kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шашақтар және олардың интерьерді безендірудегі қолданылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология мұғалімдеріне арналған сабақ. Оқушыларға өзіміздің тарихымызды, салт дәстүрімізді қөбірек білуге қосымша материал ретінде қолдануға арналған, Сабақ практикум.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шашақтар және олардың интерьерді безендірудегі қолданылуы»

Шашақтар және олардың интерьерді безендірудегі қолданылуы

Тусипжанов Бауыржан Әлкенұлы

Астана қаласы, №26 мектеп- гимназия мұғалімі

Киіз үй жасау көшпелі халықтардың көне заманнан келе жатқан қолөнерінің бірі. Көшпелі елдердің арасында кең тараған мүлік. Киіз үйлер алты, сегіз, он екі, он сегіз кейде одан да көп қанаттардан жасалып келеді. Киіз үйдің көшпелі өмірге бейім, ағаш пен киізден тұратын, тез тігіліп, құрастырылатын, әрі жеңіл, ыңғайлы болғандықтан ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы пайдаланады.

Киіз үй мәдени-тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай 4 түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй, жорық кезінде тігуге арналған абылайша немесе жолым үй және асхана, қойма, сарай ретінде тігілетін киіз үй.

Ақ үй, ақ орда, боз үй деп аталатын қонақ үйлер өзінің көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады.

Жас жұбайларға арналған отау үй де жасау-жиһазға бай, сәнді де салтанатты келеді.

Ал біздің мақсатымыз: киіз үйдің ішкі көрінісі, яғни, интерьері, оның безендірілуі. Киіз үй қалай безендірілуі мүмкін? Осы сұраққа жауап беріп көрелік.

Жалпы, киіз үй өзінің құрылысы жағынан, интерьері, жасалу өнері өте ғажайып, қарапайым, өте бір тапқырлықпен табылған шығыстың өнері. Оны ешбір еуропалық немесе шетелдік үйлердің құрылысымен салыстыруға болмайды. Киіз үйде нағыз шығыс, түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының қайталанбас қолтаңбасы жатыр. Қандай шеберлікпен орындалған десеңші... Киіз үйде ешқандай шегенің түрі қолданылмайды, тек қайыс баулар, жіптер арқылы ағаштармен байланыстырылып жасалған. Шаңырағы, уығы, керегелері... міне осының бәрін қосып көріңіз, керемет емес пе! Былай қарасаңыз ешқандай безендіруді қажет етпейтін сияқты. Тек сәл бір нәрселер жетпейтін сияқты. Ол не? Әрине шашақтар мен баулар. Бұл жерде кілемдер мен түскиіздер және тағы басқа үй жиһаздарының орны бөлек.

Біз қарастырып отырған бұл шашақтардың ең алдымен қарапайым түрімен таныстырып өтелік. Шашақты жасауға кіріспес бұрын біз алдымен оған керекті материалдар, яғни жіптер дайындап алуымыз керек. Қазіргі кезде дүкендерде жіптердің алуан түрлері кездеседі. Әрине шашақ жасау үшін, мықты ашық, алуан түсті, жылтыр жіптер келеді және үзілмейтін мықты жіптер болуы керек. Бізге ең қолайлысы жібек жіптер (1) және олар мықты болып келеді.

Сонымен керекті жібімізді дайындап алған соң біз шашақтың өте бір қарапайым түрін жасап көрсетейік. (2) Ең алдымен осы жіптердің ішінен бізге шашақтың өзіміздің мөлшерімізше жіп бумасын аламыз. Сол кесілген буманың дәл ортасынан бір мықты жіппен буамыз. Буған жерімізден жіптер төмен түсіріледі және сол жерден төменірек екіге бөлінген жерінен біріктіріп (3-сурет) тағы бір буып түйін жасаймыз. Енді осы бір пайда болған түйінді (4-сурет) төменге келтіріп, осы түйіннен шыққан жіптерді төменге осы түйінді жауып, түйіннің астынан алдын-ала дайындалған сәнді (өрілген жіп) (5-сурет) жіппен буып немесе орап білінбестей етіп түйеміз немесе тігуге болады. Сонымен біз қарапайым шашақтың жасалу жолымен таныстырдық. Бұл қарастырғанымыз шашақтың қарапайым бір түрі ғана.

Шашақтың алуан түрлі, күрделі түрлерін кездестіруге болады. Тіпті шашақтардың өзінің бір «әлемі» бар деуімізге болады. Әрбір шашақтың өзінің бір аты, өзінің бір өрімі бар. Мысалы, (2-сурет) мына бір шашақты алып қарайтын болсақ, оның ортасынан буған белдігін қарайтын болсақ, ондағы жасалған ою-өрнектерімен оның «қазақтікі» екенін бірден білуге болады. Онымен киіз үйдің немесе қазіргі кездегі үйдің интерьерін безендіруге болатыны анық.

