Саба?ты? та?ырыбы: Металдарды кешенді ??деу ж?мыстары Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: О?ушылар?а металдарды кешенді т?рде ??деуді? технологияларын т?сіндіріп к?рсете отырып, заманауи ?ндіріс негізінен ж?йеленген білімді ?алыптастыру;
Дамытушылы?: О?ушыларды? технологиялы? ойлау ?абілетін, ой-?рісін, е?бекке деген шы?армашылы? к?з?арасын ?алыптастыру;
Просмотр содержимого документа
«Металдарды кешенді ??деу ж?мыстары »
Сабақтың тақырыбы: Металдарды кешенді өңдеу жұмыстары Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға металдарды кешенді түрде өңдеудің технологияларын түсіндіріп көрсете отырып, заманауи өндіріс негізінен жүйеленген білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың технологиялық ойлау қабілетін, ой-өрісін, еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларға еңбек ету және кәсіби іс-әрекет үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; Сабақ түрі: Аралас сабақ; Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу; Пәнаралық байланыс: геометрия, физика, сызу, сурет; Сабақ көрнекілігі: Дайын бұйымдар көрмесі, дайындама цилиндр өзектер, құрал-саймандар тобы, сл.верстак, көрнекі плакаттар; Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру формалары: Жеке, топтық ,ұжымдық; А) Сәлемдесу В) Оқушыны түгендеу С) Психологиялық дайындық
Балалар, біздің бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Металл бөліктерін бір-бірімен біріктіріп құрастырудың қандай түрлері бар? 2. Тойтарманы қандай жағдайларда пайдаланады? 3. Цилиндр пішінді бөлшектердің конструкциялық элементтерін атап көрсет? 4. Ойма дегеніміз не? Оның түрлері туралы баяндап бер? 5. Ойма элементтерін атап көрсет? 6. Ойма қадамы дегеніміз не? 7. Өндірісте пайдаланатын біріктірудің әдістері тойтарма мен оймалардың артықшылығы мен кемшілігін баяндап түсіндір?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, металды кешенді өңдеу дегеніміз – бұйымдар жасау мақсатында металды кесу, жону, тесу, біріктіріп жалғау және оларға конструкциялық элементтерін өңдеп салуды айтады. Оқушыларды 4 топқа бөліп, әр топ жеке тапсырмалар бойынша жұмысқа кіріседі.
Жұмыс басталар алдында:
Керекті құрал-жабдықтарды ретке келтіру;
Дайындамаларды кешенді өңдеуге дайындау (сл.верстак, тисаға бекіту).
Техника, еңбек қауіпсіздігі нұсқауларын міндетті түрде орындау.
Жұмыс барысы: 1. Құрал-саймандарды өз орындарына қойып, жұмыс орнын металл үгінділерінен тазартып жинау (арнайы щетка, совок).
ІІІ. Қорытындылау бөлімі:
Бөлшектерді кешенді өңдеу дегеніміз не?
Ұштаманы не үшін жасайды?
Бүртіктің қандай түрлерін білесің?
Оймаларды кесу технологиясын ретімен түсіндір?
Оқушының білімін бағалау:
Сабаққа жақсы дайындалған оқушыларды мақтай отырып, үй тапсырмасы мен жаңа сабақта іскерлік көрсеткен топ оқушыларына жетістіктері мен кемшіліктері сараланып бағаланады.
ІҮ. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерлеріне атқарған жұмыстары жөніндегі кезеңдерге есеп жазу;