетельства: 394538


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства