Оқушыларға гүлдер, оның ішінде қызғалдақ туралы түсінік беру. Қызғалдақтың қай жерлерде өсетіндігін түсіндіру.
Дамытушылығы
Гүл бөліктерін қию жұмысы арқылы қайшымен жұмыстануды үйрету.Ұсақ моторикаларын дамыту.
Тәрбиелігі
Өсімдіктер мен гүлдердің адамға , адамның денсаулығына пайдасының мол екендігін, әсемдікті бейнелейтінін түсіндіру. Гүлді күте білуге , еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қызғалдақтың құрастырылып ақ параққа желімденген дайын түрі. Бөліктерінің жекелеп желімденген түрі көрсетілген парақ. Қайшыны пайдалану ережесіне байланысты, қайшыны ұсыну, қайшымен қию көрсетілген парақ қағаз.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Гүл өсірсең ─ терлеп,
Оның аты ─ еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты ─ еңбек.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең ─ еңбек,
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Психологиялық әзірлік.
─ Балалар , қазір жылдың қай мезгілі ? Көктем мезгіліне қандай айлар жатады ? Қазір көктемнің қай айы ? Бүгін наурыздың нешесі ? Аптаның нешінші күні ?
II. Негізгі бөлімі.
─ Қазір еңбек сабағы. Еңбек сабағында немен шұғылданамыз ?
Қандай еңбек құралдарын пайдаланамыз ? Олай болса , қайшымен жұмыс жасардың алдында қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қайшыны дұрыс ұстауды көрсетемін. Қайшыны дұрыс ұсыну, үшкір жағымен ұсынуға болмайды. Қайшымен дұрыс қию, қағазды қиған кезде бір қолмен қайшыны ұстап, екінші қолымызбен қиылатын қағазды ұстауымыз керек.
Жұмбақтың шешімін табу.
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді
Алақанын жазып. (Гүл)
Қырға қызыл кілем жайдым. (Қызғалдақ)
─ Бүгінгі сабағымызда қызғалдақты жапсырмалаймыз.
Тәрбиелік мәні.
Гүлдің пайдасы : гүлден дәрілер жасайды, гүл әсемдікті бейнелейді, табиғатты көркейтіп тұрады. Гүлдер немесе басқа да өсімдіктер жақсы өсуі үшін суарып, жапырағындағы шаң-тозаңды сүртіп тұруымыз керек.
Гүлдің құрылысы : сабағы, жапырағы, гүл шоғы болады. Дайын суреттен көрсетемін, атаймын. Түстерін ажыратамыз.
Сабағы – жасыл түсті, жапырағы – жасыл, гүл шоғы – қызыл түсті.
III. Сарамандық кезең.
─ Алдарыңдағы гүл құрылысының шаблондары арқылы, түсті қағаздың түссіз жағына жай қарындашпен бастырып сызып аламыз. Енді қарындаш ізімен қиып аламыз.
Гүлдің сабағы шықты ма ? Түсі қандай ?
Енді желімді осы қиған түсті қағаздың түссіз жағына аздап жағып ақ қағазға желімдейміз.
Тазалық сақтау ережесін жұмыс барысында ескертіп отыру. Желімдеген сайын қағазды үстінен екі қолмен басып, шүберекпен тегістеп отырамыз.
Жеке жұмыс. Сыныптағы III – IV топ оқушыларының орындайтын жұмысы. Шаблон арқылы сызылған үлгіні қиғызу, парақ қағазға сызылған үлгінің үстіне жапсырманы орналастыру, жапсыраны қағазға желімдеу.
Жұмыстарын аяқтау, жұмыс орнын жинастыру.
IV. Қорытындылау.
─ Қандай жұмыспен шұғылдандық ? Гүлдің қандай пайдасы бар ? Гүл жақсы өсуі үшін не істейміз ? Гүлдің құрылысын айтыңдар, түстері қандай ?