Просмотр содержимого документа
«?ималар. Тілік пен ?иманы? арасында?ы айырмашылы?ы.»
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы
БОЖББ мектеп-балабақшасы.
А Ш Ы Қ С А Б А Қ
9а сыныбы
Тақырыбы: Қималар. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы.
Орындаған : сызу пәні мұғалімі Х.С.Аймағамбетов
2016 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Қималар. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қима және тілік туралы түсінік беру. Қима мен тіліктің проекциясын салуды және ажыратуды үйрету. Оқушылардың байқау және ойлау қабілеттерін арттыру және тапсырмаларды мұқият орындауға, дәлдікке үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Cабақтың көрнекілігі : плакат, бұйымдар, макеттер, видео (қима және тілік), карточкалар, интерактивті тақта.
Қима мен тілік сызбада қандай жағдайда қолданылады?
Жазықтықтар қалай аталады?
Аксонометриялық проекция жазықтықта қалай суреттеледі?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушылар, бүгінгі тақырыбымыз қима мен тілік арасындағы айырмашылықтардың болуын қарастырамыз.Өткен жаттығу тапсырмаларында сызбада қима және тілікті қолдандыңдар.Сызу орындау барысында жеке элементтерінің тек сыртқы формасын ғана емес, олардың ішкі формасын да анықтауға көмектеседі. Жаңа тақырыпты ашу үшін видео (техникалық сызбадағы қима және тілік) арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі.Онда қима мен тіліктердің орындалып белгіленулері, әр түрлі материалдан жасалған бұйымдардың штрихталып сызылулары көрсетілді. Қима және тіліктер салынуы мен орналасуы бойынша стрелкалармен көрсетілген бағытқа сәйкес көрсетіледі.Сызбадағы орналасуына қарай қима оңашаланған және қабаттасқан қималар деп ажыратылады.Қабаттасқан қималар, профилі әр түрлі прокаттар, аспап, рельс және т.б.сызбаларда қолданылады.Техникалық детальдар сызбаларын орындаған кезде оңашаланған қималар, олар кескін (көрініс) контурынан тысқары орналастырылады.Детальдің бір шағын бөлігінің құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады.
Егер деталь симметриялы фигураға проекцияланатын болса, чертежде көріністің жартысы мен тіліктің жартысын қосып біріктіреді.
Қима деп детальді жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура кескінін айтамыз. Қимада деталь ойша кесіледі де, оны қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Детальді қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері сызылмайды.
Қима белгілі заттың пішінін ұғынуға, көріністер санын, сызбалық орындау уақытын азайту үшін қолданылады.
Тілік дегеніміз бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетік бөлшектің кескіні. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде және оның ар жағында жатқан бөліктерді кескіндеп көрсетеді.
Тілік нәрсенің ішкі құрылысын сызбада анық және түсінікті етіп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.Екі және онан да көп қиюшы жазықтықтармен қиылған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады.Қиюшы жазықтықтардың орнына қарай күрделі тіліктер сатылы және сынық тіліктерге бөлінеді.
Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Вертикаль тіліктер-қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып екіге бөлінеді.
Сонымен, тілік пен қиманың айырмашылығы неде? Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетілетіндігін сендер білесіңдер. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.
Практикалық жұмыс.
«Қима мен тілік» тарауы бойынша оқушыларға А3 форматына (бұйымдар мен карточкалар) тапсырма орындауға беріледі.
Қорытынды бөлім. Бағалау.
Үйге тапсырма. №11 қосымша тапсырма.
Қолданылған материалдар:
«Мектептегітехнология» журналдары.
«Сызу» оқулығы ІІ бөлім. «Келешек-2030» 2013
Видео сабақ «Технологиялық сызба қима және тілік».