kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?ргі та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология ?лдар?а арнал?ан С?ргі та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?ргі та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары»

Атаназаров Марат Абубакирович

Жаңаөзен қаласындағы №17 орта мектептің технология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сүргі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ағашты сүргілеудің әдіс-тәсілдерін үйрете отырып, тақырыпты меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін және ойлау қабілетін дамыту. Сабақта интерактивті пйдалана отырып, сүргіні қолдануға дағдыландыру.
Тәрбиелік. Оқушылардың өзі таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау. Өзін-өзі бағалауға және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Материалтану, тарих, физика.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сүргі аспаптарының түрлері, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсыpмасын пысықтау
Үй тапсырмасына «Сүргілеу аспаптарының түрлері» деген тақырып берілген болатын. Интерактивті тақтада төмендегі сұрақтар жазылып, соған жауап аламыз.
1.Сүргілеу не үшін керек? Сүргілеуді кім қалай түсінеді?
Ағаш дайындап алып, керекті пішін, өлшем беру және оның бетін тегістеу үшін сүргілеу түрін қолданылады. Бұл операцияның мәні дайындаған материалдың бетінен жоңқа түрінде жұқа қабатын сылу.
2.Сүргі қандай негізгі бөліктерден тұрады?
1.Тұтқа
2.Тұғырық
3.Сына
4.Пышақ
Сүргі түрлерімен танысу.
Шерхебель – бұл сүргі ағаш бетін алғаш рет сүргілеу қызметін атқарады. Шерхебельмен сүргілеп болғаннан кейін ағаштың беті жақсы тегіс болмайды, шұқыр-шұқыр іздер қалады. Өйткені, оның пышақ жүзінің түзу емес, доғал формада болуынан пайда болады.
Бір пышақты сүргі – бұл сүргі ағашты тіліп алғаннан кейін немесе оны шерхебельмен өңдеп болған соң сүргілеу үшін қолданады. Пышақ жүзінің ені 40 мм болады.
Фуганок – бұл сүргі ағаш бетін біржолата тазалап сүргілеу қызметін атқарады. Фуганок басқа сүргілерден үш еседей ұзын болады, сондықтан ол неғұрлым ұзын детальдарды сүргілеуге мүмкіндік береді.
Цинубель – бұл сүргі желімдеуге арнал-ған ағаштың бетіне жырақшақтар мен түкті бүртікшелер салу қызметін атқарады. Оның басқа сүргілерден айырмашылығы пышағының жүзі кетілген ирек болады.
Сұрақтар: Сүргіні қандай ағаш тұқымдарынан жасайды? Сүргінің табаны үнемі үйкеліске түсетіндіктен, оны қатты ағаш тұқымдарынан: қызыл қайыңнан, еменнен, ақ үйеңкіден жасайды.

Сабақты пысықтау
Сабақты пысықтау үшін оқушыларға үй тапсырмасы және өтілген жаңа сабақтан бекіту сұрақтары беріледі.Сұрақтарды белгілеп болған соң, дұрыс жауаптары арқылы өз-өздерін тексеріп,бағалайды.
Тест сұрақтары беріледі.
VІ. Оқушыларды бағалау
VІI. Үйге тапсырма. Ағаш сүргілеудің тәсілдері 





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
С?ргі та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары

Автор: Атаназаров Марат Абубакирович

Дата: 29.04.2016

Номер свидетельства: 323602


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства