kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

План урока на тему "Электроқозғалтқышпен жүретін автокөлік құрастыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

план открытого урока кружка по автомоделированию

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«План урока на тему "Электроқозғалтқышпен жүретін автокөлік құрастыру"»

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті

Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы


Бекітемін:

оқушылар шығармашылық

орталығы директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары:

______________Қ.Баянғалиев

«___»____________ 2017 жыл



Ашық сабақ







Тақырыбы: Электроқозғалтқышпен жүретін автокөлік құрастыру














Мусағали Жәнібек Бағытжанұлы – «Тұлпар» үйірмесінің жетекшісі








Сәуір, 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: Электроқозғалтқышпен жүретін автокөлік құрастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Электрқозғалтқышпен жүретін қарапайым автоүлгінің бөлшектерінің қызметі және оны құрастыру жұмыстары бойынша оқушылардың алған білімдерін қайталау, пысықтау. Технологиялық карта арқылы өз бетінше өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, ойлау қабілеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушының еңбекке қабілеттілігімен қатар кәсіпке икемділігін қалыптастыру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.

Дамытушылығы: Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен үлгі құрастыру қабілеттерін арттыру. Оқушының теориялық алған білімін, практикалық іс жүзінде дамыту, топта жұмыс жасау арқылы қажеттілік, танымдық, өзара көмек, іскерлік, кәсіптік дағдыларын және сөздік қорын дамыту.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру, оқу кабинетінің сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Амандасу;

«Танымал  тұлғалар» – «Мозайка» тренингі

Топқа бөлу;

Көңіл-күйлерін бағалау;

Алғашқы кезең: «Мағынасын ашу»

Негізгі кезең : Көңіл-күйлерін бағалау

Қатынасушылармен  жұмыс: «Технологиялық карта» «Автоүлгі өлшемдері» (Ақпарат беру);

Мағынасын ашу: «Ең ыңғайлы жүк көлігі», «Ең ыңғайлы жеңіл көлік» (постер қорғау);

Қол — мидың жалғасы.  Психологиялық сәт: «Психогеометрия»;

Топтастыру «Ойға алайық, ойлана  білейік»;

Сарамандық жұмыс: «Электрқозғалтқышпен жүретін автоүлгіні құрастыру»;

Қорытындылау: Автоүлгіні сынақтан өткізу;

Көңіл-күйлерін бағалау.

Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, өз-өздерін бағалау, АКТ: топқа бөлу, тренинг, миға шабуыл, еркін әңгіме, сергіту сәті, мозаика.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интербелсенді тақта, стикер, ақ парақшалар, ресурстар, технологиялық карта, қарапайым автоүлгі сызбасы, танымал тұлғалар суреті, түрлі –түсті қағаздар, маркер








Сабақтың мазмұны:


Жұмыс кезеңі:

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Амандасу

Топқа бөлу

Мозайка әдісі


Қатынасушыларды түстер арқылы

«Танымал  тұлғалар»  деп  топтастыра отырып, топқа бөлу.

Оқушылар  түсті қағаз қиындыларын жинастыра отырып топтарға  бөлінеді

1 мин

Танымал тұлғалар  суреті бар  түрлі-түсті қағаз   қиындылары

Негізгі кезең

Мағынасын ашу


Суреттегі танымал тұлғаларға сипаттама беру

- сұхбаттасады.

- талқылайды.

- сұраққа  жауап іздейді

- ой түйіндейді

- ой қорытады

3 мин

А3 салынған суреттер

Көңіл-күйлерін бағалау


Бастапқы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеулерін және  өзі отырған үстелдің астына жапсыруларын өтіну

Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астына жапсырады

1 мин

Стикер

Алғашқы кезең: «Технологиялық карта» «Автоүлгі өлшемдері» (Ақпарат беру)
Әдісі:  Еркін әңгіме

Әр топ өздері таңдаған автоүлгінің дайындап келген технологиялық картасын, сызбасын қорғайды. Топтан бір адам сөйлеуге болады.

Ой түйіндейді

қорытады

қорғайды

6 мин

Технологиялық карта, слайд

Негізгі кезең

Мағынасын ашу

(постер қорғау)

«Ең ыңғайлы жүк көлігі», «Ең ыңғайлы жеңіл көлік» тақырыптары бойынша ой қорыту

- сұхбаттасады.

- талқылайды.

- сұраққа  жауап іздейді

- ой түйіндейді

- ой қорытады

3 мин

А3 параққа салынған суреттер

Қол – мидың жалғасы.  Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

Табиғи бейімділігімізді анықтау

Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақанымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың ортасын О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз.

О нүктесін білезіктің оң жақ, сол жақтарын да қамтимыз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен өлшеп шығарыңыз.

Алақан бойынша бейімділік саласын анықтайды

Қорытынды:

1. Егер сіздің алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз — басқарушысыз.

2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқаларынан ұзын болса, сіздің — қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

3. Ортан қол сызығы ұзынырақ болса, сіз — дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.

4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз — дәрігерлік шипагерлікке бейімсіз.

Алдарына бланк таратылып беріледі, оның сыртына аты – жөндерін жазып, толтырады.

5 мин

Ақ парақшалар,

маркер, сызғыш

Топтастыру «Ойға алайық, ойлана  білейік» (қорытынды)

Терминдерді топтастыру. Автоүлгінің жүріс бөлігі мен кузовтың құрылыстарын топтастыру

Терминдерді мағынасына қарай топтастырады, дарындылықтың түрлерімен танысады, өздері дарындылардың қай тобына жататын дығын анықтайды.

3 мин

Парақшалар

Сарамандық жұмыс «электрқозғалтқышпен жүретін автоүлгіні құрастыру»

Арнайы дайындамалар бойынша автоүлгі құрастырады

Рамаға дөңгелектерді, электроқозғалтқышты, резеңке берілісті, ток көзін (батарея А-А н/е хром) құрастырады

15 мин

Технологиялық карта, үлгі сызбасы, автоүлгі бөлшектері

Қорытынды.

Автоүлгіні сынақтан өткізу

Оқушылар өздері дайындаған автоүлгілерін сынақтан өткізеді

5 мин

Автоүлгі

Көңіл-күйлерін бағалау


Сабақ соңындағы көңіл-күйлерін стикер қағаздарға смайлик арқылы белгілеуін және  бастапқы смайликпен салыстыруларын сұрау

Стикер қағаздарына көңіл күйлерін смайлик арқылы белгілеп, өзі отырған үстелдің астындағы жапсырылған бастапқы смайликпен салыстырады

1 мин

Стикер




Электроқозғалтқышпен жүретін қарапайым автокөліктің сызбасы




30

15









20









90











60














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
План урока на тему "Электроқозғалтқышпен жүретін автокөлік құрастыру"

Автор: Мусагали Жанибек Бакытжанович

Дата: 21.05.2017

Номер свидетельства: 417223


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства