Білімділік мақсаты: Оқушыларды жоңғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен таныстыру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. Сабақтың түрі: Аралас. Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. Көрнекілік: Сызба, жоңғыш құрал-саймандар, айлабұйымдар. Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқушыларды түгелдеу ә) Жұмысты ұйымдастыру 2. Өткен сабақты сұрау: Ою элементтері бар қобдиша. 3. Жаңа сабақ.
Іші қуыс токарлық ағаш бұйымдарды цилиндр пішінді дайындамадан, білдектің алдыңғы басшасындағы қысқыға немесе қысқұрылғыға орнатып қойып, қарсы алдынан жону арқылы жасайды. Ондай бұйымдардың мысалы ретінде қарындаштарға арналған стақанша, тәрелке, саптыаяқ, құмыраны келтіруге болады. Ол үшін ілгек немесе қасыққа ұқсаған кескіш құралдарды пайдаланады.
Бөлшекті дайындауға арналған материал оның құжаттамасында көрсетілген. Таңдалған материалдан дайындама жасайды. Дайындаманың өлшемі әрдайым дайын өнімнің өлшемінен артық болуы тиіс. Білдекте жону үшін біртекті құрылымдық сипаттағы ағаштар жарайды. Оларға қайың, жаңғақ, көктерек, жөке, шегіршін, бүк ағаштары жатады. Диаметрі үлкен бұйымдарды, мысалы, тәрелкені жону үшін дайындаманы бұранда шегемен қысқұрылғыға бұрап бекітеді. Содан соң қысқұрылғыны дайындамамен бірге білдектің айналдырығына бекітеді. Қысқұрылғыға бекітіп жонғанда, алдымен дайындаманың сыртқы бетін өңдейді.
Бұйымдардың ішкі беттерін өңдеу.
Алдымен бұйымның жалпы пішінін доғал кескішпен жонғылайды. Кейін дайындаманың бүйірлерін қиғаш жүзді қашаумен, доғал кескішпен немесе қырғышпен жонады. Ішкі бетті жонып шығару үшін тіреуішті білдектің бағыттаушысына көлденең орналастырады, жарты-дөңгелек қашауды дайындамаға жанастырып, ортадан шетіне қарай, тиісті пішін мен өлшемге қол жеткізгенше ысырып жылжытады. Диаметрі және тереңдігі үлкен емес қуыс беттерді жартылай-дөңгелек қашаумен, тіреуішті бойлай орналастырып жонады. Мұнда кескішқұралды көлбеулей ұстап, орталықтан шетке қарай жылжытып отырады. Күрделі пішіндегі қуыс беттерді арнайы, ілгек және қасық тәрізді кескіштермен орындайды. Бұйымның толық жасалуы үшін сырты пішінін жетілдіре өңдейді, содан соң оны ажарлап, білдектен кесіп алады немесе босатады.
Ішкі бетті жону үшін дайындаманың бүйір бетінде болашақ бұйымның толық тереңдігіне тең тесік бұрғылап алады. Тесік ішкі бет орталығының ауытқуын болдырмау үшін жасалады. Оның диаметрі жонғылауға қажетті әдіп қалдыру үшін бұйымның диаметрінен кіші болуы тиіс.
Ағашты механикалық өңдеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.
Сабақты бекіту:
Ішкі беттердіжону үшін қандай құралдарды пайдаланады?
Не үшін ішкі бетін жонудан бұрын дайындамада тесік бұрғылап алады?
Бұйымның ішкі бетін жону операцияларының тәртібі қандай?
5. Практикалық жұмыс: Жонылған тұз сауытты дайындау.
6. Үй тапсырмасы: Жонылған тұз сауытты дайындау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Ішкі беттерді жону"»
Сабақтың тақырыбы: Ішкі беттерді жону