kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Металдарды? ?асиеттері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Металдарды? ?асиеттері.

Саба?ты? ма?саты:

а)Білімділігі:                                                             Металды к?ркемдеп ??деу технологиясын

                                                                                  ме?геру, ?а?ылтыр бетіне ?рнек т?сіруді

                                                                                  ?йрену

?)Т?рбиелілігі:                                                          О?ушыларды ??ыптылы??а, іскерлікке

                                                                                  т?рбиелеу

б)Дамытушылы?ы:                                                 О?ушыларды? ой ?абілетін дамыту

Саба? типі: Аралас саба?

Саба? ?дісі: Т?сіндірмелілік

К?рнекілігі: плакат, ?лестірмелі карточкалар, темір б?лшектері

??ралдары: Шап?ы, ?ыс?аш, бал?а

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Металдарды? ?асиеттері.»

Пәні : Технология (ұл) Сыныбы: 8 Күні___________



Сабақтың тақырыбы: Металдардың қасиеттері.


Сабақтың мақсаты:

а)Білімділігі: Металды көркемдеп өңдеу технологиясын

меңгеру, қаңылтыр бетіне өрнек түсіруді

үйрену

ә)Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке

тәрбиелеу

б)Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілетін дамыту


Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік

Көрнекілігі: плакат, үлестірмелі карточкалар, темір бөлшектері

Құралдары: Шапқы, қысқаш, балға


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққа дайындық жүргізу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушы назарын сабаққа аудару


Үй тапсырмасын тексеру:

Сым темірді өңдеу

1. Топтастыру әдісі бойынша сым темірден қандай бұйым жасауға болатындығын сұрау

Топтастыру әдісі:

Сымнан жасалатын бұйымдар

2. Сымнан немесе жұқа қаңылтырды тілу арқылы жасаған бұйымдарын тексеру

3. Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау


Жаңа сабақ:

Металды көркемдеп өңдеу.Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.

Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды. Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.

Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.


Сарамандық жұмыс:

Металды түзету

Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.

Жолақ металды түзету әдісі:

1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.

2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.

Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелер

1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.

2. Қаңылтырдың шетін қиғанда, қолыңды жарақаттап алудан сақтан.

3. Қаңылтырдың бетін тазалағанда, үрлемей, арнаулы сыпырғышпен сыпыр

4. Қаңылтырдың бетін, жиегін саусағынмен сипама

5. Белгі салатын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма, лақтырма, қасындағы оқушыға қарай сілтеме.

6. Жіңішке сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса мұқият бол.

7. Темір қайшымен жұмыс істегенде, қайшы белдің деңгейінен төмен болсын.

8. Сыммен жұмыс істегенде, оның екінші ұшына сақ бол.

9. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, өрнекті бедерлегенде, екінщі қолыңды соғып алма.


Жаңа сабақты бекіту


Бағалау Оқушылардың түсінігін тексеру мақсатында таль жүйесінің сызбасы берілген. Сол сызба бойынша таль жүйесінің құрылысы мен қолданылуын айту.


Үйге тапсырма беру: Металдардың қасиеттері.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Металдарды? ?асиеттері.

Автор: Кунбаев Мердан Гариполлиевич

Дата: 16.04.2016

Номер свидетельства: 319246


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства