kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Лентадан шаш ?ыстыр?ыш жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ткен саба?ты «сар?ай?ан к?згі жапыра?тарды себетке жинау ар?ылы» пысы?тайы?. Ол ?шін жапыра?шалар?а жасырыл?ан с?ра?тар?а жауап берейік.

1. Иы? б?йымдарын ата?

К?йлек, костюм, жакет, жейде, жемпір, блузка т.б

2. Дизайн дегеніміз не?

Дизайн дегеніміз кез келген б?йымны? жа?а ?лгісін жан-жа?ты ойластырып, заман талабына сай жасау деген с?з.

3. ?лшем алу ?шін ?андай ??ралдар керек?

Сантиметірлік таспа, милиметірлік  ?а?аз, карандаш, лекала

4. Блузка тігу ?шін ?андай ?лшем алынады?

 Мойын ойындысы, кеуде айналымы, бел айналымы, кеуде биіктігі, иы? ені, же? ?зынды?ы,т.б.

ІІІ. Жа?а та?ырып т?сiндiру

Ж?мысымызды бастамас б?рын таспаны? шы?у тарихына то?талайы?. Ерте кезден-а? жі?ішке мата жола?тары адамдарды? к?нделікті ж?не шаруашылы? ?ызметінде ке?інен ?олданыл?ан. Сол кезді? ?зінде Ежелгі Грецияда ?йелдер ?демілік ?шін шаштарын мата жола?тарымен жина?ан. Ежелгі Римде алтынмен, ?ымбат тастармен ?шекейленген жола?тарды ?йелдер шаштарына ?осып ?рген. Сонымен ?атар, т?рлі-т?сті ленталармен киімдерді безендірді, ?рбір ?леуметтік саты?а с?йкес ?з т?сі ж?не материалы болды.Орта ?асырда Италияда отыр?ыштарды? ар?алы?тарын ?семдеп, ?ысты? к?ндері суы?тан ?ор?айтын ?алы? маталы терезе жап?ыштарды байла?ан.Тек XIV ?асырдан бастап т?рмыста жібек ленталарды ке?інен пайдалана бастады. Лионда?ы жа?сы д?ст?рге ж?не ?олайлы климатты? жа?дай Европаны? о?т?стігінде ба?алы жібек жіпті ?ндіру тез дамыды. Папаны? тігіншісіні? Авиньон?а к?шуінен бастап, француз корольны? ?ол астында?ы белгілі мырзалар шы?у тегі мен шеніне ?арай алтын каймалы немесе парча лентамен ?рленген ?лде мен б?лдеге оранды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Лентадан шаш ?ыстыр?ыш жасау»

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Шалкөде орта мектебі технология

пәнінің мұғалімі Тикебаева Лаззат


Сабақ тақырыбы: Лентадан шаш қыстырғыш жасау
Сабақ мақсаты:

А) білімділік: оқушыларға лентадан шаш қыстырғыш жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберліке , шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру
Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс,

Көрнекілiгi: қажетті материалдар мен құралдар, тақырып бойынша слайд, дайын бұйым

Материалдар: мата, лента, ине жіп, қайшы, моншақ.

Сабақ тың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІІІ. Жаңа тақырып түсiндiру

ІҮ. Сарамандық жұмыс

Ү. Бекіту сұрақтары

ҮІ. Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Жұмыс орнын жинау.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақты «сарғайған күзгі жапырақтарды себетке жинау арқылы» пысықтайық. Ол үшін жапырақшаларға жасырылған сұрақтарға жауап берейік.
1. Иық бұйымдарын ата?

Көйлек, костюм, жакет, жейде, жемпір, блузка т.б

2. Дизайн дегеніміз не?
Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз.
3. Өлшем алу үшін қандай құралдар керек?
Сантиметірлік таспа, милиметірлік қағаз, карандаш, лекала
4. Блузка тігу үшін қандай өлшем алынады?
Мойын ойындысы, кеуде айналымы, бел айналымы, кеуде биіктігі, иық ені, жең ұзындығы,т.б.

ІІІ. Жаңа тақырып түсiндiру

Жұмысымызды бастамас бұрын таспаның шығу тарихына тоқталайық. Ерте кезден-ақ жіңішке мата жолақтары адамдардың күнделікті және шаруашылық қызметінде кеңінен қолданылған. Сол кездің өзінде Ежелгі Грецияда әйелдер әдемілік үшін шаштарын мата жолақтарымен жинаған. Ежелгі Римде алтынмен, қымбат тастармен әшекейленген жолақтарды әйелдер шаштарына қосып өрген. Сонымен қатар, түрлі-түсті ленталармен киімдерді безендірді, әрбір әлеуметтік сатыға сәйкес өз түсі және материалы болды.Орта ғасырда Италияда отырғыштардың арқалықтарын әсемдеп, қыстың күндері суықтан қорғайтын қалың маталы терезе жапқыштарды байлаған.Тек XIV ғасырдан бастап тұрмыста жібек ленталарды кеңінен пайдалана бастады. Лиондағы жақсы дәстүрге және қолайлы климаттық жағдай Европаның оңтүстігінде бағалы жібек жіпті өндіру тез дамыды. Папаның тігіншісінің Авиньонға көшуінен бастап, француз корольның қол астындағы белгілі мырзалар шығу тегі мен шеніне қарай алтын каймалы немесе парча лентамен әрленген үлде мен бүлдеге оранды.

Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.
Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).
1. Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.
2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.
3. Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.
4. Инені ауызға салуға болмайды.
5. Қайшыны бір - бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.
Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп

керек.


ІҮ. Сарамандық жұмыс.
Өнердің өзі қызығушылықтан оянады, қызығушылық - үйрену
процесі. Үйрену - бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Қазақ сурет өнерінің атасы Ә. Қастеев былай деген екен:

Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Яғни, өнер біздің айналамыздан табылады, олай болса өнер туындысын жасауға талпынайық. Бүгінгі сабақта сендер лентадан шаш қыстырғыш жасап үйренеміз.

Шаш қыстырғышты жасау жолдары. Лентаның ұзындығын 15 см етіп қиып аламыз. Сосын шаш қыстырғыштың көлеміне қарай астына мата қиып аламыз. Содан кейін лентаны сол қиып алған матаға бүру арқылы тігіп шығамыз. Тігіп болған соң моншақты тігеміз. Барлығы біткен соң шаш қыстырғышқа жапсырамыз.

Ү. Бекіту сұрақтары

1. Қай ғасырда, қай елде отырғыштардың арқалықтарын әсемдеп, қыстың күндері суықтан қорғайтын қалың маталы терезе жапқыштарды байлаған? (орта ғасыр, Италияда)

2. 14 ғасырда қандай таспалар пайдаланды? (жібек таспалар)

3. Қандай қауіпсіздік техникалық ережелерін біз бүгін қолдандық? Т.б

ҮІ. Оқушылардың жұмысын бағалау, сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Жұмыс орнын жинау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Лентадан шаш ?ыстыр?ыш жасау

Автор: Тикебаева Лаззат

Дата: 26.08.2016

Номер свидетельства: 340855


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства