Открытый урок по предмету "Технология " составлен в соответствии с общеобязательным стандартом среднего образования Республики Казахстан, а также с типовой программой по предмету "Технология". Целью урока является обучение учащихся изготовлению казахского национального инструмента "домбры" как сувенира., используя в своей работе различные инструменты, а также способствовать патриотическому воспитанию учащихся, формированию ихэстетического вкуса.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?арапайым сувенирлік б?йымдар жасау »
Күні___________ Сабақ: 7 сынып
Тақырыбы: Қарапайым сувенирлік бұйымдар жасау. (КӘДЕСЫЙ ДОМБЫРА ЖАСАУ)
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Оқушыларды түрлі құрал-сайман түрлерімен жұмыс істей білуге үйрету, шеберлік деңгейлерін арттыру. Кәдесый домбыра жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, эстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру. Ұлттық өнерді дәріптеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кәдесый домбыра жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар, эпиграф: "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра"
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы:
1. Кіріспе 2 минут.
2 . Жаңа тақырыппен таныстыру 10 минут.
3. Жұмыс жөніндегі инструктаж 2 минут.
4. Практикалық жұмыс 30 минут.
5. Ұй тапсырмасы 1 минут
1. Кіріспе. Оқушыларды тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру . 2. Жаңа тақырыппен таныстыру.
1 оқушы күй тартады ( «Мереке күй» Құсайынов С)
2оқушы:
Қос ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл бос бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ –домбыра,
Осы Кадыр Мырзалиев ағамыздың сөзі барлықтарыңызға таныс. Сондықтан да құрметті оқушылар тақырыпқа байланысты жасайтын кәдесыйлық ретінде біз домбыраны таңдадық.
Кәдесыйлық дегеніміз кіші көлемдегі эстетикалық талғаммен жасалған бұйым. Кәдесыйлык елдің салт-дәстүріне, мәдениетіне, символдарына құрылады. Сыйлықтар кез келген материалдардан жасалуы мүмкін.
Домбыра ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
-домбыра туралы қандай аңыздар білесіңдер?
Оқушылар аңыздар айтып береді.
Мүғалім : сонымен, домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Осы аспапты кәдесыйлық ретінде біз жасап отырмыз.
Алдарыңдағы технологиялық картаға қарап домбыраны жасаудың қай сатыны жалғастырамыз? Ал енді жұмысты бастаңдар.
№
Жұмыс мазмұны
Графикалық кескіні
Құрал-саймандар
1
Ағашты дайындау
Қарындаш
сызғыш, ара
2
Өлшем бойынша ағаш
дайындамаға белгі салу
Қарындаш
сызғыш, ара
қағаздан жасалған домбыра сұлбасы
3
Артық бөліктерді алып тастау
Ара, қашау,
балға
4
Домбыра формасын шығарып алу
Түрпі, пышақ, егеу,
құмды қағаздар
5
Өлшем бойынша тұғыр жасау
Сызғыш,
қарындаш, ара, түрпі, қайрақ қағаздар
6
Бұйымды жинау, әрлеу
Клей, лак, жіп
3. Жұмыс жөніндегі инструктаж. Оқушылардың жұмыстарын қадағалап отыру.
4. Практикалық жұмыс. Жұмыс барысында жеке жұмыстарын қадағалап отыру
5. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың жұмыстарын бағалау