Просмотр содержимого документа
«Катер үлгісін жасау технологиясы»
Катер үлгісін жасау технологиясы/ Шығармашылық жоба /
дайындаған : Ергазы КАЛИГОЖИН,
« Жас техник» үйірме жетекшісі,
Балалар шығармашылық үйі,
Күршім ауылы,
Шығыс Қазақстан облысы.
Сабақтың тақырыбы: Катер үлгісін жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Шығармашылық жобаны орындау кезеңдерімен таныстыру арқылы оқушының өз бетімен ізденіп, нәтижеге жетуіне ықпал ету ;
2.Әртүрлі материалдарды тиімді пайдалану жолдарын, оларды өңдеу және біріктіру тәсілдерін үйрету;
3.Оқушылардың қызығушылығын, ойлау және шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақ әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету;
Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, бейнелеу өнері,химия.
Сабақтың формасы : жеке
Көрнекілігі: технологиялық карта,сызбалар, ақпараттық құралдар, компьютер, слайд, интерактивті тақта.
Қажетті құралдар мен материалдар
1. Сызғыш;
2. Қарындаш;
3. Егеу түрлері;
4. Темір қайшысы;
5. Қылара;
6. Біз;
7. Электр дәнекер;
8. Құмқағаз;
9. Шарикті қалам.
ПВХ материалы ;
Ток өткізгіштер ;
Түрлі-түсті қағаз ;
Жұқа қаңылтыр ;
Фанер ;
Газет қиындылары ;
Элементтері 1,5 В;
ПВА, кеңселік желімі .
Сабақтың жоспары :
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.Бұйым конструкциясы
2. Зерттеу жұмысы
3.Бұйымды жасау технологиясы
4.Сарамандық жұмыс
ІІІ.Қорытынды.
Қауіпсіздік ережесі :
1. Қыларамен жұмыс кезінде ;
2. Қайшымен жұмыс кезінде ;
3. Желіммен жұмыс кезінде ;
4. Электр дәнекермен жұмыс кезінде ;
5. Ток көзімен жұмыс кезінде.
Кіріспе бөлім
Кеме — мұхитта немесе теңізде не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да мақсаттарға арналған су көлігі.
Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен жасады, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек көмегімен қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бері ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме Ағылшын елінде жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды.
Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер — көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер және т.б. болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады.
Шапшаң жүзетін, кішігірім шағын кемелер – катер деп аталады . Бұндай катер түрлері біздің ауданымызда да кездеседі.
Катер үлгісін жасау үшін өте көп уақыт жұмсалатындықтан, бұны шығармашылық жоба негізінде іске асырамыз.
Шығармашылық жоба оқушылардың танымдық ойлау деңгейін, шығармашылық қабілетін жетілдіреді, жасалу технологиясын жете меңгере отырып еңбекке деген құлшынысы артады. Жоба барысында өз қиялы, өзіндік идеясы пайда болады, шығармашылық ізденісі жетіледі. Жалпы шығармашылық жоба - мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын оқушының шығармашылық жұмысы.
Негізгі бөлім
1. Конструкция (латын сөзі - constructio ) –құрастыру, тұрғызу деген мағынаны білдіреді. Конструкция – құралмалы, бұзылмалы бөлшектер және алуан турлі бөлшектен тұратын күрделі дене.
Жасалатын бұйым құрылысының атаулары ։
палуба
каюта
корпусы
Катер
Ток көздері
мачта
винт
кабина
мотор
2. Зерттеу жұмысы
Журналдардағы ақпараттарды, фото-суреттерді, ғаламтор арқылы материалдар жинақту, оларды пайдаланып жасалатын бұйымның сызбаларын орындау және қажетті материалдарды анықтау.
Жасалу технологиясымен таныстыру.
Пішіні, өлшемі
Материал
Сызбасы
Бұйымның жасалу реті
Құрал-жабдықтар
Жаттығулар
Қауіпсіздік ережесі
Әрлеу
Жасалу технологиясы
1
№
Катер үлгісінің корпусын жасау технологиясы
2
Жұмыстың реті
Қажетті құралдар
Газер қиындылары, қайшы, кеңселік және ПВА желімі, аленекс
Капитан кабинасы мен каютаны жасау
3
ПВХ материалы, сызғыш, шарикті қалам, қылара, құмқағаз, ұсақ жүзді егеулер