Көрнекілігі: киіз үй жасаулары – суреттер, жұмбақ, киіз үй жасаулары өлеңі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты түсіндіру. Жұмбақ айтудан бастау.
Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды /кереге, уық, шаңырақ/.
Бүгінгі танысатын тақырып «Киіз үй жабдықтары».
Сұрақтар қойылады.
1. Қандай киіз үй түрлері бар? /6 қанатты, 8 қанатты т.б./
2. Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрсіңдер ме?/тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі/
3. Киіз үй құрылысын кім айтып береді? /кереге,уық,шаңырақ, желбау, түндік, туырлық, есік, арқан, ши/
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбіне өзен бойындағы талдардан жасалады. Шаңырақ үшін түзу және бұтақсыз ағаш алынады. Кереге - киіз үйдің қабырғасы. Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз», «тор көз» болып екіге бөлінеді.
Киіз үй жабдықтары.
Қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің, шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, шеберлі пен даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек болады. Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы, күн тіке түетін беттің неғұрлым аз, ішкі көлемнің көп басылуы, ақ сөңке сүйекпен борлануы, күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де уық арқылы күмбізге айналып кетеді. Үй басу өнері – аса іскерлік пен қыруа еңбекті, шынайы талғамды керек ететініс. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбіне өзен бойындағы талдардан жасалады. Кейде қайыңнан жасалады. Қайыңнан жасалған үйлердің көлемі үлкен, сүйегі салмақты, берік болады.Шаңырақ үшін дайындалатын ағаш мейлінше түзу және бұтақсыз болуы керек.
Кереге-киіз үйдің қабырғасы.Ол арнайы таңдай алынған талдан иіліп, құрастырылады.Иілген керегеге мәнерлі сызықтар салынады.Бұл сызықтар «Қобы»деп аталады.Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз», «тор көз»болып екіге бөлінеді.Кереге биіктігі оның көгімен есептеледі.Көк дегеніміз-қиылысқан екі ағашты біріктіру.
Киіз үй есігі арнайы таңдап алынған ағаштан жасалады.Көшіп қонуға ыңғайлы болу үшін есіктің маңдайшасы мен табалдырығын жинамалы етіп жасайды.
Уық-шаңырақ пен кереге басын жалғастыратын, талдан ию арқылы жасалатын киіз үйдің негізгі сүйек мүшелерінің бірі:
Шаңырақ-киіз үй сүйегінің негізгі түйіні.Шаңырақ шеңбер тәрізді «бөгеннен», «күлдіреуіштен», «күлдіреуіш бақалағынан» тұрады.
Бақан-шаңырақтың қосалқы бөлшегі.
Ши-екі қанаттан тұрады.Ел ішінде үй жабудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан.Біріншісі, тұтас үш туырлықпен жабу да, екіншісі, үзектеп жабу.Киіз үйдің әрбір арқан-бауларының өзіндік атқаратын қызметтері бар.Бас арқан-құрулы кереге қанаттарының басын айналдыра тартатын арқан.Белбеу арқандар-жабулы киіз үйдің сыртын айналдыра, екі жерден тартылатын арқандар.Таңғыш-өзера қайысқан әрбір екі кереге қанатын біріктіретін, ұзындығы 3-3,5 метр шамасында болып келетін,түрлі-түсті құр.Уық бау-уық пен кереге бастарын біріктіру үшін, арнайы түрлі-түсті жіптен есілген бау.Уықтың аяқ бауы-жығылуы киіз үйдің жиналған уықтарын топтан буу үшін,уықтың ұзынбойына арнайы тағылған бау. Жел бау-шаңырақ бөгенінің екі ернеуіне үйдің екі бүйіріне түсіп тұратындай етіп тағылатын, түрлі-түсті жалпақ құр. Кіндік бау-маңдайшаға байланады, ұзындығы 2 метр, жуандығы 1,5 см шамасында есілген бау.Киіз есік-жиналғанда кіндік бау арқылы маңдайшаға байланады да,үй сыртынан жабылғанда кіндік бау бір босағада төменгі белбеу арқаннан өткізіліп,екінші босағаға байланады.Кіндік бауды негізінен ала жіптен есіп жасайды. «Адамның ала жібін аттамау»деген халық ұғымының бір төркіні осында болса керек.Басқұр-бас арқанның үстінен, уық шаншылып, кереге бекітілген кейін тартылатын, жалпақтығы 13-15 см шамасында 2 немесе 3 түрлі жіптен ызып тігілген жалпақ құр.Тегеріш-басқұрдың үстінен үйді айналдыра тартылатын, түрлі-түсті жіптен ою-өрнек салып тоқылған жалпақ терме бау.Киіз үйдің сүйек мүшелерін, жабының жекелеп талдап қарасақ,олардың жасалу техтологиясын, пішімдерінің өте жоғары дәрежелі ғылыми негізі бар екендігін көреміз.Үйдің сүйек мүшелерінің жоғарыдан түскен салмақты шаңырақ бөгеінен бастап кереге аяғына дейінгі аралықта бірдей мөлшерде қабылдау, оған қоса сыртқы табиғи күштерге төтеп беруі, олардың пішімдерінің өте күрделі есептеулер нәтижесінде алынғандығының айғағы.
Суретпен жұмыс.
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
«Киіз үй жасаулары» атты өлең оқылады.
Сағақты кереге
Шаңырақ біреу,
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу
Алты қанат боз үй дейсің мұны,
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу.
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,
Крегенің басында адалбақан
Төрдегі текеметке малдас құрып
Көнен хикаясын шертер атаң.
Іргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз іш
Сырқат қалмас еш денеңде.
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық
Артық мүлік болмайды көшпелі елде.
Тап-таза,
Ететұғын ауасы жас,
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.
Жылы, жеңіл
Тігуі, жығуы оңай
Үй басуды үйренер зерделі жас.
Ү. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.
1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
2. Шаңырақ қандай бөлімдерден тұрады?
3. Кереге қандай ағаштардан жасалады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі – талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы – киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.