Просмотр содержимого документа
«?лтты? ?олданбалы ?нер элементерін пайдалана отырып,газет ?иындысынан торсы? бейнесін жасау »
Мурзагалиев Есен Бокаевич.
І - санатты еңбекке баулу пәнінің мұғалімі.
Володар ЖОББМ, Зеленов ауданы.Батыс Қазақстан Облысы.
«Шебер қолдар» үйірмесінің шебер маманы. Қазақ халқының қолөнері бай және ою-өрнектері терең философиялық мазмұнда салынатынын, зергерлік өнердің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып,алтын,күміс басқа да небір құнды асыл тастармен безендірілетінін айтып, сонан басқа оқушыларды торсықты газеттен жасауға үйретті.
Сабақтың тақырыбы:
Ұлттық қолданбалы өнер элементерін пайдалана отырып,газет қиындысынан торсық бейнесін жасау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Ұлттық қолданбалы етіп қана қоймай,
оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты,
таза,ұқыпты істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық қолданбалы туындылар суреттерімен,торсықтық
түрлерінің суреттері.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұлттық қолданбалы өнер туындыларымен танысамыз.Қазақ халқының қолөнері бай және ою-өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған.Ата-бабаларымыз сандықтың өзін тек өрнектермен нақыштап қана қоймай,зергерлік өнердің әртүрлі әдістерін пайдалана отырып,алтын,күміс басқа да небір құнды асыл тастармен безендірген.Қазақ халқының қолөнерінің сала-саласындағы кең қолданылып келген,өнердің өте көне,әрі күрделі түрлі-ою-өрнек өнері.Шеберлеріміз өздерінің ою-өрнектерінде жаңа түр,жаңа ұнасым тауып,олардың идеалдық мазмұндарын байытты. Қолөнерден жасалатын шикізатты тұтыну сапасына қарай бірнеше салаларға бөлінеді.Олар; Іскерлік - матамен жіп ісмері,пішуші,тігуші,ою-өрнек,ою оюшы.Өрімшілік - есу,өру,ысу,ұршық иіру,яғни жіп жұмыстары. Тоқымашылық - алаша тоқу,кілем тоқу,киім тоқу.Ұста - ағаш өңдеу-ші ,өрнек,әр салушы.Етікші - аяқ киім пішуші,тігуші.Зергер - металдан бұйым жасаушы.Өрімші - былғары бұйымдар жасаушы.Халықтың дамуы , жетілу тарихында небір он саусағынан өнер тамған ісмер адамдар болды.Сондықтан адамзат тарихындағы ең асыл мұраларын қолдан шығарып алмай , білім саласындағы осы " ақтаңдақтардың " бетін ашып,көне мәдениетімізге тереңірек үңіліп өткен уақыттың рухани мұрасын саралау,талдау қажеттілігі туып отыр.Ата-баблардан қалған көне бұйымдардың макеттерін жасапүйренеміз.
Торсық негізінен сиыр терісінен жасалған бұйым.Теріні илеу тәсілдерімен танысайық.Теріні айранға салып қояды.Тері айранның ішінде ұзақ тұрады. Тері жүні түскенше айранда тұрады.Теріні айраннан алып тегіс жерге қойып жүндерін тазартады.Жүндері тазарған соң торсық тігуге болады.Қатты қағаздан торсық пішінін қиып аладыда теріге суретін түсіреді.Тосықтың екі жағын кесіп аладыда бір-біріне тігеді.Тігіп болған соң,ішіне құрғақ құмды саламыз.Құмды салғанда торсық пішіні шыққанша тығызтап ұрады.Торсық пішіні шыққан соң өрнектеуге кіріседі. Торсықтың бетіне өрнектер аламыз.Салынған өрнектердің бетінен өтпейтін пышақпен басамыз.Пышақпен басқан кезде өрнектер бедерлі болып шығады.Өрнектерді орындап болған соң,оны түтінге ыстайды.Осы технологиялары орындап болған соң әшекейлеу тәсілін орындайды.Әшекейлеу үшін жөптердің тамырлары және қына жөбін қолданады.Осы технологиялар бойынша торсық жасалады.Біздер бүгінгі сабақта жаңаша технология бойынша торсықтың макетін жасаймыз.Бұл технология өру деп аталады. Негізінен өру арқылы қазақ шеберлері ат әбзелдеріне керек бұйымдар жасаған.Өру арқылы қамшылар жасалған.Өрудің түрлері үш өрім,төрт өрім,алты өрім,сегіз өрім,он екі өрім деп бөлінген. Біздерге өру үшін газеттер керек.Газеті төртке бөліп аламызда,оны жіңішке етеп ораймыз.Бірнеше орамалар жасап аламызда түрлі өру тәсілдері арқылы торсықтың бейнесін жасаймыз.Өру арқылы торсықтың бейнесін жасау үшін ермексаздан торсық пішінін жасап аламыз.Сонан соң сыртынан газет қиындысынан жасаған жіңішке орманы алып сыртынан өреміз.Осы өру тәсілі бойынша торсық пішінін жасаймыз.Өру кезінде газет қиындыларын тығыз орау керек.Тығыз орамаса пішінін шығару қиынға соғады.Сондықтан өру кезін бір-біріне тығыз жатуы керек.Өру тәсілін болған соң, әшекейлеуге кірісеміз.Әшекейлеу үшін түрлі бояуларды қолданамыз.Олар гуашь,майлы бояу,эмаль,колер,шашатын бояулармен әшекейлеуге болады.Осы бояулардың ішіндегі тиімдісі шашатын бояу болып табылады.Бұл бояу арқылы қуыс-қуыстарын бояуға болады.Осы технологияларды орындап болған соң торсық макеті дайын деп айтуға болады.