-Сабақтың білімділік міндеті: металл беттерін егеуде жазық және дөңес, ойық беттерді, қима, ойық жырашық бөліктердің іштерін, барлық формадағы тесіктерді, бір-біріне әр түрлі бұрыш жасай орналасқан беттерді өңдеуді үйрету;
-Дамытушылық міндеті: теориялық білімдерін практикалық іс-әрекеттерге ұштастырып,оны іс жүзінде пайдалану;
-Тәрбиелік міндеті: бұл слесарьлық құралдың, яғниегеудің қай кезде де жұмысқа қажет екенін түсіндіру, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: егеу түрлері, технологиялық нұсқау карта.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды тексеру, сарамандық жұмыс киімдерін түгендеу.
Б) өткен сабақты еске түсіру.
1.Қол араның негізгі типтері қандай?
2.Қалындығы 2 мм жалпақ болат темірді немен кесуге болады?
3.Қол қайшылардың құрылысының өзгешелігі не?
4.Арамен металл кесудің негізгі ережелерін айтындар.
II. Жаңа сабақ. Бағдарлама бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.Сабақтың мақсатын әңгімелеу.
Металды егеу деп- егеулердің көмегімен металды жаңқалап тегістеу операциясын айтады.Егеу – көлденең қимсы белгілі бір формуладағы болат стерженьнен жасалған жону аспабы. Оның беттеріне жонғыш істер мндетін атқаратын кертіктер салынған.Егеу бөліктері: жалпақ жағы, жұқа жағы, ұшы, сай тірегі, саптық бөлімі. Егеу беттерінің кертігі- бір қабат, қос қабат, түрпі және доға тәрізді болады. Слесарь егеулеінің жұмысқа арналған стандартқа сәйкес 8 түрі болады:жалпақ ұшы сүйір, квадрат жақты, үш қырлы, жұмыр, жартылай жұмыр, ромб жақты, қол ара тәрізді.
Сарамандық жұмыс: Өз беттерінше жаттығу жұмыстарын атқарады.
Жазықтық бетін егеу. Домалақ пруттан төртбұрышты бұйым дайындау.6*6 ұзындығы 50 мм.
а)Бұйымның сызбасымен таныстыру.
ә)Жазық бетін егу әдістерін көрсету.
б)Егеуді дұрыс ұстауды және дұрыс тұруды әдістерін көрсету.
Жұмыс кезінде оқушылардың жұмыс орнын аралау.
1.Жұмыс орнын және құрал-саймандардың дұрыстығын тексеру.
2.Бұйымның жасалу технологиялық картасымен таныстырып, материалдың дұрыстығын тексеру.
3.Бұйымның қысқышқа дұрыс бекітілуін тексеру.
4.Әр оқушыға жеке-жеке тоқтап, көмек көрсетіп, егелеу әдістерін меңгерту көрсету.
5.Егелеу кезіндегі қауыпсіздік ережелерін сақтауға қатаң көңіл бөлу.
6.Дайын бұйымдары қабылдау.
7.Қортынды.
а) Жасалған бұйымдары қабылдап, оқушылар еңбегін бағалау;
ә) Жіберілген қателерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзіне көрсету;
б) Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.
в) Алдағы уақытты слесарьлық бұйымдар жасағанда бұл операциялардың өте қажет екенін ескерту;
г) Үйге тапсырма: конспектілер арқылы слесарьлық тіс туралы оқу;
д) Жұмыс орнын жинастырып, құрал-саймандарды мұғалімге тапсыру.