Сабақтың мақсаты: Ерітіндіні әзірлеуге, тасымалдауға және жағуға арналған механизмдер түрлері, сылақ агрегаттары мен станцияларын таныстыру.
Көрнекілігі: Ерітінді араластырғыш түрлі конструкциялар суреттері, ерітінді насосы, механикаландыру жұмысы туралы слайд, сылақ агрегатының қызметі туралы плакат.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сылақ жұмыстарына арналған агрегаттар»
Сылақ жұмыстарына арналған агрегаттар
Орындаған: арнайы пәндер оқытушысы
Имашев А.С
Сабақтың мақсаты:Ерітіндіні әзірлеуге, тасымалдауға және жағуға арналған механизмдер түрлері, сылақ агрегаттары мен станцияларын таныстыру.
Көрнекілігі:Ерітінді араластырғыш түрлі конструкциялар суреттері, ерітінді насосы, механикаландыру жұмысы туралы слайд, сылақ агрегатының қызметі туралы плакат.
Сабақтың барысы
1
Сәлемдесу
2
Оқушыларды түгендеу
3
Сабаққа дайындығын қадағалау
4
Үй тапсырмасын тексеру
5
Жаңа тақырыпты түсіндіру
6
Топ – топпен жұмыстандыру
7
Сабақты қорытындылау
Ерітіндіні әзірлеуге, тасымалдауға және жағуға арналған механизмдер
Тербелмелі електер мен мөлшерлегіштер. Толтырғыштарды (құмды, шлакты, мәрмәр және гранит үгінділерін), сондай – ақ байланыстырғыш материалдарды електен өткізу үшін тербеліс дірілдеткіштен берілетін механикалық тербелмелі електер қолданылады. Мұндай електердің өнімділігі жоғары, әрі шағын да ыңғайлы. Електер рамаға керілген және қажет кезінде оларды ауыстыра салу қиын емес.
Жұмыс көлемі шағын болған кезде қолмен мөлшерлеуге болады. Жұмыс көлемі үлкен болған кезде материалдарды көлемдік және массалық мөлшермен өлшеп алатын мөлшерлегіштер қолданылады.
Ерітінді араластырғыштар мен ерітінді насостары. Ерітінділерді әзірлеу үшін СО-23Б, СО-46Б, СО-26Б сияқты түрлі конструкциялы ерітінді араластырғыштар қолданылады.
СО-23Б ерітінді араластырғыштың дайын илендіснің көлемі 65л, электрдвигателінің қуаты 3кВт, араластырғыштың массасы 65 кг, өнімділігі 1,2 – 1,5 м³ /сағат.
І – жетек, ІІ – тележка, ІІІ – бункерлі қол арба, 1 – тұтқа; 2 – бункер, 3,5 – қалақшалар, 4 – қалқа, 6 – редуктор, 7 – электрдвигатель, 8 – таяныш, 9 – электр жабдықтары бар шкаф, 10,11 – доңғалақтар.
Ерітінділерді және сусыма тасымалдауға және жағуға арналған механизмер. Бір орталықтан заводтарда әзірленген ерітінділерді құрылысқа автомашиналар кузовтарына самосвалдарға салып жеткізеді.
Ерітіндін өлшеп беретін әрі механикалық жолмен бұлғап араластыратын ерітінді тасығыш автомашиналар және ерітінді тасығыш автомашиналар кеңінен қолданылады.
Өнімділігі 4м³/сағат ерітіндіні тасымалдау және горизонталь бойынша 50 м-ге дейін, вертикал бойынша 15 м-ге дейін қабырға бетіне ерітінді жағуға арналған. СО-49Б, СО-48М, СО-50А ерітінді насостарының конструкциялары ұқсас.
СО-49Б насосы
СО-48М ерітінді насосы
СО-50А ерітінді насосы
Сылақ агрегаттары. Сылақ агрегаттары сылақ ерітінділерін әзірлеуге, оларды сүзгіден өткізуге, орнына тасымалдауға және өңделетін қабырға бетіне жағуға арналған.
Цемент – зеңбірек жоғарғы және төменгі конус–резервуарлардан немесе біртұтас біріккен камералардан тұрады. Жоғарғы резевуарлардың тиеуші варонкасы бар, ол арқылы резервуарды құрғақ қоспамен толтырады. Корпустың сыртқы жағынан болат түтік өткізгіш өтеді, оған компрессордан жұмсақ шлангалар қосылады. Осы шлангалар бойынша цемент – зеңбірекке сығылған ауа беріледі. Сығылған ауа дайын ерітіндіні диаметрі 25 – 38 мм-лік шлангалар бойымен қабырға бетіне атқылайды.
Цемент атқыштар
Пневматикалық және электрлі ысқылағыш машиналар.
Сылақты ысқылауға арналған машинкаларэлектрліжәнепневматикалықболып келеді.
Электрлі ысқылағыш машина СО-86А түрлі сылақ ерітінділерін ысқылауға арналған. Машинаның электрдвигателі редуктор арқылы салмақ түсетін алюминий дискілерді қарама – қарсы жаққа айналдырады; бұларға пенопластан немесеи ағаш жоңқалағыш материалдан жасалған ысқылағыш дискілер бекітілген. Тегістелетін қабырға бетін дымқылдау үшін су беріледі. Тұтқалар двигатель қалқанындағы кронштейндерге бекітіледі.
Пневматикалық ысқылағыш машина түрлі сылақ ерітінділерін ысқылауға арналған. Машина пневматикалық двигательден, редуктордан және ауыстырмалы жұмыс двигателінен тұрады. Двигательдің корпусы машинаның тұтқасы қызметін атқарады. Жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін машина қосымша бүйірлік тұтқамен жабдықталған.
СО -86А ысқалағыш машинасы
Қабырға бетін ысқылау
пневматикалық
электрлік
Ысқылағыш машиналар
Сабақты қорытындылау
Сылақ жұмыстарына арналған механизмдердің ұтымды жақтары қандай?
Материалдарды електен өткізу үшін қандай електер қолданылады?