kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Сегіз қырлы,бір сырлы" атты сайыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие разработано для мальчиков,обучающихся в казахской школе. По содержанию соответствует возрастным особенностям детей. В разработку включены интересные задания. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Сегіз қырлы,бір сырлы" атты сайыс»

Тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлы»
Мақсаты:
1.
Ата салтын насихаттай отырып, оқушылардың бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакат,суреттер

Түрі: сайыс сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сайыс кезеңдері
Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Мақсат пен тақырыбымен таныстыру

ІІІ.Негізгі бөлім

1.Мұғалімнің сөзі

1 – жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Қазақ халқы қол өнерін аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып, жұмбақ шешкізіп, еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған.
2 - жүргізуші: Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І кезең «Сәлемдесу...» топтар өзін таныстырады..
ІІ кезең Үйге берілген қолөнер бұйымдарын топ мүшелері қорғайды.

ІІІ кезең «Кім тапқыр?» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.

ІV кезең «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы

V кезең «Кім жылдам?» түрлі-түсті қағаздан гүл немесе басқа заттар жасау.

VІ кезең «Ел іші, өнер кенші» өз өнері ән, би, өлең.
-Ендеше сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін топтарымызды ортаға шақырайық. Қатысушы топтарға сәттілік тілеп, қошеметтеп қояйық.

1 – жүргізуші: Қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Мектеп директоры:Айткабыл Құрманбайұлы

Бірлестік жетекшісі: Гүлмира Батырбайқызы

Дене шынықтыру мұғалімі:Рауан Даулетханұлы
2 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Топтар шықсын ортаға «Сәлемдесу» (өз топтарын таныстыру, эмблема жасау).

Бағалау 5-1 ұпай аралығында.
Әділ қазылардан сайысымыздың 1 - шартының бағаларын сұрайық..
2 – жүргізуші:

Шебер біздің әжеміз
Шебер біздің атамыз.
Шебер болған бабамыз
Бізде шебер боламыз.
- Келесі ІІ кезекте сайыскерлеріміз үйге берілген қолөнер бұйымдарын қорғайды.
Бағалау 5-1 ұпай аралығында.

Әділ қазылардан сайысымыздың 2 - шартының бағаларын сұрайық..
1 – жүргізуші:

Білімнің шыңына шығады - дей отырып кезекті білім сайысына берейік. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Кім тапқыр?» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай.
Сұрақтар

І топ
1. Қазақтың үш биін ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
2. Түйе пірі? (Ойсылқара)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? ( Көкпар, Қыз қуу, Алтыбақан т.б.)
4. Қой пірі? (Шопан ата)

5.Қазақтың ұлттық аспаптарын ата? ( домбыра, қобыз, сырнай т.б.)
6. Сиыр пірі? (Зеңгібаба)

7.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? (бесбармақ, қазы-қарта, бауырсақ т.б.)
8. Жылқы пірі? (Қамбарата)

9. Қазақтың салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесер т.б)
10. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы? (Ы. Алтынсарин)

11. Қазақтың ұлттық мерекелерін ата? (наурыз, құрбан айт )

12. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай Құнанбаев)

ІІ топ

1.Қазақтың ұлы ақындарын ата? (Абай, Жамбыл, Шәкарім т.б.)

2. Бес арысты ата? (М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев)

3. Үш бәйтеректі ата? (С.Сейфуллин Б.Майлин І.Жансүгіров)

4. Қазақтың жыл басы? (22 – наурыз)

5. Қазақ халқының биші қызы? (Шара Баймолдақызы Жиенқұлова

6. Қ.Р. «Бөбек» қорының төрайымы кім? (Сара Назарбаева)

7. Қазақтың әнші қыздарын ата? ( Роза Бағланова, Бибігул Төлегенова т.б)

8. Қазақтың ақын қызын ата? ( Фариза Оңғарсынова)

9. Қазақ балаларының ең алғаш ұстазы кім? (Ы. Алтынсарин)

10. Той мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдар әзірлейді ол не деп аталады? (ұйқыашар)

11. Жігіттердің ұйқышардың қарымтасы ретінде қыздарға айна тарақ сыйлау салты? (селт еткізер)

12. Қыздарға ұсынылатын бағалы сыйлық? (Гүл)

Әділ қазылардан сайысымыздың ІІІ - шартының бағаларын сұрайық.
2 – жүргізуші: Әй, ер жігіт, ер жігіт,
Ей, өр жігіт, өр жігіт.
Атыңа ерік бер, жігіт.
Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күресі» өткізіледі.

Әділ қазылардан сайысымыздың 4 - шартының бағаларын сұрайық.
1 – жүргізуші. Бауырласқан тәніміз.
Бұзылмаған сәніміз,
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар қолөнер салтымыз - дей келе келесі «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл сайысқа топ түрлі-түсті қағаздан гүл немесе басқа заттар жасау.

Әділ қазылардан сайысымыздың 5 - шартының бағаларын сұрайық.
1-жүргізуші: Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер, білім, адалдық, ар - намысты,
Жоятын надандық қой жаман індет - дей келе келесі сайысымыз «Ел іші, өнер кенші» өз өнері ән, би, өлең.» берейік.

Әділ қазылардан сайысымыздың 6 - шартының бағаларын сұрайық.

1 – жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі ұстаздар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

. Марапаттау:

Мұғалім сөзі.
Халқымның қолөнері өрістесін.
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен сайысымыз аяқталып,
Өнерлі жастарымыз өсіп - өнсін.

1– жүргізуші:Бүгінгі қатысқан топтар бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Сегіз қырлы,бір сырлы" атты сайыс

Автор: Скокбаев Асхат Рахметович

Дата: 18.01.2017

Номер свидетельства: 381060


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства