Өткен сабақтарымызда тұтқаларды кесіп, қажетті формасын шығарып, қашаулық жұмыстарды жасап болғанбыз. Сол ойылған түрімен қолда ұстап,жұмыста қолдана берсек қолға шөңір кіріп,уақыт өте келі кірленіп қалуы ықтимал. Сондықтан біз оларды тегістеп қоюымыз қажет. Қазіргі танда ағашты тегістеу үшін неше турлі тасілдер бар. Соның ішіндегі шеберлер арасында аса тараған тәілі ол - құмқағаздармен тегістеу болып табылады. Құмқағаздардың бірнеше түрлері бар. Олар – екілік, бірлік, нөлдік болып бөлінеді. Айырмашылықтарын олардың кім айтып береді? Ия, дұрыс айтасындар, айырмашылығы олардың сол қағазға жапсырылған тастарында. Мысалы егер қазақ халқының тұрмысында алатын орны зор ыдысты, астауды жасайтын болсақ оның ішін қуыстап шауып аламыз. Ішін шабард, бірінші шаппа – шотпен, ары қарай қашаулардың басқа түрлерін пайдаланамыз. Содан сон сыртқы пішінін шауып келтіреміз.Ал енді осы барысында ол астауды тоқтатып, біреуге сыйлап, не озіне қолдануға бересіндерме? Арина жоқ, оны тегістеп, ою-өрнек салып, көркемдеп безендірген жөн. Міне осы кезде біз осы құмқағаздардың көмегіне суйенеміз. Алғашында тастары үлкен болып келетін екілікпен бір-екі тегістеп,ыдыс ішін қашау іздеріннен тазартып,ысылап шығамыз. Келесі жасайтын амалымыз ол жанағы тастары ірі екілік құмқағаздан кіші болатын бірлікті алып тағы бір ысылап шығамыз,содан нөлдікпенде бір тегістеп астауымыздын ішін әбден тазартып,әдемілеп шығамыз. Осы процестен сон ғана біз дайын бұйымды әрлеп лакпен,не майлаймыз. Кейбір шеберлер құмқағаз орнына кәдімгі әйнекті алып,онымен ағашты қырып,жлтыратып тегістейді. Ал ен көп қолданатын турі қазіргі кезде ол осы құмқағаздар. Міне бізде оқушылар бүгінгі тұтқаларымызды осы құмқағаздармен тегістеп, жылтыратып, верстакка қағып қоямыз.
4. Практикалық жұмыс
1. Дайын саптарды тегістей
2. Верстакқа орнату
5.Қорытынды
1. Тиісінше бағалау
2. Жұмыс нәтижесін шығару, жақсы сабақ айтқан, қатысқан балаларды атап өту