Сабақтың тақырыбы : Халық қолөнері. Ағаш өңдеу өнері.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: оқушыларды халық қолөнеріндегі ағаш өңдеу өнерінің
түрлерімен жете таныстыру.
2.Дамытушылығы: ой – қиялын, шығармашылығын, талдау, жинақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелігі: ұлттық өнер түрлерін қастерлеуге, сақтауға, оны дамытуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Ыдыс-аяқтар, ою-өрнек түрлері, иллюстрациялар, тірек-сызба, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері : Қызығушылығын ояту, көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын қадағалау, құрал-жабдықтарын түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың үй жұмысын тексеріп, жіберген қателерін түзеу.
III.Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Мұғалім сөзі:
-Қазақ халқында ең кең тараған қандай өнер түрін білесіңдер?
-Қолөнер.
Мұғалім тақтаға суреттерді іледі. Соның ішіндегі қолөнерге жататын суреттерді (сырмақ, ұлттық киім, машина, ғаламтор) оқушылар ажыратады.
-Сонымен қолөнерге не жатады?
-Ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, тігілген киімдер, ер-тұрмандар
Мұғалім: - Ендеше, бүгінгі сабағымызда қолөнер түрі ағаш өңдеу өнеріне тоқталайық.
- Ерте кезде ыдыс – аяқтарды неден жасаған? (Ағаштан ойып жасаған)
- Қандай ыдыстар жасаған? (Ет салатын табақтар, келі-келсап)
- Ожауды да ағаштан жасаған
- Тек ыдыс-аяқтар жасаған ба? (-Сандық, кебеже жасап ойған, киіз үйді де жасаған)
Тірек –сызбамен жұмыс
Тапсырма : Тірек – сызбадағы бос торкөздерді қажетті сөздермен немесе суреттермен толтырыңыз.
Ожау тегеш тостаған келі-келсап таба
«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал-мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді.)
Шешеннің сөзі мерген, ісіңе сен, күшіңе сенбе, шебердің көзі мерген.
Дұрыс жауабы: Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген.
Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
Тапсырма
Қымызға арналған ожаудың суретін салуды кезең бойынша көрсете отырып, альбомдарына орналастыру. |
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1 | Ағаштан жасалған ыдыс а) саба ә) сандық б) келі-келсап |
2 Ағаштан жасалған бұйымдар а) кебеже, сандық ә) балға, төс б) қоржын, аяққап 3Ағаш түрлері а) терек, қайың ә) қына, балдыр б) меңдуана, алоэ |
Өзін-өзі бағалау парағы
Р/с | Тапсырмалар | Мұғалім берген ұпай саны | Оқушының жинаған ұпай саны | Баға |
1. | Сұрақтар | 6 | | |
2. | Тірек-сызбамен жұмыс | 10 | |
3. | Мақал-мәтелдің орнын тап | 4 | |
4. | Ожаудың суреті | 8 | |
5. | Тест | 3 | |
| Барлығы | 31 | |
Бағалау кретерийі: 31-35 ұпай – «5», 21-30 ұпай – «4»,15-20 ұпай – «3».