Енді бір шашақтың түрі – аралас техникамен жасалған шашақ. Бұл шашақты ізденіспен жасалған, шығармашылық жұмысқа жатқызуға болады. Бұл шашаққа басқа материалдар, яғни, ағаш материалдары қосылады. Бұл шашақты жасау үшін ең алдымен ағаш материалдар дайындап (1-сурет) алуымыз керек. Мүмкіндігінше қайыңнан, еменнен алынған кесінділер. Оларды мұқият кептіреміз. Кептірілген кесіндіні станокқа салып, олардан эскизге түсірілген керекті фигуралар ойып алуымызға болады. Суретте келтірілген кесінділер бойынша. Бұл фигуралардың да саны (2-сурет) алуан түрлі, әдемірек болғаны дұрыс. Станокқа салғаннан кейін оны мұқият зімпара қағазымен ысқылап сол фигуралардың ортасынан бұрғымен тесу керек. Алынған фигураларды әртүрлі ұлттық өрнектермен әшекейлеуге болады. Суреттер немесе жазулар жазуға болады (4-сурет).

Бұл алынған ағаш фигураларға сонымен қатар электровыжигательмен күйдіру арқылы да ою-өрнектер, суреттер, таңбалар, жазулар т.б. түсіруге болады. Тағы сол сияқты арнайы ою оятын пышақтардың көмегімен геометриялық т.б. оюлармен безендіре аламыз (5-сурет).

Безендіру жұмыстары біткен соң керекті жерлерін түрлі бояулармен әшекейлейміз. Тіпті әртүрлі тастарды пайдаланып композиция құрастыруға (6-сурет) болады. Бұл тастарды іске жарамсыз қалған сақина, сырғалар т.б. заттардан алуға болады. Осы тастарды өлшеміне байланысты ағашты ойып, арнайы желіммен («момент» т.б.) орнатамыз.

Ағаш фигураларының сыртын лакпен көмкереміз.

Жалпы оқушылардың фантазияларын қарай тағы бірнеше түрлі шашақтың түрлерін жасауға болады.


Шашақтар мен баулар өте бір сәтті табылған безендіру заттары. Бұдан басқа нәрселер киіз үйдің ішіне артық болған болар еді.

Шаңырақтың немесе уықтың әр жерінен түйіліп байланатын баулар мен шашақтардың киіз үй интерьерін безендіуде алатын орыны ерекше.

Бұл шашақтар үйдің бойтұмары іспетті. Ағаштан ойылып жасалған шашақтың бөліктеріне әр түрлі қасиетті сөздер ойылып түсіріледі. Сондықтан бұл шашақтың түрлеріне айрықша тылсым көз-қараспен қарауға болады.Қазіргі заманғы үйлердің интерьерлерінде шашақтардың бірнеше түрлері қолданылады.Шашақтардың терезенің екі жағына, шторлардың шетіне бөлменің бос бұрыштарына ілінетін түрлері болады.Балалар бөлмесіне арналған шашақтардың түрлеріде кездеседі.Мысалы, әр түрлі ертегі,аңыз,мультфильм кейіпкерлеріне ұқсатып істелінген шашақтар балалар әлеміндегі,олардың ой-қиялына,фантазияларының дамуына әсерін тигізеді. Нәрестелерге арналып бесікке ілуге жасалған шашақтарда болған. Ол шашақтарға нәрестені тіл-көзден сақтау үшін арнайы дұғалы сөздер ойылып жазылып тастар бекітілген.

Жылдар ырғағымен бұл өнер ұмтылып оған мән берілмеген. Дегенмен болашақта осы шашақ жасау өнеріне жаңаша бір болмыста, стильде тұрмыста қолданылуы керек сияқты. Олардың композициялық орналасуы, әр түрлі формаларда бейнеленуі, және олардың жасалу технологиясының көп түрлілігі тұтас бір ілім. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туындыларын кешенді түрде зерттеп, олардың қоғамда алатын орынын насихаттай отырып ата-баба дәстүрін қайта жандандыруға ат салысайық.

.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. М.С. Мұқанов. Казахская юрта. Алматы, 1981г.

  2. А.Х. Марғұлан. Казахское народное прикладное искусство, том №2. Алматы, 1987г.

  3. А.Х. Марғұлан. Казахское народное прикладное искусство, том №2. Алматы, 1987г.

  4. С. Төленбаев, М. Өмірбекова. Қазақстың ою-өрнектерінің жасалу жолдары. Алматы, 1993ж.

  5. Ә. Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. Алматы, 1977ж.

  6. Б.Р. Казыханова. Эстетическая культура казахского народа. Алматы, 1973г.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шашақтар және олардың интерьерді безендірудегі қолданылуы

Автор: Тусипжанов Бауыржан Әлкенұлы

Дата: 23.01.2018

Номер свидетельства: 451861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства