Просмотр содержимого документа
«Техникалық әдістерді қолдана отырып ағаштарды қолмен өңдеу.»
Тексерілді:_____
Оқу ісі жөніндегі директордың
орынбасары: Акулова Р.М.
Күні: 01.10.16 Сынып: 5 Пәні: Технология Сабақ: 5
Тақырыбы: Техникалық әдістерді қолдана отырып ағаштарды қолмен өңдеу.
Мақсаты: Оқушыларға техникалық әдістерді қолдана отырып ағаш материалын қолмен өңдеу арқылы бұйым жасауды үйрету, мемлекет туралы мәлімет
Типі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету
Пәнаралық байланыстар: Қазақстан тарихынан әңгімелер, жаратылыстану, математика, бейнелеу өнері
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Ү. Сарамандық жұмыс
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІІ. Бағалау
ІХ. Жұмыс орнын жинақтау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау
2. Оқушылармен сәлемдесу
3. Сабаққа қатысымын тексеру
4. Арнаулы киімдерін тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ағашты кесуге қолданылатын ара түрлерін ата?
Ағашты кесу тәсілдерін ата?
Ағашты сүргілеу тәсілдерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бүгінгі сабақта ағаш өңдеу және оның құрал-саймандары туралы танысамыз. Қол ара және сүргінің құрлысына,түрлеріне,атқаратын қызметіне тоқталып өтеміз.
ІҮ. Техника қауіпсіздік ережелері
Жұмыс алдын қолданылатын құралдармен жұмыс істеу барысындағы техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
Ү. Сарамандық жұмыс
Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал-қол ара.Ара негізінен ағаш бөлшектерін екіге бөлу үшін қажет.Ара қалыңдығы әр түрлі болат жолақтардан жасалады,осы жолақты төсем деп атаймыз.Ара төсемінде,ара тістері орналасқан.Ара тістерінің арасы,ұшы алшақ болуы керек.Араның түсі алшақ болса,ара төсемі жеңіл қозғалыста болады.
Ара тістері екі түрлі қызмет атқарады:
1)Ол ағаштың талшығын кеседі.
2)Кескен кезде пайда болған ағаш ұнтағын сыртқа ысырып,шығарып отырады.
Сүргілеу аспаптарының түрлері көп.Олардың ең көп тараған түрлері-сүргі,шерхебель және фурганок.
Шерхебель-пышағының жүзі доға тәріздес дөңес келеді және алғашқы, дөрекі өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Сүргі-пышағы тегіс болады және сүргімен таза өңдеу жұмысы жүргізіледі.
Фурганок-жалпақ беттерді тазалап тегістеу үшін қажет.
ҮІ. Сабақты бекіту
Мемлекет мүддесі? 2. Бұйым жасауда сызбаның рөлі қандай?