1. БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫ БАРЫСЫНДА САПТЫҚ
ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1. Саптық тәсілдер және қарусыз орнында тұрып қозғалыс жасау
1.2. Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу және сапқа қайта
оралу, бастыққа келу және одан кету
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ САПТЫҚ
ЖАРҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Әскери қызметшілердің сапқа тұрудың алдындағы
және саптағы міндеттері
2.2 Қарумен саптық тәсілдер және қозғалыстар
2.3 Бөлімшенің, взводтың жаяу тәртіптегі саптары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазір отан қорғаушылар қатарында ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.
Сап және оларды басқару.Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер. Сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттері. Орнынан сәлемдесуге жауап беру.
Сап — әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және белімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машинадағы орналасуы.
Тақырыптың зерттеу деңгейі. Саптық байқау жеке саптық машық және бөлімшелердің саптық үйлесімділік дәрежесін айқындау мақсатында өткізіледі. Саптық байқауда, сондай-ақ әскери қызметшілердің сыртқы пішіні, жабдықтардың, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың бар болуы мен жай-күйі тексеріледі. Саптық байқауда инспекциялау кезінде, одан басқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысында мазмұндалған тәртіппен әскери қызметшілерге сұрақтар қойылады. Әскери қызметшілерге сұрақтар қою да сонымен қатар тексеру жүргізу кезінде жүргізілуі мүмкін.
28 наурыз 2013жыл «Қазақстан қоғамының модернизациясы және жастар» атты Республикалық студенттік ғылыми конференция материалдарының жинағыда, «Бастапқы әскери дайындық сабағы барысындағы саптық дайындықтың маңыздылығы» тақырыбында баяндама шықты.
Мақсаты. Саптық байқауды тікелей бастықтар немесе инспекциялауға (тексеруге) басшылық жасау үшін тағайындалған адамдар жүргізеді. Саптық байқауды жүргізетін адамдарға байқаудың мақсаттарына, міндеттеріне және жауынгерлік даярлық бағдарламасын орындауға байланысты саптық байқауды өткізу тәртібін белгілеуге рұқсат етіледі.
Әрбір саптық байқау бөлімшенің, бригаданың (полктің) салтанатты шерумен өтуімен, ал Жауынгерлік Ту әкетілгеннен кейін – бөлімшелердің саптық әнді орындауымен аяқталады. Байқау қарсаңында байқауды өткізетін бастық бөлімшенің, бригаданың (полктің) командиріне байқаудың уақытын, орнын, сапқа тұрғызу және өткізу тәртібін, киім нысанын, байқауға қандай қару-жарақ, әскери және басқа да техниканы шығару қажеттігін хабарлайды.
Ротаның, батальон мен бригаданың (полктің) саптық байқауы жаяу тәртіппен немесе машиналарда өткізіледі.
Жаяу тәртіппен байқауға бригада (полк) бөлімшесінің барлық жеке құрамы жеке қарумен шығарылады, ал машиналардағы байқауға, одан басқа барлық қару-жарақ, әскери және басқа да техника шығарылады.
Зерттеу міндеттері. Саптық дайындық — әскери қызметшілерді әскери дағды мен әскери тәртіпке үйретудің маңызды пәндерінің бірі. Ол әскери қызметшіге саптың тұрысты, ұқыптылықты, тәртіптілікті, бөлімше құрамында жекеленген саптык, тәсілдер мен үйлесімді қимылдарды дереу және дұрыс орындауды дағдыландыруға бағытталған.
Зерттеу нысаны. Саптық дайындық: қарумен және қарусыз жекеленген саптық жат-тығуларды; машиналардағы және жаяу реттегі қимылдар кезінде бөлімше (есеп тобы, экипаж), взвод, рота (батарея), батальон (дивизион) және полктердің жаттықтыруын; бөлімше мен бөлімдердің саптық байқауларын, сондай-ақ әскери қызметшілердің ұрыс алаңында жылжу тәсілдерін қамтиды.
Құрылымы мен көлемі. Ұсынылып отырған дәрістің жалпы құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және де қосымшалардан тұрады.
1. БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫ БАРЫСЫНДА САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1. Саптық тәсілдер және қарусыз орнында тұрып қозғалыс жасау
Саптық дайындық — әскери қызметшілерді тәртіпке үйрететін, оларда жоғары саптық бойы түзету, үлгілі әскери түр, саптык тәсілдерді жылдам және дәл орындай алуды қалыптастыратын, ширақтыққа, ептілікке және шыдамдылыққа дағдыландыратын басты әскери пәндердің бірі.
Сонымен қатар Саптық дайындық бөлімшенің саптық үйлесімділігін қалыптастырады, оларды оңай басқарылатындай етеді және әскерлердің ұрыстық әзірлігін жоғарылатуға ықпал етеді. Ол сарбаздың және бөлімшенің табысты тактикалық дайындыгының негізі болып табылады.
Саптық дайындық элементтері тактикалық сабақтарға атыс және дене тәрбиесі дайындықтары элементтерімен тең түрде кіреді.
Саптық дайындық төмендегі бөліктерден тұрады:
жеке дайындық сарбаздардың қарумен және карусыз орындалатын саптық тәсілдерді үйренуі;
сапта, ұрысқа кіру реттерінде, тізбекте (белімшенің ұрыс желісі) бірлесіп қимыл жасау үшін бөлімшені даярлау және үйлестіру;
бөлімшелерді машиналармен қимылдарға үйрету.
Жеке саптық үйрету Саптық дайындықтың негізі түрі болып табылады, себебі жалпы бәлімшені және бөлімді үйрету мен үйлестірудің табысты бәлуы әрбір сарбаздың дайындық дәрежесіне байланысты болады.
Саптық тұрыс (1-сурет) "САПТАЛ" немесе "ТІКТЕЛ" пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пермен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтын ұшын мандайшептін сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; аяқтарды тізені түзей отырып, тығыз ұстамау керек; кеудені тік ұстау керек, ал дене біршама алға ұсынылуы керек; ішті тарту керек; иықтарды жазу керек; қолдарды алақандарды ішке қаратып, бүйірге және жамбастын ортасына ұстап, ал саусақтарды жартылай бүгіп және жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап, шұғыл әрекетке даяр болу керек.
Орнындағы саптық тұрыс бұйрық берілгенде және қабылданғанда, баяндау кезінде, Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік әнұраны орындалғанда, әскери сәлемдесу берілгенде, сондай-ақ пәрмендер берілгенде пәрменсіз қабылданады.
"БОСТАН" пәрмені бойынша он немесе сол аяқтын тізелерін бос ұстап, орыннан кетпей, назарды әлсіретпей және сөйлеспей еркін тұру керек.
"ЖИНАҚТАЛ" пәрмені бойынша саптағы өз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін және жабдықтарын түзеу керек; қажет болған жағдайда саптан шығу үшін тікелей бастығынан сұрауға болады.
"ЖИНАҚТАЛ" пәрменін алдында "БОСТАН" пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу үшін "Бас киімді (бас киім) шеш", ал кию үшін "Бас киімді (бас киім) ки" пәрмендері беріледі. Қажет болған жағдайда жекелеген әскери кызметшілер бас киімді пәрменсіз шешеді және киеді.
Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады (2-сурет).
Қарусыз немесе қарумен "арқаға" күйінде бас киім он, ал қарумен "белдікке", "кеудеге" жєне "аяққа" күйінде - сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен "иыққа" күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала аяққа түсіріледі. Жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, жеке қорғану кұралдарын жєне бекініс құрал-саймандарын тексеруге және білуге;
-қарамағындағылардың сыртқы келбетін, сондай-ақ жабдықтарының бар-жоғын және оның дұрыстығын тексеруге;
- саптын тәртібін сақтауға жєне бөлімшелердін пәрмендер мен белгілерді, ал әскери қызмкерлердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауларын талап етуге;
- жаяу сапта пәрмен берілгенде сантық тұрысты қабылдауға;
- бөлімшелер қару-жарақпен жєне техникамен сапқа тұрғанда оларға сыртқы шолу жасауды жүргізуге, сондай-ак, жеке құрамды тасымалдауға арналған жабдыкты түгендеуге жµие түзулігін, тасымалданатын (тіркелетін) материалдык беліктін, мүліктін салынуынын дұрыстығын тексеруге;
- қауіпсіздік талаптарын жеке құрамнын есіне салуға;
- қозғалыс кезінде белгіленген ара қашықтықты, жылдамдықты жєне қозғалыс ережелерін сактауға міндетті.
Әскери қызметші:
- Өзінін қаруынын, өзіне бекітіліп берілген қару-жарақтын, техниканын, оқ-дәрілердін, жеке қорғаныс құралдарынын, бекініс кұрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығынын түзулігін тексеруге;
- нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;
- саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға; қозғалыс кезінде төзелімді, белгіленгсн аралықтқы, ара қашықтықты сақтауға;
- сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға; өзінін командирінін бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;
- бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуте (айтып жеткізуге) міндетті.
2. Орнында тұрғандағы бұрылыстар
Орнында тұрғандағы бұрылыстар "оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Ай-НАЛ" пәрмендері бойынша орындалады.
Айналу және солға бұрылу сол қол жаққа қарай, сол өкшемен
және он аяқтын ұшымен; онға бұрылу- он қол жаққа қарай он өкшемен және сол аяқтын ұшымен жүргізіледі.
Бұрылыстар екі тәсілде орындалады:
- бірінші тәсіл - дененін тік қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, алдынғы тұрған аяққа дененің салмағын салу керек;
- екінші тәсіл - қысқа жол арқылы екінші аяқты қою керек.
1-сурет 2-сурет. Бас киімді шешкен к‰йінде:
Саптық тұрыс а - қалпақ; б - мақта-матадан тігілген жорық қалпағы; в - құлақшын-бөрік
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымнын мөлшері 70-80 см.
Жүгірумен қозғалыс жасау минутына 165-180 адым жасау жылдамдығымен жүзеге асырылады, адымның мөлшері 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелердін салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардын қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде;
әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде, сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым қалған басқа жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау "САППТЕН адымда" (қозғалыс кезінде "Саппен -адымда") пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау -"Адымда" пәрмені бойынша басталады.
Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұсындырылады, онын салмағын орнықтылығын сақтай отырып, он аяққа салу керек;
орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтын ұшын жерден 15-20 см жоғары көтеріп аяқ алға созылады және табанға нық қойылады.
Иықтан бастап қолдармен дененін айналасында қозғалыс жасау керек: алға- оларды шынтақты бүгіп денеден алақаннын еніндей ұстап белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдын білегінін денгейінде болу керек; артқа- иықтын буынынын шегіне жеткенше.
Қолдын саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінін алдына қарай қарау керек.
3-сурет.3. Саптық адыммен қозгалыс жасау
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде "ТІКТЕЛ" пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде "БОСТАН" пәрмені бойынша жорықтык адыммен жүру керек.
Жүгірумен қозғалыс жасау "Жүгіре - АДЫМДА" пәрмені бойынша басталады.
Алдын ала пәрмен бойынша орнынан қозғалыс жасау кезінде денені алға ұмсынып, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын пәрмен бойынша жүгірісті сол аяқтан бастау керек, қолмен артқа және алға қарай жүгірістін жылдамдығы бойынша еркін қозғалыстар жасау керек.
Қозғалыс кезінде адымнан жүгіруге ауысқанда алдын ала пәрмен бойынша шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын пәрмен сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі. Осы пәрмен бойынша оң аяқпен бір адым жасалады және сол аяқтан жүгіру қозғалысын бастау керек.
Жүгірістен адымға ауысу кезінде "Адымда" пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен он аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі.
Осы пәрмен бойынша жүгіріспен тағы да екі адым жасалады және адыммен қозғалысты сол аяқтау бастайды.
Орнында тұрып адым жасауды көрсету "Орнында, адымда" (қозғалыста "ОРНЫНДА") пәрмені бойынша жүргізіледі.
Осы пәрмен бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен көрсетіледі, бұл ретте аяқты жерден 15-20 см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адымнын ырғағымен (4-сурет) қозғалыс жасау керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін "ТУРА" пәрмені бойынша оң аяқтан орында тағы да бір адым жасау керек және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.
Қозғалысты тоқтату үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: "Қатардагы жауынге Әлімов -ТОҚТА" Оң немесе сол аяқты жерге коюмен бірге бір мезгілде берілетін орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасау керек және саптық тұрысты қабылдау керек.
Қозғалыстын жылдамдығын өзгерту үшін: "ҚАРЫШТА", "ҚЫСҚА АДЫМДА", "ЖЫЛДАМДАТ", "ЖАРТЫ АДЫМ" "ҚАЛЫПТЫ АДЫМ" деген пәрмендер беріледі. . Жекелеген әскери қызметшілердін орнын бірнеше адымға басқа жаққа ауыстыру үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Оңға (солға) екі АДЫМДА".
Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ынғайлап қоя отырып оңға (солға) екі адым жасау керек.
Жеке әскери қызметшінін қатарындағы бірнеше адым жерге орнын ауыстыру үшін пәрмен беріледі.
Мысалы: "Қатардагы жауынгер Әлімов. Онға (солға) екі АДЫМДА".
Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ынғайлап қоя отырып онға (солға) екі адым жасау керек.
Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру тітін пәрмен беріледі.
Мысалы: "Екі адым алға (артқа) -АДЫМДА".
Осы пәрмен бойынша әрбір адымнан кейін алға (артқа) екі адым жасау және аяқты кою керек. Оңға, солга және артқа орын ауыстыру кезінде қолмен қозғалыс жасалмайды.
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар "Оң-ҒА", "Сол-ҒА", "Ай-НАЛ" пәрмендері бойынша орындалады.
Оңға (солға) бұрылыс жасау үшін орындалатын пермен жерге оң (сол) аяқты қоюмен қатар бір мезгілде беріледі. Осы пермен бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ±шымен б±рылу керек, бұрылумен бір мезгілде оң (сол) аяқты алға созу жєне козғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
4-сурет. 4. Орнында тұрып адым жасау
Қозғалыс кезіндегі бұрылыстар
Айналу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек (бір деп санау бойыпша), оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солга және сол қол жакқа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып (екі деп санау бойынша), қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек (үш деп санау бойынша).
Бұрылыс кезінде қолмен козғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.
Саптық тәсілдер және қарумен қозғалыс жасау. Қарумен саптық тұрыс та қарусыз сапық тұрыс сияқты, бұл ретте қаруды аузын жоғары қаратып, оң қолдың білегімен белдіктің жоғарғы жағына типзш, ал жиналмалы дүмбілі автоматты аузын темен қаратып "белдікке" кейінде ұстау ксрек (5-сурет а,б,г.).
Қол (роталық) пулеметгі аяққа сркін түсірілген оң қолмен дүмбісін оң аяқтың өкшесіне жанай тигізіп жерге ту сыртымен қойып ұстау керек (5в-сурет). Карабинді аякка қол пульметі сияқты ұстау керек, бұл ретеге еркін түсірілген оң қолмсн газ түтігінен ұстау керек (5-сурет).
Тәсілдерді қарумен орнында тұрып орындау. Автомат "белдікке" күйінен "кеудеге" күйіне "Автоматты - кеу-ДЕГЕ" пєрмені бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл-белдік бойыиша оң қолмсн біршама жоғары ұстап, автоматты иықтан алу керек және оны сағағынан және үңғы кесігінен сол қолмсн іліп ізінің алдына оқжатарын солға қаратып, аузын иектің биіктігінде тік ұстау керек (6-сурет, а);
екінші төс/л-белдікті оң қолмен оңга қарай жіберіп тастау керек жєне оны алақанмен саусақтар жартылай бүгілген және ізіне қарап тұратындай етіп ұстап алу керек; сонымен бір мезгілде оң қолдың шынтағын белдіктіц астына кигізу керек (6-сурет, б);
Үшінші тес/л-белдікті бастан асыра лақтырып тастау керек;
автоматты дүмбінің мойнынан ұстап, ал сол қолды жылдам түсіріп жіберу керек (6-сурет, в).
Жиналмалы дүмбілі автомат "белдікке" күйінен "кеудеге" күйіне дәл сол пәрмен бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл -оң колдың шынтағын белдіктің астынан шығармай автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолымен сағағынан жєне үңғы кесігін төменгі жағынан іліп алып, оны ізінің алдына оқжатарын төмен, ауыз жағын солға қаратын ұстау керек (6- сурет, г);
екінші отосм-белдікті бастан асыра оң қолмен сол иыққа лақтырып тастап, онымен автоматты белдіктегі үңғы қорабынан ұстап алу керек, ал сол қоады жылдам түсіріп жіберу керек (6-сурст, д).
6-сурет 3. Автоматпен "белдікке" күйінен "кеудеге" куйінетәсілдерін орындау
Автомат "кеудеге" куйінен "белдікке" күйіне "Белдік-КЕ" пєрмені бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл-сол. қолмен автоматты сағағынан жєне үңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және бір мезгілде алға қарай жосары сыиып, оң қолды белдіктің астынан шығарып,онымен дүмбінің мойнынан ұстау керек, сөйтіп автоматты 7а-суреттс көрсетілгендей ұстау керек;
екінші тәсіл- автоматты жоғары кетеріп, белдікті бастан асыралақтырып тастау керек жәнс автоматты оқжатарын солға, ауызын иектің биіктігінде озінің алдына тік ұстау керек (7-сурет);
ушінші тәсіл-оң қолмен белдіктің жоғаргы жағынан ұстау керек және автоматты оң иыққа "белдікке" күйіне лақтырып тастау керек, ал сол колды жылдам түсіру керек (5а-сурет).
"Белдік-КЕ" пернеснің бойынша уш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл—оң қолмен карабинді (кол пулеметін) оны денеден айырмай оқжатарын (қол пулеметгің—пистолеттік тұтқасын) солға бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол пулемет сағағынан) алу және оны аузын күздің деңгейіпде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысып тұру керек (8а-сурет);
екінші тәсіл—он. қолмен белдікті алу керек жєне оиы солға тарту керек (8б-сурет);
Үшінші тәсіл—карабинді (қол пулеметін) жылдам иыкқа лақтырыптастау керек; сол қолды босату керек; оң қолды иық кіл дене күйде болатындай етіп белдік бойымен жіберу керек; карабинді (қол пулеметін) шынтақпен жеңіл түрде қысу керек (8г,д-сурет).
7-сурет. 4. "Кеудеге" күйінен "белдікке" күйіне тәсілдерінавтоматпен орындау
Карабин (қол пулеметі) "белдікке" күйінен "аяққа" күйіне"Аяк-КД" пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл—оң қолды белдік бойымен біршама жоғары беріп,карабидт (қол пулеметін) иықтан түсіру керек және оны сағағынан солқолмен Іліп алып, оң қолмен карабинді (кол пулеметін) ұңғыбастырмасының жоғарғы белігінен оқжатарын (қол пулеметтің -пистолеттік тұтқасын) солға, аузын күздің деңгейіне келтіріп алу керек (8а,б-суреттср);
екінші тәсіл—сол қолды жылдам түсіріп, ал оң қолмен карабинді(қол пулеметін) жерге аяқтың жанына жаймен қою керек (5б,д-сурет).
Ротанулеметі "бслдікке" жєне "аяққа" күйлеріне ыңғайына қарай алынады.
8-сурет. "Белдікке" тәсілін карабинмен және қол пулеметімен орындау
Карабин "аяқтан" күйінен "иыққа" к\үйіне тек салулы сіңгімен"Иық-ҚА" пәрмені бойынша екі тєсілмен алынады:
бірінші тәсіл—оң қолмен карабинді катеріп жєне затворын алғабұрып, оны дененің маңайына сол жақ бүйірге тіп-тік ауыстыру керекжене оң қолдың білегімен сағағынан және ұңғының бастырмасынан бір мезгілде іліп алу керек, сол уақытта сол қолдың білегін біршама алға беріп жєне карабинді дүмбісімен сол қолдың алақанына дүмбінің ту сырты жататындай, үлкен саусақ алдында, ал қалған саусақтарды дүмбінің сол жағында қысып түратындай етіп қою керек; карабинді сол иыққа қарама-қарсы қолды созып тіп-тік, дүмбісін сол аяққа тигізе үстау керек; оң қолдың шынтағы иықтың биігіндей болу керек;
екінші тәсіл—оң қолды жылдам түсіру керек, сол қолмен карабинді ол шаппалы қапсырмасымен иықтың ойығында жататындай етіп бірмезгілде көтеру керек және оны қүлатып алмай ұстап тұру керек; солқолдың білегін шынтақтан біршама төмен ұстау керек, дүмбіні белге,ал иықалдын- бүйірге қысу керек (9б,е-сурет).
Карабин "иыққа" күйінен "аяққа" күйіне "Аяқ-ҚА"пәрменібойынша үш тәсілмсы алынады:
бірінші тәсіл—сол қолды жылдам түсіру керек, бір мезгілде оңқолмен карабиыді сағағының жоғарғы жағынан және ±әғыбастырмасынан ұстау керек және оны 9а-суретте кµрсетілгепдей етіп қою керек;
екінші тәсіл—оң қолмен карабинді оның затворын ізіне қаратып оң аяққа қарай темен ауыстыру керек; сол қолмен сіүңгі түтігінен ұстай түрып, оны оң жақ аяктың жамбасының бойымен дүмбісі өкшеге тиетіндей етіп ұстап тұру керек;
үшінші тәсіл—сол қолды жылдам түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жайлап жерге қою керек.
Қажет болған жағдайда белдікті босату үшін "Белдікті-БОСАТ (ТАРТ)" пәрмені беріледі.
"Белдікке" пәрмені бойынша автоматтарды және қолгранатометтерді оң қолға, карабиндерді және пулеметтерді -аяққа ұстау керек; жиналатын дүмбілі автоматтын дүмбісін жинап қою керек, ол үшін автоматты оң қолмен белдік бойымен біршама жоғары ұстап, оны сол қолмен сағағынан және ұңғы бастырмасьнан алып иық тантсіру керек, өзінің алдына оқ жатарын төмен қаратып иектің деңгейінде ұстап тұру керек. Автомат сол қолмен ұстай т‰рып оң қолмен босатын дүмбісін ашып тастау керек. Автоматты оң қолмен сағагынан және ащы бастырмасынан алу керек. "БОСАТ (ТАРТ)" пәрмені бойынша оңға қарай жарты айналым жасап, бір мезгілде сол аяқты алға еңкейіп солға қарай бір адым қою керек, қаруды дүмбісімен сол аяқтың өкшесіне тіреп, ал ұңғысын оң шынтақтың бүгілмесіне кою керек; аяқтың тізелері бүгілмеу керек;
оң қолмен белдікті айылбасынан ұстай тұрып, сол қолмен белдікті тарту (босату) керек жєне өздігінен саптық тұрысты қабылдау керек. "Арқаға", "Белдікке" жєне "Кеудеге" пәрмендерін бермес бұрын қару "Тежегішке ҚОЙ" пәрмені бойыпша тежегішке қойылады. Егер сүңгі-пышақты алып тастау (сүңгіні қайырып тастап) немесе оны салу қажет болса, онда "Сүңгі-пышақты-АЛ" ("Сүңгіні- ҚАЙЫРЫП ТАСТА") және "Сүңгі-пышақты (сүңгіні) -САЛ" пәрмендері беріледі.
Қару "белдікке" күйінен "арқаға" күйіне "Қаруды- арқа-ҒА" пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл—белдікті сол қолмен оң иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмбіден алу керек (дүмбісі жинақталатын автоматты және гранатометті -ұңғысынан төменгі антабкасынан);
екінші тәсіл—оң қолмен қаруды көтеру керек, ал сол қолмен белдікті бастан асыра сол иыққа лақтырып тастау керек; қаруды және қолды жылдам түсіру керек (10-сурет).
Автомат "арқаға" күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин қайырылып тасталған сүңгісіз алынады.
Қару "арқаға" күйінен "белдікке" күйіне "Қаруды-Белдік-КЕ" пәрмені бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл - сол қолмен белдікті сол иықтан біршама төмен алу керек, ал оң қолмен бір мезгілде дүмбіден ұстау керек (ұнғыдан, балағынан);
екінші тәсіл - оң қолмен қаруды көтеріңкіреу керек, ал сол қолмен белдікті бастан асыра оң иыққа тастау керек, белдікті оң қолмен 5а, б, г және 8г,д-суреттерінде көрсетілгендей алып, сол қолды жылдам түсіру керек. Автоматты "кеудеге" күйінен "арқага" күйіне және "арқаға" күйінен "кеудеге" күйіне, соидай-ақ карабинді "арқаға" күйінен "аяққа" күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала пәрмен бойынша "белдікке" күйіне алынады.
Жиналмалы дүмбілі автоматты "кеудеге" күйінен "арқаға" күйіне ауыстыру үшін автоматты ұңғысьпіың ауыз жағынан оң қолмен алу керек жєне оны "арқаға" күйіне ауыстыру керек.
Автоматты "арқаға" күйінеи "кеудеге'' күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен үнғысынын ауыз жағынан алу керек жєне оны ауыз жағынан сол иыққа тарта "кеудеге" күйіне ауыстыру керек.
Қол пулеметі "арқаға" күйіне ыңғайына қарай алынады.
"Аяқ-ҚА" жалпы пәрмені бойынша карабиндер жєне пулеметтер "аяққа" куйіне алынады, ал автоматтар мен қол гранатометтердің күйлерін өзгермейді. Қарудың дұрыс емес күйлерін түзету үшін "Қаруды-ТҮЗЕТ" пәрмені беріледі. Қарумен жасалатын бұрылыстар жєне қозғалыстар. Қарумен бұрылыстар жєне қозғалыстар жасау қарусыз жасалатындағыдай дәл сол ережелермен және пәрмендермен орындалады.
"Аяққа" күйінде ез орнында тұрып қарумен бұрылыс жасау кезінде алдын ала пәрмен бойынша қаруды біршама көтерңкіреу керек жєне бір мсзгілде сүңгіш (ауыз жағын) өзіне қарату керек, ал оң қолды оң жамбасқа жеңіл қысу керек. Бұрылыс жасап, бір мезгілде аяқты қоя отырьш, қаруды жайлап жерге қою керек.
"Аяққа" күйінде "Адымда" пәрмені бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеріңкіреу керек, ал "Жүгір" алдын ала пәрмені бойьшша одан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек.
Жүгіру қозгалысы кезінде қаруды жеңіл бүгілген оң қолмен қарудың ауыз жағы біршама алға қарай болатындай етіп ұстау керек.
Сығылысқан саптағы жүгіріс кезінде суңгіні өзіне қарай алу керек.
"Аяққа", "белдікке" жєне "кеудеге" күйлеріндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде қаруцы ұстамаған бос қолмен, ал "арқаға" күйіндегі қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дененің айналасында адымның ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.
Карабинмен "арқаға" күйінде қозғалыс жасау кезінде
орындалатын "ТОҚТА" пәрмені бойынша тоқтау керек және пәрмен берілместен осы Жарғының 4-бабында көрсетілген ережелер бойынша карабинді аякда алу керек.
1.2. Әскери сәлемдесуді орындау, саптан шығу жєнесапқа қайтып оралу, бастыққа келу және одан кету
Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз бастықтан (атағы үлкеннен) үш-төрт адым жерде тұрып орындау үшін ол жаққа бұрылып саптық тұрысты қабылдау керек және оның соңынан бұрыла тұрып, оның бетіне қарауы керек.
Егер бас киім киілген болса, сондай-ақ саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иықтың сызығында және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек (11-сурет). Басты бастық (атағы үлкен) жаққа бұрған кезде қолдың бас киімдегі орналасуы өзгеріссіз қалады (12-сурет).
Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушьның жанынан өтіп бара жатса, басты тік ұстау керек және сонымен бір мезгілде қолды түсіру керек.
И-сурст. 12-сурет. Єскери сєлемдесуді орнында трып Єскери сєлещдесуді қозгалыс кезівде орындау .
Әскери сәлемдесуді саптан тысқары қозғалыс кезінде бас киімсіз бастықтан (атағы үлкеннен) үш-төрт адым жерде орындау үшін бір мезгілде аяқты қоя отырып қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оның бетіне қарау керек. Бастық (атағы үлкен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстап, қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек.
Бас киіммен тұрғанда аяқты жерге қоюмен бірге басты бұру керек және оң қолды бас киімге қойып, сол қолды қозғалтпай жанда ұстау керек (12-сурет); бастық (атағы үлкен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір мезгідде басты тік ұстап, оң қолды түсіру керек. Бастықты (атағы үлкенді) басып озғанда әскери сєлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстап, оң қодды түсіру керек. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді басты бастықтың (атағы үлкеннің) жағына қарай бұрумен орындайды. Әскери сәлемдесуді қарумен орнында тұрып саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты (61-бап); бұл ретте карабиннің "иыққа" күйін қоспағанда қарудың ұсталу күйі өзгертілмейді және қол бас киімге апарылмайды. Әскери сәлемдесуді карабинмен "иыққа" күйінде орындау кезінде ол аддын ала аяққа алынады.
