Дамытушылық:Ойлау қабілетін кеңейту,практикалық іс әрекеттерін қалыптастыру, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
3.Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке,ұқыптылыққа,өзара көмек көрсетуге ықпал ету әдемілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: пластмасса ыдыстан жасалған әр түрлі ыдыстар. Қажетті материалдар мен құралдар: пластмасса бөтелке, кеңсе пышағы, ермексаз.
Кажетті құрал-жабдықтар: түсті қатырма қағаз,түсті қағаз,ПВА желімі,қайшы
«Растишка» айранның бұрандалы қақпағы бар 100 мл пластик шөлмегі,түсті қабығы бар сым,біз, түйме
Барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа дайындық.
II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа сабақ.
Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен түсті қатырма қағазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен зымыран бұйымын жасап көрейік.
Жұмыс жоспары:
Түсті қатырма қағазда үлгі бойынша зымыранның құйрығының нобайын белгілейді
Нобай бойынша зымыранның бөліктерін кесіп алады.
Қақпақты бізбен теседі.
Антеннаны (түймені) сымның көмегімен қақпаққа бекітеді.
Шөлмекке зымыран бөліктерін жапсырады.
Шөлмектің қақпағын жауып бұрайды.
Түсті қағазбен безендіреді.
Сергіту сәті:
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем,
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем.
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын,
Біраз сергіп аламын.
3.Практикалық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін сақтау.
V.Бекіту кезеңі. Қорытындылау. Пластмасса ыдыстан тағы қандай бұйым жасауға болады? Ыдысты қандай тәсілдермен көркемдеп, әшекейледің?
VI.Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау.