2.Жақсартылып гидрофицирлинген шөмелеуші бар комбайндарды қай жылдан бастап жаппай өндіріс орындарына шығару ұсынылды?
3.Комбайншыға шөмелеуіштің толғанын хабарлағыш.
а) автоматы мен бақылаушы жұдырықшаны қам титын механизм
ә) комбайншының көмекші жұмысшысы б) дыбыс белгісі
в) белгі бергіші г) жарық белгісі
4.Сабан нығыздауыш пен топан нығыздауышты қозғалысқа келтіретін тетік.
а) тегершік ә) жұдырықша б) жұлдызша
в) бұраңқы білік г) шаншарық
5. Тырманың айгөлегі қандай материалдан жасалған?
а) пластмассадан ә ) болаттан б) мыстан
в ) шойыннан г ) ағаштан
Негізгі бөліктері
Жүргізгіш доңғалақтар мосты өз кезегімен тізбектегіштен,тежегішімен қорапты берілістен,бұлдықтан,екі өңірлік редуктордан және жүргізгіш доңғалақтардан тұрады.Басқаратын доңғалақтар мостына жататындар-артқы білеу,рөл трапециясы,рөл механизмі,ги дрокүштегіш және басқаратын доңғалақтар .
СК-5 және СК-6 комбайндарында қорапты берілістің тежегішінен басқа тағы да екеу доңғалақтық тежегіш бар.
Вариатор. Қозғалтқыштың айналу қозғалысын қабылдайтын қорапты беріілстің тегершігінен жүру бөлігіне сыналы қайысты вариатор арқылы береді.Оны біртіндеп майда және комбайн жылдамдығын тез өзгерту үшін қолданылады. Жылдамдықты өзгерту үшін вариатордың гидроцилиндрін басқаратын кран тұтқасын қозғаса болды.. Вариатордың көмегімен СК-5 және СК-6 комбайндарының қозғалу жылдамдығын келесідегідей жылдамдыққа мәнерлеп өзгертуге болады:бірінші – 1. 04-тсн 2,63 км/сағ –қа дейін,екіншісі – 2,82 деп 7.20 км/сағ-қа дейін,үшіншісін -7,40-тан 18,70 км/ сағ-қа дейін,ал артқы жылдамдықты -2,97-ден 7,35 км/сағ-қа дейін.
Тізбектегіш. Тізбектегішті қорапты берілістің қабылдаушы тегершінің жүру бөлігінің қалған агрегаттарынан ағытуға ,қораптың үзілісті берілісін алмастыруға мүмкіндік және жүру бөлігін біртіндеп қосуға , сондай-ақ комбайнды орнынан баяу жылжытуға қолданады.Барлық комбайндарға үнемі құлыпталған,бір дискілі құрғақ тізбектегіш орнатылған.
Тежегіш. СК-4,СК-4А және (СКД-5) «Сибиряк» комбайндарының қорапты берілісінде орнатылған бар болғаны бір тежегіш бар
Бұлтылдақ. Бұлтылдақты комбайнның бұрылысы кезінде және қисық жолдармен жүргенде жүргізуші доңғалақты әр түрлі жылдамдықпен айналысқа босатуға ,ал түзу сызықты қозғалыста бір қалыпты жылдамдықпен айналуын қаматмасыз етуге қолданады.
Өңірлік редуктор. Айналу жиілігін төмендетеді ,сонымен қатар осындай шамада жүргізгіш доңғалақтың айналыс сәтін арттырады. Редуктор айналу жиілігін 5,6 есе төмендетеді.
Рөл трапециясы. Барлық доңғалақты жүйенің бұрылу центрі барлық доңғалақтар осінің қиылысу нүктесінде жатуға тиісті.
Доңғалақ. Барлық комбайндардың жүргізгіш доңғалақтарының жүргізгіштігі жоғарылатылған,тракторлық үлгідегі орташа қысымды шиндерімен ,пневматикалы қарсы қырланған .СК-4,СК-4А және СКД-5 комбайндарындағы жүргізгіш доңғалақтарының диаметрі -1345 мм. Ал бағыттаушы доңғалақтақ диаметрі -900 мм. Осы комбайндардың жүргізгіш доңғалақтарындағы қаптаған өлшемі 15-24, бағыттаушы доңғалақтікі 9,00-16.Алғашқы сап қаптабан енін көрсетеді, ал екіншісі доңғалақ тегеурінінің диаметрі ,яғни қаптабанның ішкі диаметрі.
2.Технологиялық нұсқау картасы мен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру
ҮІ.Жаңа сабақта түсінгенін тексеру
1. « Ойлан тап » ойыны
Комбайнның құрылысы . Комбайнның жұмыс принципі.
2.Еңбек туралы мақал – мәтел айтқызу.
3.Сурет бойынша әңгімелесу
-Біздің жасаған жұмыстарымыздың барлығы еңбектің арқасында ғана бір нәтижеге жетеді
ҮІІ. Бекіту
1.Сарамандық жұмыс.
Комбайн макетін жасау.
Ағымдағы нұсқау.Комбайнның бөлшектерін жинақтауға дайындығына назар аудару, әр оқушының технологиялық нұсқау картасымен танысқандығын байқау, олардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін техникалық нұсқау карталарының тәртібін түсіндіру.Комбайн бөлшектерінің дұрыстығына көз жеткізу, қате болған жағдайда оларға қолмен көрсету, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын талап ету.
Оқушылардың жұмыс орындарына, материалды ұғынуына көңіл аударып, қиын сұрақтарға түсінік беру. Комбайн негізгі бөліктерінің орналасуына ден қойдырып, дұрыс ұғым қалыптастыруға көмектесу,жинау әдістерінің орындалуын қадағалау , тексеру, әр оқушының іс әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал -жабдықтар мен құрылғыларды пайдалануын өздігінен көңіл бөлу, механизмдердің қасында техника қауіпсіздік шараларының сақталуын көңіл бөле отырып жіберген қателіктерін түзету жолдарын түсіндіру.
Аталған кемшіліктердің сапасына, комплектілігіне тексеру жүргізіп құрал –жабдықтарды, жұмыс орындарын түгелдеп алу. Әрбір оқушының жұмысын бағалап, журналға түсіру.
Оқушылардың жұмысын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған жеке оқушыларын атап өту, әсіресе жұмыс сапасына оқушылардың көңілін аудару.
Жіберген кемшіліктеріне тоқталып, қажетті нұсқаулар беру