Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология: көлік, капот, радиатор, панель, люк, бампер, брызговик, фара, лонжерон, крашбокс, |
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру бөліміОқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. Қажетті материалдарын, құрал-саймандарын дайындап реттейді. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар алдына сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалады. Көлік құрастыру зауыттарында өндіріс жұмысының реті суреттелген бейнежазба көрсетіледі. Көліктің шағын макетін жасау мысалдарының барысы да көрсетіледі. Жасалынған макет көп уақытқа дейін төзімді, берік етіп жасалынуы қажет. Көлік құралын орындау барысы бірнеше кезеңдерден тұрады. - Эскиз бойынша қажетті материалдарды қарастыру, дайындау; - Материалдарға техникалық суреттері, сызбалары бойынша көлік бөліктерінің пішіндерін өлшеп, пішіп, белгілеп алу; - Белгіленген дайындамаларды кесіп, ою; - Дайындамаларды сырлау, әрлеу; - Бөліктерді қажетті қосылыстарды пайдалана отырып құрастыру; - Дайын болған көлік үлгісінің беріктігін, қолдануға жарамдығын сынау және ақаулары болса, қалыпқа келтіреді. | АКТ құралжабдықтары Презентация 1.«Деревянные модели авто..» https: //www.youtube.com/watch?v = sODNPnzVLXY 2. «Деревянные модели машин..» https: //www.youtube.com/watch?v = 685P1V5UGHY |
Сабақтың ортасы. 35 минут | Практикалық жұмыс 1 Бөлшектерді әзірлеу Оқушылар өздері таңдап алған көліктердің алдын-ала жасаған эскиз-нобайларына, техникалық суреттеріне, сызбаларына сәйкес дайындаған материалдарды пайдаланып бөліктерін жасайды. Мұғалімоқушылардың атқарған жұмысы барысында еңбек техникасының орындалуының дұрыстығын және операцияның технологиялық реттілігін мұқият қадағалап отырады.. Макет мықты, берік етіп жасалынуы үшін фанера немесе жұқа тақтайша материалын пайдалануға болады. Мысалға автомобиль көліктерін алып, қарастырайық. Фанера немесе тақтайша бетіне көліктің корпусын, бөлшектерін эскиздегідей өлшеп түсіреміз.. Контурлары бойынша дайындамалар кесіп аламыз Алдын ала диаметрі сызбадағы өлшемге сәйкес дайындалған ағаш біліктен автомобиль доңғалақтарын кесіп алып, оны токарьлық станокта өңдеп, ойқылдарын келтіріп, ортасына бұрғылап осьтік тесік жасайды. Кесіліп алынған дайындамалардың кейбір бұрыштарын, жақтауларын, қырларын егеумен егеп, зімпара қағазымен ысқылайды. Бөлшектерді сырлау, әрлеу үшін акрил бояуын қолдануға болады. Өйткені, бұл бояу денсаулыққа зиянсыз, жылдам кебеді. 2 Көліктер макетін дайын бөлшектерден құрастыру Дайын бөлшектерді құрастыруды сызбаларына сәйкес орындаймыз. Алдымен корпусына негізгі бөлшектерін, содан кейін қосымша бөлшектерін, доңгалақтарын желімдеп жапсырамыз. Дайын болған ағаштан жасалған өнімді түссіз лакпен әрлеген дұрыс. Лак жағылған ағаш өнімі көпке дейн өз қалпын сақтап, бұзылмайды. Бұндай жағдайда дайындамаларды гуашьпен бояп немесе ешқандай бояусыз, лактың тек өзін жақса да болады. Оқушылардың жұмыс барысын байқай жүріп, мұғалім жеке оқушыларға көмек көрсетіп, олардыынталандырып отырады.. | Жұқа тақтайшалар, фанера, сызғыш, циркуль, столярлық құрал-жабдықтар, егеу, бұрғы, зімпара қағазы, ағаш желімі, лак, акрил бояуы...т.б. |
Қабілеті жоғары оқушыларға автомобиль макетінің құрылымын түпнұсқасына ұқсастау етіп жасауға мүмкіндік беру. | Өздерінің және басқалардың жұмыстарын алдын –ала жасалған критерийлерге байланысты талдайды Сынып бағалауы. | Оқушылар көліктер құрылысы туралы АКТ арқылы іздестіреді. Еңбек,өнерге құрмет тәрбиесі беріледі. |