Сабақтың тақырыбы: Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. | Мұғалімнің аты-жөні: Ташанов А.С Күні: 8.11.2017ж. |
Сынып: 5 «а» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 5.1.2.1-Конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану |
Сабақ нәтижесі: | Нені білуге тиіс: материалды оның қасиеттеріне байланысты таңдау туралы түсінік; еңбек қауіпсіздігі ережелері; жұмыс жасаған кезде қажетті құралдар мен құрылғылар. Нені үйренуге тиіс: өнердің белгілі бір түрінде қандай материалдар, құралдар мен құрылғылар қолданылатынын анықтау. Өтілген материалды жүйелеп, практикада қолдану. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі, Қазақстан тарихы. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Бағалау парақшасымен таныстыру Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары» тәсілі Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша кесіп, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып белгілі бір мақал шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді. Қол өнері — кілемде, Сөз өнері — өлеңде. Өнер алды — қызыл тіл. Өнер — мінсең ат, Шегені қаға білмесең, Ұшсаң — қанат. Қолыңды ұрасың Кисең — жанат, Түймені таға білмесең, Ішсең — тамақ. Қолыңа ине тығасың. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі сабақ барысы, Біз үлкен бір отбасы!.. | Оқушылар қиылған қағаздарға жазылған сөздерден мақал құрайды. (Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды) |
4 минут | Үй тапсырмасы сұрақтар қою арқылы тексеріледі. Сәндік қолданбалы өнер дегенді қалай түсінесің? Қандай сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын білесің? Олар бір-бірінен қалай ерекшеленеді? Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағаланады. | |
3 минут | Ой шақыру. Материалдың суреттері көрсетіліп балалардан не үшін қажеттігі сұралады. | |
Жаңа білім 7 минут | Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Қазіргі таңда сәндік қолданбалы өнердің басым бөлігін кәдесыйлар, сонымен қатар үйде қолдан жасалатын әртүрлі бұйымдар құрайды. Мұндай бұйымдарды жасау үшін әртүрлі материалдар қолданылады. Материалды бұйымның түрі мен қолданылуына, оған сай келетін өңдеу әдістеріне байланысты таңдайды. Ең алдымен материалдың механикалық қасиетін, сонымен қатар түсін, реңін ескеру қажет. Ағаш материалдар аса сұраныспен қолданылады. Бұл материал экологиялық таза, өңдеуге жеңіл беріледі, сыртқы әсерлерге бүлінбестен өзінің бастапқы көрінісі мен көркін ұзақ уақыт сақтай алады. Ағаш жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар күнделікті тұрмыстық бұйымдарды жасау үшін қолданылады. Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын – қобдишалар, кескіш тақташаларын көркем ою, куйдіру және өрнек салу арқылы безендіреді. Металдан сатылар, қорғандар, өндірістік сөрелер, арнайы техникалық бұйымдар, зергерлік әшекейлер және басқа да көптеген бұйымдар жасайды. Саздан ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жасама бұйымдар жасайды. Былғары киім және аяқ киім жасаудан бастап, кітап түптеуге дейін, сонымен қатар жиһаз қаптамалары мен былғары қабырға жапсырмаларын жасауға қолданылады. Тас құрылыста, сәулетте, мүсінде, зергерлікте, сәулет өнерінде қолданылады. | Оқулық, мәтіндер. «Білу және түсіну» әдісі |
Ортасы 5 минут | Материалдар | Дәптермен жұмыс |
2 минут | Материалдар және құрал-жабдықтармен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздік ережелері: | |
8 минут | Шығармашылық бөлім. Берілген ПВХ материалына ою үлгісін бастыра белгілеп шығу. Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағаланады. | Бұл бөлімде балалар материал-мен жұмыс-танады |
Кері байланыс 5 минут | Сергіту сәті "Қызыл гүлім ай" | Балалар би билеп сергіп қалады. |
Кері байланыс 5 минут | “ Бес саусақ” тәсілі Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: Бас бармақ - басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды. Балалы үйрек -бірлесу . Мен топта, жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімге риза жасадым? Ортан терек -ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым? Шылдыр шүмек -шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек -көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? | |
Бағалау 3 минут | Балаларды сабаққа қатысу белсенділіктері бойынша бағалау. | |
Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |