Өткен сабақта біз ою-өрнектер туралы, жалпы пвх материалына геометриялық өрнектер салып оюды өткен болатынбыз.
Ою сөзі латынның ornamentum (орнамент) деген мағынаны білдіреді. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек.Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Геометриялық оюлар – ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі . Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш және төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады .
Геометриялық оюлар пышақ, қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементтерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады. Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер тереңдігі мен ені әр түрлі, түзу және қисық сызықты екі қырлы ойықтар. Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үш қырлы ойықтар ( үшбұрыш ) көбірек таралған .
22-сурет.Геометриялық оюлардың техникалық орындалуы.
2Екінші тәсіл – өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады.
Өрнекті тақтай бетіне көшірудің әдістері:
Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі ;
Өрнекті тақтай бетіне ортасынан бастап салу әдісі ;
Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі .
Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы: 1. Тең бүйірлі үшбұрыштардың құрылған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою. 2. Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою. 3. Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою.
Сол үй жұмыстары бойынша жұмыстарыңызды тексеріп шығайын.
ІІІ. Жаңа сабақ (15-20 мин)
1.Біз бүгінгі сабақта ПВХ материалынан фоторамка жасауды үйренеміз.
Жалпы ПВХ дегеніміз не? Ол қандай материал? Ол алғаш қай елден шыққан? Кім тапқан? Білесіздерме?
ПВХ (поливинилхлорид) – түссіз, не ақ түсті пластмасса, винилхлоридтің термопластикалық полимері. ПВХ материалын алғаш рет 1985 жылдың соңында неміс ғалымы Регнальд ашқан.
ПВХ материалы минералды майларға төзімді. Ыстықта +70 градусқа дейін, ал суықта -15 градусқа дейін төзеді. ПВХ электр кабельдерін жасауда, құбырларды жасауда, термопластикалық есік-терезе жасауда қолданылады. ПВХ-ны тіпті киімге де, аксессуар жасауға да қолданады. ПВХ материалынсыз қазіргі таңда өндірісті елестете алмаймыз. Кез-келген жерлерде ПВХ-дан жасалған материалдар табылады.
2. Арнаулы пышақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Арнаулы пышақты ағашқа терең қадама.
Жұмысты сабы мықты бекітілген, шытынап-жарылмаған, өткір арнаулы пышақпен істе.
Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал және мұғалімге хабарла
Ойықтағы артық жаңқаны уақытылы алып тастап отыр
Ұшы өткір пышақты қалтаңа салма
Арнаулы пышақты ұстағанда, екінші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болсын
Пышақтың жүзін саусағынмен сипама
Екінші кісіге пышақты сабы жағымен ұстат
Екінші кісіге қарай пышақты сілтеме
Пышақтың жүзін жоғары қаратып қойма
Жұмыс кезінде пышақтың үстіне тым еңкейме. Денеңді тік ұстап жұмыс істе.
3. Сарамандық жұмыс
ПВХ материалынан фоторамка жасауға арналған технологиялық карта:
1.ПВХ материалын қарындашпен сызғышпен көмегі арқылы тік сызықтар сызып, тең бөліктерге бөлеміз
2. ПВХ материалының өлшеніп сызылған бөліктерін арнайы пышақтың (резактың) көмегімен кесіп аламыз.
3. Кесіп алынған бөліктерден арнайы ПВХ желімімен фоторамка құрастырамыз.
4. Құрастырылған фоторамка бетіне геометриялық ою-өрнектердің түрлі үлгілерін сызып, қию әдістерін орындайға дайындаймыз.
5. Геометриялықүшқырлыойықөрнекті арнайы пышақтың көмегімен оямыз.
6. Нәтижелі жұмыс соңында мынадай фоторамкаға қол жеткіземіз.
Ескерту! Бұйымды жасау барысында барлық техникалық қауіпсіздік ережесін
қатаң сақтау ескеріледі.
ІV. Сабақты бекіту (5-8 мин)
Сабақты бекіту бөлімінде оқушылар сабақта алған әсерлерін стикер арқылы жазып тақтаға іледі.
V. Сабақты қорытындылау (3-4 мин)
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: ПВХ материалынан фоторамка жасау жұмысын аяқтау.