Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, үлестірмелі карточкалар, темір бөлшектері
Құралдары: Ағаш балға, балға
Пайдаланған әдебиет: Технология 5, 6, 7, 8, 9, Д.Шоқпарұлы «Қазақ халқының қол өнері»
I Ұйымдастыру кезеңі
а) Сабаққа дайындық жүргізу
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушы назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын тексеру
Сым темірді өңдеу
1. Топтастыру әдісі бойынша сым темірден қандай бұйым жасауға болатындығын сұрау
Топтастыру әдісі:
Сымнан жасалатын бұйымдар
2. Сымнан немесе жұқа қаңылтырды тілу арқылы жасаған бұйымдарын тексеру
3. Оқушыдан бұйымнын орындалу әдісін және кездескен қиындықтарын сұрау
III Үй тапсырмасын бекіту
Үлестірмелі карточкалар
IV Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ
Металды көркемдеп өңдеу
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал-саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Шеберлердің көптеген әсем бұйымдары қаңылтырдан жасалған.
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал-саймандардың көмегімен шекімелейді. Мұндай құрал-саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.
Сергіту сәті
Оқушыларды екі топқа бөліп плакатқа 1 минут ішінде зергерлер мен ұсталардың темірден жасаған бұйымдарының тізімін жазу керек. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз болып есептелінеді.
Металды түзету
Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына темір балға немесе ағаш балға жатады. Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді. Металды түзету үшін арнайы төс немесе түзету тақталары қолданылады.
Жолақ металды түзету әдісі:
1. Майысқан жолақ металдың бір жағын қолғап арқылы сол қолыңмен ұстап, төстің үстіне қой. Оның оның майысқан дөңес жағын жоғары қаратып балғамен соқ.
2. Металдың дөңес жерлерін соғуды шет жақтарынан бастап, ортасына қарай ауыс. Майысқан жерлердің түзеле бастағанына көзің жеткен соң, соғу күшін біртіндеп азайт.
Оқушылардан қандай қауіпсіздік ережесін білетіндігін сұрау және де қаңылтырмен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесімен таныстыру
Темірді көркемдеп өңдеу барысындағы қауіпсіз жұмыс істеу ережелері
1. Қаңылтырмен жұмыс істегенде, міндетті түрде қолғап ки.