kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Техника ?ауіпсіздігі ж?не машинаны д?рыс к?ту.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы  24.9  Техника ?ауіпсіздігі ж?не  машинаны д?рыс к?ту.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Техника ?ауіпсіздігі ж?не  машинаны д?рыс к?ту жайында  жалпы т?сінік беріп, таныстыру, ме?герту.

Дамытушылы?: О?ушыларды шы?армашылы? ж?не танымды? ойлау,

?зін – ?зі ба?алау, а?паратты? – коммуникативтік ??зіреттіліктерін дамыту.

Т?рбиелік:О?ушыларды? бойында ?зіндік ?рекет ету м?дениетін  ?алыптастырып, жа?а та?ырыпты ?ткен та?ырыппен  байланыстырып, ?зара к?мек к?рсетуге  т?рбиелеу.

Саба?ты?  типі  Жа?а білімді ме?герту саба?ы.     

Саба?ты? ?амтамасыздандырылуы Стенд, баспа таба?та,схема, слайд.

П?н аралы? байланыс  К?сіптік т?жірибе, материалтану.

?з бетінше ж?мыс  Баспа таба?тармен ж?мыс, слайдпен ж?мыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Техника ?ауіпсіздігі ж?не машинаны д?рыс к?ту. »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

КМҚМ «АЛМАТЫ ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»



«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Токмагамбетова С. У.

«___» ___________ 2013 ж






Тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және машинаны дұрыс күту.


Кәсібі: 1227000

Біліктілік: 1227032 - «Жазық баспа баспагері»

Пән: «Арнайы технология»

Оқытушы: Кәрімқызы А














Циклдік әдістемелік кеңесте қаралды

Хаттама № «____» ________ 2013ж

ЦӘК төрайымы Ерназар Г.К.





Алматы 2013

Ашық сабақ жоспары



Пән Арнайы технология

Мерзімі __________

Топ 4-12

Сабақтың

Тақырыбы: 24. Бір бояулы GTO – 52 басылым машинасында тираж басу.

Сабақтың тақырыбы 24.9 Техника қауіпсіздігі және машинаны дұрыс күту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Техника қауіпсіздігі және машинаны дұрыс күту жайында жалпы түсінік беріп, таныстыру, меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық және танымдық ойлау,

өзін – өзі бағалау, ақпараттық – коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін қалыптастырып, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырып, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың қамтамасыздандырылуы Стенд, баспа табақта,схема, слайд.

Пән аралық байланыс Кәсіптік тәжірибе, материалтану.

Өз бетінше жұмыс Баспа табақтармен жұмыс, слайдпен жұмыс.


Сабақтың өту барысы:

  1. Әңгімелесу.

  2. Слайд көрсету.

  3. Сұрақ – жауап.

  4. Пікір алмасу.

  5. Түсіндіру.

  6. Топпен жұмыс.

  7. Іздену.

  8. Шығармашылық, іздену жұмысы, ой қозғау.


Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу;

  • Оқушыларды түгендеу;

  • Кезекшімен сұхбат;

  • Үй тапсырмасына даярлығын тексеру;

  • Құралдарын реттеу;

  • Сабақтың мақсатымен таныстыру;

  • Сабаққа нұсқау беру;


Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру

Үй тапсырмасын сайыс түрінде өткізу. Оқушыларды екі топқа бөлеміз, топ басшыларын сайлаймыз. Әр топ үйге берілген тапсырмалары бойынша өндіріс орнынан әкелген баспа табақтарындағы ақаулары жайында түсінік береді. Өте жақсы жауап берген оқушыға «5 жұлдыз», жақсы жауап берген оқушыға «төртбұрыш», қанағаттанарлық жауап берген оқушыға «үшбұрыш» белгісі беріледі.


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі

Техника қауіпсіздігін, өнеркәсіп тазалығын және өртке қарсы техника ережелерін білу және оларды сақтау-жарақатты, кәсіби

ауру - сырқауды, қайғылы оқиғаларды туғызатын себептерді жоюдың басты шарты болып табылады. Білімі тексерілгеннен кейін жұмысшыға оны жұмыстық орнында тікелей істейтін қызметіне жіберу үшін құжат дайындалады.

Өндірістік орынжайлардың көзге түсетін орындарында плакаттар мен еңбек қауіпсіздігі амалдары жөніндегі нұсқаулар ілініп қойылады.

Нұсқауларда жазылған талаптарды орындау жауапкершілігі әр жұмысшының өз мойнында. Ал, техника қауіпсіздігінің орындалуына бақылау жасау кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау органдарына жүктеледі. Ережелер мен нұсқауларды орындамау еңбек заңдылықтарына сәйкесті жауапкершілікке тартылады.

Қауіпсіз жұмыс істеу амалдары жөнінде нұсқау берілмеген жабдықтар мен машиналарда орындауға тыйым салынады.

Жұмыс орны мен жабдық тап-тұйнақы күйде, таза және ақаусыз сақталуға тиісті. Бүкіл артық заттарды олар үшін бөлінген орындарда ұстау қажет.

Жуатын және майлайтын материалдар тек берік жабылған темір ыдыстарда, жабық металл шкафтарда, тәуліктік қажетті мөлшерде ғана сақталынады.

Сүрткіш заттар мен бояу және жуынды қоспалар сіңген қағаздар берік жабылатын металл жәшіктерге салынып қойылуы қажет.

Мыналарға:

  • Қауіпті аймағы қоршалмаған, сондай-ақ лайықты жарықтағыш аппараты жоқ бұзылған машиналарда жұмыс істеуге;

  • Бұзылған және мөлшері мен атқаратын қызметі сәйкесті емес аспапты пайдалануға;

  • Машинаның қоршамасына тақау тұруға не оған сүйенуге, машинаның жүріп тұр ған бөлігіне қол тигізуге үзілді-кесілді тыйым салынады.













Басылым цехындағы қауіпсіздік ережесі



    1. Қауіпсіздік техникасы бойынща мәлімет алған адам ғана цехта жұмыс істеуіне болады.

    2. Қауіпті аймақтары қоршалмай, ақаулы машиналарда жұмыс істеуге болмайды.

    3. Жұмыс орны мен жабдықтарды ақаусыз ұстау керек.

    4. Жуатын және жанармай материалдар тек жабық ыдыста сақталуы тиіс.

    5. Жуғыш заттар мен бояулар сіңген материалдар мен қағаздар арнайы жәшікте сақталуы тиіс.

    6. Цехта темекі оттық пайдалануға болмайды.

    7. Жұмыс істеуге және пайдалануға жарамсыз аспаптарды пайдалануға тиым салынады.

    8. Баспагер жұмыс орнында жалғыз қалып жұмыс жасауға болмайды.

    9. Қосылған машинаны бақылаусыз қалдыруға болмайлы.

    10. Цехта тамақтануға, азық – түлік сақтауға және сыртқы киіммен отыруға болмайды.

    11. Электр двигательдерді оқушы өздігінен ашпауы және қапталмаған ток өткізгіштерге жақындамауы керек.

    12. Ток өткізгіш құрылғының тыс қаптамасының бүлінбеуіне жол бермеу керек.

    13. Электр жүйесі мен электр жабдықтарын өз бетімен жөндеуге тыйым салынады.

    14. Машинада орнатылған жарық көздерінің ( шамдардаң) қуат – кернеуі 36 вольттан жоғары болмауы керек.

    15. Жарық көздеріне, электр сымдарына және электр жабдықтарына әр түрлі қағаздар, қатырмалар, фотопленкалар және басқа да тез тұтанатын материалдар ілуге тыйым салынады.

    16. Машиналарға, аспаптарға, кептіргіштерге және ысытқыш аспаптарға материалдар мен дайын өнімдерді жақын ұстауға тыйым салынады.

    17. Тез тұтанғыш ерітінділердің бетін ашық қалдыруға тиым салынады.

    18. Қағаз жіне қоқыстарды , пайдаланған материалдардың қиындыларын, мақталарды кездейсоқ жанбауы үшін күн сайын жұмыс аяқталар алдында жинастырып тұру керек.

    19. Басылым машиналары толық жұмыстан тоқтап тұрған кезде тазаланып, майлануы керек.

    20. Жабдықтар мен жүйелердің жарамсыздығы жайында байқалғандардыі барлығын цех әкімшілігіне хабарлап отыру керек.






Жұмыс аяқталғаннан кейінгі техника қауіпсіздігі жөніндегі ережелер

1. Бұл ережелер бүкіл технологиялық процестерге қатысты ережелерге ұқсас:

2. Жұмыс орны мен жабдықтарды тәртіпке келтіру;

3. Бүкіл материалдар мен аспаптарды өз орындарына қою;

4. Пайдаланылған шүберектерді, анжыларды темір жәшікке салып, тысқа шығару;

5. Жұмыс киімін шешіп, өзіндік шкафқа не гардеробқа ілу;

6. Машиналардағы болымсыз деген міндер мен ақаулардың өзін мастерге хабарлау;

7. Жабдықтардың қандай екені жайлы журналда жазба жасау,сменаны тапсыру;

8. Қолды сабындап,жылы сумен жуу.

9. Жұмыс біткеннен кейін цехта қалуға тыйым салынады.



Өртке қарсы шаралар



Тұрмыстық бөлмелерді пайдаланушылар өндірісі зиянды бөлмелер арқылы өтпеуі керек. Қосымша бөлмелерді әдетте біріктіріп салады. Тұрмыстық бөлмелерде жеке тұрған ғимараттарда орналастырылған жағдайда жылытатын өндірісті ғимаратпен тұрмыстық ғимарат арасында жалпы өткел салынады.

Полиграфиялық кәсіпорындарда өндіріс процестеріне жанғыш қатты материалдар қолданады: резеңке, қағаз, қатырма, түптеу маталары, тез жанғыш ерітінділері.

Кәсіпорын маңайындағы өрттің жайылмауы ғимараттардың дұрыс орналасуының үлкен маңызы бар. өрт және жарылғыш қауіптілігі бар өндірісте, табиғи желдің бағытына қарай ғимараттардың құрылыстық тығыздығы 50  болу керек.

Жобаланған өндірістің басылым цехының өрт сөндіргіш санын анықтайық. 200 м² - ге арасы 25 м- ден ОУ – 5 маркалы 1 өрт сөндіргіш келеді.



Электр тогы соққан жағдайдағы шаралар



Электр қауіпсіздігі ережелерін қатал сақтау керек. Бөлшектегіш қалқанды,рубильникті,электр двигательдерді ашпау;қапталынбаған тоқ өткізгіштерге жақындамау; тоқ өткізгіш элементтердің тыс қаптамасының бүлінуіне жол бермеу; электр двигательдерге, рубильниктерге,реостаттарға т.т. жер май,бензин,су құймау керек.

Электр жүйесі мен электр жабдықтарын өз бетімен жөндеуге тыйым салынады. Іске қосуды реттейтін аспаптар мен электр жабдықтарының электр жүйелері бұзылған жағдайда, не олар машина мен жабдық тұрқына тақасып тоқ әсері байқалған кезде олар жайлы дереу цех бастығына немесе мастерге хабарлау қажет. Мүкіс жөнделгенше жұмысқа кіріспеу жөн.

Жарық көздеріне, электр сымдарына және электр жабдықтарына әр түрлі экрандар,қағаз, қатырғы абажурлар, фотопленкалар, басқа да тез тұтанатын материалдар ілуге тыйым салынады. Ток өткізетін жабдықтардың бәрінде жер тартқыш болуға тиіс.

Электр тогының басқа зиянды өндірістік факторларының қауіптілігінен күштірек. Өйткені ток соғатынын адам алдын - ала сезбейді.

Кәсіпорын жабдықтарының барлығы электр көмегімен жұмыс істейді: көшірме рамасы, басу машиналары, қағаз кесу машинасы, бүктеу аппараттары және кітапшалау-түптеу жабдықтары.

Электр қауіптілігі электр қондырғы конструкциясымен, техникалық жолдармен, қорғаныс амалдарынан, техникалық және ұйымдастыру шараларымен қамтамасыз етеді. Электр қауіпсіздігі мақсатында келесі техникалар әдістер мен амалдарды пайдаланады: жерге қосу қорғанысы, жоқ қылу, ажырату қорғанысы, потенциалды теңестіру, кернеуді азайту, жүйені электрлі бөлу, ток жүргізу бөліктерін айыру, қорғау құрылғысы, ескертпе сигнал беру. Сақтандыруға бейімдеу және электр қорғаныс амалдары және қауіпсіздік белгілері.



Алғашқы көмек



Технологиялық процестерді және көмекші жұмыстарды атқарғанда өндіріс қауіп қатерлері болуы мүмкін, яғни еңбекшілерге өндіріс факторларының әсер етуі мүмкін.