Қарумен "арқаға" күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек. Әскери сәлемдесуді саптан тысқары қозғалыста бастыққа дейін үш-төрт адымжерде "аяқтағы", "белдікке" немесе "кеудеге" күйіндегі қарумен орындау үшін аяқты қоя отырып басты бір мезгідде ол жаққа қарай бұрып, бос қолмен қозғалысты тоқтату керек; сонымен қатар қарумен "аркаға" күйінде қолды бас киімге апару керек. Карабинмен "иыққа" күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозгалысты жалғастыру керек.
"Қарауылды оң жақтан (сол, маңцайшеп жақтан) қарсы алу үшін" пәрмені бойынша "аяққа" күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
бірінші тәсіл—карабинді оң қолмен көтеріп ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу тетігін өзіне қаратып оны теңестіріп ұстау керек;
осымен бір мезгілде сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақоқжатардың алдында, ал үлкен саусақ -көздеу тетігінің астында) алу
керек, сол қолдың білегі -беддің биіктігіндей болу керек (ІЗа-сурет);
екінші тәсіл—оң қолды қавдақтың мойнына ауыстырып, карабинді үлкен саусақ артында, бірге жинақталған төрт саусақ құндақтың мойнынын алдында қиғаш жататындай етіп ұстап тұру керек (136-сурет);
Екінші тәсілді орындаумен бір мезгілде басты оңға (солға) бұрып,
бастықты оның ізінен қарай отырып шығарып салу керек.
Карабин "қарауылға" күйінен "аяққа" күйіне "Аяқ-қа" пәрмені бойынша алынады.
Алдын ала пәрмен бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын пәрмен бойынша карабинді үш тәсілмен алу керек:
бірінші тәсіл—оң, қолды жоғары ауыстырып, карабинді сағының жоғарғы жағынан және ұңғысының бастырмасынан ұстап алу керек;
екінші тәсіл—карабинді оң аяққа дүмбісі өкшеге тиіп тұратындай етіп ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстап тұру керек;
ушінші тәсіл—сол қолды тез түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жайлап жерге қою керек.
13-сурет. Әскери сәлемдесуді карабинмен "қарауылға" күйіндеорындау
"Қарауылға" тәсілін атқарумен әскери сәлемдесуді карабинмен орындауды тек әскери бөлімшелер және бөлімдер өз орнында сапта болған кезде жүзеге асырады.
"Қарауылды оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу ҮШІН" пәрмені бойынша карабиндер "қарауылға" күйіне алынады; саптағы барлық әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды және бір мезгілде бастарын бастык жаққа қарай оны көз қиығымен шығарып сала отырып бұрады. Егер саптағы әскери қызметшілердің автоматтары, пулеметтері және қол гранатометтері бар болса, олардың тұрған күйлері өзгертілмейді.
Саптан шығу және оған қайтып келу. Бастыққа келу және одан кету. . Әскери қызметші саптан шығу үшін ІІәрмен беріледі.
Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН паленбай АДЫМ АЛҒА ШЫҚ" немесе "Қатардағы жауынгер Иванов. БЕРІ КЕЛ (ЖҮГІРІП БЕРІ КЕЛ)" Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, "Мен" деп, ал саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша "Құп болады" деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адьш саны бойынша шығады, тоқтайды жєне бетін сапқа қаратып бұрылады. Екінші пәрмен бойынша әскери қызметап бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөншде баяндайды.
Мысалы: "Лейтенант мырза. Қатардагы жауынгер Әлімов сіздін бұйрығыңыз бойьшша келіп тұр" немесе "Полковник мырза, капитан Алтаев сіздің бұйрығыныз бойынша келіп тұр".
Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметнің өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.
Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы оньщ артында тұрған әскери қызметші тұрады.
Екіден, үштен (төрттен) тұратын лектен әскери қызметші шыққан кезде ол саптан саптын жақын шетінен, алдьш ала онға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында әскери қызметші тұрса, ол он (сол) аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын қоймастан артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады. Саптан әскери қызметші қарумен шыққан кезде, қозғалыстьң басталуы кезінде "аяқка" күйіне алынатын, "иыққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді. Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі. Мысалы: "Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҐР" немесе тек "САПҚА ТҐР". Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші "Қатардағы жауынгер Әлімов" деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және "Мен" деп жауап береді, ал "САПҚА ТҐР" пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе "арқаға" күйіндегі қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп "Құп болады" деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойьнша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы µзінің орнына тұрады.
Егер тек қана "САПҚА ТҰР" пәрмені берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан сапка қайтып оралады.
Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталынған күймен алынады.
Әскери қызметші саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі- үш адьш бұрын тоқтайды және аяғын қойып бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды (осы Жарғынын 69-бабы). Баяндау аяқталғаннан кейін қолын түсіреді. Бастыққа қарумен келген кезде әскери кызметші бастықтың алдына келіп тоқтағанкан кейін "аяққа" күйіне алынған, "иыққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұстау күйі өзгермейді. Қару "арқаға" күйінде түрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.
Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде, кетуге рұқсат алып, оң қолын бас киіміне қойып, "Құп болады" деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын түсіреді.
Бастықтан қарумен кеткен кезде, "аяққа" күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталынуы өзгермейді, егер қажет болса, әскери қызметші "Құп болады" деген жауаптан кейін басқа жағдайға алады.
Бастық әскери қызметшіге сапқа қайтуға пәрмен немесе кетуге рұқсат бергенде, қолын бас киіміне апарады және оны түсіреді.
Жайылма сап бөлімшесі. Бөлімшенің жайылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу "Бөлімше, бір катарға (екі қатарға) -САПТАЛ" пәрмені бойынша жүргізіледі.
Саптық тұрысты қабылдап жєне пәрмен беріп бөлімшенің командирі сапқа тұрудың мандай шебіне қарама-қарсы тұрады;
бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай, көрсетілгендей сапқа тұрады. Сапқа тұру басталғанда бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды.
Төрт және одан да аз адамнан тұратын бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады. Бөлімшені орнында түзету қажетгілігі туындағанда, "ТҮЗЕЛ" немесе "Солға -ТҮЗЕЛ" пәрмендері беріледі.
"ТҮЗЕЛ" пәрмені бойынша оң жақ шетте тұрганнан басқасының барлығы бастарын оңға барады (оң құлақ сол құлақтан жоғары, иекті көтеру керек) және әрқайсысы езінен бастап төртінші адамньң кеудесін керетіндей түзуленеді. "Солға -ТҮЗЕЛ" пәрмені бойынша сол жақ шеттегіден басқасының барлығы бастарын солға бұрады (сол құлақ оң құлақтан жоғары, иекті көтеру керек).
Түзулену кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қозғала алады.
"Аяққа" күйіндегі карабинмен (пулеметпен) түзулену кезінде сонымен қатар орындалатын пәрмен бойынша сүңгі (ауыз жағы) өзіне қарай беріледі жєне оң бүйірге қысылады.
Түзулену аяқталган соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (пулеметтер) бұрынғы күйге келтірілетін "ТІКТЕЛ" пәрмені беріледі.
Бөлімше айналып бұрылған кезде пәрмен бойынша түзелу жағы көрсетіледі. Мысалы: "Солға (оңға) -ТҮЗЕЛ".
"Бостан" пәрмені бойынша және "ЖИНАҚТАЛ" пәрмені бойынша орнында тұрған әскери қызметшілер осы Жарғының 28- бабында көрсетілгендей әрекет жасауы керек.
"Бөлімше -ТАРАҢДАР" пәрмені бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшенің жиналуы үшін "Бөлімше —БЕРІ КЕЛ" пәрмені беріледі де, әскери қызметшілер жүгіріп командирге жиналады және оның қосымша пәрмені бойынша сапқа тұрады.
Бөлімшенің бұрылыстар жасауын бір мезгідде барлық әскери қызметшілер пәрмендерді және осы Жарғының 30, 38, 54-баптарында керсетілген ережелерді сақтаумен орындайды. Екі қатарлы бөлімше оңға (солға) бурылыс жасалғаннан кейін бөлімше командирі онға (солға) жарты адым, ал айналганда — алға бір адым жасайды.
Бөлімше орнында жазылу үшін "Бөлімше, оңға (солға, ортадан) мыншама адымға жа-ЗЫЛ" (жүгіріп, жа-ЗЫЛ) пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша, жазылу басталатыннан басқа барлық әскери қызметшілер көрсетілген жаққа қарай бұрылады, бір мезгілде аяқтарын қоя отырып бастарын саптың маңдайшебі жағына бұрады және артта келе жатқанның иығы арқылы қарап және одан кез айырмастан жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) жүреді; соңғы адам тоқтағаннан кейін пәрмен бойынша қанша адым айтылды, сонша адым жасайды және оңға (солға бұрылады). Ортадан жазылу жүргізілгенде ортадағы көрсетіледі. Ортадағы әскери қызметші ортадағы деп аталған өзінің тегін естігеннен кейін "Мен" деп жауап береді, сол қолын алга созады, сосын түсіреді. Бөлімше түзуленгенде жазылу кезінде белгіленген аралық сақталады. Бөлімшені орнында сығылу үшін "Бөлімше, оңға (солға, ортага) сап-ТАЛ" (жүгіріп саптал) пәрмені беріледі. Орындалатын пәрмен бойынша сығылу тағайындалғаннан басқа барлық әскери қызметшілер сығылу жасалатын жаққа бұрылады, одан кейін жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) сыгылған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келуіне қарай өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады. Бөлімшенің қозғалуы үшін "Белімше, белдік-КЕ (иық-ҚА) (саптық адыммен, жугіріп)-АДЫМДА" пәрмендері беріледі.
Егер қажет болса, пәрменмен қозғалыстың бағыты жєне түзелу жағы көрсетіледі.
Мысалы: "Бөлімше, белдік-КЕ (иық-ҚА)". "Мынадай бір затқа, оңға (солға) тузел, алға (саппен, жүгірш)-АДЫМДА" "АДЫМДА" пәрмені бойынша барлық әскери қызметпілер бір мезгілде сол аяқтарымен түзулікті және аралықты және ара қашықтықты сақтай отырып қозғалысты бастайды.
Егер түзулену жағы көрсетілмесе, түзулену оң жақ қапталға қарай басты бұрмай көз қараспен жүргізіледі.
Бөлімшені тоқтату үшін "Бөлімше-ТОҚТА" пәрмені беріледі. Әскери қызметшіде қарудың бірнеше түрі болған кезде және олардың біреуін басқа күйге ауыстыру қажеттілігі туындағанда пәрменде осы қарудың аты аталады.
Бөлімше қажетгілігіне орай енгенде "ТУРА" немссе "Бөлімше- ТОҚТА" пәрмені беріледі. Бөлімше бір қатардан скі қатарға қайта сапқа тұру үшін алдын ала "Бөлімше, бірінші және екіншіге-САНАЛ" пәрмені бойынша бірінші және екінші болып санау жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша оң жақ қапталдан бастап әрбір әскери қызметші кезек бойынша жылдам оның сол жағында тұрған әскери қызметшіге кұрай басын бұрып өзінің нөмірін айтады және басын тез тік ұстайды; сол жақ қапталдағы басын бұрмайды.
Сонымен қатар жалпы нөмірлеу бойынша санау жүрпзіледі, ол үшін "Болімше, ретімен-САНАЛ" пормені беріледі.
Екі қатарлы сапта екішлі қатардың сол жак, шетіндегі тұрған сапты санау аяқталғаннан кейін "Толық" немесе "Толық емес" деп баяндайды.
Бөлімшенің өз орнында бір қатардан екі қатарға қайтадан сапқа тұруы "Бөлімше, екі қатарга — САПҚА ТҰР" пәрмені бойынша жүргізіледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяқтан бастап,он аяғын қоймастан бірінші нөмірдің ту сыртында тұру үшін оңга бір адым жасайды және сол аяғын қояды. Бөлімшенің өз орнында скі қатарлы тығыз саптан бір қатарлы сапқа тұруы үшін бөлімше алдын ала бір адымға сиреңкірейді, содан кейін "Бөлімше, бір қатарга — САПҚА ТҰР" пәрмені беріледі.
Орындалатын пәрмен бойынша екінші нөмірлер сол аяғымен солға қарай бір адым жасап, оң аяғын қоймастан алға бір адым жасайды және сол аяғын қойып біріншілердің сызығына шығады. Қару "Бөлімше, қаруды -ҚОЙ" пәрмені бойынша жерге қойылады. "Қой" пәрмені бойынша автоматтар және гранатометер оң қолға; карабиндер және пулеметтер "аяққа" күйіне алынады;
пулеметтердің сонымен катар сирақтары қайырылып тасталады.
"ҚАРУ" пәрмені бойынща бірінші қатардағылар екі адым алға жүреді және аяғын қояды, содан кейін екі қатар бір мезгілде сол аяқтан бастап алға бір адым жасайды және қаруды затворын (затвордың рамасын) төмен каратып, дүмбінің ту сыртын оң аяқтың (оң аяқтың тізесін бүкпеу керек) ұшына тіреп жерге қояды, содан кейін сол аяқты оң аяққа қосады.
Қол гранатометтері жерге түтқасын солға қаратып қойылады.
Пулеметтерді сирағымен қояды.
Бір қатарлы сапта атқарылатын пәрмел бойынша тек соңғы екі әрекет қана орындалады. Қаруды жерден алу үшін "Бөлімше-ҚАРУЛАН" жәнс содан кейін "ҚАРУҒА" пәрмені беріледі.
Бірінші пәрмен бойынша бөлімше қарумен сапқа тұрады. Екінші пәрмен бойынша әскери қызметшілер сол аяқтан бір адьш алға жүріи, қаруды оң қольша алады жєне түзуленіп сол аяғын оң аяғына типзіп қояды. Екінші қатар екі адым алға жүреді, содан кейін екі қатар да бір мезгідде қаруды "белдікке" күйіне алады. Пулеметтердің алдын ала сирақтары жиналады.
Жорық сабының бөлімшесі. Бөлімшенің жорык сабы бір лек бойынша немесе екі лек бойынша болуы мүмкін.
V Бөлімшрнің орнында бір (екі) лек бойынша сапқа тұруы "Бөлімше, бір' (екі) лек бойынша — САПТАЛ" пәрмені бойынша жәргізілсді.
Бөлімшенің командирі саптық тұрысты қабылдап және пәрменді беріп қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штат бойынша көрсетілгендей сапқа тұрады.
Төрт және одан да аз санды бөлімше бір лек бойынша сапқа тұрады.
Бөлімшенің жайылма саптан лек бойынша қайта сапқа тұруы "Бөлімше, оң-ҒА" пәрмсні бойынша бөлімшенің оңға бұрылуымен жүргізіледі. Екі қатарлы саптың бұрылуы кезінде бөлімше командирі оңға жарты адым жасайды.
Бөлімшенщ лектен жайылма сапқа қайта тұруы "Белімше, сол-ҒА" пәрмені бойынша бөлімшенің солға бұрылуымен жүргізіледі. Екі лектегі бөлімшенің бұрылуы кезінде бөлімшенің командирі алға қарай жарты адым жасайды.
Бөлімшенің бір лектен екі лекке қайта сапқа тұруы "Бөлімше, екі лекпен-АДЫМДА" (жүріс кезінде-"АДЫМДА") пәрмені бойынша жүргізіледі.
Орындалатын пәрмен бойынша белімшенің командирі (бағытгаушы) жарты адым жүреді, ал екінші нөмірдегілер, оңга шығып, адымның ырғағымен лектегі өз орнына 17-суретге көрсетілгендей тұрады; бөлімше "ТУРА" немесе "Бөлімше-ТОҚТА" пәрменіне дейін жарты адымға қозғалады.
Бөлімшенің екі лектен бір лекке қайта сапқа тұруы "Бөлімше, бір лек бойынша, АДЫМДА" (ж‰ріс кезінде -"ДЦЫМДА") пәрмені бойынша орындалады. Орындалатын пәрмен бойынша бµлімшенің командирі (бағыттаушы) қалыпты адыммен, ал қалғандары жарты адыммен жүреді; орнынан босауына орай екінші нөмірдегілер адымның ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді жєне қалыпты адыммен қозгалысты жалғастырады. Лектін бағытын өзгерту үшін "Бөлімше, оң (сол) иық™ алға -АДЫМДА" пәрмені беріледі; бағыттаушы "ТУРА" пәрменіне дейін солға (оңға) енеді, қалғандары "Бөлімше, менің артымнан -АДЫМДА" (жүгіріп -АДЫМДА) ІІәрмені бойынша оның артынан жүреді; бөлімше командирдің соңынан ереді.
Командирлердің сапқа тұрудые алдындағы және саптағы міндеттері
Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы. Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Машиналар сызығы – машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді. Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың – алдыңғы бөлігі). Саптың тыл жағы – маңдайшепке қарама-қарсы жағы.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық. Арақашықтық – әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.
Саптың ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
Сап тереңдігі – бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машиналардағы іс-қимыл кезінде – машиналардың бірінші сызығынан (алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта тұрған машинаға) дейінгі қашықтық. Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.
Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.
Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.
Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа тұрғызылады.
Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін. Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.
Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.
Лек – әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін. Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.
Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.
Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады. Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.
Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).
Саптарды басқару. Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
Сапта аға командир, оған команда беруге ыңғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді. Рота және одан жоғары бөлімшелер командирлеріне батальон мен бригаданың (полктің) жорықтық сабында командалар беру және олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуға рұқсат етіледі. Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін. Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі. Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орнында тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
Егер бастық сапта тұрған әскери қызметшінің әскери атағы мен тегі бойынша назар аударса, ол: «МЕН» деп жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша назар аударса, әскери қызметші өз лауазымын, атағы мен тегін атап жауап береді. Бұл ретте қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.
Алдын ала берілетін командада қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған кезде қарудың атауы аталады.
Мысалы: «Автоматтарды – кеуде-ГЕ».
Командалар берген кезде дауыс саптың еніне және тереңдігіне сәйкес келуі тиіс, ал баяндау анық, дауысты күрт көтерместен айтылады.
Сапты басқару үшін белгілер және машинаны басқару үшін белгілер 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген. Қажет болған кезде командир сапты басқару үшін қосымша белгілерді тағайындайды.
Барлық бөлімшелерге қатысты командаларды бөлімшелердің барлық командирлері мен машиналардың командирлері (жетекшілері) қабылдайды және дереу орындайды. Командаларды белгімен берген кезде алдын ала «НАЗАР САЛ» белгісі беріледі, ал егер команда бөлімшелердің біреуіне ғана қатысты болса, онда сол бөлімшенің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшелердің нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді бөлім (бөлімше) командирі белгілейді.
Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ «НАЗАР САЛ» белгісімен белгіленеді. Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады. Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозғалыстарды бөлінулер бойынша, сондай-ақ дайындық жаттығуларының көмегімен орындауға жол беріледі.
Құрама командаларды құрған кезде бөлімшелерге олардың саптық есебі жүргізіледі. Есеп жүргізу үшін әскери қызметшілер бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады және осы Жарғының 88-тармағында көрсетілгендей жалпы нөмірлеу бойынша санасады. Осыдан кейін команданың санына байланысты роталарға, взводтар мен бөлімшелерге біртіндеп есеп жүргізіледі және осы бөлімшелердің командирлері тағайындалады.
Парадтарға қатысу үшін, сондай-ақ басқа да жағдайларда командирдің бұйрығы бойынша бөлімше үш, төрт және одан да көп болып жалпы лекке сапқа тұрығызылуы мүмкін. Бұл ретте сапқа тұрғызу, әдетте, ранжир (бойы) бойынша жүргізіледі. Бөлімшелерді сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР».
Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.
Қарулы Күштер түрінің, тектері мен арнайы әскерлерінің бөлімшелері үшін командалар берген кезде «бөлімше», «взвод», «рота», «батальон» және «бригада» («полк») атауларының орнына Қарулы Күштер түрінде, тектері мен арнайы әскерлерінде қабылданған бөлімшелер мен бөлімдердің атаулары көрсетіледі.
Осы Жарғыда көрсетілмеген бөлімдер мен бөлімшелер, олардың ұйымдық-штаттық құрылымы ескеріле отырып, оның ережелері басшылыққа алынады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ САПТЫҚ ЖАРҒЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1. Әскери қызметшілердің сапқа тұрудың алдындағы жєне саптағы міндеттері.
Командирлердің сапқа тұрудың алдындағы және саптағы міндеттері:
Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу тәртіпте және машиналарда олардың бірлесіп іс-қимыл жасауы үшін Жарғымен белгіленген орналасуы.
Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Машиналар сызығы – машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасатын сабы.
Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.
Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы (машиналардың – алдыңғы бөлігі).
Саптың тыл жағы – маңдайшепке қарама-қарсы жағы.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы қашықтық.
Арақашықтық – әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арасындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.
Саптың ені – қапталдар арасындағы қашықтық.
Сап тереңдігі – бірінші қатардан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі, ал машиналардағы іс-қимыл кезінде – машиналардың бірінші сызығынан (алдында тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (артқы жақта тұрған машинаға) дейінгі қашықтық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.
Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса, онда ондай қатар толық емес деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.
Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдында тұрған қатарға ауысады.
Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарға сапқа тұрғызылады.
Бір қатарлы (қатар) және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін.
Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықтарда орналасады.
Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен аралықтарда орналасады.
Лек – әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықта орналасатын сабы.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.
Лектер бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.
Төрт және одан аз әскери қызметшілер лекке бір-бірден тұрғызылады.
Өрістетілген сап – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығына) немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылатын сабы. Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызылған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылатын сабы.
Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы – көрсетілген бағытта бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалысын реттейді.
Тұйықтаушы – лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).
Сапты басқару (машинада) командалармен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.
Командалар лек бойынша бөлімшелер командирлері (машиналар жетекшілері) және тағайындалған қадағалаушылар арқылы берілуі мүмкін.
Сапта аға командир, оған команда беруге ыңғайлы жерде болады. Қалған командирлер Жарғымен немесе аға командирмен белгіленген орындарда бола отырып, командаларды береді.
Рота және одан жоғары бөлімшелер командирлеріне батальон мен бригаданың (полктің) жорықтық сабында командалар беру және олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуға рұқсат етіледі.
Команда алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын болуы мүмкін.
Алдын ала берілетін команда әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.
Орындалатын команда (Жарғыда ірі әріптермен басылған) үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.
Бөлімшенің немесе жекелеген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімшенің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.
Командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде және алдын ала берілетін команда бойынша саптағы орнында тұрған әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды, ал қозғалыста саптық адымға көшеді. Бастық саптан тыс әскери қызметшіге назар аударған кезде ол бастыққа қарай бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.
Егер бастық сапта тұрған әскери қызметшінің әскери атағы мен тегі бойынша назар аударса, ол: «МЕН» деп жауап береді, ал тек әскери атағы бойынша назар аударса, әскери қызметші өз лауазымын, атағы мен тегін атап жауап береді. Бұл ретте қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.
Алдын ала берілетін командада қарумен тәсілдерді орындаған кезде қажет болған кезде қарудың атауы аталады.
Мысалы: «Автоматтарды – кеуде-ГЕ».
Командалар берген кезде дауыс саптың еніне және тереңдігіне сәйкес келуі тиіс, ал баяндау анық, дауысты күрт көтерместен айтылады.
Сапты басқару үшін белгілер және машинаны басқару үшін белгілер 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген.
Қажет болған кезде командир сапты басқару үшін қосымша белгілерді тағайындайды. Барлық бөлімшелерге қатысты командаларды бөлімшелердің барлық командирлері мен машиналардың командирлері (жетекшілері) қабылдайды және дереу орындайды. Командаларды белгімен берген кезде алдын ала «НАЗАР САЛ» белгісі беріледі, ал егер команда бөлімшелердің біреуіне ғана қатысты болса, онда сол бөлімшенің нөмірін көрсететін белгі беріледі. Бөлімшелердің нөмірлерін белгілеу үшін белгілерді бөлім (бөлімше) командирі белгілейді.
Белгімен команданы қабылдауға әзірлік, сондай-ақ «НАЗАР САЛ» белгісімен белгіленеді. Белгіні қабылдау оны қайталаумен расталады. Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсілді орындауға дейін болған қалып қабылданады.
Үйрету кезінде Жарғыда көрсетілген саптық тәсілдер мен қозғалыстарды бөлінулер бойынша, сондай-ақ дайындық жаттығуларының көмегімен орындауға жол беріледі.
Құрама командаларды құрған кезде бөлімшелерге олардың саптық есебі жүргізіледі. Есеп жүргізу үшін әскери қызметшілер бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұрғызылады және осы Жарғының 88-тармағында көрсетілгендей жалпы нөмірлеу бойынша санасады. Осыдан кейін команданың санына байланысты роталарға, взводтар мен бөлімшелерге біртіндеп есеп жүргізіледі және осы бөлімшелердің командирлері тағайындалады.
Парадтарға қатысу үшін, сондай-ақ басқа да жағдайларда командирдің бұйрығы бойынша бөлімше үш, төрт және одан да көп болып жалпы лекке сапқа тұрығызылуы мүмкін. Бұл ретте сапқа тұрғызу, әдетте, ранжир (бойы) бойынша жүргізіледі.
Бөлімшелерді сапқа тұрғызу «САПҚА ТҰР» командасы бойынша жүргізіледі, оның алдында сапқа тұрғызу тәртібі көрсетіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – САПҚА ТҰР».
Осы команда бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына жедел тұруы, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауы, саптық қалыпты қабылдауы тиіс.
Қарулы Күштер түрінің, тектері мен арнайы әскерлерінің бөлімшелері үшін командалар берген кезде «бөлімше», «взвод», «рота», «батальон» және «бригада» («полк») атауларының орнына Қарулы Күштер түрінде, тектері мен арнайы әскерлерінде қабылданған бөлімшелер мен бөлімдердің атаулары көрсетіледі.
Осы Жарғыда көрсетілмеген бөлімдер мен бөлімшелер, олардың ұйымдық-штаттық құрылымы ескеріле отырып, оның ережелері басшылыққа алынады.
Командир мыналарға міндетті:
сапқа тұрғызу орнын, уақытын, тәртібін, киім нысаны мен жабдықтарды, сондай-ақ қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетуге; қажет болған кезде қадағалаушыны тағайындауға;
сапта өз бөлімшесі (бөлімі) бағыныстыларының, қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдары мен шанецтік аспаптардың болуын тексеруге және білуге;
бағыныстылардың сыртқы пішінін, сондай-ақ жабдықтардың болуын және оның дәл келуін тексеруге;
сап тәртібін сақтауға және бөлімшелердің командаларды, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауын талап етуге;
жаяу жүру сабындағы орнында командалар берген кезде саптық қалыпты қабылдауға;
жеке құрамды тасымалдау үшін жабдықтың болуын және ақаусыздығын, тасымалданатын (тіркелетін) материалдық бөлік бекітілуінің және мүлік салынуының дұрыстығын тексеруге, бөлімшелерді қару-жарақпен және әскери және басқа да техникамен сапқа тұрғызған кезде оларға сыртқы шолу жасауға;
рота және одан жоғары командирлерде − өзімен бірге саптық жазбаның болуына (3-қосымша);
жеке құрамға қауіпсіздік талаптарын ескертуге;
қозғалыста белгіленген арақашықтықты, жылдамдық пен қозғалыс ережелерін сақтауға.
Әскери қызметші мыналарға міндетті:
өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдарының, шанецтік аспаптардың, киім-кешек пен жабдықтың ақаусыздығын тексеруге;
киім-кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерге байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;
саптағы өз орнын білуге, оған жылдам, әбігерсіз тұруға; қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын сақтауға; рұқсатсыз саптан (машинадан) шықпауға;
сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;
өз командирінің командаларын мұқият тыңдауға, басқаларға бөгет жасамай, оларды жылдам және нақты орындауға;
командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізуге.
Саптық қалып «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.
Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.
«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.
Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.
Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады (2-сурет).
Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.
Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады.
Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.
Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады.
Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады.
Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді. Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды. Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек. Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.
Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.
Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта».
Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.
Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».
Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым – БАС».
Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.
Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым – БАС».
Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек.
Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.
Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла - БАС».
Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек.
Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.
Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.
Саптық қалып (1-сурет) «САПҚА ТҰР» командасы бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екi жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек. Орнында «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.
