kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру

Нажмите, чтобы узнать подробности

технология пәнінен 5 сыныптарға арналған ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру»

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы






Технология пәнінен ашық сабақ


Тақырыбы:

«Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру. »

5 «б» сыныбы









Өткізген: технология пәні мұғалімі

Ташанов А.С









2016-2017 оқу жылы



Бекітемін: ...................... Сыныбы: 5 «б» Уақыты: ................




Тақырыбы: Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру. 
Сабақтың мақсаты: 
А) білімділік: ағаштан жасалатын бұйымдарды құрастырудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Жасалатын бұйымдарды нұсқау карта бойынша жасауға қалыптастыру; 
Ә) дамытушылық: ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту. Сабақтағы теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып, оны жасап көрсету; 
Б) тәрбиелік: оқушыларды еңбекке баулу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру; 
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, қазақ әдебиеті. 
Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық жұмыстар 
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі тақтай бөлшектері, технологиялық нұсқау карта, шеге, бұрама шеге, желім, балға, бұрауыш т.б. еңбек құралдары. 
Сабақ барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. - оқушылармен амандасу;
- оқушыларды түгелдеу, кластың дайындығын тексеру;
- оқушыларды топтарға бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар ағаш өңдеуге қажетті құралдарды еске түсірту үшін жұмбақтар шешейік: 

Ағаш мойын, шойын бас 
Осы мықты мойымас. 
Мықтап тұрып ұрады, 
Мықты жерге тығады. (балға) 
Кедір-бұдыр тақтайды 
Тегістейтін тілімен. 
Жеген асын таптайды 

Шығар желке түбінен (сүргі)

Азулы хайуан – темір ер,
Әндетіп ағаш кемірер. (Ағаш кескіш ара)

Қолға алсаң қызмет етер,
Бүтінді бөлшектеуге шебер. (пышақ)


Қалпақты жымырады,
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды,
Дәйім дайын тұрады. (балға)

Кішкене ғана келіншек,

Төбесінде түйіншек. (шеге)


ІІІ. Жаңа сабақ.

 Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру.
1.Теориялық бөлімі: шеге , бұрама шеге туралы мәлімет беру.

Ағаш бөліктерін біріктірудің ең қарапайым тәсілі – бұл шегелер арқылы қосу.

Шеге – бекітпе бөлшек. Шегенің бастиегі, өзегі, ұшы болады. Қолданылуына қарай шеге өлшемі және бастиегінің пішімі бойынша ерекшеленеді.

Құрылыстық шегені құрылыс бөлшектерін және конструкцияларды

бекітуде: еден төсеуде, қалқа, қабырға жасауда қолданылады.

Сәндік және тұсқағаздық шегені бұйымдарды матамен, дермантинмен

және теріні қаптау үшін пайдаланады.

Таралық шегені жәшік жасауда, уақытша шарбақ жасағанда қолданады.

Жабындық шегені сылақ (штукатура) төрткілдештерін, жабындық жайма материалдарды бекітуге қолданады.

Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатыны – ұзындығы 8-ден 50 м-ге дейін жететін, қалпақшасы жалпақ келетін жалпы құрылысытық мақсаттағы шегелер. Олардың үй салғанда қолданылатын дөңгелек қималы түрінің ұзындығы 20-40 мм, диаметрі 2-3 мм болады. Ал жәшік-терді, ыдыстарды құрастырғанда қағылатын шегелердің ұзындығы 25-80 мм-ге дейін жетеді, диаметрі 1,6-3,0 мм; олардың шеткі және белдемше құрсау тақталарын қағуға арналған шегелердің ұзындығы 8-25 мм, диаметрі 1,6-2,0 мм болады.

Бөлшектерді шегемен құрастырып-бекіту кезінде белгілі ереже талаптары мұқият орындалуы керек.
Шегені қағар алдында шегеленетін жерді бізбен белгілеп аламыз.

Шегені ұста балғасымен қағады. Балғаны оның сабының артқы ұшы алақаннан 30-40 мм шығып тұру керек.

Шегені көлбеулетіп қағу керек. Шегені алғаш қаға бастағанда саусағыңмен немесе қысқашпен ұстап тұру керек.

Шеге майысса оны арнайы шегесуырғышпен суырып аламыз.

Шегемен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері:

  • Балғамен шегені ұру барысында өте абай болу керек, қолды ұрып алудан сақтану керек.

  • 2.Шегені ауызға салуға, тіспен суыруға болмайды.

  • 3.Балғаны көршіңе сабы жағымен беру керек.


Шегені қаққанда бірінші соққылар қысқа және әлсіз жәйләп соғу керек ағашқа кіргеннен кейін қаттырақ соғу керек.

Шегені бұтақ көзі жоқ жерден қағу керек.

Шегені ылғал ағашқа қақпау керек, өйткені шеге шіриді.

Балғаны соғу шеге өзегінің бағытына дәл келетіндей етіп соғу керек.


2.Бұрамашеге – конус тәріздес бекітілетін

металл діңгектер. Бұрамашеге бастиектен

және терең қыртысты өзектен тұрады.

Бұрамашегелерді ағашқа бұрауышпен

(отвертка) бұрап кіргізеді. Ол үшін

бұрауыштың ұшы бұрамашеге оймакілтегі

пішінімен сәйкес келуі керек. Бұрамашегені

орнататын жерді де алдын ала белгілеп алады. Бұрама шегені ілгектерге, тұтқаларға, топсаларға, құлыптарға, ДСП және ағаштан жасалған заттарға бекіту үшін пайданылады.


Бұрама шегемен құрастырып бекіту анағұрлым мықты әрі берік болады. Себебі оның сүйір бұрышты бұрама бөлігі жұмсақ ағаш материалдың ішкі жағында бұрандалы қуыстар жасайды.

Бөлшектерді құрастырып – бекіту кезінде бұрама шегелерді ұрып қағуға үзілді – кесілді тыйым салынады. Өйткені ондай жағдайда ағаштың ішкі қуысындағы тесіктің қабытғасын шегенің бұрандалы бөлігі опырып кетеді де, діңгектің қысып ұстау күші бірден кемиді. Сөйтіп бұлай бекітудің тиімділігі шегемен бекіткендегіден де нашар болып шығады.

Бұрамашегемен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелері:

  • Бұрама шегені бұрағанда қолыңмен ұстама.

  • 2. Жарамды бұрауышты қолданып, біркелкі бұрап отыру керек.

  • 3. Зақымдалған және түрлі ақауы бар, бөлшектерінің кетігі бар бұрамаларды қолданбаныз.

  • 4. Бұрама шегелерді балғамен ұрып бекітуге, қысқашпен суыруға мүлде болмайды.



3. Позия минуты: «Бірінші рет балға ұстаған балаға» Қадыр Мырза Әли

Көрмегені болады ғой ердің де,

Сен өмірде шеге қағып көрдің бе?!

Оқасы жоқ!

Алсаң қолға балғаны,

Бірте - бірте жөнделеді қалғаны!

Орашалақ, олақпын деп торықпа,

Ал, кәнеки,

Балғаңды ұста,

Қорықпа!

Алғашқыда,

Рас, сасып тұрасың.

Шегеге бір,

Қолыңа бір ұрасың.

Көне қоймас бірден балға дегенге.

Бармақ ісіп,

Майысады шегең де!

Сөйте - сөйте

Өнер сырын ұғасың.

Саусағыңды ұрмайтұғын боласың.

Ал әзірше

Алған беттен таймай тұр.

Бармағыңды

Дәкеменен байлай тұр!


ІV. Сарамандық жұмыс: (топпен жұмыс)

  1. Нұсқау карта бойынша ағаш бөлшектерін бір – біріне шеге арқылы бекіту жұмыстарын орындау.

  2. Нұсқау карта бойынша ағаш бөлшектерін бір-біріне бұрама шеге арқылы бекіту жұмыстарын орындау.




4. «Адасқан әріптер»ойыны: Ю Е Б І З Ү Б А Б Ұ Р А М А Р А Б Ұ Р Ғ Ы Ф Л А Ы А Р А У Ғ С Ү Р Г І Л О У Б А Л Т А Б И Д А Ш Е Б Е Р Ү С ТЕ Л Е Б Қ А Ш А У Е Т Қ Ы С Қ А Ш Ь Б А Л Ғ А Ы Ж Б Ұ Р Ы Ш Т Ы Қ Ш Ә Т А Н Ш Е Г Е Ғ


V. Бекіту:

Венн диаграммасына сүйене отырып, шеге мен бұрама шегенің қасиеттері мен қызметтерін салыстыру.




VІ.Үйге тапсырма:

Бөлшектерді шегемен және бұрамашегемен бекіту әдістерін жасау.

VІІ. Қорытынды.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бөлшектерді шегемен, бұрамашегемен біріктіру

Автор: Ташанов Адилжан Суйеугалиевич

Дата: 04.12.2016

Номер свидетельства: 365615


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства