kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ жоспары: "Әскери катер "645"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсаттары

Білімділік: Оқушыларды қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, тақырып мазмұнын меңгерту;

Сабақ көрнекілігі: сызба үлгі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Әскери катер "645"»

Сабақтың тақырыбы:  Әскери катер «645»

Сабақтың мақсаттары:

 Білімділік:

  • Оқушыларды қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, тақырып мазмұнын меңгерту;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың өзіндік жұмыс барысында ізденуге, ой-қиялын дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу;

Тәрбиелік:

  • Оқушыларды ұстамдылыққа, әр істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:  сызба үлгі

Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

Сабақ формасы: жеке

Сабақ әдісі: көрсету, түсіндіру.

Құралдар мен материалдар: Электр дәнекер, 500Х500 шамасында ПВХ материалы, 100Х500 қаңылтыр, 100Х200 фанер, сызғыш, қарындаш, шарикті қалам, қайшы мен темір кесетін қайшы, «Мастер» желімі, Ø1мм және ұзындығы 200 мм темір стержень, аэрозоль бояулары.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

- Амандасу

- оқушылрды түгендеу, сабаққа бейімдеу



ІІ Жаңа сабақ

Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі. Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілетін шөгім кеменің қорпусында қызыл сызық -ватерсызықпен  белгіленеді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті. Су палубадағы люктар арқылы трюмдарға еніп, ал бұдан кеме суға батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық су деңгейінен жоғары болса, яғни кеме суға жеткілікті дәрежеде батпаса, онда кеме сапарға шықпауы тиіс, толқындар оны теңселтіп, аударып тастауы мүмкін. Сондықтан бос кемелердің трюмдарына міндетті түрде масыл жүк (құм, қиыршық тас) тиеледі. 



Катер үлгісінің құрылысы.










Катер үлгісінің негізгі құрылыстары ПВХ материалынан жасалады. Кесуге, өңдеуге қолайлы және жеңіл. Палуба қаңылтырдан кесіп, салынады. Тұғырын фанер материалынан жасалады.

ІІІ Қауіпсіздік ережесі:

1. Пышақпен жұмыс кезінде;

2. Желіммен жұмыс кезінде;

3. Қыларамен жұмыс кезінде;

4. Бояумен жұмыс кезінде.



І V Сарамандық жұмыс

Оқушылар үстіне арнайы киімді киіп, жұмыс үстелдеріне отырады. Оларға керекті құралдар мен материалдар, жұмыстың сызбасы таратылады.

Жұмыстың реті:

1. Түбі және сол, оң жақ борттарының сызбасын ПВХ материалының бетіне кеңсе түйреуіштің көмегімен белгілерін түсіріп, дайын болған белгілер арқылы сызбаны басшылыққа алып қаламмен сызықтарын жүргіземіз. Дайын болған сызбаны төсеніштің үстінде пышақтың көмегімен кесіп аламыз. Корпус өлшеміне сәйкес ішіндегі аралық қабырғаларын фанерден дайындап, корпусты құрастырамыз. «Мастер» желімін пайдалану.

2. Жұмысты ары қарай сапалы орындау үшін, құрастырылған корпус түбіне байланысты тұғырын фанерден жасаймыз.

3. Палубаны 100Х500 мм шамасындағы арнайы дайындалған қаңылтыр бетіне шаблон арқылы түсіріп, темір кесетін қайшымен кесіп аламыз.

4. Каюта сызбасын ПВХ материалының бетіне кеңсе түйреуіштің көмегімен белгілерін түсіріп, дайын болған белгілерді сызбаны басшылыққа алып шарикті қаламмен сызықтарын жүргіземіз. Дайын болған сызбаны төсеніштің үстінде пышақтың көмегімен кесіп аламыз. Өңдеп, құрастырамыз.

5. Мачтасын жасау технологиясы. Мачта биіктігі 200 мм шамасында болады. Ø2 мм темір стержень, 60Х120 шамасында қаңылтыр, Ø 6 мм ұзындығы 110 мм трубка.

6. Антенналр мен дыбыс қабылдағыш қондырғыларын жасау технологиясы.

7. Пулемет пен пушкаларын жасау. ПВХ материалдары мен Ø5-6 мм шамасындағы трубкаларды /радиоқабылдағыштың антеннасы/ пайдалану. Мүмкіндік болса қозғалыста болу.

8. Винт жасау, микро маторды орнату.

9. Бояулар және құрастыру, тексеру шаралары,

10. Әрлеу жұмыстары

V Жұмыс құрал-жабдықтарды орындарына қою, жұмысты өткізу.

Жұмыс орындарын, өздерін ретке келтіру.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Сабақ жоспары: "Әскери катер "645"

Автор: Калигожин Азамат

Дата: 06.09.2018

Номер свидетельства: 477229

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Сабақ жоспары: "Әскери катер""
    ["seo_title"] => string(26) "sabak_zhospary_skeri_kater"
    ["file_id"] => string(6) "477227"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1536240612"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства