Шертер – қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық, жылқы қыылынан жасалған ішектер тағылған ежелгі нұсқасын өнер зерттеушісі Б.Сарыбаев поляктың белгілі саяхатшысы Б.Залесскийдің 1865 жылы Парижде бастырылған альбомынан тапқан. Б.Сарыбаев мұны қазақтың музыкалық аспап нұсқасының негізінде дүниеге қайта келтіріп қана қоймай, оның жетілдірілген түрін де жасап, оркестрлерге қосты.