Просмотр содержимого документа
«М?сіндеу ?нері ар?ылы газет ?иындысынан ит м?сінін жасау »
Мурзагалиев Есен Бокаевич.
І - санатты еңбекке баулу пәнінің мұғалімі.
Володар ЖОББМ, Зеленов ауданы.Батыс Қазақстан Облысы.
«Шебер қолдар» үйірмесінің шебер маманы.Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып газет қиындыларымен жұмыстануға жаңа көзқарас пен қарауға, әр саласы бойынша жасауға үйретті.
Сабақтың тақырыбы: Мүсіндеу өнері арқылы газет қиындысынан ит мүсінін жасау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай,
оларға тың мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шеберлігін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты,
таза,ұқыпты істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер мен мүсін туындылары.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мүсіндеу өнері көркемөнердің бір түрі.Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетеді.Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.Мүсіндеудіің түрлері:жұмыр мүсіндеу және рельеф.Жұмыр мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады.Жұмыр мүсіндеу деп үш бағытты меңгеретін "кеңдік,биіктік,жуандық"шығармашылықты айтамыз.Мүсінші
өздерінің шығармаларын жасауда адам мен жануарлардың барлығын жан-жақты қарай отырып,тереңітек әрі толық түрде бейне мазмұнын ашады.Мүсін өзінің тұрақты орнына байланысты маска немесе бас,дене,жарты фигура,мүсін түрінде болуы мүмкін.Рельефті мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі,біз теңгелерден,тиын ақшалардан немесе қабырғалардан кездестіре аламыз.Рельеф мүсіні екі түрге бөлінеді:денлер фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса,ол барельеф деп аталады;ал фиуралар жартысынан көбірек шығып тұрса,ол горельеф деп аталады.Мүсіндеу техникасы:жапсыру,ою,шекімең,гальванопластика
металдау,құю,соңгы кездегі жаңа тәсіл өру жатады.Мүсін шығармалары кескіндемедегі сияқты қондырғылы және монументті,сәндік болып бөлінеді.
Монументтік мүсіндеу-бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған,
асқақ,келісті де мәнерлі,өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер.Қондырғылы станокты мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады.
Мүсіндік портреттің негізгі міндеті-кескіндемедегі сияқты адам образын беру.Мүсіндеудің материалдарымен танысайық тас,ағаш,гипс,ермексаз,пластмас-
са,қағаз,темір т. б. материалдармен жасауға болады.Мүсіндеудің істелу жолдары шабу,қашау,жапсыру,жону т.б.Бүгінгі сабақта біздер газет қиындысынан өру арқылы ит мүсінін жасап үйренеміз.Ол үшін газеттің ұзындығынан 5 см етіп қиып аламызда оны жіңішке етіп ораймыз.Қаламның қалыңдығындай етіп ораймыз.Көп-
теген орамалар жасап аламызда,өру жолдары арқылы мүсіндеуге кірісеміз.Өру арқылы мүсіндегенде денелерін жеке-жеке жасап аламызда,сосын бір-бірімен біріктіреміз.Осы технологиялар бойынша ит мүсіні жасалады.Жасап болған соң мүсінді бояу тәсілін орындаймыз.Бізге шашатын бояу арқылы әшекейлеу тәсілі орындалады.Осылайша ит мүсіні жасалып боялады.Ит мүсіні дайын деп айтамыз.