Өндірістегі қауіпті фактор дегеніміз ол белгілі бір жағдайларда жұмыскерге тигізетін әсері мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулығының төмендеуіне әкеп соғатын факторды айтады. Өндірістегі қауіпті факторлар - өндіріс факторы әсер еткен еңбекшінің жаралану факторы. өндірістегі қауіп – машина бөлшектерінің және механизмдерінің шексіз қозғалысынан туады, одан адам денесінің әр түрлі жарақаттары болуы мүмкін (мүшелерінің сынуы, мүшелерінің ауырып қалуы және т.б); Электр жабдықтарының тоқ жүретін сымдарының қорғаусыз болуынан; металдардың балқымаларына; олардың буларына, жылуына күйіп қалуынан; өндіріс жабдықтарының жеткілікті мықтылығының бұзылуынан және т.б. жағдайлардан болуы мүмкін.

Өндірістегі кездейсоқ бақытсыз жағдай – бұл өндірістегі қауіпті фактор әсер еткен атқарушының жағдайы. Жарақаттар әртүрлі болуы мүмкін: ауыр жарақаттар және жеңіл жарақаттар.

Өндірістік жарақат бұл жұмысшының өндірісте еңбек қауіпсіздігінің талаптарын сақтамағандықтан алған жарақаттар.

Өндірістік зақымдану - өндіріс зақымдарын сипаттайтын өндіріс жиынтығы кейде өндірісте басқа да жағдайлар болады.

Көптеген өндірістегі қауіптер мен зиян келтіруші заттар адамның сезім мүшелері арқылы қабылданады. Сондықтан да организмге әсер етуші зиянды заттардан сақтандыру шаралары қабылданған, білдіртпей адам сезім мүшелеріне тікелей әсер етуші заттарға (электр тогы, көрінбейтін иондық шағылу) жатады.

Бейнені басу формаларын дайындау цехында жазық офсетті басу формасын дайындау технологиялық процестегі сурет формасын жасауда: монтаждау, көшірме, өңдеу жұмыстарын атқарғанда улы және зиянды заттардың әсер етуі, ултракүлгін және инфрақызыл сәулелердің түсуі өте жарық көздерінің әсерінен болады.

Басу цехында зиянды заттардың буы және шаңы пайда болады, олар керосин, бензин, уайт-спирт және тағы да басқа органикалық заттар.

Сыртқы киімді,сондай-ақ тағамды соларға арналған орындарда сақтау жөн. Тамақты да сонда ішкен дұрыс.


Басылым машинасының күнделікті күтімі:


  • Қағаз түзейтін бүйір тіректің тұтқасын майлау;

  • Форгрейфер түйінінің тұтқасын майлау;

  • Өзі беретін столдың көтерме механизмін майлау;

  • Қабылдау құрылғысындағы түсіру механизмін майлау;

  • Ауа фильтірін шаңнан тазалау.

Басылым машинасының айлық күтімі:


  • Беретін білік механизмінің тұтқасын майлау;

  • Қағаз түзейтін бүйір тіректің тұтқасын майлау;

  • Форгрейфер эксцентрикасының тұтқасын майлау;

  • Жаймалайтын цилиндрдің ылғалдандыру аппаратының тұтқасын майлау.

  • Рейгрейфердің қайтарып-оралу механизмінің тұтқасын майлау.

Басылым машинасының жарты жылда бір рет күтімі:


  • Компрессордың қайтарып-оралу механизмінің тұтқасын майлау;

  • Рейгрейфер клапандарын майлау;

  • Келтіру-келтірмелеу механизмін майлау;

  • Орталық жүйедегі майды ауыстыру.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру


«Ой қозғау» ойыны арқылы оқушыларды тақтаға шығарып, жаңа тақырыпты пысықтау.

Сабақтың қорытындысы: Жаңа тақырыпты пысықтап, қорытындылаймыз.

Рефлексия: Оқушылармен пікір алмасу

Бағалау: Оқушыларды қорытынды жауаптармен әр топтан оқушылар шығып өз ойларын айтады.

Үй тапсырмасы: В. В. Казанцев, Г. А.Таль «Офсеттік шағын машиналар және оларда жұмыс істеу»192 бет, Ж. Ж. Бәзілов «Полиграфия өндірісінің негіздері»

202 бет.



Оқытушының қолы: Кәрімқызы Альбина



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Техника ?ауіпсіздігі ж?не машинаны д?рыс к?ту.

Автор: К?рім?ызы Альбина

Дата: 28.11.2014

Номер свидетельства: 136698


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства