Просмотр содержимого документа
««Сыммен ж?мыс. Сымды ию, майыстыру, т?зету»»
Пәні; Технология. Сыныбы; 5 класс
Сабақтың тақырыбы:«Сыммен жұмыс. Сымды ию, майыстыру, түзету» Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға сым туралы түсінік беру, сымды кәптеу яғни ию, майыстыру, түзету т.б әдіс-тәсілдерін оқушыларға үйрету, әсемдікке баулу. - Сым кәптеу жұмыстарына арналған құрал – аспаптармен, жабдықтарды пайдалана білу қабілеттіліктерін дамыту. - Сыммен жұмыс барысы кезінде қауіпсіздіктерді сақтауға тәрбиелеу. Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен жабдықтар: сым оның түрлері. Сыммен жұмыс жасайтын құрал – аспаптар, сымды түзету жабдықтары, суреттемелер мен плакаттар т.б. Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс. Сым кәптеу. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс, ой қиялға үңілу.
Сабақтың барысы: - Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеп белгілеу, оқушылардың әзірліктерін бақылау, тексеріп шығу. Өтілген сабақты пысықтау: Қойылатын сұрақтар тізбесі: ▪ Металлдар деген не? ▪ Шойын мен болаттың бір – бірінен айырмашылығын ата. ▪ Түсті металлдар туралы не білесіңдер? ▪ Сым дегеніміз не? ▪ Оның қажеттілігі.
Сабақты түсіндіру: - Заводтарда негізінен сымдарды, орам түрінде шығарады. Қажет дайындамалар ұзыннан арнайы кесіп алынады. Ең алдымен сымнан жасалатын бұйымдарды, затты дайындау үшін түзетіп алу қажет. - Сымды түзету әдістерін арнайы суреттемелер, плакаттарды пайдалана отырып, түсіндіремін, көрсетемін. Арнайы жабдықтарды пайдалану арқылы сымдарды түзету әдістері.(суреттемелер) - Сымды кәптеу жұмыстарына арналған құрал – аспаптар түрлері: (қысқыш, атауыз, балға, тақтайша, тістеуік) - Сыммен жұмыс барысы кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы қысқаша айтып түсіндіру. - Оқу шеберханасында сыммен жұмыс жасау барысында диаметрлері әр – түрлі, негізінен диаметрлері 0,5мм ...5мм аралығындағы сымдар таңдап алынады.
Негізгі операция түрлері: Түзету, кесу, ию немесе майыстыру. (болат, алюмин, мыс т.б сымдар түрлері) Кесу процессі кезінде: Ұзындығы 110...250мм, еріндерінің жалпақтығы 15...40мм кескіштер қолданылады. Қатты жуан сымдарды (кескіш, зубило) шапқымен кеседі, (плита, төсегіш, жұмсақ металл) немесе егеумен із салып та сындыруға болады.
Түзету процессі. Балғамен плитаның үстіне қойып түзету. Егерде сым жұмсақ болса, ағаш балғамен ұрып түзетуге болады. Жіңішке икемге көнгіш сымдарды арнайы жұмыр ағаш, металл бұйымға салып түзету, екі жалпақ ағаш арасынан ысқылап өткізу, бір түзудің бойына қағылған шеге арасынан өткізу арқылы түзету. Ию процессі: Атауыз, қысқыштарды пайдалану арқылы т.б арнайы алынған әр – түрлі пішіндегі бұйымдарға салып июге болады. Мысалдар келтіру: (көрсету) (суреттемелер қоса тіркеледі)
Сарамандық жұмыс: Сымнан көгершін бейнесін иіп көрсету. Алдымен А – 4 форматқа көгершін бейнесін салып алу, белгілеу. Сонан соң сымды бейненің үстіне салып ию. Дұрыстығын тексеріп алып, көгершін бейнесін қатты бетке желіммен немесе т.б әдістермен жапсырмалау. Әр – түрлі әшекей сымдармен көркемдеу. Бейбітшілік құсы көгершін бейнесін жасап шығару.
Сабақты қорытындылау: - Жұмыстарды салыстырмалы түрде қарай отырып, дұрыс-бұрыстығын ескеріп айту, қосымша сұрақтар қою, оқушыларды бағалау. - Шеберхана ішін жинастыру, құрал – жинақтарды салу, жұмыстарды мұғалімге өткізу, келесі сабаққа тапсырма алу. Үйге тапсырма: Өз қиялдары, өз ойлары бойынша сымнан әр – түрлі бұйымдар жасап үйрену.