Қазақ жерінде XVIII-XIX ғасырларда ұлттық қолөнер дәстүр тұрғысында дамыған.
Қазақ хақының қолөнері-халық тұрмысында ғасырлар бойы жиі қолданылған өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығы. Қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды орынды пайдаланып, әсем бұйымдар жасаған. Сол себепті халық шығармасының барлық түрі оның қоғамдық тарихымен , күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты.
Халықтың қолөнеріне тұрмысқа қажетті жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует , кебеже, сандық, кілем, сырмақ, т.б. заттарды халық шеберлері өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеген. Халық өнерпаздары құмнан,тастан, саздан қүмыра, ыдысхаяқтар, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз сияқты музыка аспаптарын жасағн.
Қазақ халқының ұлттық тұрмыстық бұйымдарыментаныстыру.
Орындалған рефераттарымен таныстыру..
3.Көрмені қорытындылау:
Оқушылар жұмысын тексеріп шығу, жұмыстарды талдау, бағалау.