Саптық қалып орнында командасыз да қабылданады: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.
«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орнынан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.
«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.
«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі.
Бас киімді шешу үшін «Бас киімді – ШЕШ», ал кию үшін – «Бас киімді – КИ» деген команда беріледі.
Шешілген бас киім кокардасы алға каратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады. Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.
Орнында бұрылулар: «Оң-ҒА», «Жарты айналым оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Жарты айналым сол-ҒА», «Артқа БҰРЫЛ» командалары бойынша орындалады.
Артқа, солға, жарты айналым солға бұрылулар сол қол жаққа қарай сол өкшемен және оң аяқтың ұшымен; оңға, жарты айналым оңға бұрылулар – оң қол жаққа қарай оң өкшемен және сол аяқтың ұшымен жасалады.
Бұрылулар екі тәсілмен орындалады:
бірінші тәсіл – дененің дұрыс қалпын сақтай отырып және тізелерді бүкпей бұрылу керек, дененің салмағын салмақ түсетін аяққа түсіру керек;
екінші тәсіл – қысқа жолмен екінші аяқты қою керек.
Қозғалыс адыммен немесе жүгірумен жасалады. Адыммен қозғалыс жасау минутына 110-120 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 70-80 см.
Сапта жүгіре қозғалыс жасау минутына 165-180 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 85-90 см.
Адым саптық және жорықтық болады. Саптық адым бөлімшелер салтанатты шерумен өткен, олар қозғалыста әскери сәлемдесуді орындаған, командир (бастық) бөлімшеге назар аударған, әскери қызметші командирге (бастыққа) жақындаған және одан алыстаған, әскери қызметші саптан шыққан және сапқа қайтып тұрған кезде, сондай-ақ саптық даярлық бойынша сабақтарда қолданылады.
Жорықтық адым барлық қалған жағдайларда қолданылады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау «Саптық адыммен – БАС» командасы бойынша басталады. Жорықтық адыммен қозғалыс «Адым – БАС» командасы бойынша басталады, осы команда бойынша әскери қызметшілер үш саптық адым жасайды, одан кейін жорықтық адымға көшеді.
Алдын ала берілетін команда бойынша дене біршама алға ұсталады, орнықтылықты сақтай отырып, оның салмағын көбіне оң аяққа ауыстыру керек; орындалатын команда бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.
Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқты ұшын алға соза отырып, жерден 15-20 см биіктікке көтереді және табанға нық қояды. Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп, шынтақтан бүгу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек. Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау және оны жерге кәдімгі жүріс кезінде сияқты қою керек; дененің айналасында қолмен еркін қозғалыс жасау керек.
Жорықтық адыммен қозғалыс жасаған уақытта командир (бастық) бөлімшеге назар аударған кезде, сондай-ақ «ТІК ЖҮР» командасы бойынша саптық адымға ауысу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде «ЕРКІН ЖҮР» командасы бойынша жорықтық адыммен жүру керек.
Жүгіре қозғалыс жасау «Жүгіре – БАС» командасы бойынша басталады.
Алдын ала берілетін команда бойынша орнынан қозғалыс жасаған кезде денені алға ұстап, шынтақты біршама артқа жіберіп қолды жартылай бүгу керек; орындалатын команда бойынша жүгіруді сол аяқтан бастау керек, жүгіру жылдамдығы бойынша қолмен артқа және алға еркін қозғалыс жасау керек.
Қозғалыста адым жасаудан жүгіруге ауысу үшін алдын ала берілетін команда бойынша шынтақты біршама артқа жібере отырып, қолды жартылай бүгу керек. Орындалатын команда сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша оң аяқпен бір адым жасау және жүгіре қозғалысты сол аяқтан бастау керек.
Жүгіруден адымға ауысу үшін «Адым – БАС» командасы беріледі. Орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша жүгірумен тағы да екі адым жасау және адыммен қозғалысты сол аяқтан бастау керек. Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – БАС» (қозғалыста – «Орныңда») командасы бойынша жасалады.
Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 15-20 сантиметрге көтеру және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болу керек.
Қозғалысты тоқтату үшін «ТОҚТА» командасы беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов – Тоқта». Оң немесе сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін орындалатын команда бойынша тағы бір адым жасау және аяқты жерге қоя отырып, саптық қалыпты қабылдау керек.
Қозғалыс жылдамдығын өзгерту үшін мынадай командалар беріледі: «КЕҢ АДЫМ», «ҚЫСҚА АДЫМ», «ЖИІ АДЫМ», «СИРЕК АДЫМ», «ЖАРТЫ АДЫМ», «ТОЛЫҚ АДЫМ».
Жеке әскери қызметшілердің орнын жанына бірнеше адымға ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімбеков. Екі адым оңға (солға), адым – БАС». Осы команда бойынша әр адымнан кейін аяқты жерге қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек. Бірнеше адымға алға немесе артқа ауыстыру үшін команда беріледі, мысалы: «Екі адым алға (артқа), адым – БАС».
Осы команда бойынша екі адым алға (артқа) жасау және аяқты жерге қою керек. Оңға, солға және артқа ауыстырған кезде қолмен қозғалыс жасалмайды.
Қозғалыста бұрылулар мынадай командалар бойынша орындалады: «Оң-ҒА», «Сол-ҒА», «Артқа бұрыла - БАС».
Оңға (солға) бұрылу үшін орындалатын команда оң (сол) аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі. Осы команда бойынша сол (оң) аяқпен бір адым жасап, сол (оң) аяқтың ұшымен бұрылу керек, бұрылумен бір уақытта оң (сол) аяқты алға созу және қозғалысты жаңа бағытта жалғастыру керек.
Артқа бұрылу үшін орындалатын команда оң аяқты жерге қоюмен бір уақытта беріледі, осы команда бойынша сол аяқпен тағы бір адым жасап, оң аяқты алға қарай жарты адым шығару және біршама солға, сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрыла отырып, қозғалысты сол аяқпен кері бағытта жалғастыру керек. Бұрылулар кезінде қолмен қозғалыс адым ырғағымен жасалады.
Жүгіре қозғалыс жасау кезінде оңға және солға бұрылулар адыммен қозғалыс жасау кезіндегі командалар бойынша жүгіру ырғағында екі деп санағанда бір орында бұрылумен орындалады. Жүгіру кезінде артқа бұрылу бір орында жүгіру ырғағымен төрт деп санағанда сол қол жаққа қарай жасалады.
2.2. Қарумен саптық тєсілдер жєне қозғалыстар.
Қарумен саптық қалып қарусыз сияқты, бұл ретте «қарубауға» күйіндегі қарудың ұңғы жағын жоғары қаратып, шынтақты денеге қатты қысып – білекті тік күйде, ал жиналмалы дүмі бар автоматты – ұңғы жағын төмен қаратып ұстау керек. «Кеудеге» күйіндегі автоматпен саптық қалыпты қабылдау кезінде автоматты оң қолмен дүмнің сабынан (ұңғы қорабынан) ұстап, сол қолды төмен түсіру керек.
Қол оқшашарын оң аяқтың жанында ұстап, оның дүмтабаны жерде тұратындай етіп, оң қолын еркін түсіріп, аяғының жанында ұстау керек.
Карабинді қол оқшашары сияқты аяқтың жанында ұстау керек, бұл ретте еркін түсірілген оң қолмен ұңғыны орап газ түтігінен ұстау керек (5-сурет).
Автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеуде-ГЕ» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – қарубау бойынша оң қолды біршама жоғары көтеріп, автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, иықтан алу керек, оқжатарын сол жаққа қаратып, ұңғының ұшын иек деңгейінде, өзінің алдында тік ұстау керек.
екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен оңға қарай жіберу керек және оны алақанмен саусақтарды жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; онымен бір уақытта оң қолдың шынтағын қарубаудың ішіне кіргізу керек;
үшінші тәсіл – қарубауды бастан асыра тастау керек; автоматты оң қолмен дүмінің сабынан ұстап, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.
Жиналмалы дүмі бар автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол команда бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын қарубаудан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, оны өзінің алдында оқжатарын төмен, ұңғы жағын солға қаратып ұстау керек;
екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен бастан асыра сол жақ иыққа тастап, онымен автоматты қарубау жанындағы ұңғы қорабынан ұстау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.
Автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және онымен бір уақытта оны біршама алға жоғары қарай көтере отырып, оң қолды қарубаудың ішінен шығарып, оны дүмінің сабынан ұстау және автоматты 7-суретте көрсетілгендей етіп ұстау керек;
екінші тәсіл – автоматты жоғары көтере отырып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын солға қаратып, ұңғы ұшын иек деңгейінде өзінің алдында тік ұстау керек.
үшінші тәсіл – оң қолмен қарубаудың жоғарғы жағынан ұстау және автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.
Жиналмалы дүмі бар автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне сол команда бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен жоғарғы жағынан ұңғысы мен газ түтігінен ұстау және автоматты біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын қарубаудың ішінен шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып, қарубауды ұңғы қорабы жағынан алу керек.
екінші тәсіл – автоматтың ұңғы қорабын жоғары қарата бұрып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын оңға қаратып ұстау керек.
үшінші тәсіл – автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек. Карабин (қол оқшашары) «аяққа» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) оны денеден алшақтатпай, шамалы көтеру, оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол оқшашары – сағағынан) алу және оның ұңғы ұшын көз деңгейінде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысу керек (8-сурет – 1), 2);
екінші тәсіл – оң қолмен қарубауды алу және оны солға қарай тарту керек (8-сурет);
үшінші тәсіл – карабинді (қол оқшашарын) иыққа жылдам асырып тастау керек; сол қолды төмен түсіру керек; оң қолды білек көлденең күйде болатындай етіп, қарубау бойымен төмен түсіру керек; карабинді (қол оқшашарын) шынтақпен ақырын қысу керек (8-сурет – 4), 5).
Карабин (қол оқшашары) «қарубауға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтере отырып, карабинді (қол оқшашарын) иықтан алу керек және оны сол қолмен сағағынан ұстап, карабинді (қол оқшашарын) оң қолмен ұңғы бастырмасының жоғарғы бөлігінен оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай, ұңғы ұшын көз деңгейіне келтіріп алу керек (8-сурет – 1), 2);
Қару «қарубауға» күйінен «арқаға» күйіне «Қаруды арқа-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады (осы команда алдында «қарубауды ұзарт» командасын орындау керек):
бірінші тәсіл – қарубауды сол қолмен оң иықтан біршама төмен ұстау керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (жиналмалы дүмі бар автомат пен қол гранатаатқышты – ұңғысынан төменгі бекітпеден) ұстау керек;
екінші тәсіл – қаруды оң қолмен біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра сол иыққа тастау керек; қаруды және қолды жылдам төмен түсіру керек.
Автомат «арқаға» күйінен сүңгі-пышақсыз, ал карабин – жазылған сүңгісімен алынады. Қару «арқаға» күйінен «қарубауға» күйіне «Қаруды – қарубау-ҒА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – сол қолмен қарубауды сол иықтан біршама төмен алу керек, ал онымен бір уақытта оң қолмен дүмінен (ұңғысынан, раструбынан) ұстау керек;
екінші тәсіл – оң қолмен қаруды біршама көтеру, ал сол қолмен қарубауды бастан асыра оң иыққа тастау керек, қарубауды 5 – 1), 2), 4) және 8 – 4), 5) суреттерінде көрсетілгендей оң қолмен алу, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек. Автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне және «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне, сондай-ақ карабинді «арқаға» күйінен «аяққа» күйіне ауыстыру үшін қару алдын ала берілетін команда бойынша «қарубауға» күйіне алынады.
Жиналмалы дүмі бар автоматты «кеудеге» күйінен «арқаға» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғысының бас жағынан ұстап және оны «арқаға» күйіне ауыстыру керек. Жиналмалы дүмі бар автоматты «арқаға» күйінен «кеудеге» күйіне ауыстыру үшін автоматты оң қолмен ұңғы жағынан ұстау керек және оны ұңғы жағынан сол иыққа қарай тартып, «кеудеге» күйіне ауыстыру керек.
«Арқаға», «Қарубауға» және «Кеудеге» командалары берілер алдында қару «Сақтандырғышқа – ҚОЙ» командасы бойынша сақтандырғышқа қойылады.
Егер сүңгі-пышақты ағыту (сүңгіні жазу) немесе оны бекіту қажет болса, онда «Сүңгі-пышақты – АҒЫТ» («Сүңгіні – ЖАЗ») және «Сүңгі-пышақты (сүңгіні) – БЕКІТ» командалары беріледі.
«Аяқ-ҚА» жалпы командасы бойынша карабиндер мен оқшашарлар «аяққа» күйіне алынады, ал автоматтар мен қол гранатаатқыштардың күйі өзгермейді.Қарудың дұрыс емес күйін түзету үшін «Қаруды – ТҮЗЕ» командасы беріледі.Қару команда бойынша жерге қойылады, мысалы: «Бөлімше, қаруды жерге – ҚОЙ».
«Қаруды жерге» командасы бойынша автоматтар мен қол гранатаатқыштары оң қолға; карабиндер мен оқшашарлар – «аяққа» күйіне алынады; одан басқа оқшашарлардың тіреуіші жинап тасталады.
«ҚАРУҒА» командасы бойынша бірінші қатар алға екі адым жасайды және аяғын жерге қояды, одан кейін екі қатар бір уақытта сол аяқпен алға бір адым жасайды және дүмтабанын оң аяқтың ұшына тигізе ұстап (оң тізе бүгілмейді, сол қол соңына дейін артқа жіберіледі, бастың күйі – тура, иек көтеріңкі болады), бекітпенің сабын (бекітпе рамасын) төмен қаратып қаруды жерге қояды, одан кейін сол аяқты оң аяқтың жанына қояды.
Қол гранатаатқыштары сабын солға қаратып жерге қойылады. Оқшашарлар тіреуішіне қойылады.
Жеке әскери қызметшілер мен бір қатарлы саптағы әскери қызметшілер орындалатын команда бойынша тек соңғы екі қимылды ғана орындайды.
Қаруды жерден алу үшін «Бөлімше – ҚАРУҒА» және одан кейін «ҚАРУЛАН» командалары беріледі. Бірінші команда бойынша бөлімше қарудың жанына сапқа тұрғызылады. Екінші команда бойынша әскери қызметшілер сол аяқпен алға бір адым жасайды, қаруды оң қолмен алады және тік түзеліп, сол аяқты оң аяқтың жанына қояды. Екінші қатар алға екі адым жасайды, одан кейін екі қатар бір уақытта қаруды «қарубауға» күйіне алады. Оқшашарлардың алдын ала тіреуіштері жиналады.
Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау қарусыз жасалатын дәл сол ережелермен және командалармен орындалады. «Аяққа» күйінде орнында қарумен бұрылыстар жасаған кезде алдын ала берілетін команда бойынша қаруды біршама көтеру және онымен бір уақытта сүңгіні (ұңғы жағын) өзіне қарай тарту, ал оң қолды оң жанына біршама жақындату керек. Бұрылғаннан кейін аяқты қоюмен бір уақытта қаруды жайлап жерге қою керек.
«Аяққа» күйінде «Адым» алдын ала командасы бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеру керек, ал «Жүгіре» алдын ала берілетін командасы бойынша, бұдан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек. Жүгіре қозғалу кезінде қаруды ақырын бүгілген оң қолмен қарудың ұңғы жағы біршама алға қарап тұратындай етіп ұстау керек. Жинақталған сапта жүгіру кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.
«Кеудеге» күйіндегі автоматпен саптық қалыпты қабылдау кезінде автоматты оң қолмен дүмнің сабынан (ұңғы қорабынан) ұстап, сол қолды төмен түсіру керек. Қол оқшашарын оң аяқтың жанында ұстап, оның дүмтабаны жерде тұратындай етіп, оң қолын еркін түсіріп, аяғының жанында ұстау керек.
Карабинді қол оқшашары сияқты аяқтың жанында ұстау керек, бұл ретте еркін түсірілген оң қолмен ұңғыны орап газ түтігінен ұстау керек.
Автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне «Автоматты кеуде-ГЕ» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – қарубау бойынша оң қолды біршама жоғары көтеріп, автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, иықтан алу керек, оқжатарын сол жаққа қаратып, ұңғының ұшын иек деңгейінде, өзінің алдында тік ұстау керек екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен оңға қарай жіберу керек және оны алақанмен саусақтарды жартылай бүгілген және өзіне қарап тұратындай етіп ұстау керек; онымен бір уақытта оң қолдың шынтағын қарубаудың ішіне кіргізу керек;
үшінші тәсіл – қарубауды бастан асыра тастау керек; автоматты оң қолмен дүмінің сабынан ұстап, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.
Жиналмалы дүмі бар автомат «қарубауға» күйінен «кеудеге» күйіне дәл сол команда бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолдың шынтағын қарубаудан шығармай, автоматты иықтан оң қолмен алу керек және автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасынан ұстап, оны өзінің алдында оқжатарын төмен, ұңғы жағын солға қаратып ұстау керек.
екінші тәсіл – қарубауды оң қолмен бастан асыра сол жақ иыққа тастап, онымен автоматты қарубау жанындағы ұңғы қорабынан ұстау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек (6-сурет).
Автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен сағағы мен ұңғы бастырмасының төменгі жағынан ұстау керек және онымен бір уақытта оны біршама алға жоғары қарай көтере отырып, оң қолды қарубаудың ішінен шығарып, оны дүмінің сабынан ұстау және автоматты 7-суретте көрсетілгендей етіп ұстау керек;
екінші тәсіл – автоматты жоғары көтере отырып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын солға қаратып, ұңғы ұшын иек деңгейінде өзінің алдында тік ұстау керек.
үшінші тәсіл – оң қолмен қарубаудың жоғарғы жағынан ұстау және автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек. Жиналмалы дүмі бар автомат «кеудеге» күйінен «қарубауға» күйіне сол команда бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – автоматты сол қолмен жоғарғы жағынан ұңғысы мен газ түтігінен ұстау және автоматты біршама жоғары көтере отырып, оң қолдың шынтағын қарубаудың ішінен шығару керек, оң қолмен алақанды төмен қаратып, қарубауды ұңғы қорабы жағынан алу керек.
екінші тәсіл – автоматтың ұңғы қорабын жоғары қарата бұрып, қарубауды бастан асыра тастау керек және автоматты оқжатарын оңға қаратып ұстау керек.
үшінші тәсіл – автоматты «қарубауға» күйіне оң жақ иыққа асыра тастау керек, ал сол қолды жылдам төмен түсіру керек.
Карабин (қол оқшашары) «аяққа» күйінен «қарубауға» күйіне «Қарубау-ҒА» командасы бойынша үш тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолмен карабинді (қол оқшашарын) оны денеден алшақтатпай, шамалы көтеру, оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай бұру керек; сол қолмен карабинді оқжатарынан (қол оқшашары – сағағынан) алу және оның ұңғы ұшын көз деңгейінде ұстау керек; оң қолдың шынтағын қысу керек.
екінші тәсіл – оң қолмен қарубауды алу және оны солға қарай тарту керек.
үшінші тәсіл – карабинді (қол оқшашарын) иыққа жылдам асырып тастау керек; сол қолды төмен түсіру керек; оң қолды білек көлденең күйде болатындай етіп, қарубау бойымен төмен түсіру керек; карабинді (қол оқшашарын) шынтақпен ақырын қысу керек.
Карабин (қол оқшашары) «қарубауға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолды қарубау бойымен біршама жоғары көтере отырып, карабинді (қол оқшашарын) иықтан алу керек және оны сол қолмен сағағынан ұстап, карабинді (қол оқшашарын) оң қолмен ұңғы бастырмасының жоғарғы бөлігінен оқжатарын (қол оқшашары – пистолет тұтқасын) солға қарай, ұңғы ұшын көз деңгейіне келтіріп алу керек.
Карабин «аяққа» күйінен «иыққа» күйіне тек салынған сүңгімен «Иық-ҚА» командасы бойынша екі тәсілмен алынады:
бірінші тәсіл – оң қолмен карабинді көтере және бекітпесін алға қарай бұра отырып, оны дененің жанына сол жақ бүйірге тік ауыстыру керек және онымен бір уақытта оң қолдың алақанымен сағақ пен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек, онымен бір уақытта сол қолдың алақанын біршама алға жіберу және карабинді дүмімен сол қолдың алақанында дүмтабаны жататындай, бас бармақ алдында тұратындай, ал қалған саусақтар дүмнің сол жағын қысып тұратындай етіп қою керек; карабинді сол жақ иыққа қарама-қарсы қолды созып тік, дүмін сол аяққа тигізе отырып ұстау керек; оң қолдың шынтағы – иық деңгейінде.
Қарумен бұрылыстар және қозғалыс жасау қарусыз жасалатын дәл сол ережелермен және командалармен орындалады.
«Аяққа» күйінде орнында қарумен бұрылыстар жасаған кезде алдын ала берілетін команда бойынша қаруды біршама көтеру және онымен бір уақытта сүңгіні (ұңғы жағын) өзіне қарай тарту, ал оң қолды оң жанына біршама жақындату керек. Бұрылғаннан кейін аяқты қоюмен бір уақытта қаруды жайлап жерге қою керек.
«Аяққа» күйінде «Адым» алдын ала командасы бойынша қарумен қозғалыс жасау үшін қаруды біршама көтеру керек, ал «Жүгіре» алдын ала берілетін командасы бойынша, бұдан басқа сол қолдың шынтағын жартылай бүгу керек. Жүгіре қозғалу кезінде қаруды ақырын бүгілген оң қолмен қарудың ұңғы жағы біршама алға қарап тұратындай етіп ұстау керек. Жинақталған сапта жүгіру кезінде сүңгіні өзіне қарай алу керек.
«Аяққа» күйінде және «иыққа», «қарубауға» және «кеудеге» күйлерінде қарумен қозғалыс жасау кезінде қару ұстамаған бос қолмен, ал «арқаға» күйінде қарумен қозғалыс жасау кезінде екі қолмен дене айналасында адым ырғағымен еркін қозғалыс жасау керек.
Карабинмен «иыққа» күйінде қозғалыс жасау кезінде «ТОҚТА» орындалатын командасы бойынша тоқтау керек және командасыз карабинді осы Жарғының 46-тармағында көрсетілген ережелер бойынша «аяққа» күйіне алу керек.
Әскери сәлемдесуді қарусыз орнында тұрып және қозғалыста орындау.Әскери сәлемдесуді саптан тыс орнында бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оған қарау керек.
Егер бас киім киілген болса, онда, одан басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарға) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек. Бастық (атағы үлкен) жаққа басты бұрған кезде қолдың бас киімдегі жағдайы өзгеріссіз қалады.
Бастық (атағы үлкен) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек. Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста бас киімсіз орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта қолмен қозғалыс жасауды тоқтатып, басты ол жаққа бұру керек және қозғалысты жалғастыра отырып, оған қарау керек. Бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін басты тік ұстау және қолмен қозғалыс жасауды жалғастыру керек. Бас киіммен болған кезде аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты бұру керек және оң қолды бас киімге апарып, сол қолды қозғалтпай жанында ұстау керек; бастықтан (атағы үлкеннен) өтіп кеткеннен кейін сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты тік ұстап, оң қолды төмен түсіру керек.
Бастықты (атағы үлкенді) басып озған кезде әскери сәлемдесу басып озудың бірінші адымымен орындалады. Екінші адыммен басты тік ұстау және оң қолды төмен түсіру керек. Егер әскери қызметшінің қолы бос болмаса, әскери сәлемдесуді бастық (атағы үлкен) жаққа қарай басты бұрумен орындайды.
Әскери сәлемдесуді қарумен орнында саптан тыс орындау қарусыз орындау сияқты жүргізіледі (осы Жарғының 64-тармағы); бұл ретте карабиннің «иыққа» күйін қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді және қол бас киімге апарылмайды.
Әскери сәлемдесуді карабинмен «иыққа» күйінде орындау кезінде ол алдын ала «аяққа» күйіне алынады.
Қарумен «арқаға» күйінде әскери сәлемдесуді оң қолды бас киімге апара отырып орындау керек.
Әскери сәлемдесуді саптан тыс қозғалыста аяқ жанындағы, «қарубауға» немесе «кеудеге» күйіндегі қарумен орындау үшін бастыққа (атағы үлкенге) үш-төрт адым қалғанда аяқты жерге қоюмен бір уақытта басты ол жаққа қарай бұру және бос қолымен қозғалысты тоқтату керек; «арқаға» күйіндегі қарумен одан басқа қолды бас киімге апару керек.
Карабинмен «иыққа» күйінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде оң қолмен қозғалысты жалғастыру керек.
«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша «аяққа» күйіндегі карабинмен әскери сәлемдесу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
бірінші тәсіл – карабинді оң қолмен көтеріп, ұңғысын кеуденің орта тұсына, көздеу планкасын өзіне қаратып, оны тік ұстау керек; осымен бір уақытта сол қолмен карабинді сағағынан (төрт саусақ алдында оқжатарда, ал бас бармақ – көздеу планкасының астында) ұстау керек, сол қолдың білегі – қарубау деңгейінде болу керек (13-сурет).
екінші тәсіл – оң қолды құндақтың мойнына ауыстыру және онымен карабинді бас бармақ артында, ал біріктірілген төрт саусақ құндақ мойнының алдында қиғаш жататындай етіп ұстау керек (13-сурет).
Екінші тәсілді орындаумен бір уақытта басты оңға (солға) бұру және оның соңынан басын бұра отырып, бастықты көз қиығымен шығарып салу керек.
Карабин «қарауылға» күйінен «аяққа» күйіне «Аяқ-ҚА» командасы бойынша алынады.
Алдын ала берілетін команда бойынша басты тік ұстау керек, ал орындалатын команда бойынша карабинді аяққа үш тәсілмен алу керек:
бірінші тәсіл – оң қолды жоғары ауыстыру және карабинді сағағы мен ұңғы бастырмасының жоғарғы жағынан ұстау керек;
екінші тәсіл – карабинді дүмі табанның сыртқы жағына тиіп тұратындай етіп, оң аяққа ауыстыру керек; сол қолмен карабинді сүңгі түтігінен ұстау керек;
үшінші тәсіл – сол қолды жылдам төмен түсіру керек, ал оң қолмен карабинді жерге жайлап қою керек.
«Қарауылға» тәсілін орындай отырып әскери сәлемдесуді карабинмен орындау тек әскери бөлімшелер мен бөлімдер орнында олар сапта болған кезде жүргізіледі.
«Оң жақтан (сол жақтан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командасы бойынша карабиндер «қарауылға» күйіне алынады; сапта тұрған барлық әскери қызметшілер саптық қалыпты қабылдайды және онымен бір уақытта басын бастық жаққа қарай бұрып, оны көз қиығымен шығарып салады. Егер саптағы әскери қызметшілерде автоматтар, оқшашарлар мен қол гранатаатқыштар бар болса, олардың күйі өзгермейді.
Саптан шығу және оған қайта тұру. Бастыққа келу және одан кету
Әскери қызметші саптан шығу үшін команда беріледі.
Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПТАН ШЫҚ (осынша АДЫМҒА САПТАН ШЫҚ)» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов. МАҒАН КЕЛ (ЖҮГІРЕ МАҒАН КЕЛ)».
Әскери қызметші өзінің тегін естігеннен кейін «Мен» деп, ал саптан шығу туралы (шақыру туралы) команда бойынша «Құп болады» деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші команда бойынша саптық адыммен бірінші қатардан бастап үш адымға (көрсетілген адым санына) саптан шығады, тоқтайды және сапқа қарап бұрылады. Екінші команда бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым қалғанда тоқтап, аяқты қоюмен бір уақытта оң қолын бас киімге апарады, одан кейін келгені туралы баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын төмен түсіреді.
Мысалы: «Лейтенант мырза. Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр».
Әскери қызметші екінші қатардан шыққан кезде ол алдында тұрған әскери қызметшінің иығына сол қолын ақырын қояды, ол алға бір адым және оң аяғын қоймастан, оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.
Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін команда беріледі, мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР».
Егер тек қана «САПҚА ТҰР» командасы берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан, сапқа қайтып оралады.
Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталған күйге алынады.
Әскери қызметші саптан тыс бастыққа келген кезде осы Жарғының 72-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды.
Әскери қызметші бастықтың жанынан кеткен кезде кетуге рұқсат ала отырып, оң қолын бас киіміне апарып «Құп болады» деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылады және бірінші адыммен қолын төмен түсіреді.
Бастықтың жанынан қарумен кеткен кезде «аяққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың күйі өзгермейді, егер қажет болса әскери қызметші «Құп болады» деген жауаптан кейін басқа күйге алады.
Бастық әскери қызметшіні сапқа қайтаруға команда бергенде немесе оған кетуге рұқсат бергенде қолын бас киіміне апарады және төмен түсіреді.
2.3.Бµлімшенің, взводтың жаяу тєртіптегі саптары.
Өрістетілген сап. Взводтың өрістетілген сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін. Взводты өрістетілген сапқа тұрғызу «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» командасы бойынша жүргізіледі.
Взвод командирі саптық қалыпты қабылдап және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады; бөлімше командирден солға қарай 18, 19-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрады. Екі қатарлы сапта әрбір бөлімшенің соңғы қатары толық болуы тиіс. Бөлімшелерді сапқа тұрғызу басталғанда взвод командирі саптан шығады және бағынысындағылардың әрекетін бақылайды.
Төрт және үш адамы бар бөлімше санынан тұратын взвод 20-суретте көрсетілгендей екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Взводтың өрістетілген саптағы түзелуі, бұрылуы, қайта сапқа тұрғызылуы және басқа да әрекеттері бөлімше үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.
Взводты бір қатарлы саптан екі қатарлы сапқа немесе керісінше қайта сапқа тұрғызу осы Жарғының 88-90-тармақтарында көрсетілгендей жүргізіледі. Взводтың бөлімшелерінде бірінші және екіншіге санау кезінде бөлімше командирлері санауға кірмейді. Взводтың жорықтық сабы үш лекті (төрт бөлімшеден тұратын взводта – төрт лекті), екі лекті немесе бір лекті болуы мүмкін. Взводты орнында үш (төрт) лекті сапқа тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Осы команда бойынша бөлімше 21-суретте көрсетілгендей жылдам сапқа тұрады.
«Адымда» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде осы Жарғының 95-тармағында көрсетілгендей бір лекке (94-тармақта көрсетілгендей екі лекке) қайта сапқа тұрғызылады; қалған бөлімшелер бір (екі) лекке біртіндеп қайта сапқа тұра отырып, бірінші бөлімшенің ту сыртынан бірінің артынан бірі жүреді.
Взводты өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу «Взвод, оң-ҒА»; «Қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
«Адым-ДА» командасы бойынша бірінші бөлімше жүру кезінде бір лекті сапқа қайта тұрып, жарты адыммен жүреді, қалған бөлімше біріншінің сызығына сол жаққа, сондай-ақ бір лекті сапқа тұрып, белгіленген аралыққа шығады, одан кейін взвод командирі «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасын береді.
Взводты бір лекті саптан өрістетілген бір қатарлы сапқа (екі лектен екі қатарлы сапқа) қайта сапқа тұрғызу взводты солға бұрумен жүргізіледі.
Взводты үш (төрт) лектен екі лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, екі лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше осы Жарғының 94-тармағында көрсетілгендей жүру кезінде екі лекті сапқа қайта тұра отырып, тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды, одан кейін біртіндеп екі лекке қайта сапқа тұра отырып, алда келе жатқан бөлімшенің ту сыртына шығады.
Взводты үш (төрт) лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа қайта тұрғызу үшін взвод алдын ала екі лекті сапқа қайта тұрады және одан кейін – осы Жарғының 108-тармағында көрсетілгендей әрекет жасайды.
Взводты үш (төрт) лектен бір лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, бір лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше тура жүреді, қалған бөлімшелер орнында адым жасайды және бөлімшенің лектен кезектесіп шығуына қарай өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша алдында келе жатқан бөлімшенің ту сыртынан жүріп, қозғалысты толық адыммен бастайды.
Взводты бір лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша бірінші бөлімше орнында адымдайды, қалған бөлімшелер бірінші тұрғанның сызығына шығып, сондай-ақ взвод командирінің «ТУРА» немесе «Взвод – ТОҚТА» командасына дейін орнында адымдайды.
Взводты екі лектен үш (төрт) лекті сапқа қайта тұрғызу «Взвод, үш (төрт) лекпен, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі. «Адым-ДА» командасы бойынша взвод осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш лекті сапқа қайта тұрғызылады.
Взводты жинау үшін «Взвод – МАҒАН КЕЛ» командасы беріледі, ол бойынша бөлімшелер жүгіріп взвод командирінің жанына жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.
Жорықтық сапта взводтың қозғалыс бағытын ауыстыру бөлімшенің жорықтық сабы үшін көрсетілген командалар мен ережелер бойынша жүргізіледі.
Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау
Взводтың әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындауы осы Жарғының 97-100-тармақтарындағы бөлімшелер үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
Взвод сержанты мен бөлімшелер командирлері сапта өз орындарында тұрады және қолын бас киіміне апармайды.
Қозғалыста команда бойынша әскери сәлемдесуді орындау үшін ән айту тоқтатылады.
Өрістетілген сап
Ротаның өрістетілген сабы екі қатарлы немесе взводтық лектер сызығына (взводтар үш, төрт лекте; арнайы бөлімше екі лекте) болуы мүмкін.
Қажет болған кезде рота бір қатарлы сапқа тұрғызылуы мүмкін.
Ротаны өрістетілген сапқа тұрғызу «Рота, екі қатарға – САПТАН» немесе «Рота, взводтық сызыққа үш (төрт) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі. Ротаны сапқа тұрғызу бірінші взвод бойынша жүргізіледі.
Рота командирі саптық қалыпты қабылдай және команда бере отырып, саптың маңдайшебі жағына қарап тұрады. Рота командирінің орынбасарлары рота командирінен солға қарай, белгі беруші-барабаншы (командирдің бұйрығы бойынша) орынбасарлардан солға қарай тұрады, одан әрі қарай рота сержанты және басқару тобы тұрады. Бірінші взводтың командирі «Взвод, екі қатарға (үш, төрт лекке) – САПТАН» командасын бере отырып, өз взводын басқару тобынан солға қарай сапқа тұрғызады. Қалған взводтар өз командирлерінің командасы бойынша бірінші взводтан солға қарай өз нөмірлерінің реті бойынша сапқа тұрғызылады. Бірінші взводты сапқа тұрғызу бастағанда рота командирі ротаның сабынан шығады және бағыныстылардың іс-қимылын бақылайды.
Арнайы бөлімше үшінші взводтан солға қарай сапқа тұрады.
Ротаны екі қатарлы сапқа тұрғызған кезде төрт және үш адамнан бөлімшелері бар взводтар 20-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.
Өрістетілген сапта ротаны түзеу, бұру, қайта сапқа тұрғызу және басқа да іс-қимылдар бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.
Жорықтық сап
Ротаның жорықтық сабы үш (төрт) лекті немесе екі лекті болуы мүмкін.
Ротаны орнында үш (төрт, екі) лекке сапқа тұрғызу «Рота, үш (төрт, екі) лекке – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
Осы команда бойынша рота 27, 28-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады. Бұл ретте взводтар өз командирлерінің командасы бойынша үш (төрт, екі) лекке нөмірлерінің ретімен сапқа тұрғызылады; арнайы бөлімше үшінші взводтан кейін, ал басқару тобы – бірінші взвод командирінің алдында екі лекке сапқа тұрғызылады.
Ротаны жорықтық лекке сапқа тұрғызу және қайта сапқа тұрғызу кезінде рота командирінің орынбасарлары рота командирінен кейін екі адымда, олардан кейін екі адымда белгі беруші-барабаншы тұрады, рота сержанты басқару тобының алдында, рота старшинасы – арнайы бөлімшеден кейін тұрады.
Ротаны взводтық лектер сызығынан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу мынадай командалар бойынша жүргізіледі: «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, менің соңымнан (немесе бағыты, жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Рота, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: басқару тобы, бірінші взвод (немесе өзге жүру бағдары көрсетіледі), адым – БАС».
«Жорықтық үш (төрт, екі) лекпен» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының алдында екі адымда тұрады, ал рота сержанты басқару тобының алдында тұрады.
Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе командада аты аталған взвод қозғалысты бастайды; қалған бөлімшелер орнында адым жасайды. Басқару тобының немесе командада аты аталған взводтың қозғалуына қарай қалған бөлімшелер өз командирлерінің «ТУРА» командасы бойынша рота командирі немесе көрсетілген тәртіппен қозғалысты бастайды.
Егер қажет болса, взводтар рота командирі көрсеткендей, өз командирлерінің командасы бойынша жүру кезінде қайта сапқа тұрғызылады.
Ротаны үш (төрт) лектен взводтық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу «Рота, солға қарай взводтық лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша жүргізіледі.
Орындалатын команда бойынша басқару тобы немесе бағыттаушы взвод орнында адым жасайды, қалған взводтар бағыттаушы сызығына солға қарай шығады. Взводтар командирлерінің «ОРНЫҢДА» командасы бойынша взводтар орнында адым жасай отырып, рота командирінің «ТУРА» немесе «Рота – ТОҚТА» командасына дейін маңдайшеп бойынша және тереңдікке қарай түзеледі. «Рота – ТОҚТА» командасы бойынша взводтар командирлері өз взводтарының оқ жақ қапталына, ал рота командирінің орынбасарлары мен рота сержанты – басқару тобының оң жақ қапталына тұрады.
Ротаны өрістетілген екі қатарлы саптан екі лекке қайта сапқа тұрғызу ротаны оңға бұрумен, ал екі лектен өрістетілген екі қатарлы сапқа – солға бұрумен жүргізіледі.
Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау
Саптағы орнында әскери сәлемдесуді орындау үшін бастық 40-50 адымға жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.
Осы команда бойынша барлығы саптық қалыпты қабылдайды және көрсетілген жаққа басын бұрады, ал сапта тұрған рота командирлерінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты, одан басқа қолын бас киіміне апарады.
Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, саптық адыммен бастыққа жақындайды, оған екі-үш адым қалғанда тоқтайды және баяндайды.
Мысалы: «Майор мырза. Бірінші рота сабақтар кестесіне сәйкес айналысып жатыр. Рота командирі капитан Әлтаев».
Рота командирі баяндауын аяқтағаннан кейін қолын бас киімінен түсірмей, бір уақытта оңға (солға) бұрылумен сол (оң) аяқпен шетке қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оның соңынан бір-екі адым кейін және саптың сыртқы жағынан жүреді.
Бастық өтіп кеткеннен кейін немесе «ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді және қолын төмен түсіреді.
Саптағы қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау бөлімше мен взвод үшін көрсетілгендей жүзеге асырылады. Бұл ретте рота командирінің орынбасарлары, взводтар командирлері мен рота сержанты қолын бас киіміне апарады.
Егер бастық рота легінен озып бара жатса, әскери сәлемдесуді орындау үшін команда берілмейді; әскери сәлемдесуді тек взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері, сондай-ақ рота сержанты орындайды.
Өрістетілген сап
Батальонның өрістетілген сабы взводтық лектер сызығына, роталық лектер сызығына немесе екі қатарлы болуы мүмкін.
Батальонды сапқа тұрғызу батальон командирінің «Батальон, взводтық (роталық) лектер сызығына – САПТАН» немесе «Батальон, екі қатарға – САПТАН» командасы бойынша жүргізіледі.
Батальонды взводтық лектер сызығына сапқа тұрғызу былай жүргізіледі (29-сурет): роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы взводтық лектер сызығына, взводтар үш (төрт) лекке; взводтар мен роталар арасындағы аралық – екі адым.
Батальон роталық лектер сызығына 30-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады: роталар маңдайшеп бойынша бір сызыққа, әр қайсысы үш (төрт) лекке; взводтар арасындағы аралық – төрт адым; роталар арасындағы аралық – екі адым. Батальонды взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызу кезінде батальонның артиллериялық бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері екі адым аралықта лектердің бас жағымен роталардан солға қарай роталар сызығына тиісінше взводтық немесе роталық (батареялық) лектерге сапқа тұрғызылады.
Батальон командирінің орынбасарлары өрістетілген сапта батальон командирінен солға қарай екі қатарға, ал 29-31-суреттерде көрсетілмеген батальонның басқа да офицерлері мен батальон сержанты батальон басқармасының қалған құрамымен сапқа тұрғызылады.
Өрістетілген сапта түзеу және бұрылулар жасау бөлімшелер мен взводтар үшін көрсетілген ережелер мен командалар бойынша орындалады.
Жорықтық сап Батальонның жорықтық сабы (32-сурет) екі адым арақашықтықта бірінен кейін бірі үш (төрт) лекке сапқа тұрғызылған (алда келе жатқан ротаның соңғы қатарынан рота командиріне дейін) роталардың, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің жорықтық сабынан тұрады.
Батальон взводтық немесе роталық лектер сызығынан жорықтық лекке мынадай командалар бойынша қайта сапқа тұрғызылады: «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі), адым – БАС» немесе «Батальон, қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, жүру тәртібі: батальон басқармасы, бірінші рота (немесе өзге жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС».
«Жорықтық лекпен» командасы бойынша роталар командирлері өз роталары алдына тұрады, олардан кейін екі адымда – олардың орынбасарлары, взводтар командирлері – өз взводтары алдында екі адымда, роталар сержанттары – басқару топтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншылар роталық белгі беруші-барабаншылар үшін ережелерді орындай отырып, 27-суретте көрсетілгендей (6-қосымша) орындарда тұрады. Батальон командирінің орындалатын командасы бойынша роталар, артиллериялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелері өз командирлерінің командалары бойынша (осы Жарғының 121-тармағы) біртіндеп лекке қайта сапқа тұра отырып, батальон командирі көрсеткен тәртіппен жүреді.
Батальон командирі бағыттаушы бөлімше командирінің алдында, батальон командирінен кейін екі адымда екі қатарда оның орынбасарлары мен батальон штабының бастығы қозғалады, ал олардан кейін екі адымда батальон басқармасының қалған құрамы қозғалады.
Батальон жорықтық лектен өрістетілген сапқа батальон командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте батальонның сапқа тұру орны мен маңдайшебі, қандай рота бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.
«Батальон, солға қарай взводтық (роталық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 29, 30-суреттерде көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.
Батальонды өрістетілген екі қатарлы саптан үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызу батальонды оңға қарай бұрумен және кейіннен: «Батальон, үш (төрт) лекке, адым – БАС» командасын орындаумен жүзеге асырылады.
«Адымда» командасы бойынша батальон бөлімшелері осы Жарғының 107-тармағында көрсетілгендей үш (төрт) лекке қайта сапқа тұрғызылады.
Әскери сәлемдесуді саптағы орнында және қозғалыста орындау осы Жарғының 124, 125-тармақтарында рота үшін көрсетілгендей жүргізіледі.
Батальон лекте жүріп келе жатқан кезде әскери сәлемдесуді орындау үшін батальон командирінің командасын бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде роталардың командирлері (бағыттаушыдан басқа) біртіндеп қайталайды.
Бригада (полк) саптары. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабы взводтық немесе роталық лектер сызығына сапқа тұрғызылған батальондардан, артиллериялық бөлімшелерден, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінен, қамтамасыз ету бөлімшелерінен тұрады. Бригаданың (полктің) өрістетілген сабында оң жақ қапталға олардың нөмірлерінің ретімен батальондар, олардан солға қарай – артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері сапқа тұрғызылады.
Бригада (полк) басқармасы батальондардан оңға қарай сапқа тұрады. Бригада (полк) командирінің орынбасарлары басқармадан оңға қарай, ал Жауынгерлік Тумен сапқа тұрғызылған кезде – одан оңға қарай, Жауынгерлік Туды тапсырған кезде – 7-қосымшаға сәйкес тұрады. Батальондар арасындағы аралық – үш адым.
Әскерлер тектері мен қызметтері бастықтары, оларға бағынысты офицерлер мен бригада (полк) сержанты бригада (полк) басқармасының құрамында сапқа тұрғызылады. Бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу үшін бригада (полк) командирі өзі немесе штаб арқылы бұйрық береді, онда: сапқа тұрғызу мақсатын, орнын, уақыты мен тәртібін; киім нысаны мен жабдықтарды; бөлімшелерде қандай қару-жарақ пен әскери техника болуын көрсетеді.
Бригаданы (полкті) жорықтық сапқа тұрғызу тікелей жорықтық лекке сияқты өрістетілген саптан взводтық немесе роталық лектер сызығына қайта сапқа тұрғызу жолымен де жүргізілуі мүмкін.
Орнында жорықтық лекке сапқа тұрғызу кезінде батальондар, артиллериялық бөлімшелер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері мен қамтамасыз ету бөлімшелері лектерде бригаданы (полкті) сапқа тұрғызу орнына келеді және оларға көрсетілген орындарға тұрады.
Бригаданы (полкті) өрістетілген саптан жорықтық лекке қайта сапқа тұрғызу командалар бойынша жүргізіледі. Мысалы: «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, менің соңымнан (немесе жүру бағыты, бағдары көрсетіледі) адым – БАС» немесе «Бригада (полк), қарубау-ҒА (иық-ҚА)», «Жорықтық үш (төрт) лекпен, жол бойымен, сапқа тұру тәртібімен (немесе өзге де жүру тәртібі көрсетіледі), адым – БАС». «Жорықтық лекпен» командасы бойынша батальондар командирлері саптан шығады және өз батальондарының бас жағындағы бөлімшелер командирлерінің алдында сегіз адымда, батальондар командирлерінің орынбасарлары – батальондар командирлерінен кейін екі адымда екі қатарда тұрады, роталар мен взводтар командирлері саптан шығады және осы Жарғының 132-тармағында көрсетілгендей тұрады. Батальондар командирлері қозғалу үшін біртіндеп команда береді.
Бригада (полк) жорықтық лектен өрістетілген сапқа бригада (полк) командирінің командасы бойынша қайта сапқа тұрғызылады, бұл ретте бригаданың (полктің) сапқа тұрғызылу орны мен маңдайшебі, қандай батальон бойынша және қандай сапқа тұрғызылатыны көрсетіледі.
«Бригада (полк), солға сызыққа, батальондар, роталық (взводтық) лектер сызығына, адым – БАС» (жүру кезінде – «адым-ДА») командасы бойынша қайта сапқа тұрғызу кезінде бөлімшелер 33-суретте көрсетілгендей сапқа тұрғызылады.
Саптағы орнында және қозғалыста әскери сәлемдесуді орындау үшін бригада (полк) командирі «Бригада (полк), ТІК ТҰР, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді. Саптағы орнында бригада (полк) командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, бастық жаққа бұрылады, оған саптық адыммен келеді және баяндайды.
Жорықтық саптағы қозғалыс кезінде әскери сәлемдесу үшін бригада (полк) командирі берген команданы бастық алда келе жатқан ротаның орта тұсына теңескенде батальондардың командирлері біртіндеп қайталайды.
Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін «Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) – ҰРЫСҚА» командасы беріледі.
Осы команда бойынша:
маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод – бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;
тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод – одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі;
солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі – оңға қарай, ал екіншісі – осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.
Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде «Ә-УЕ» командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды. Егер қозғалыс тоқтатылмаса, онда лекте жылдамдық пен машиналар арасындағы арақашықтық ұлғайтылады. Тоқтаған кезде жеке құрам өз командирлерінің командалары бойынша жылдам машиналардан секіріп түседі, жақын жердегі тасаланған орындарға взвод бойынша бекінеді, оқ атуға дайындалады және команда бойынша төмен ұшатын нысаналар бойынша оқ атуды жүргізеді.
Қарсылас ядролық, химиялық және биологиялық қару қолданған кезде радиациялық қауіп немесе химиялық дабыл белгілері беріледі.
Осы белгі берулер бойынша жеке құрам қорғаныс шараларын қабылдайды.
Қарсыластың т±тқиылдан шабуыл жасаған кезіндегі жеке қ±рамның єрекеттері. «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолға алу, оң аяғымен алға қарай және біршама оңға толық адым жасау керек, онымен бір уақытта денені алға еңкейту керек, сол тізеге отыру және сол қолын өзінің алдына, саусақтарын оңға қарай жерге қою керек, одан кейін сол аяқтың жамбасына және сол қолдың білегіне сүйене отырып, сол бүйірге жату керек және жылдам ішке аунап түсу керек; аяқтардың ұштарын біршама сыртқа қаратып жан-жаққа созу және оқ атуға дайындалу керек. Қол оқшашарымен тәсілдерді орындау үшін «ҰРЫСҚА» командасы бойынша қаруды оң қолымен алу, сол қолмен тіреуіштерін жазу керек. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға қарай толық адым жасау керек және алға еңкейе отырып, атыс бағытына оқшашарды тіреуіштеріне қою керек; жазылмастан жерге екі қолымен тіреліп, аяқтарын артқа жіберу, ішпен жату керек, аяқтардың ұштарын сыртқа қаратып созу және оқ ату үшін дайындалу керек. Топтық қарумен тәсілдерді орындау кезінде «ҰРЫСҚА» командасы бойынша оны жауынгерлік күйге келтіру керек, ал одан кейін ату үшін күйді қабылдау керек.
«ТҰР» командасы бойынша қаруды оң қолына ұстай отырып, екі қолды кеуде деңгейіне тарту керек, бір уақытта аяқты бірге қосу керек, одан кейін қолдарын жедел соза отырып, кеудесін жерден көтеру және оң (сол) аяқты алға шығару керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қою және қарумен саптық қалыпты қабылдау керек.
Оқшашармен «ТҰР» командасы бойынша аяқтарын алға қарай созғаннан кейін оқшашарды алу керек, жылдам тұрып, сол (оң) аяқты қоя отырып, оқшашарды аяқ жанына қою керек.
Жүгіріп және еңбектеп өту. Жүгіріп өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт – АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі.
Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға тоқтауға қарай қозғалу жолын белгілеп алу, ал орындалатын команда бойынша осы Жарғының 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (оң) аяғын жерге қоймастан, оң (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек. Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс. Демалу үшін тоқтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай еңбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа оқ атуды жүргізуге дайындалу керек.
Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт – АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған тоқтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек. Жер бауырлап еңбектеп өту үшін жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабкасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне қою керек. Оң (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (оң) қолды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші қолды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек.
Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін тізерлеу және білекке немесе қолдардың басына тірелу керек. Бүгілген оң (сол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (оң) қолды алға қарай созу керек. Денені оң (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші қолды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек.
Қаруды: білекке тірелген кезде – жер бауырлап еңбектеп өту кезіндегі сияқты; қолдардың басына тірелген кезде – оң қолмен ұстау керек. Бүйірмен еңбектеп өту үшін сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, оң аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартып өкшесімен жерге тірелу керек; оң аяқты жаза отырып, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.
Қарсылас кенеттен шабуыл жасаған кездегі жеке құрамның іс-қимылы
Рота легіне жерүсті қарсыласының кенеттен шабуыл жасауына тойтарыс беру үшін «Қарсылас маңдайшептен (тылдан, солдан, оңнан) – ҰРЫСҚА» командасы беріледі.
Осы команда бойынша:
маңдайшептен шабуыл жасалған кезде бағыттаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында, одан кейінгі взвод оңға қарай, ал тұйықтаушы взвод – бағыттаушыдан солға қарай өрістетіледі;
тылдан шабуыл жасалған кезде рота артқа бұрылады; тұйықтаушы взвод жауынгерлік тәртіппен орнында; лектің ортасында болатын взвод – одан оңға қарай, ал бағыттаушы взвод солға қарай өрістетіледі;
солдан немесе оңнан шабуыл жасалған кезде рота тиісті жаққа қарай бұрылады; лектің ортасында болатын взвод жауынгерлік тәртіппен орнында өрістетіледі; қапталдағы взводтар: біреуі – оңға қарай, ал екіншісі – осы взводтан солға қарай өзінің сыртқы қапталдары жағына қарай өрістетіледі.
Роталар легіне қарсылас әуеден шабуыл жасаған кезде «Ә-УЕ» командасы беріледі. Осы команда бойынша рота жағдайға байланысты қозғалысты жалғастырады немесе тоқтайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Орындалатын «БАС» пәрменінен кейін «БІР» саны бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен бастайды, табанды толық жаза, аяқты алға созады аяқты жерден 15-20 см көтеріп табанға нық тұрып оң аяқпен жартылай алға адым жасай отырып, бар салмақты сол аяққа түсіреді. Оң аяқты толық созып аяқтың ұшын «екі, үш, төрт» саны бойынша жерге тигізбей устап тұрады. Жіберілген қателерді түзетемін.
Бұдан кейін «Саптық адыммен бөліп-бөліп екі санға адым- БАС» пәрмені н беріп санай бастау керек, «бір, екі; бір, екі» т.с.с. «Бір» саны бойынша алға адым жасайды, ал «Екі» саны бойынша осы қабылданған қозғалысты ұстап тұрады. Осылай бірнеше рет қайталана отырып қателерді түзетіп отырамын. Жаттығуды меңгергеннен кейін минутына 60-70 адым жылдамдықпен жүріс басталады. Біртіндей, біртіндей жылдамдықты арттыра отырып, қозғалысты минутына 110-120 адым жылдамдыққа жеткізеді. Соңынан жаттығуларды өз беттерімен жаттығуға пәрмен беріледі. Ал әскери жетекші сырттарынан бақылау жасай отырып, қате жіберген жаттығушыға қателерін түзетуге көмектеседі.
Қорытынды: жаңа тақырыпқа байланысты койылған сұрақтарға жауап қайтару, жіберілген қателерге талдау жасау, оқушылардың білімін бағалау, сабақ тақырыбына байланысты үйге тапсырма беріледі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қ. Аманжолов, А.Тасболатов. Алғашқы әскери дайындық -Алматы “МЕКТЕП” 2004ж. 2.Д.Майхиев, Б.Аманжолова. Алғашқы әскери дайындық-Алматы “МЕКТЕП” 2006ж. 3. Б.Аманжолова, А.Тасболатов. Алғашқы әскери дайындық -Алматы “МЕКТЕП” 2007ж. 4. «Сарбаз» Республикалық әскери патриоттық газет // 1 қазан
5.Қазақстан Республикасы Қарулы Кұштерінің Жалпыәскерлік Жарғылары.Алматы
7.Основы Начальной Военной Подготовки С.Т.Каргин. С.Х.Дощаков
8. Общевоинские Уставы Вооруженных Сил СССР. Москва.
12. С.Е. Ешімханов. Патриотизм мектебін шыңдасқан ұстаздар. Оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік нұсқау. Алматы, 1999.
13. С.Е. Ешімханов. Өнегелі іске қатыстыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік нұсқау. Алматы, 1999.
14.З. Тұрарбекқызы Өз еліміздің патриоты болайық. Алматы ақшамы, 20 сәуір, 2004 ж..
15. Қ.Аманжолов, А.Тасболатов Қазақстан әскери тарихы. Алматы, «Білім», 1999 жыл.
16.Қайсар Әлім, Тәуелсіздіктің тегеурінді сақшысы, «Егемен Қазақстан» 27-желтосан 2000 жыл.
17.Указ Президента Республики Казахстан от 7-мая 1992 года. «О созданий Вооружонных сил РК».
18. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскерлік жарғылары Алматы 2007ж
19. Егемен Қазақстан 9 мамыр 1992 ж.
20.Қазақстан сарбазы 3 маусым 2005ж.
21.М. Қ. Абдисов. Мектептегі әскери отансүйгіштік тәрбие. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 2, 2008 ж.
22.Ғ. Т. Оралбек., Г. Ө. Құбаева, Ә. С. Қайырғалиева. Қазақ тіліндегі әскери терминдер мен ұғымдар қолданысын Бауыржан Момышұлынан үйренейік!
23. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 1, 2008 ж.
24.Қ. Н. Темірбаев. Қазақстандық патриоттық сезімді бала бойында қалыптастырудың жолдары. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 1, 2008 ж.
25.Г. Жайлаубаева. Лирикалық өлеңдерді оқыту арқылы оқушыларды ұлттық рух пен патриотизмге тәрбиелеу. Ұлағат, № 1, 2008 ж.
26.С. Нұрмағамбетов. Патриотизм - үлкен мәні бар, философиялық дүние. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
27.С. Сапанов. Ұлттық мейрамдарды насихаттау өз деңгейінде емес. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
28.Бақытжан Момышұлы. Патриотизмнің ең негізгі қазығы - Ана сүті. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
29.Е. Абенова, Т. Машенбаев. Ауылдық мектеп ерекшелігі. Қазақстан мектебі, № 80, 2003, 24-25 беттер.
30.Қ. Меңлібаев. Патриотизм және ұлтаралық қатынас мәдениеті. Ақиқат журналы, № 12, 2000.
31. Ақпарат көзі: www.Zox.kz интернет сайты.
32. Ақпарат көзі: www.Google.kz интернет сайты.
33. 28 наурыз 2013 жыл. Республикалық студенттік ғылыми конференция материалдарының жинағы «Қазақстан қоғамының модернизациясы және жастар» Астана 2013