kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?тану ?ылымы. Ты?айт?ыштар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділігі:О?ушыларды елімізді? аума?ында?ы  топыра?  т?рлеріні? ?асиеттері  мен  топыра?ты?  негізгі  т?рлеріне  аны?тама  беруге  ?йрету.

Дамытушылы?ы: О?ушыларды?  ?й  ?рістерін  дамыту.

Т?рбиелігі: Топыра?ты ?ор?ау ж?мыстарымен адамдарды? ауылшаруашылы?  ?ызметін  топыра?ты? эрозия?а ?шырауы, одан ?ор?ау  жолдары  мен  ??деу  шараларын са?тау?а ?йрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?тану ?ылымы. Ты?айт?ыштар. »



Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Панфилов атындағы орта мектеп

Джексембаев Аскар Айазбекович

Технология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Топырақтану ғылымы. Тыңайтқыштар.

Білімділігі:Оқушыларды еліміздің аумағындағы  топырақ  түрлерінің 

қасиеттері  мен  топырақтың  негізгі  түрлеріне  анықтама  беруге  үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың  өй  өрістерін  дамыту.

Тәрбиелігі: Топырақты қорғау жұмыстарымен адамдардың ауылшаруашылық  қызметін  топырақтың эрозияға ұшырауы, одан қорғау  жолдары  мен  өңдеу  шараларын сақтауға үйрету.

Көрнекілік: Қазақстанныңкартасы. 

Пән  аралық  байланыс:  биология,  география, тарих

Сабақтың  барысы: 

Ұйымдастыру:

II.Үй  тапсырмасын  тексеру: 

III. Жаңа тақырыпты талдау:

1) Топырақ  дегеніміз не?

2) Топырақ  құраушы  факторларды  атаңдар?  

3)Топырақтың  механикалық  құрамына  нелер  жатады?

4) Топырақтың  қарашірігі  қалай  пайда  болады?

5) Құрылымды  топырақ дегеніміз қандай  топырақ? 

Жаңа  сабақтыңмазмұны:

1. Топырақтың  түрлерімен  танысу

2.Топырақтың  пайда  болу  жағдайы.

3.Топырақтың негізгіқасиеттерімен  және топырақты қорғау шаралары танысатын боламыз.

IY.Жаңа  сабақ

Еліміздің   топырақ  жамылғысы  күрделі  жәнеәр  түрлі.

Жалпы топырақ табиғат зоналары бойынша таралады  және айқын байқалады.

Негізінен  3  топырақ  зоналарына  бөлінеді.

1-    Қара  топырақты  зона (52с.е.  солтүстігінде)

2-    Қара  қоңыр  топырақты  зона (52 – 48с.е. аралығында)

3-    Қоңыр  сұр  қоңыр  топырақты  зона (52 – 48с.е.  аралығында)

1)Қара  топырақты    зона -Еліміздің  солтүстігінде  таралған. 

Қара  топырақты    зона  Республика аумағының 25,5 млн гектар  жерін (9,5% – ын) алып  жатыр. Бұл  топырақ  зона  3  зона  аралығына  бөлінеді:

1–сілтісізденген  қара  топырақ – орманда  дала  табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр.

2 – кәдімгі  қара  топырақ  және  оңтүстіктегі  қуаң  даланың  қара  топырағы – дала  зонасына  тән.

Құнарлығы  жағына  келсек  2 зонаныңда гумусы (қара  шіріндісі)  мол 6- 8% ал оңтүстігінде  қара  топырақтың  шіріндісі  аздау 4 -6%.  Қара  топырақты  зона ылғалмен  қамтамасыз  етілген  жазық  далада  тараған. Бұл  топырақты  зона республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.

2) Қара  қоңыр  топырақ   зонасы – қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан топырақ зонасы. Бұл республиканың оңтүстік дала (тым  құрғақ  далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6млн гектар немесе (34% – ын  алып) жатыр. Бұл қара қоңыр топырақ зонасы да 3 зона аралығына бөлінеді:

1–қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақтыөңірі,

2– қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;

3– шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Бұл  топырақ  зонасының құнарлығы  оңтүстікке  барған  сайын  кеми  түседі. күңгірт қара топырақ пен кәдімгі қызыл-қоңыр топырақтың гумусы 4,5 – 3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырақтың гумусы азырақ 3,0 – 2,0%. Қара қоңыр топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен ал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі. Осы топырақ зонасының  оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда  негізінен  қоңыр  және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Бұл топырақтың гумусы аз, сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс түрі тиімді.

Топырақ эрозиясы.  

Топырақтың құнарлығын кемітетін табиғаттың бір апаты -  топырақ  эрозиясы. Еліміздің 70млн гектардан астам жерлері эрозияға бейім жерлер болып келеді. Соның 52млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн–нан астамы су эрозиясына бейім.

  Топырақ  эрозиясының   түрлері

  • Жел  эрозиясы                                                 

  • Таудағы эрозия                                  

  • Топырақтың  су  эрозиясы     

   Жел  эрозиясының  басым  болуы

біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы, 

екіншіден, күшті желдің соғуы, үшіншіден топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл топырақтардың молдығы. Сондықтан бұндай жерлерді  игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Су  эрозиясы – топырақты  шайып  кету  және  жыра  эрозиясы  деп  екіге  бөлінеді. Көктемде қар ерігенде, нөсер жаңбыр жауғанда ағыл- тегіл су топырақты шайып, құнарлы  қабатты ағызып әкетеді. Егер топырақ бетінде өсімдік мол болса, топырақ қабаты аз шайылады.

Жалпы  эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет:

1.      Егістік маңына ағаш отырғызу

2.     Агротехникалық шаралар жүргізу

3.     Ауыспалы  егіс  айналымын сақтау

4.     Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу

5.     Жерді аудармай жырту

6.     Тау беткейлерінен көлденеңінен сатылай жырту

7.     Селге қарсы құрылыстар салу.

8.     Құм тоқтату

9.     Бұл шаралар топырақтың жел, су эрозиясына  ұшырауларын азайтады.

V. Жаңа  сабақты  қорытындылау

Синквин  әдісі

Зат  есім  (кім?  не?) – топырақ

Сын  (есім  қандай?) -  қара, қоңыр  қара,қоңыр сұр

Сан  есім  (қанша?неше?)  -  елімізде  үш  топырақ  зонасы  бар

Етістік  ( не істейді? Қайтеді? ) – Топырақ  су  және  жел  эрозиясына  ұшырайды

немесе адамдар топырақ эрозиясына қарсыкүрес шараларын қолданады

1) Қазақстанда  қандай  топырақ   түрлері  бар? Облыстың  топырағы  қанадай?

2)Топырақтың гумусы деген не және ол оңтүстікке барған сайын неге азая береді?

3) Топырақ эрозиясы деген не?

4(Топырақ  эрозиясымен  күресу  шаралары  барма?

5) Өздеріңнің  тұрған  жерлерінің  ауылшаруашылық мамандары эрозияға ұшыраған топыраққақандай шаралар қолдануда? 

6.Үйге тапсырма.

VI. Кескін  картаға  топырақ  зоналарын  түсіру.

 VII.Бағалау



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Топыра?тану ?ылымы. Ты?айт?ыштар.

Автор: Джексембаев Аскар Айазбекович

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163340


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства