kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?арапайым т?рмысты? техника ??ралдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а к?нделікті т?рмыста ?олданылатын электр ??ралдары туралы т?сінік беру.

Дамытушылы?: Т?рмысты? электр ??ралдарын ж?ндеу ж?нінде т?сінігін ке?ейту.

Т?рбиелік: ??ыптылы??а, ?немділікке т?рбиелеу.

?дісі: Баяндау, сипаттау.

Саба?ты? типі: Аралас

П?наралы? байланыс: Бейнелеу ?нері, физика, сызу.

К?рнекілігі: Электр ж?ндеу ??ралдары, плакат, суреттер.

?ажетті материалдар: Электр сымдары,о?шаулауыш таспа, пыша?, патрон т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?арапайым т?рмысты? техника ??ралдары»



69 орта мектеп
Технология пәні 7- сынып

Упабеков Темирбек Сахиевич

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сапақ елді мекені



Сабақтың тақырыбы: Қарапайым тұрмыстық техника құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Тұрмыстық электр құралдарын жөндеу жөнінде түсінігін кеңейту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Әдісі: Баяндау, сипаттау.

Сабақтың типі: Аралас

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, физика, сызу.

Көрнекілігі: Электр жөндеу құралдары, плакат, суреттер.

Қажетті материалдар: Электр сымдары,оқшаулауыш таспа, пышақ, патрон т.б.

І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ

Сарамандық жұмыс

Қорытындылау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Тоқ өткізбейтін материалдарды ата.

  2. Электр жүйесіне қандай металдарды пайдаланады?

  3. Корпус – дегеніміз не?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану барысында оның ақаулары жиі кездесетіндіктен, оны жөндеумен айналысуға тура келеді. Электр сым ауыстырғанда, алдымен ток өткізгіш желілердің үзілген орындарын табады. Әдеттебұл электр сымдарының майысқан жерінде кездеседі. Бұл жұмыста мынадай тәртіппен орындайды.

  1. Сымның үзілген жеріндегі электр сымды тоқтан пышақпен кесіп, оны тазалайды.

2) Көп сынды желілердің бұрауын тарқатады.

3) Тазалап, желілердің ұштарын бір – бірімен қосады.

4) Ұштарын бұрау керек.

5) Желілердің ұштарынтістеуішпен қысып ұстап, алынған адамдарды қысқышпен қысу қажет.

6) Сымдардың жалғасқан жерін ток өткізбейтін таспамен орау.

Штепсель ... қызып кетсе, оны қайта ашып, сымның оралуын және шегемен бекітілуін тексерген жөн. Ашадағы жалғанған жер бұзылғанда, сымның ұшын тазалап, бұранданы тартып қояды. Бұдан да елеулі ақау болса ашаны алмастыру қажет. Ашылмаған ашаның кейін жалғанған жеріндегі сымы ақауланады. Бұл жағдайда оны ашып ауыстыру керек. Ол үшін сымды кесіп, тұйықтайды, ашаны ажыратады., тұйықталған сымды шегеге жалғастырады, ашаны бекітеді.

Шырақтағы ақаулар және оны түзету тәсілдері.

  1. Шам күйіп кеткен жағдайда шырақтағы электр тізбесін бөліп тастап, шамды 4 минутқа дейін суыту керек. Шамды бұрап шығарып, орнына жаңасын салған жөн.

  2. Шам соңына дейін бұралмаған жағдайда шырақты сөндіру қажет. Шамды соңына дейін бұрап, екінші қолмен шырақты ұстап тұрған дұрыс.



Дискуссиялық карта


Иә Жоқ

+ -

1

Сынған корпусты пайдаланамыз -

2

Қысқышпен сымды дөңгелентіп иеміз -

3

Жұмыр тістеуішпен сымды кесеміз -

4

Бұранданы бұрауышпен бекітеміз +


ІҮ. Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережесін ескеру.

Құрал – саймандар: Бұрауыш, қысқыш, жұмыр тістеуік, пышақ, оқшаулауыш таспа.

Жабдықтар: Электр сымы, патрон.

  1. Оқшаулауышты сызғышпен өлшеп, пышақпен кесу.

  2. Сымды бір – біріне жалғау.

  3. Қысқышпен қысып бекіту.

  4. Оқшаулауыш таспамен орау.

  5. Патронның корпусынан қақпағын ажыратып алу.

  6. Фарфордан жасалған өзегін шығару.

  7. Өзектің жалғанған құрылысымен танысып, монтаждау.

Перфокарта толтыру


р/с

Ақаудың түрі

Түзету жолдары

1

Шамды шырақтың шамы күйген


2

Шырақтың шамы бос бекітілген


3

Электр сымы үзілген


4

Корпус сынған


5

Бұрауыштың сабы сынған



Ү. Қорытындылау

1. Тұрмыстық электр арматураларының корпустары неліктен пластмассадан жасалады?

2. Монтердің пышағы не үшін қажет?

3. Шамды неше минут суыту керек?


Бағалау.
Үйге тапсырма.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?арапайым т?рмысты? техника ??ралдары

Автор: Упабеков Темирбек Сахиевич

Дата: 06.02.2016

Номер свидетельства: 289222


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства