kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы. 

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының

                                                        шығу тарихы,

жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру. Иленген теріден қамшы өруді меңгерту.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы.»



Теректі ауданы балалар шығармашылық үйі



А ш ы қ с а б а қ



(7 сынып)



Сабақтың тақырыбы:

«Теріден бұйым жасау»

(Қамшы өру технологиясы)


Жосымша білім беру педагогы: М.Г.Кунбаев.

2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: қазақ халқының қолөнер туындыларының

шығу тарихы,

жасалу технологиясы мен тұрмыста қолданылуын түсіндіру. Иленген теріден қамшы өруді меңгерту.

ә) дамытушылығы: оқушыны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

б) тәрбиелілігі: ұлттық қолөнерді құрметтеуге үйрету және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: «Айтуға оңай» бағдарламасынан үзінді.  Оқулық. Слайд. 

Пән  аралық  байланыс:  музыка,  тарих

Сабақтың  барысы:

I.Ұйымдастыру: оқушылармен  амандасу, келмеген оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындығын тексеру, үй   тапсырмасын  тексеру.

IІ. Жаңа  сабақ

Негізінен, жана сойылған мал терісінен тұз сеппей жылы жерге қойса, ол өз-өзінен 2-3 күннің ішінде жидіп, жүні түсіп қалады. Бірақ олай өңделген теріден шыққан иіс өте өткір келеді. Ал теріні тез тазалау үшін жана сойылған мал, әсіресе ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк (ізбес) жағып, теріне тұмшалап орап, арнаулы жылы су құйылған ыдысқа батырып салып қою керек. Бұл әдіспен даярланған терінің исі мүлдем шықпайды. Ал кепкен тұздалған тері болса, оның тұзын мұқият жуып, жібітіп барып әкті терінің ішіне жағады, содан киін орап суға салады. Екі-үш суда сақталған терінің жүнін тартып көреді. Егер терінің жүні еркін жұлынып кетсе, жидегені. Әк жағу арқылы жидеген теріні үнемі бақылап отыру керек. Қадағалау жұмысын екі күннен кейін жиілеткен жөн. Егер әк көп жағылып кетсе немесе қозы-лақтың терілері сияқты жұқа терілер әкте көп тұрып қалса, тері күйіп қалуыда мүмкін. Сондықтан шикізатқа мұқият болған жөн.

Қамшыға байланысты ой орамдармен тарқатып түсіндірсек:

1.Қамшысының ұшын да бермеді. Бұл “болыспады”, “жәрдемдеспеді”-деген мағынаны білдіреді.
2.Басына қамшы үйірді. Қорқытты,зорлық көрсетті.
3.Дау төрт бұрышты,қамшы екі ұшты. Бұл “даудың себебі әр қилы,бірақта шешімі “ақ”, не “қара” болады”

4.Қамшысын білем деді. Қамшысын екі бүктеп ұстауды бейнелейді. Мағынасы:қыр көрсетті, қоқаңдады.
5.Қамшы түтеді. “Қамшы жауып кетті”, “Соққылаған қамшы жауды” деген мағынаны білдіреді. Халқымызда «қамшықайтару» деген салт бар. Дәстүр бойынша қыз айттыруға келген жігіт жағының басшысы (жігіттің әкесі,не болмаса сол келушілердің басшысы т.б) қыз үйінің төріне іліп кеткен. Егер қыз әкесі келісімін бермесе,көп ұзамай қамшыны иесіне қайтарып беріп жіберген.

«Қамшы ойыны» болған онда төрт жағынан керілген өгіз терісін қамшыменен бір тартқанда тіліп түсіру.Бұл білек күшімен қамшының мықтылығын білдіреді.

Қамшылар жасалуына, қолданылуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Оның әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, мағанасы бар.

1. Сүндет қамшы. 5. Неке қамшысы. 9. Баптау қамшы.
2. Бәйге қамшы. 6. Соп қамшы. 10. Аңшы қамшы.
3. Көкпар қамшы. 7. Үйір қамшы. 11. Барымта қамшы.
4. Дойыр қамшы 8. Ноғай қамшы 12. Бәсіре қамшы.

Өрім түрлеріне келсек: Үш өрімнен бастап қырық өрімге дейін өрілген.

1.Үш не төрт өрім. Ол қайыстан өрілген, бәйге қамшыға қолайлысы.

2. Алты өрім. Осы орайда «Әй, алты өрім бұзау тіс, көп былжырамай аттан түс!» деп өрімшілер көп айтатын.

3. Сегіз өрім, төрт қырлы. Бұл мал айдауға қолайлы қамшы. Осы өрімді соп, үйір, ноғай қамшыларға да қолданған.

4.Он екі өрім. Сәндікке лайықты қамшыда пайдаланылады.

5. Қырық өрім. Оған тарамыс қолданылады.Өрімшілер арасында қайыс таспадан қырық өрімді де жасағандар болған.



Машықтық жұмыс:

Алдын ала дайындалып төрт тілікке тілінген жасанды былғарыны оқушыларға таратып, төрт таспалы қамшы өру. Машықтық жұмыс кезінде түсінбеген жерлерін толықтыру.



Сабақты қортындылау: Қамшы бөліктерінің атауын еске түсіре отырып сабақты қортындылау.

- Қамшы ата-бабамыздың бізге қалдырған несі?

- Өрім саны қанша болады?

- Бүгін біз неше өрімді меңгердік?

Бағалау: оқушылардың өрген өрімдерін салыстыра отырып және жіберген кемшіліктерін түзете отырып бағалау.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Теріден бұйым жасау. Қамшы өру технологиясы.

Автор: Кунбаев Мердан Гариполлиевч

Дата: 07.02.2023

Номер свидетельства: 625080


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства