kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конус т?різді ж?не ?алыпты беттерді токарлы?-б?ранда кесу станогында ??деу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cаба?№19          Сынып10             К?ні:                                Тексерілді_______________

Саба?ты? та?ырыбы: Конус т?різді ж?не ?алыпты беттерді токарлы?-б?ранда кесу станогында ??деу 

Саба?ты?  ма?саты:   О?ушылар?а а?аш жону станогында б?йым  жасауда?ы е?бекті? ат?арлатын р?лін дамыту?а жа?дай жасау.          
Дамытушылы?:        Токарьлы? станокпен ж?мыс істеу шеберлігін шы?дау ар?ылы ?те к?рделі емес б?лшектерді ??детіп, б?йым жасау?а ?ызы?ушылы?ын артыру
Т?рбиелік: Ж?мысты на?ты орындап ,шы?армашылы?пен ж?мыс жасау?а т?рбиелеу
Саба?ты? т?рі:         Аралас саба?
П?н аралы? байланыс:  Бейнелеу, Сызу, Тарих
Саба?ты? к?рнектілігі: Суреттер,а?аштан жасал?ан б?йымдар,станок, технологиялы? карта
Саба?ты? барысы:
                                                            1.  ?йымдастыру б?лімі. 
                                                            2. Техникалы? ?ауіпсіздік

Ж?мыс сипаттамасы. Б?лшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш ??рал мен ?мбебап ??рыл?ыларды ?олдана отырып, токарлы?-револьверлік станоктарда ж?не 7-8 квалитет бойынша белгілі б?лшектерді ??деу ж?не жекелеген операцияларды орындау ?шін баптал?ан станоктарда токарлы? ??деу. Станокты баптау. 

Білуге тиіс: токарлы?-револьверлік станоктарды? ??рыл?ысын, баптау ж?не д?лдікке тексеру ережесін; ?мбебап ?рі арнайы ??рыл?ыларды? ??рыл?ысын ж?не ?олдану ережесін; аспапты болаттан немесе ?атты ?орытпаларды? не керамиканы? пластиналарынан жасал?ан кескіш ??ралды? геометриясын, ?айрау ж?не орнату ережесін; ша?тамалар мен ?ондырмаларды? ж?йесін; кедір-б?дырлы? квалитеттері мен параметрлерін; ??делетін материалдарды? негізгі ?асиетін. 

Ж?мыс ?лгілері 
1. Тежегіш барабандары –сырт?ы ?айрау, конусты жону, ?айрау ж?не шетжа?ты ?ыс?арта кесу. 
2. Диаметрі мен ?зынды?ы 100 мм бас ж?не кертпек т?лкелер – толы? токарлы? ??деу. 
3. Б?рама диаметрі 24 мм жо?ары гайкалар мен ба?ылау гайкалары – толы? токарлы? ??деу. 
4. Кесінді ?зынды?ы 50 мм дейін суппортты гайкалар – б?раманы ?ыс?арта кесу, б?р?ылау, жону ж?не кесу. 
5. Фасон, арматура крандары – шетжа?ты ?ыс?арта кесу, б?раманы б?р?ылау ж?не кесу. 
6. Диаметрі 200 мм дейін лабиринтті буна?тары бар ?а?палар, са?иналар – толы? токарлы? ??деу. 
7. Жон?ыш б?рамаларды? т?зетушілері – толы? токарлы? ??деу. 
8. Д??гелек плашкалар – б?раманы кесе отырып, токарлы? ??деу.
9. Фигуралы? т?т?алар мен т?т?а саптар – толы? токарлы? ??деу. 
10. Фланецтер, маховиктер, шкивтер – толы? токарлы? ??деу. 
11. Барлы? т?рдегі фрезалар, ???ылар, ??гілер – токарлы? ??деу. 
12. Барлы? ?лшемдегі футоркалар, тік ?штіктер, ауыспалы б?рышты?тар – толы? токарлы? ??деу.
13. ?ысатын ж?не станок?а ??лап т?ратын цангалар – ажарлау?а арнала?ан ?діппен токарлы? ??деу. 
14. Радиусы 100 мм дейін шарлар ж?не шар бірікпелері – шаблон бойынша ?айрау ж?не жону. 
15. Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм дейін тегіс ж?не сына белдікті беріліске арнал?ан, диаметрі 300 мм дейін конусты? ж?не б?рамды? шкивтер – толы? токарлы? ??деу. 
16. Конусты? штифттер – толы? токарлы? ??деу. 
17. ??бырлдарды біріктіруге арнал?ан штуцерлер – б?раманы ?айрау, ?ыс?арта кесу, б?р?ылау, жону, кесу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конус т?різді ж?не ?алыпты беттерді токарлы?-б?ранда кесу станогында ??деу »

Cабақ№19 Сынып10 Күні: Тексерілді_______________

Сабақтың тақырыбы: Конус тəрізді жəне қалыпты беттерді токарлық-бұранда кесу станогында өңдеу

Сабақтың  мақсаты:   Оқушыларға ағаш жону станогында бұйым  жасаудағы еңбектің атқарлатын рөлін дамытуға жағдай жасау.          
Дамытушылық:        Токарьлық станокпен жұмыс істеу шеберлігін шыңдау арқылы өте күрделі емес бөлшектерді өңдетіп, бұйым жасауға қызығушылығын артыру
Тәрбиелік: Жұмысты нақты орындап ,шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:         Аралас сабақ
Пән аралық байланыс:  Бейнелеу, Сызу, Тарих
Сабақтың көрнектілігі: Суреттер,ағаштан жасалған бұйымдар,станок, технологиялық карта
Сабақтың барысы:
                                                            1.  Ұйымдастыру бөлімі. 
                                                            2. Техникалық қауіпсіздік

Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді 8-11 квалитет бойынша кескіш құрал мен әмбебап құрылғыларды қолдана отырып, токарлық-револьверлік станоктарда және 7-8 квалитет бойынша белгілі бөлшектерді өңдеу және жекелеген операцияларды орындау үшін бапталған станоктарда токарлық өңдеу. Станокты баптау. 

Білуге тиіс: токарлық-револьверлік станоктардың құрылғысын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін; әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін; аспапты болаттан немесе қатты қорытпалардың не керамиканың пластиналарынан жасалған кескіш құралдың геометриясын, қайрау және орнату ережесін; шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін; кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін; өңделетін материалдардың негізгі қасиетін. 

Жұмыс үлгілері 
1. Тежегіш барабандары –сыртқы қайрау, конусты жону, қайрау және шетжақты қысқарта кесу. 
2. Диаметрі мен ұзындығы 100 мм бас және кертпек төлкелер – толық токарлық өңдеу. 
3. Бұрама диаметрі 24 мм жоғары гайкалар мен бақылау гайкалары – толық токарлық өңдеу. 
4. Кесінді ұзындығы 50 мм дейін суппортты гайкалар – бұраманы қысқарта кесу, бұрғылау, жону және кесу. 
5. Фасон, арматура крандары – шетжақты қысқарта кесу, бұраманы бұрғылау және кесу. 
6. Диаметрі 200 мм дейін лабиринтті бунақтары бар қақпалар, сақиналар – толық токарлық өңдеу. 
7. Жонғыш бұрамалардың түзетушілері – толық токарлық өңдеу. 
8. Дөңгелек плашкалар – бұраманы кесе отырып, токарлық өңдеу.
9. Фигуралық тұтқалар мен тұтқа саптар – толық токарлық өңдеу. 
10. Фланецтер, маховиктер, шкивтер – толық токарлық өңдеу. 
11. Барлық түрдегі фрезалар, ұңғылар, үңгілер – токарлық өңдеу. 
12. Барлық өлшемдегі футоркалар, тік үштіктер, ауыспалы бұрыштықтар – толық токарлық өңдеу.
13. Қысатын және станокқа құлап тұратын цангалар – ажарлауға арналаған әдіппен токарлық өңдеу. 
14. Радиусы 100 мм дейін шарлар және шар бірікпелері – шаблон бойынша қайрау және жону. 
15. Цилиндрлік тістегершіктер, диаметрі 500 мм дейін тегіс және сына белдікті беріліске арналған, диаметрі 300 мм дейін конустық және бұрамдық шкивтер – толық токарлық өңдеу. 
16. Конустық штифттер – толық токарлық өңдеу. 
17. Құбырлдарды біріктіруге арналған штуцерлер – бұраманы қайрау, қысқарта кесу, бұрғылау, жону, кесу

















































Cабақ№20 Сынып10 Күні: Тексерілді_____________

Сабақ тақырыбы: Ағашты көркем өңдеу ерекшеліктері.

ҚР салықтар мен салық жүйелері. 
 Сабақтың білімділік мақсаты:  Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту  үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару  операцияларымен    таныстыру.
 Дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін  қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.
 Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
 Сабақтың түрі:  Сарамандық сабақ.
 Сабақтың оқыту әдісі:  Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу.
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам.
                                                Жоспары:             
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Жұмысты ұйымдастыру

 2. Өткен материалды қайталау.
3. Жаңа сабақ.
  4. Сарамандық жұмыс
 5. Бекіту
 6. Бағалау
7. Үйге тапсырма
                                             Сабақтың барысы:
           Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Атабабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшантеңіз. Атабаба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы.
Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, салсері, тігінші, өрімші, балгербақсы өтті.
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы КөрпешБаян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер.
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті баубасқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдысаяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық.
Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.
Ағашты көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді.
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау.

                                     Сарамандық жұмыс:
1.     Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
 Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:
Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;
Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;
Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;
Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:
Жұмысқа дейін
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат)
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты)
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт.
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын.
Жүзін тексер.
Станокті бос айналдырып тексеріп көр.
8.     Көзге көзәйнек ки.
Жұмыс кезінде
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста.
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.)
Жарақат алмас үшін:
а) станокқа қатты басты еңкейтпе;
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама;
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында;
Жұмыстан кейін
 Жұмыс орныңды ретке келтір.
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр.
Өзіңді ретке келтір.
 Сабақты бекіту.  Сұрақтар қойылады.
1. Өрнек пен оюдың айырмашылығы неде?
2. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу қандай шаралар арқылы жүзеге асырылады?
3. Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Сабақты қорыту
Оқушылар еңбегін бағалау
Үйге тапсырма

Сабақ№19-20.21. Сынып6 Күні: Тексерілді________________

Сабақтың тақырыбы: Тігін бұйымдарын пішуде сән журналдарын қолдану.

Тігін бұйымдарын дайындау

 Жалпы мақсаты: Сән журналынан модель таңдап үйрену. Журналмен жұмыс істеу қағидасымен таныстыру 
Міндеттері: 
1. Сән журналынан модель дайындаудың қағидасын білу. 
2. Өз өлшемдерін өлшеп үйрену. 
3. Пішім парағын пайдалануды үйрену. 
Оқыту нәтижесі: Жұптық, топтық жұмыс жасауға үйренеді. Сән журналымен жұмыс жасап үйренеді. 
Тапсырмалар: 
І. Жаңа сабақ Тақырыпты ашу. 
ІІ. І тапсырма өз өлшемдерін алу.
ІІІ. ІІ тапсырма тақырыптық теннис. 
ІҮ. Қорытынды:

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушылармен амандасу.
- сынып тазалығын тексеру;
- Оқушылардың сабаққа даярлығын құрал - жабдықтарын қадағалау;
Бағалау.
Жаңа сабақ

Сән журналынан бұйым таңдағанда оның қолайлы, әдемі сәннің соңғы бағытына, киімдерге қойылатын талаптарға сәйкес болуына назар аудару керек. Сән журналымен жұмыс жасау үшін ондағы нұсқаулармен , шартты белгілермен таныс болуымыз керек.
Сән журналындағы шартты белгілер

 

Сән журналындағы әрбір модельдің өз номері бар Осы номердің астында оны дайындау жөніндегі нұсқаулар жазылады.


 

Үлгінің суреті –онда  барлық тігістер мен бөлшектер көрсетіледі.
Материалдық шығын (модельді) дайындауға қажетті барлық материалдар жайлы мәлімет
Қосымша парақ (үлгілер парағы )-үлгі беттері , кескін сызықтар  белгіленеді. 
Бөліктердің кішірейтілген сызбасы –қандай бөліктердің пішімін көшіріп алу жайлы түсінік беріледі. Әрбір бөлік номері сызықтары, цифрлар, шартты белгілер көрсетіледі. 
Жайылма жоспары –бөліктердің үлгілерін мата бетіне орналастырудың тиімді тәсілі көрсетіледі. 
Түсініктеме мәтін –онда үлгінің аталуы, өлшемі, мата  шығыны бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі
Сән журналындағы барлық модельдер 36,38,40,42,44,46 өлшемдерге берілген. Бұл немістің өлшем жүйесі . Ал өз тілімізге көшіретін болсақ онда осы сандарға 6 санын қосу керек. 
Сән журналында берілген нұсқаулардың қасында рамка ішінде келесі мәліметтер көрсетілген.
- үлгі кескінінің түсі 
- үлгі орналасқан орны
- өлшемдері және оларға арналған кескін сызықтарының түрі
- бөліктердің кішірейтілген сызбасы 
- жайылма жоспары



 

 5. Сарамандық жұмыс


Өз өлшемдерін анықтау. Оқушылар жүптасып бір бірінің өлшемдерін өлшеп кестені толтырады

Қорытынды
1 Жеке өлшемдер алудың тәртібі қандай?
2 Сән журналдары алғаш рет қашан шықты?
3 Қазіргі қандай сән журналдарын білесің?
4 Сән журналдары қай ғасырда көбейе түсті?
5 Журналмен жұмыс істеу қағидасы қандай?
6 Журналдағы шартты белгілерді сыз, түсіндір.
7 Муляжды түсіндір
8 Ертеде қалай өлшеп тіккен?
9 Қалдықсыз пішу туралы
10 Сән журналының шығу тарихы. 
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма





































Сабақтың тақырыбы: Кәсіби маңызды қасиеттерді дамытуда адамның мүмкіншілігі

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі күннің қажеттілігі –кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Қар күрейтін күрек жасау технологиясын білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру. 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, сарамандық жұмыс. 
Сабақта қолданылатын әдістер: Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу, түсіндіру, салу, көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.
Сабақтың көрнекілігі: Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамала
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,
2. Жаңа сабақ.
Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.
1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу…)
2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?
3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)
4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан…)
5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?
6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)
Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.
Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.
Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.
Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.
Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек. 
Қауіпсіз жасалатын
Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек
Жасалуы қарапайым
Тез табылатын қымбат емес материалдардан
Ағаш күрек
Әдемі дизайн
 Экономикалық шығын көп емес
 Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті
Еңбек шығыны да көп емес
 Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.
3. Сарамандық жұмыс
Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.
Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.
Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.
Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

Үйге тапсырма:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Конус т?різді ж?не ?алыпты беттерді токарлы?-б?ранда кесу станогында ??деу

Автор: Шаихов Айкын Ильясович

Дата: 02.02.2015

Номер свидетельства: 166012


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства