Просмотр содержимого документа
«"Ал?аш?ы ?скери дайынды?" п?нінен д?рістер жина?ы »
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ПОЛИГРАФИЯ КОЛЛЕДЖІ
«АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ»
пәнінен дәрістер топтамасы
Оқытушы: Нарымкулов Н.Б.
Алматы , 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ЖАППАЙ ЖОЮ ҚАРУЫНАН ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ
ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1 Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы
болатын зардаптар
1.2 Төтенше жағдайда халықты және әскери қызметшілерді қорғау.
Эвакуация
1.3 Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері
2. ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Халықты және әскери қызметшілерді психологиялық
дайындыққа әзірлеу
2.2 Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану
қауіпі туғандағы қимылдар
2.3 Ядролық қарудың жарылыс ошағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру.
Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Мұндай құбылысты ғалымдардың 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды.
Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Ядро қаруын немесе химиялық заттарды қолданғаннан елді мекен аймағы, үйлер, құрылымдар, транспорт құралдары, әр түрлі мүлік радиациямен не химиялық улы заттармен ластанады. Осы ластанған нәрселерді тазарту өте көп уақытты және еңбекті талап етеді
Дәрістер жинағының құрылымы мен көлемі. Ұсынылып отырған дәрістер жинағының жалпы құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және де қосымшалардан тұрады.
1. ЖАППАЙ ЖОЮ ҚАРУЫНАН ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.1. Радиация көздері, ядролық жарылыстағы және басқа апаттардағы болатын зардаптар.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Аазаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.
Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.
Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
Қорғану жолдары. Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.
Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұнығ қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады. Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді. Және тарауы да лезде болады.
Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.
Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.
Жарық импулсі – 1 кал/см.
Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.
Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:
1-ші дәрежелі – 4 кал/см;
2-ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;
3-ші дәрежелі – 7,5-12 кал/см (тері сыдырылады);
4-ші дәрежелі – 12 кал/см-ден жоғары (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).
Жарықты сәулененуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.
Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.
Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.
Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см ауада, 00С – температурада қысымы сынап бағансымен 760 мм болғанда – 2,08 млд. пар иондардың болу деңгейі.
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.
Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды (еш зиянсыз).
Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі.
Оның 3 зонасы: 1) қауіпті зонасы;
2) күшті ластанған зонасы;
3) аздау ластанған зонасы.
Ластау (ластану) мөлшеріне байланысты:
жарылыс түрінен (бомбаның);
оның күшінен (неше мегатонна);
жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;
эпицентрдің қашықтығынан;
жарылыс кезіндегі ауа райынан;
жер бетінің рельефінен (таулы, жазық далы т.с.).
Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы, 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді -100 % деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.
Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін.
Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтілік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді.
Мұндай құбылысты ғалымдардың 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді.
Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т.
Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа мтериалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.
Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықталған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.
Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтартар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі тиіс.
Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауда болып, жақсы бағылуы керек. Ветеринарлар базарға түскен ет, сүттің тазалығын тексеріп отырады.
Ядро қаруын немесе химиялық заттарды қолданғаннан елді мекен аймағы, үйлер, құрылымдар, транспорт құралдары, әр түрлі мүлік радиациямен не химиялық улы заттармен ластанады. Осы ластанған нәрселерді тазарту өте көп уақытты және еңбекті талап етеді. Мұндай жұмыс істеген адамдар, противогаз, комбинизон, резина етік, қолғаппен жұмыс істейді. Сондықтан олар өте шыдамды, жаттыққан және тазалап жатқан нәрселерін (техниканы) өте жетік білетін адамдар болулары керек.
Бұл жұмысты АҚ күштерінің арнайы жасақшылары өткізеді.
Қажетіне қарай олардың құрамына оқу орындарынан да адамдар тартылуы мүмкін. Қорғаныс киімдерін киіп алып студенттер де оқу ғимаратын, басқа да орындарды тазалауға кіріседі.
Дезактивациядегеніміз радиоактивті заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды денелердің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады.
Осы мақсатта жуғыш ерітінділерді (моющие растворы) пайдаланады, майлы жердегі не қуыс-қуыстағы радиоактивті заттарды әбден кетіреді. Бұдан кейін сумен жақсылап шаю керек. Осы мақсатта жер қабатын, қардың бір шама бетін сылып алып тазалайды. Мысалы: Чернобыль (12986 ж).
Киімнен, жиһаздан, басқа да үй заттарынан радиоактивті заттарды шаңсорғышпен, қағумен, щеткамен тазалап та кетіруге болады. Осындай жұмыстарды дезактивация деп атайды.
Дегазация дегеніміз ластанған денелерден улы заттарды жою.
Дезинфекция деп ауру жұқтыратын немесе ауру тасымалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғары температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады.
Қаланың ауқымын, өндіріс орындарын көлік тазартуды, т.с.с. жұмыстарды тек дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналары, қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін басқа да техникалар пайдаланылады. Сонымен қатар қол құралдары: бүріккіштер, сушашқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданылады. Үй ішін, өндіріс орындрын, басқа да орындарды дезактивация жасағанда мынадай реттілікті сақтайды.
Ылғал шүберекпен немесе щеткамен алдымен үйдің төбесін, кейін қабырғаларды, соңында еденді жуып-сүртіп шығады. Бұдан кейін жиһаздарды тазалайды, шкаф, стол, орындықтарды ылғал затпен сүртеді де, жұмсақ мебельдерді (кілем, терезе жапқыш т.б.) шаңсорғышпен тазалайды. Киімді, аяқ киімді басқа қорғаушы киімдерді дезактивациялау АҚ адамдары жұмыс істеп жатқан алаңдарда және киім тазалайтын әдейі орындарда өткізіледі.
Жоғарыда айтылғандай киімдерді дезактивация жасаудың негізгі тәсілдері: қағып-соғу, щеткамен тазалау, сыпыру, шаңсорғышпен сорғызу. Аяқ киімді де щеткамен, сыпырғышпен, ылғал тампондармен қармен тазалайды. Резина аяқ киімдерді жууға болады. Металл, фарфор, әйнек ыдыстарды сабынмен немесе ерітінділермен мұқият жуып, соңынан кран суын ағызып жуады.
Дезактивация ластанбаған әдейі алаңдарда немесе тұрақты жуу пунктерінде өткізіледі. Халық өз киімдерін АҚ мамандарының басшылығымен өздері тазалайды. Тазалау алаңы лас алаң және таза алаң болып бөлінеді. Таза алаңда дозиметриялық бақылау бекеті, киімді, аяқ киімді ауыстыратын орын болады. Халық алдымен бөлек алаңда күтеді, содан кейін кезекпен тазалау орнына барып, мамандардың басшылығымен дезактивация өткізеді. Алдымен қол жуып алып, содан кейін противогазды, үстеріндегі киімді шешіп, қолдарын, беттерін, мойнын қайта жуады да, санитарлық тазалық өтетін алаңға шығады. Тұрғын үйлерді, коридорды, баспалдақты, жануарлар үшін қораларды халықтың өздері дезактивациядан өткізеді.
Матадан тоқыған киімдерді, іш киімдерді соданың 2%-дық ерітіндісінде 2 сағат бойы қайнатады. Асханадағы ыдыстарды да 2 сағат бойы 2%-дық сода ерітіндісінде қайнатады.
Дезактивация, дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізеді. Тек противогаз, респиратор, не шаңға қарсы тігілген маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі. Барлық тазалау жұмысын бітіргеннен кейін өздері толық санитарлық тазалықтан өтеді, пайдаланылған құралдарды, киімді, аяқ киімді және барлық құралдарды толық немесе жартылай тазалықтан өткізеді.
Толық немесе жартылай санитарлық тазалау.
Жартылай тазалық дегеніміз адам денесінің ашық бөліктерінен, киімдерден, аяқ киімнен және жеке дара қорғану құралдарынан радиоактивті заттарды және улы заттарды сыпырып, сүртіп қна тазалау болып табылады.
Толық санитарлық тазалық дегеніміз денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі киімді қажет болса сырт киімдерді де ауыстыру. Радиоактивті заттармен ластанған ауданнан шыққан барлық адамдар, жасақшылар тобы жартылай дезактивациялық тазартудан өтеді. Бұлай тазаланудың мынадай реттері сақталады.
Тазалық өткізетін адамдар сыртқа киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан шешіледі. Бұларды қағып-соғып, сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанатын етегімен жеңін мұқият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады. Содан кейін противогазды, оның қорабын, шлем-маскасын пакеттегі ерітіндімен тазалайды, тек осыдан кейін ғана противогазды шешуге болады.
Матадан тігілген масканы қағып-соғып тазалап, содан кейін жуады.
Дәке-мақтадан жасаған байламаны жойып жібереді (өртейді).
Дезактивация жасағанда щаң өзіңе түспес үшін, жауырынды желге беріп тұру керек. Осыдан кейін жартылай санитарлық тазалыққа кіріседі. Тазарту уақытында жуынған су көзге, ауызға, мұрынға кірмеу керек.
Дегазация жұмысы былайша жүргізіледі:
Химиялық заттармен ластанған ауданда адам денесінде, киімінде улы заттардың тамшылары болса, ол жерді пакеттегі сұйықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртып алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, ластанған ауданнан тезірек шығуға асығады. Осыдан кейін олар толық санитарлық тазалықтан өтеді.
Егер ондай мүмкіндік болмаса, жартылай тазалық мына ретпен зткізіледі:
Алдымен қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан кейін сыртқы және қорғану киімдерін дененің ашық жеріне не ішкі киімге тигізбей әуелі противогазды, соңынан қолғапты шешеді. Енді қолды және басқа ашық жерлерді пакеттегі сұйықпен не сабынмен жуады. Көзді соданың ерітіндісімен не таза сумен жуады, тамақы мұрында сумен шаяды. Осыдан кейін осы адамдар толық санитарлық тазалыққа жіберіледі. Жазда ластанбаған өзен суында жуынуға болады. Қыста жартылай тазалыққа қарды пайдалануға болады.
Уақытында ұқыптылықпен жүргізілетін тазарту жұмысы улы затпен улануды мүлдем болдырмауға немесе оның дәрежесін азайтуғ септігін тигізеді.
Жарақаттар және олардың түрлері. Жарақат – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуы, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуы, органдардың зақымдануы және көптеген басқа жәйттердің әсерінен ұлпалар мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Жарақаттануға механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тогы), психикалық (қорқыныш) фкторлар әсер етуі мүмкін.
Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.
Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдалу түрлері. Бұдан терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы (буынның таюя, сүйектің сынуы) жатады.
Ашық зақымдану – бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғыларының кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардан қолындағы қотыр мен жар болуы).уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өндірістік (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы), өндірістік емес (тұрмыс, спорт, көше, көлік) ж»не әскери болып бөлінеді.
Кез келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмауының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу – адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылуы. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, дененің аяқ асты сырқырауы).
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінен аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетпеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда ауру құлайды.
Өткір сәуле аурулары. Өткір радиациямен немесе радиоактивті заттардың белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды.
Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі: 1 дәрежелі – 100-200 р-ге дейін сәуле;
2 дәрежелі – 200-300 р-ге дейін сәуле;
3 дәрежелі – 300-500 р-ге дейін сәуле;
4 дәрежелі – 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі.
Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:
сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;
ауруының жасырын кезеңі;
ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар);
ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы.
Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі:
1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады.
Дене қызуы 37,2-37,50С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады.
3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 380С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-400С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады.
4-ші дәрежесі – өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 390С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.
Жараға инфекция түсіп, асқынуы.
Инфекция деген адам мен жануарлар организміне уру қоздырғыш микробтардың енуі және олардың организмде өсіп-өнуі, оны түрлі кеселге ұшыратуы.
Жара деген терінің немесе шырышты қабықтың бүтіндігін бұзғандықтан пайда болған жарақат.
Олардың жіктелуі жараның неден болатындығына байланысты.
- Инеден, шегеден, біз немесе штыктен алған жарақат –түйрелген, үшкір затпен шаншылған жарақат.
- Кесетін нәрседен (пышақтан, әйнектен) алынған жара – кесілген жара.
- Құлағанда, тұйық нәрсеге соғылғанда, не соққанда алынған жарақат – соққыдан алған жара.
- Жыртылған жара – машинаның деталінен (іліп кеткеннен) болған жара.
- Оқтан не снарядтың ұшқынынан болған жарақат – оқ тиюден жаралану.
- Ит не басқа жыртқыш аңның тістегенінен болған жарақат.
Жара терінің үстіңгі қабатында ғана болуы немесе тереңірек, бұлшық еттердің жарақаттануында болуы мүмкін.
Кеуденің, қарынның, бас сүйектің ішінде өткен жарақатта болады. Мұндайда ішкі органдарда жарақат алады.
Әрбір жара қан көп кетуімен және оған микроб түсіп, асқынып кетуімен қауіпті. Көптеген микробтар, жараға түскенде іріңдетіп жібереді. Оған стафилококтар, стрептокилар жиналады.
Инфекция түсіп іріңдеген жараның айналасы қызарады, ісінеді. Жараның жазылуы ұзаққа созылады. Кейде микроб қанға өтіп кетсе, ол өте қауіпті. Осындай асқынып кеткендегі түрін тілме (рожа) деп атайды. Жаралы жер қызарып, ала-құлаланып, айнала жайылады, кейде тері асты іріңдейді. Қызу 39-400 жетеді. Инфекция ұстаған нәрселер арқылы басқа адамға да жұғуы мүмкін. Жараға микроб түскеннен пайда болған ауруды сіреспе (столбняк) дейді. Микробтар жараға түскенде адамның жүйке жүйесіне әсер еткеннен сіңірі тартылып, құрысып қалады. Жүрегінің жұмысы мен демалысы бұзылады. Егер дер кезінде шара алып емделмесе, ол адам қазаға ұшырауы мүмкін.
Жарақат алған кісіге алғашқы жәрдем көрсеткенде жараға микроб түспейтіндей бірнеше шара қолданылады, осы шараларды асептика деп атайды.
Асептикаға қолданатын барлық құралдар (байлау құралдары, хирургиялық инструменттер, хирургтың қолыныцң тазалығы, т.б.) өте таза (стерильно) болуы керек. Бұған винний спирт, йод тұнбасы, хлорамин, ривонола ерітінділері т.б. қолданылады. Оларды пайдаланып микробтарға қарсы күресу әдісі – анисептика деп аталады. Ол үшін антибиотиктер – пенициллин, стрептомицин деген дәрілер жиі қолданылады. Микробқа ыстық бу, қайнату, құрғақ ыстық қатты әсер етеді, осылар арқылы қажет материалдар тазартылады (стерильденеді).
Хирург құралдарын су қайнағаннан бастап 45 мин. бойына қайнатады. Құралдар 2 сағат спиртте жатса да болады.
Жара туралы ұғым, жараларды жіктеу және олардың асқынуы.
Терінің, кілегейлі қабықшаның, кейде қалың ұлпа қабатының бүлінуінен жанға батып ауыратын қан кететін зақымданған жер жара деп аталады.
Жара оқ тигенде, кесіп алғанда, шауып алғанда, шаншып алғанда, соғып алғанда, мылжаланғанда, жырымдалғанда, бір нәрсе шығып немесе тістеп алғанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болады.
Кесіп немесе шаншып алғанда жара онша аумақты болмайды, жараның ішкі жағы мен кенересі тіршілігін сақтап, қан көп кетеді, жараның басқа түрлеріне қарағанда бұл инфекцияға аз шалдығады. Шаншылған өтпе жараның аумағы өте үлкен болмаса да тері мен кілегейлі қабықшаны тереңірек бүлдіріп, ішкі мүшелерді зақымдайтын және инфекцияға шалдықтыратын мүмкіндіктеріне байланысты өте қауіпті болады. Соғылған, жырымдалған және мылжаланған жаралар жараның өте ауыр түрі, оның жиегі жұлмаланып, қанталайды, жансызданған ұлпалары өте көп болғандықтан, инфекцияның дамуына қолайлы жағдай туады.
Асептикалық таңғыштарды неғұрлым жедел салып байлау, жараға микробтардың одан әрі түсуінен сақтандыратын алдын ала шарт болып табылады.
Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірек сарайына, құрсақ қуысына өтіп кетуі де мүмкін. Өтпе жаралар өте қауіпті болады.
Кеудедегі өтпе даралар көбінесе өкпе зақымданып, қан қақыру болады. Кеудедегі өтпе жараларды ашық, бітеу жара деп ажыратады, мұнда ауа кеңірдектен немесе өкпеден көкірек қабырғасындағы жара арқылы плевра қуысына өтеді. Жаралану кезінде плевра қуысына ене бастаған ауа жара өзегі жолындағы жұмсақ ұлпалардың жылжуы салдарынан дереу тоқтап қалатын көздер жиі байқалады. Осылай бітеу пневмоторакс пайда болады.
Қарындағы өтпе жара кезінде ішкі мүшелердің: бауыр, қарын, ішек, бүйрек және басқалардың зақымдануы да, олардың құрсақ қуысынан түсуі де, түспеуі де мүмкін. Қарындағы өтпе жараның жарақаттан басқа белгілері: ауру ішке таралады, құрсақ қабырғасындағы бұлшық ет созылады, іш кеуіп, шөлдейді, ауыз тобарсиды. Іште бітеу жарақат болған жағдайда, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелердің жараланбай-ақ зақымдануы мүмкін.
Жарақат алғандарға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы медициналық көмектің міндеті: жарақаттанғана дамның өмірін сақтап қалудың қарапайымшараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе ауру зардаптарының жеңілдеуінемүмкіндік жасау.
Жазым болған жерде алғашқы дәрігерлік көмекті жарақаттанған адамның өзі немесеоның серігі, жасақшы санитар қыз көрсетуіне болады.
Алғашқы дәрігерліккөмек көрсетудің мынадай шаралары бар: қанныңағуын уақытша тыю;жараға немесе дененің күйген жеріне стерилді таңғыш байлап, қолдан тыныс алдыру және жүрек уқалау; антидоттар жіберіп, антибиотик ішкізу; ауруды бастатын дәрі егу; жанып жатқан киімді сөндіру; противогаз кигізу; жарақаттанған адамды зақымданған жерден әкетіп, аз-аздап санитарлық тексеруден өткізу.
Алғашқы медициналық жәрдем неғұрлым тез көрсетілсе, зақымданудың бұдан былайғы барысы мен сауығу нәтижесі адам өмірін сақтап қалуда шешуші әсер етеді. Қан көп кетіп, электр тоғы соққанда, суға батқанда, жүрек қызметі, тыныс алу тоқтағанда, басқанда бірқатар жағдайларда дереу алғашқы медициналық көмек көрстеілуі тиіс.
Егер зақымданушылар көп болса, ең алдыменбалаларға және өте ауыр зақымдалған, жараланғаннауқастарға көмек беріледі. Қатты жарақаттанғандарға дәрігерлік көмек көрсете отырып, оның жеке тәсілдерін орындаудың жүйесін анықтап алу керек. Алдымен зақымданған адамның өмірін сақтап қалуға немесе келесі дәрігерлік көмек көрсетуге қажетті тәсілдер орындалады. Мәселен, ортан жілік сынып, артериядан қан кетуді тиып, жараға стерильді таңғыш салып байлайды, арнайы шендеуіш салады немесе сынықты қимылдатпайтындай қолда бар құралдарды пайдаланады.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде қолданылатын тәсілдердің қай-қайсысы болса да ұқыптылықпен, ойлап орындау керек. Қалай болса солай көрсетілген көмек зақымданушыға зиянын тигізіп, оның халін нашарлатуы мүмкін.
Алғашқы көмек көрсеткенде тізімдік және қолда бар құралдар пайдаланылды. Таңу материалдары – бинт, медициналық таңу пакеті, үлкен және кішкене стерильді таңғыштар мен салфеткалар, мақта және басқалар алғашқы көмек көрсетудің тізімдік құралдары. Қан кеткенде таспалы және түтікті қан тоқтататын жгуттермен тыяды.
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ампула немесе шишаға құйылған 5 %-дық спиртте ерітілген йод, шишаға құйылған 1-2 %-дық спиртте ерітілген бриллиант көгі, волидол таблеткалары, шүйіншөп (валериан) тұнбасы, ампулаға құйылған мүсәтір спирті, ас содасының таблеткалары немесе ұнтағы, вазелин т.б. дәрі-дәрмектер қолданылады.
Күйгенде көрсетілетін көмек.
Ядро қаруын қолданғаннан, не апаттан табиғат дүлейінен өрт болғанда адамдар көптеп күюі мүмкін.
Күюдің 4 дәрежесі болады:
1-ші дәреже – тері қызарып, ісіп кетеді, ауыра бастайды.
2-ші дәреже – көбік пайда болады, ішінде сары түсті сұйық жиналады.
3-ші дәреже – тері үгіліп түсіп жатады.
4-ші дәреже – жара тереңдеп, бұлшық ет, сіңірлер зақымданады.
1-ші дәрежелі күйікке марганцовка калий қышқылының күшті ерітіндісіне немесе одеколонға, спиртке малынған таза марляны салып қою керек. Жара бірнеше күнде жазылып кетеді.
2-ші дәрежелі күйікке жараның айналасын одеколонмен не 0,5 %-дық нашатыр спиртінің ерітіндісімен тазалап, көбіктерді бұзбау керек. Сол жерге марганцовка-калий қышқылының 2%-дық ерітіндісімен қанықтырылған байламаны салу немесе күйікке жағатын маймен майлайды. Жара киімге жабысып қалса, оны жұлып алуға болмайды, тек айнала қиып алу керек.
Адамға ыстық тамақ беріп, ауруын басатын дәрі береді. Күйіктің 3-4-ші дәрежелерінде де осылайша көмек беріп ауруханаға жөнелтіледі.
Хирургияда қолданатын тану түрлері.
Жараны микроб түсуден қорғау үшін оған түрлі таңғыштар салынады. Бұл үшін сұйықты жұтып алатын марля мен мақтаны қолданады. Бұл жерде екі ережені қатаң сақтау керек:
1. Жараға қол тигізуге болмайды.
2. Таңғыш материалдар өте таза (стерильно) болуы керек.
Марля не мақта жоқ болса таза орамалды не матаны (ақ түсті) пайдалануға болады. Мүмкін болса оларды марганцовкаға, бор қышқылының антисептикалық ерітіндісіне ылғалдап алу керек.
Таңғышты өте қатты емес, бірақ тығыз, орнынан жылжымайтындай, қозғалғанда түспейтіндей таңу керек. Жараны байлау үшін бинттерді, марля салфеткаларды, кейде таза мата кесінділерін, простыня т.б. пайдалануға болады. Олар алдын ала залалсыздандырылған болуы керек.
Жедел көмек кеудесінен не ішінен жарақаттанғандарда көрсетілуі керек. Олар демалғанда іштеріне ауа кіреді, сондықтан ондай жаралыларға герметикалық таңғыш жасап ауа өтпейтін нәрсемен тезірек жауып, үстін тығыздап байлайды.
Қарнынан жарақаттанып шектері шығып қалса да, оларды ішіне қайта салмай сол жерге таза таңғыш салады. Ондай ауруларды тез дәрігерлік бекеттерге жеткізу керек.
Жарақаттың қай мүшеге түскеніне қарай, оларды таңудың бірнеше түрі және әдістері болады.
орама таңғыш;
сегізге ұқсас таңғыш;
спиральды;
сақпан тәріздес таңғыш;
орамал тәріздес таңғыш.
Орама таңғыш – қарапайым. Онымен айнала орағанда алдыңғы ораған марляның жартысын ала орайды. Мұны ең жіңішке жерден бастап жуан жаққа қарай орай береді. Бұл таңғыштың түрін көбіне сан, сирақ, қолды байлауға пайдаланады.
Аяқ, қол, басты, мойынды, жанбасты сегізге ұқсас таңғышпен байлайды. Иық сүйегі, қол сынғанда – орамал тәріздесті, мұрын, маңдайды байлауға сақпан тәріздес таңу әдісін қолданады.
Қан ағысы. Қан тамырлары жүрекпен бірге организмде қан айналымын қамтамасыз етіп тұрады. Қан айналысынан ұлпалар мен жасушалар қаннан оттегін алып қоректеніп, денеден көмір қышқылын және тағы басқаларды бөліп шығарады.
Жүрекке тіршілік кіре бастағаннан ғұмыр бойы бір қалыппен соғып тұрады. Бір ғана соққанда ол 60 мл (грамм) қан айдайды. Қан айдау жүйелері қанның үлкен және кіші айналысы болып екіге бөлінеді.
Жүректен денеге қарай қан жүретін тамырларды артерия деп атайды. Артерия бойында дені сау адамның қан қысымы 110-140 мм, 65-85 мм сынап бағанасы бойынша.
Артерия қан қысымына тоқталайық: артерия жарылғанда ашық-қызыл қан қатты шапшып ағады. Денеден 1,5 литрдей қан кетсе-ақ, өмірге қауіп төнеді.
Артерия жарылғанда алғашқы көмек дереу қан тоқтату болу керек. Ең қарапайым және тез қолданатын әдіс сол қан кетіп жатқан жердің жоғары жағынан артерияны саусақпен қысу.
Сондықтан артерия тамырларының қалай орналасқанын, жүретін жерін білгеніміз дұрыс:
Самай артериясы.
Жақтан төменгі артерия.
Ұйқы артериясы, мойында.
Бұғана асты артерия.
Қолтық асты артериясы.
Иық артериясы.
Кәрі жілік артериясы.
Сан артериясы.
Тізе асты артериясы.
Табан артериясы.
Қандай күшті адам да тамырды саусақпен ұзақ ұстап тұра алмайды. Саусақтан басқа қан тоқтату құралдары: резіңке, бұрау және таза таңғыш.
Резіңке салу – қан тоқтатудың негізгі әдісі. Оның салынған күні, сағаты, минуты түгел жазылып, резіңкемен бірге бекітіледі.
Күре тамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады. Оның түсі қоңыр-қошқыл болады. Ол жәй ағады. Оны қысатын таңғыш салып немесе қан аққан жерді биіктетіп ұстап тоқтатуға болады.
Капиллярлық қан ағысынан – қан тамшылап шығады. Оны да қысатын таңғышпен тоқтатуға болады. Егер қан таңғыштан өтетін болса, қосымша бинттеу керек.
Паренхимотоздық қан ағысы – ішкі органдар (бауыр, бөтеке, талақ т.б.) жарақатынан ағады. Оның белгілері – терінің көгеруі, әлсіреу, көз қараю, жиіленген әлсіз пульс, ауырсыну. Оларды хирургиялық көмек көрсету үшін емханаға жөнелтеді.
Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа мүсәтір спиртін иіскетеді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін пайдаланылады.
Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофейн кордиамин енгізеді.
Коллапс - өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті бозарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезінде пайдалы болады. Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.
Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету: талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.
Тамырлардың соғысын арттырту үшін теріге 1 % - 1мл мезатон, 2ᄃ% - 2мл кордиамин, 5% - 1мл кофеин енгізеді.осы шамалардан бәрін кез-келген Жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тарылған сырқаттардан шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады. Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректі сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде жасушаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.
1.2. Төтенше жағдайда халықты және әскери қызметшілерді қорғау. Эвакуация.
Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, турнирлерде, кен орындарында, жер асты өткелдерінде, жер асты гараждарда және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытына шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.
Халық аймақтық және көлемді төтенше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға теміржол, автомобиль, авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.
Соғыс уақытында кенеттен болған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.
Тұрғындарды толық немесе бөлігін қатерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытындада жүргізілуі мүмкін.
Уақытша көшірі шаралары:
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады.
Халықты оқыту барысында, Азаматтық қорғаныс жөнінен жаттығулар жүргізуде және күнделікті іс-қимылда мынаны талап ету қажет: көшіруге жататын әр адам өзінің жасайтын іс-әрекеті тәртібін білуі керек (жиналу орны, келіп жету мерзімі, көшіру әдісі, көшірілетін орны, жеке заттары мен азық-түліктерінің саны мен тізімі т.т.)
Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардың халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен; адамдарды жекеленген таныс қорғау құралдарымен қамтамасыз етумен; баспаналарда, радиацияға қарсы баспаналарда және басқа да қорғаныс ғимараттарында жасырынумен; зақымдану аймағынан тасып шығарумен; радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен; радиацияға қарсы профилактика, объектілерге, техникаларға, жабдықтар мен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен; өзін-өзі қорғау әдістеріне үйретумен жетеді.
Жеке қорғау құралдарын құру, жинау.
Санатталған қалалардың ұйымдарының жұмысшылары мен қызметкерлеріне – ұйымдардың қаржысы есебінен; санатталған қалалар мен елді мекендердің халқы үшін жеке қорғану құралдарын жинаіу жүргізілмейді, қорғану құралдарының қарапайым түрлерін халық өздері дайындайды (мақта-дәке жара таңғыштары және т.т.).
Радиациялық және химиялық қауіпті өндірістердің жұмысшыларын, қызметкерлерін, осы объектіге жақын тұратын және болуы мүмкін зақымдану ошағына жататын халық, сондай-ақ осы объектілердегі аварияларды жою үшін тартылатын Азаматтық қорғаныстың құрамалары қорғану құралдарымен осы ұйымның қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі.
Халықты радиоактивті және химиялық зақымдану жағдайына іс-қимыл жасауға дайындау мақсатында оларды ережелерге және іс-әрекет жасау тәртібіне, өзді-өзіне және бір-біріне өзара көмек көрсетуге үйрету жүргізіледі.
Халықты қорғау жөніндегі ерекше орында зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру қажет.
Төтенше жағдайларда жедел дәрігерлік көмек көрсету қызметінің алдында төмендегідей мақсаттары болады:
уақытында дәрігерлік көмек көрсету;
зақымданғандарды көшіру және емдеу, оларды еңбекке қайта оралту мақсатында денсаулықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ дәрігерлік эвакуация кезіндегі болатын адам шығынын азайту;
апаттың халыққа әсер еткен жүйке-нервологиялық және сезім әсерін азайтуға бағытталған емдеу-профилактикалық шараларды жүргізу;
апат ошақтарындағы болуы мүмкін жұқпалы аурулар туралы, олардың түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы халыққа дер кезінде ақпарат бері.
қаза тапқандардың өлімінің себебін және жаралылардың жарақаттарының дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық куәландыру және жұмысқа жарамсыздығын бағалау жататын сот-медициналық сараптау.
Төтенше жағдайларда халықты дәрігерлік қорғау екі саты бойынша жүргізіледі.
Бірінші сатыда дәрігерлік көшіру жүргізіледі және төтенше жағдай аумағында сақталған емдеу мекемелерінің, апаттар медицинасы қызметі құрамаларының күштерімен алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.
Екінші сатысында төтенше жағдай аумағынан тыс орналасқан емдеу мекемелерінде, сондай-ақ кәсіби және мамандандырылған медициналық көмек көрсету және зақымданғандардың толық емделіп шығуы үшін, қосымша құрылған емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетеді.
Соғыс уақытында бүгінгі заманғы зақымдану құралдарын қолдану кезінде жаппай санитарлық шығын ошағында бірінші дәрігерлік көмек төтенше жағдай кезіндегідей көрсетіледі.
Одан басқа Азаматтық қорғанысты бейбіт уақыттн соғыс жағдайына ауытыру жөніндегі шараларды өткізу кезінде санатталған қалалардан емдеу мекемелерін эвакуациялау есебінен селолық жерлер мен санатталмаған қалаларда медицина мекемелері құрылады.
Болжамдалған санитарлық шығындарға сай аурухана кереуеттің саны алдын ала жоспарланады. Бір мезгілде дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтардың және мүліктердің қоры құрылады, сондай-ақ қоғамдық үйлерде медицина мекемелерін орналастыру үшін жұмыстар жүргізіледі.
Облыстық эвакуациялық комиссиясының міндеттері.
Бейбіт уақытта Төтенше жағдай жөніндегі басқармалармен бірлесіп, халықты орналастыру және эвокуациялау жағдайын жасайды.
Облыс әкімінің бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармаларымен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвокуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (оларды бекіткеннен кейін) бақылайды.
Жеке құрамаларды құруды, оларды жабдықтауды бақылайды.
Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвокуациялық және эвакоқабылдау комиссияларының даярлыққа келтірілуін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвокуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвокуациялық ұйымдарының жұмысын бақылайды.
жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады. Көлік органдарымен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктің түрлерін, санын, дайындығын нақтылайды. Уақытша көшірілу кезінде адамдардың демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарын, қажетті қорғаныс құралдарымен қамасыз етілуін, келген адамдардың орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Өзіне бағынышты және өзара әрекет етіуші эвакуациялық комиссиялармен бірге халықты қауіпсіз аймақта қабылдау, орналастыру және жабдықтау жоспарларын нақтылайды.
Халықты орналастыру және эвакуациялау өткізуге арналған өкімді алысымен, бағынышты эвакуциялық және көлік органдарымен тұрақты байланыста болады, халыққа хабарлау барысында және отырғызу пункттеріне көлік бөлуді бақылайды. Эвокуациялық комиссиялардың, эвакуациялық жинау пунктінің және жаяу эвакуациялау маршруттары бастықтарының орналасатын және эвокуацияланатын халықты жинау мен оларды көліктің барлық түрімен және жаяу тәсілмен қауіпсіз аймаққа жөнелту жөніндегі жұмысына басшылық жасайды.
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына уақытына және көлік түрлерімен әкетілетін (шығарылатын) халық санын хабарлайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялаудың барысы туралы мәліметтерді жинайды және қорытындылайды, оларды Азаматтық қорғанысының бастығына және жоғары тұрған органдарға баяндайды.
Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әркет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады.
Ұйымның эвакомиссиясының міндеттері болып:
- Ұйымның азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардың отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, олардың мүшелеріне сұрау салмастан), олардың тізімдерін жастайды.
- Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.
Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколоналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлімдерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.
Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.
Эвакуциялық жинақталу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.
Эвокуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және эвокуациялық жиналу бекетінде орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.
Зардап шеккен жердегі құтқару, қираған өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстары.
Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні, оның тездігінде, тиімділігінде. Құтқару жұмыстарына :
• көмекке келген күштсрдің жүрер жолын барлау;
• жолдағы немесе апат орнындағы өрттің жайылуына жол бермеу;
• апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу, баспананың үстін ашу;
• құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру, оларды шығару;
• зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
• халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
• адамдарды олардың киімдерін санитарлық тазалықтан өткізу;
• территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.
Құтқару жұмыстарымен қатар кейінге қалдыруға болмайтын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстарға мыналар жатады:
• ластанған учаскелерге баратын жолдарды тазалау;
• аппаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
• бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында жұмысқа қосу;
• қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
• көше бойында кауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
• құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу;
Сонымен қатар зақымданған ошақтарға барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстарының жәйі, апат орнына барар жолды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Қираған не радиациялы орында АҚ күштері кезекпен жұмыс жүргізеді. Адамдарды құтқаруға кәсіпорындардағы біріктірілген отрядтар /командалар/ алдымен жіберіледі. Бұлардың мүмкіндігін күшейту үшін арнайы техника /бульдозерлер, автокрандар.../ бөлінеді. Бұларға көмекке өрт сөндірушілер және ластанған техниканы тазартушылар көмекке келеді.
Жасақшылардың күшімен панаханада қалған адамдарды құтқару жұмысы, оларға көмек көрсету, ішке ауа барғызу жағдайы қаралады. Қираған үйлердің астында ер адамдарды құтқару ең жауапты жұмыс. Бұл үшін темір кесетін ара, ауыр балғалар, техникалардың жаңа түрлері қажет.
Іштегі адамдарға кигізетін противогаз, респиратор, шаңға киетін матадан тіккен маскалар болуы керек. Апат болған жерде коммуналдық, энергетикалық жүйелер бұзылып, баспананың суға толуы, газдың жарылуы, өрт шығу қауіпі болады. Осының барлығы ескерілуі керек. Суды сырттан жабу, канализация жолдарын басқа бағытқа бұру, сырттағы газ тетігін жабу жұмыстары істелуі керек. Өрт шығармас үшін темекі тартуға, сіріңке жағуға болмайды. Адамдарды кауіпті жерден алыстау жерге әкету жұмыстары қаралады. Зақымдалған жерлерге тиісті ескерту белгілері қойылады, айнала қоршалады, егер жағдай талап етсе адамдар противогазбен жұмыс жасайды.
Жұмыс жүріп жатқан жерде аптечкалар, химиялық пакеттер не байлап-орау жабдықтары болуы корск. Табиғат дүлейіне - су тасу, қар құлау, таудан құлаған су тасқыны, жер сілкіну, дауыл /ураган/, вулкандардың атуы, құрғақшылық, орман не торф өрттері т.б. жатады.
Барлау қызметі, байланыс жүйесі, хабарлау орындары осындай қауіптің жақындағанын шамалап айта алады, қауіптен сақтану жолдарын алдын-ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы заманғы құрылыс жұмысының дамуы соншалық, олардың жолына қарсы тұра алатын мүмкіндігі бар, Мысалы, жер сілкінуге қарсы әдіспен салынған құрылыстар оған шыдай алады. Алматыда сондай құрылыстар бар.
Табиғат дүлейінің қауіпі туғанда, өндірісте апат болғанда АҚ штабы халыққа дереу хабарлайды. Алдымен басшы қызметкерлерге, жасақшыларға хабар жеткізіледі. Жағдайды анықтау үшін қауіп төнген ауданға алдымен барлаушылар жіберіледі. Олар апаттың деңгейін, су тасқынын, өрттің алып жатырған көлемін т.б. мәліметтерді жинастырып орталыққа жеткізеді. Ал орталық осыларға қарап құтқару, дереу қалпына келтіру жұмыстарын, оған қанша, қандай техника, адам күші керектігін т.б. жұмыстардың деңгейін анықтайды.
Егерқажет болса халық қауіпсізауданға көшіріледі, мысалы,Чернобыль атом станциясы30 км ары көшірілді. Барлықжағдайды анықтағаннанкейін тез арада сол жергежасақшылар, арнайы қызметкекірісетіндер /байланыс, медициналық, өртке қарсы, радияцияға, химиялық қаруға қарсы, қоғамдық тәртіп сақтаушылар т. б./ келтіріледі. Оларға осы жерде нақты тапсырмалар беріледі.
Медициналық көмек корсету жұмыстары, ауруханаға жөнелту, құтқарушылар жұмысқа кіріседі. Осындай кезде жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстары, халықты таза ауыз сумен, тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары, санитарлық гигиеналық шаралар алынады. Құлаған үйлер, құрылыстардың астында қалып зардап шегіп жатырғанадамдарды құтқару жұмыстарытез ұйымдастырылады. Бұлжұмыс еш үзіліссізадамдарды толық құтқарғанша жүруі керек. Ол үшін жасақшыларды, басқа көмекке келген құтқарушыларды кезекпен істетіп, жұмыс үзілмеуі керек. Апатқа ұшыраған жерлерде қоғамдық тәртіп сақтауға көп көңіл бөлінеді. Комендатура жұмыс жасайды.
Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін жұмыстар.
Жоғарыда айтылғандай апат болған жерге келген жасақшылар АҚ бастығына барып өздерінің келгендерін баяндап, одан тапсырма алады. Осы тапсырманы орындау үшін өзі /жасақшылар командирі/ жағдайды түгел түсінуі керек, себебі өзі білмей тұрып ол тиімді шешім ала алмайды. Барлығын анықтап, түсініп алғаннан кейін командир өз қарауындағы адамдарға істейтін жұмысты, оның көлемін, басқалармен ара қатынасты түсіндіреді, қандай мақсат қойылғанын, ол үшін қандай жұмыстар істелетінін анықтап айтады. Жұмыстың түрі, оның көлемі, басты күштерді қай жерге салу керектігі, өз күштерін қалай пайдаланатындығы, осының барлығы өзіне және қарауындағы адамдарға белгілі болуы қажет. Ең бастысы - адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болса ол жерден көшіру /эвакуация/ болып табылады. Көшірілген адамдар қай елді мекенге апарылатыны белгілі болуы керек. Жасақшылар командиріне жұмысты қашан бастауы керек, оларды ауыстыру, қайда жиналатыны т.б. мәселелерді анықтап алуы керек. Жұмысқа бұйрық берілген соң кіріседі. Бұйрықтар, қысқаша әрі түсінікті, анық жазылуы керек. Жұмыс кезінде оның барысын бақылап отыру да командирдің міндеті. Егер жағдай өзгеретін болса, онда қосымша міндеттер қойылуы, істелетін жұмыс, техниканы бекітуде өзгерістер т.б. болуы мүмкін.
Судан қорғанып үй үстіне, ағаш басына шығып кеткен адамдарды құтқару қажеттігі туады. Сондықтан құтқарушыларды құтқару құралдарымен жабдықтаған дұрыс. Суда қалған адамдарға көмек көрсетіп жүрген экипаж өздері суда қимылдау ережелерін, адамдарды құтқару әдістерін білулері тиіс. Техникамен жабдықталған жасақшылар тобы су кететін каналдар жасау, су тоқтайтын дамба, плотина тұрғызу жұмыстарымен айналысуы керек. Қай жұмыста істегенде де кауіпсіздік шараларын сақтап адам шығыны болдырмауға тырысу керек. Атом станциялары, не атом бомбасы жарылғанда орасан зор қуат бөлінеді. Ядролық қару, не ядролық жарылыс ядроның ішіндегі күшке негізделген. Ол ядро жарылғанда ауыр элементтердің /Уран-235, плутоний-239/ тізбекпен берілетін реакцияларының күші. Ядро қаруының күші тротил зарядының тоннамен өлшенетін күші арқылы мөлшерленеді. Бұндай қарудың күші тротилмен алғанда жүздеген, мыңдаған тіпті млн-даған тоннамен есептеледі.
Ядро жарылысының бес түрлі қирату факторлері пайда болады:
Ауа толқынының соққысы - жарылыстан жан-жаққа өте қатты шапшандықпен тарайтын, жоғары қысымдағы ауа соққысы. Мысалы: 1 мегатонна күшпен жарылыста ауа толқынының жылдамдығы 9 сек-5 км, 22 сек-10 км жетеді Осындай қозғалыста ол кез-келген техниканы, өндіріс құралдарын қиратады: ал адам ауа толқынынан зардап шегетіндігі өз алдына, сынап заттардың ұшқынына жарақаттанады. 1 шаршы см-ге 1 кг күш түскенде ауа толқыны зор зардап әкеледі. Бұл ауаның қозғалу шапшаңдығы секундына 100 метрге жетеді. Егер 1 шаршы/см-ге 0,2-0,4 /200-400 гр/ салмақ түсетіндей күш болса адам жеңіл жарақат алады /бас айналу, құлағы шулау, бас ауру/. 1 ш/см 0,5 /500 гр/ салмақтан асып кетсе, адам контузияға ұшырап, мұрыннан, құлақтан қан кетіп, сүйектері сынуы мүмкін.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды орналастыру тәртібі.
Қорғаныс ғимараттарына адамдарды қабылдап, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимараттарының коменденты-командир жүргізеді. Қорғаныс ғимараттарына келген адамдардың жеке қорғаныс құралджары (газ қағаз, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз су қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті заттары мен құжаттары болуы тиіс. Панахананы толтыру ұйымдасқан түрде жедел жүргізіледі. Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Олар, мүмкіншілігінше, жеке бөлмелерге немесе арнайы бөлінген жерге орналасады. Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының үкімін мүлтіксіз орындауға, ғимраттағы тәртіпті сақтауға тиіс. Қорғаныс ғимаратында әрбір адамның жатып ұйықтап демалуы кезекпен ұйымдастырылады. Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға, рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын, инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігі мен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тиым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұқбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тыңдау ұйымдастырылады.
Тамақ пен су ішу кезінде ғимарат желдеткіші тоқтауға тиіс. Тамақ ішер алдында қолды ылғал шүберекпен сүрткен жөн. Фильтрлі желдеткіш жүйесін ажырату және қайта қосу қажеттілік бойынша жүргізіледі. Қарсылас жақ химиялық қаруды қолданған жағдайда паналаушылар противогаз бен теріні қорғау құралдарын киеді. Қорғаныс ғимаратынан шығу, сырттағы жағдаймен түсетін әмірлер және дабылджар туралы паналаушыларға комендант хабарлағаннан кейін, оның бұйрығы бойынша жүргізіледі. Кіретін және апаттық шығар жер үйінді астынд қалған жағдайда комендант АҚ құрамаларының көмегін күтпей, паналаушыларды жұмысқа тарта отырып, оны тазалауды ұйымдастырады. Бірінші кезекте шығар есікті ашуға шара қолданылады, сол үшін оны тиегінен босатады. Жайпақ есікке бұрғымен, кескішпен және арамен саңылау жасайды, бұдан кейін іштегі үйінді қиқымдарын жинап кіреберісті үйіндіден тазартуды одан әрі жалғастырады. Апаттық шығар есік ашылған соң, адамдарды қорғаныс ғимаратынан шығару ұйымдасқан тәртіппен жүргізілуі керек: әуелі сыртқа бірнеше адам шығып, өз бетімен көтеріле алмайтындарға көмектеседі.
1.3. Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп қатері.
Бұл күндері адамның өзі жасаған жаңа өмір сүру ортасына және техносфераға байланысты өмір-тіршілікке қауіп төніп тұр. Себебі адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады.
Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:
- қорғау объектісі ретінде;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде;
- қауіп-қатердің көзі ретінде.
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Қышқыл жаңбырлар.
Қазіргі күннің экологиялық проблемаларының бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болу керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды.
Қышқыл жаңбыр деген түсінікті алғаш рет 1872 жылы Британ зерттеушісі Роберт Смит ендіріпті.
Қышқыл жаңбырлар түзілуінде SO2 үлесі шамамен 70%-дай, қышқылдық әсердің 20-30%-ы басқа заттарға байланысты. Қышқыл жаңбырлардың болуына ауадағы СО2-де әсер етеді. Осы газдың ауада әр уақытта болуына байланысты жауын-шашын суларының сутектік көрсеткіші 5,6-ға тең (рН=5,6). Қышқыл жаңбырлар алғаш рет 1907-1908 жылдары Англияда байқалды. Қазір рН=2,2-2,3 жауын-шашындар жиі болып тұрады.
Қышқыл жаңбырлар Скандинавия елдерінде, Англияда, Германияда, Бельгияда, Данияда, Польшада, Канадада және Ақш-тың солтүстік аймақтарында жиі болып тұрады. Ресей территориясында бұндай жаңбырлар Норильск, Челябинск, Красноярск және басқа да өндірісті аймақтарда болып тұрады. Кейбір қалаларда жаңбыр қышқылдығының 70-90 %-ы автотранспорттық ластануға байланыс-ты. Мысалы, Санк-Петербургте жаңбыр суының қышқылдығы 4,08-ден 3,7-ні құрайды.
Қышқыл жаңбырлардың әсері әр түрлі. Олар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектуралық ескерткіштерге және тағы басқа объектілерге зиянды әсер етеді.
Қышқыл жаңбырлардың топыраққа әсері. Топыраққа түскен бұндай жауын катиондардың қозғалысы мен олардың шайылуын көбейтеді, редуценттердің, азотұстағыштардың және топырақтағы басқа организмдердің белсенділігін азайтады. Егер де рН=5 немесе одан да төмендеп кетсе, ол жағдайдағы топырақтағы минералдардың ерігіштігі күшейеді, олардан бос күйінде улылығы жоғары алюминий босап шығады. Қышқыл жаңбырлар ауыр металдардың да (кадмий, қорғасын, сынап) мөлшерін көбейтеді. Қышқыл жаңбырлар мен олардың әсерінен босап шыққан химиялық заттар (металдар, нитраттар, т.б.) жер асты суларына, су қоймаларына, су құбырларына қосылып ауыз судың сапасын нашарлатады.
Қышқыл жаңбырлардың су экожүйелеріне әсері. Су көздерімен қосылып қышқылдық жауындар судың қышқылдығы мен тұздылығын көбейтеді. Көптеген гидробионаттар осы көрсеткіштердің өзгерісіне өте сезімтал келеді. Судың рН
Қазіргі уақытта Жер бетінде өзінің тіршілік ағзаларынан айрылған мыңдаған көлдер бар. Швецияның, Норвегияның және Канаданың көлдері мен өзендерінің 20 %-ында тіршілік иелері жоқ. Мысалы, тек Швецияның 14 мың көлінде аса сезімтал организмдер жойылған, ал 2200 көлінде бірде бір тіршілік иелері жоқ.
Қышқылдық жаңбырлардың және атмосфералық ластанудың орманға әсері. Бұл факторлар орман ағаштары мен басқа да өсімдіктерге орасан зор зиян келтіреді. Бұндай жауын-шашындар топырақ пен өсімдіктерден биогенді элементтердің (кальций, магний, калий), қанттардың, ақуыздардың, аминқышқылдарының азаюына әкеледі. Олар ағаштардың сыртқы қабықтарын бүлдіріп, олардың ішіне патогендік бактериялар мен саңырауқұлақтардың кіруіне, осылармен қоректенетін көптеген жәндіктердің пайда болуына жағдай жасайды. Осының нәтижесінде фитоценоздардың өнімділігі төмендейді, ал кейде олардың жалпылама өлімі болуы мүмкін. Осындай жаңбырлардың әсерінен алюминий мен басқа ауыр металл иондарының әсері күшейеді, ал олар ағаштардың түбірлерін бүлдіреді, инфекциялардың кіруіне жағдай жасайды, осының нәтижесінде ағаштардың тым ерте қартаюы болады (Альцгеймер ауруы). Қышқылды жауын әсеріне шыршалы ағаштар аса сезімтал келеді.
Атмосфера мен топырақтың ластануы кесірінен жойылған ормандар аймақтары Германия, Швеция, Финляндия, Австрия, Польша, Канада, АҚШ елдерінде көп кездеседі. Германияда 1980 жылдардың басында ормандардың жалпы түрде бүлінуі байқалды. Осы кезде шыршалы ағаштардың 80-90 %, ал жалпы басқа барлық ағашты өнімдердің 10 % бүлінді. Ресей территориясында 1,5-2,0 млн.га орман бүлінген. Негізгі бүліну аймақтары Норильск, Мончегорск, Братск аудандарында.
Парниктік эффект. Озон қабатының бұзылуы.
Парниктік эффект. «Көшетхана эффектісі» (парник эффектісі) деп ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өздеріне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуін айтамыз. Ластану нәтижесінде атмосферада пайда болған көмірқышқыл газы шоғырланған қабат жерге бағытталған қысқа толқынды күн радиациясын өткізгіш келеді, ал жер бетінің шығарған ұзын толқынды жылу сәулесін жоғары қарай өткізбейді. Осыған байланысты ғарыш кеңістігіне өтетін жер жылуының мөлшері азайып, ол ауаның төменгі қабатында ұсталып, жердің температурасын жоғарылатады. Ауада көміртек диоксиді негізінен қазба отынды (көмір, мұнай, табиғи газ) жағудан жиналады. Көміртек диоксидін ең көп шығаратын елдер АҚШ (22 % шамасында), Ресей (шамамен 16 %), Қытай (11 %-дай). Көшетхана эффектісінің әсерінен жер бетінің температурасы қазіргімен салыстырғанда (планетаның орта температурасы 05,5 0С) 2030 жылы 2,5 0С жоғарылауы мүмкін деп болжануда. Атмосфераның төменгі қабатындағы температураның жоғарылауы Антарктида мен Гренландия мұздықтарының еруіне, Дүние жүзілік мұхит деңгейінің көтерілуіне және құрлықтың ойпат жерлерін судың басып кетуіне, ауа райының өзгеруіне апарып соғады. Бұл жағдай дүние жүзінің көптеген елдерінде күрделі экологиялық проблемаларға себеп болып, бірқатар апатты жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан ЮНЕСКО, ФАО, ЮНЕП бойынша ғаламдық жылыну құбылыстарына жол бермеу тұрғысында жан-жақты зерттеулер жүргізілуде.
Климаттың ғаламдық жылынуы бұл бұрын болмаған үлкен аумақты экологиялық қауіп әкелуі мүмкін. Егер де мұхит деңгейі 1,5-2,0 м көтерілсе, ол жағдайда 5 млн. км2 құрғақ жер су астына кетеді. Бұл аймақ өте үлкен болмағанмен, бұл жерлерде 1 млрд. астам халық тұрады және әлемдік ауыл шаруашылық өнімдерінің 1/3 бөлімі жиналады.
Болжаулар бойынша,климаттың жылынуы ауа-райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың шекараларының жылжуына, табиғи апаттардың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының тездетілуіне әкеледі.
Міне осының бәрі 1979 ж. Торонта қаласында климаттың өзгеру проблемаларына арналған Халықаралық конференцияның болуына себеп болды.
Атмосфераға көмірқышқыл газын шығаратын негізгі техногендік себеп ол органикалық отынды жағу. Қазіргі уақытта тек қана жылу энергетикасы ауаға адам басына шаққанда жылына 1 тонна немесе жер бетіне шамамен 6 млрд. т/жыл көміртек шығарады. Климатолог-тар, егер де жылына ауаға 15-20 млрд. т көміртек шықса, бұл өте қауіпті деп есептейді.
Атмосферадағы СО2-нің азаюы фотосинтез және мұхит суларының сіңіруі арқылы жүреді. Мұхит сулары адамның іс-әрекеті нәтижесінде шыққан бұл газдың шамамен 50 %-ын сіңіре алады. Бірақ та бұл газдың ауадағы мөлшерінің тез көбеюі табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік туғызбай отыр.
Озон қабатының бұзылуы. Озон көп мөлшерде кездесетін стратосферадағы қалыңдығы 2-3 мм болатын қабат. Осы биіктікте Күн сәулесінің әсер етуінен оттек молекуласынан (О2) озон молекулалары (О3) түзіледі. Озон қабаты биосфераның жоғарғы шекарысы болып есептелінеді. Озон қабатынан жоғары орналасқан атмосфера қабаттарында тіршілік нышаны кездеспейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қажетті қауіпті күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыратынына байланысты озон қабатын «қорғаныш қабаты» немесе «озон қалқасы» деп те атайды. 1980 ж. Антарктидадағы ғылыми жұмыстарға негізделген стансалар-да жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау алған. 1987 ж. көктемде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн. км2-ді (ғарыштық түсіру бойынша) құрады. 1992 ж. Оңтүстік Америка материгі және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі (50%) тіркелді. 1995 ж. көктемде Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және Скандинавия түбегінің, Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның үстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген. Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы, яғни «озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселесінің бір бөлігі. Озон қабатында басталған бұзылу процесте-ріне себеп болып отырған шығарындыларға мұздатқыштардан бөлінетін фреондар мен ғарыштық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімдері және ядролық сынақтарда бөлінген заттар жатады. Осы заттар атмосфераның жоғары қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттекке айналу процесін катализдейді. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн. тонна озон ыдыратушы заттар алынып отырған. Оның көлемінің 35 %-ын АҚШ, 40 %-ын Еуропа елдері, 10-12 %-ын Жапония, 7-10 %-ын Ресей өндіреді. Озон қабатының тозуы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл дүние жүзідік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша атмосферадағы озон құрылымының 1 %-ға төмендеуі ультракүлгін сәуле мөлшерінің 2 %-ға дейін өсуіне, осыған байланысты адамдардың қатерлі ісік, көз катарактысының және т.б. аурулардың көбеюіне, адамның жүйке жүйесінің әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға қарсы екпе тиімділігінің төмендеуіне себепші болып отыр.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.
Оның түрлері:
- Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.с.с).
- Көлік жүйесіндегі апаттар.
- Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында,
энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т.с.с).
Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатка әкеліп соғу кауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңатехниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, кауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Апаттың тағы бір себептері - улы, тез тұтанғыш, жарылғьш заттарды сақтау, тасымалдау ережелердің сақталу-сақталмауы, олармен жұмыс істеудегі қателіктерге жол берілуі жатады.
Апаттың болуы, адамдардың еңбек тәртібін сақтамаушылығына, жұмыс істеуші адамдардың салақтығына, олардың тиісті дәрежеде білімінің жетіспеушілігіне, техниканы және оның каупсіздік сақтау ережелерін жете меңгермегендігіне көп байланысты.
Міне, осылар жұмыс орнындағы апатқа, жарылыстарға, өртке, қирауға, қоршаған ортаны улы не радиоактивті заттармен ластауға әкеліп соқтырады. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио зауытында жарылыс болып, өндіріс орны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станцияда ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі. Мұндай жағдай Атырау химия, мұнай айыру зауытында да болып тұратындығы ықтимал.
Апаттың тағы бір өте қауіптілігі - күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі. Осындай өрттен шыққан қалың түтіндегі улы заттар ауаға көтерілі де жерге жайылыпқонады. Әсіресе полиэтилен, полистирол тұрпаттас материалдардың жануы адам, жан-жануар, құстар және т.б. өміріне өте қауіпті.
Өрт пен жарылыстардың салдары оның жою факторларымен байланысты.
1. Өрттің негізгі жою факторлары мыналар: от заттарға тікелей және алыстан қызуы арқылы әсер етеді. Нәтижесінде отта қалған заттар, обьектілер, ғимараттар және оның құрылымы толық немесе жартылай жанып кетуі мүмкін. Ал өте жоғары температураның әсерінен материалдар, металдан жасалған тіреулер, балкалар, құрал-жабдықтар, технологиялық қондырғылар, бұйымдар және техникалар балқып, жанып істен шығады әрі өзінің қасиетін жоғалтады. Адамдар, жан-жануарлар зардап шегеді.
2. Жарылыстың қырып - жою факторлары мыналар:
- ядролық бомбаның, жарылғыш заттардың, сұйық отынның, газдың жарылыстарынан
туындайтын соққы ауа толқыны.
жарылыстардан жарықшақтардың, сынықтардың пайда болуы әрі онын үлкен
аймақты қамтып, үлкен зардап әкелуі.
Жарылыстардан қирау, обьектілердің жойылуы, адамдардың және жан-жануарлардың өлімі, жарақаттануы сияқты зардаптары болады. Жарылыстың нәтижесінде үлкен өрттер пайда болуы мүмкін. Неғұрылым жарылыстың қуаты күшті болса, соғұрылым оның экономикаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор болады.
Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жанурларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.
Улы заттар /сильно действующие ядовитые вещества/ жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.
Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не букүйінде болуы мүмкін.
Улы затпен зақымдаудың бірнешеерекшеліктері бар:
аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;
ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;
аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашарүйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /түйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін.
Улы заттармен зақымданудың жолдары:
уланған ауамен демалғанда;
улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;
уланған заттарды ұстағанда;
уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.
Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
Хлор жасыл-сары түсті өткір исі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.
Оның қайнау температурасы - 34,6°С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сүйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.
Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.
Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2 %-ды соданың ертіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға ыстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.
Аммиак - нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ.Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі /1:3 мөлшерде/ қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары конңентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.
Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.
Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридтің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.
Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.
Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.
Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызы.
Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын және т.б. жақтарын анықтау Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді.
Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың (соғыс кезінде) қай жерде, қандай қару қолданғанын, радияцияның деңгейін, улы заттың түрін, қирау мөлшерін, өрттің алып жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің немен, қаншалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі мәліметтер Азаматтық қорғаныс немесе Төтенше жағдай ұйымдарының штабтары жұмысын ұйымдастыруға қажет. Штаб осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халықты қорғау үшін қандай шаралар алу керек екенін, құтқару және кезек күттірмес қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді.
Барлау жұмыстары үзіліссіз, тез арада жинақтылықпен жүргізіледі. Барлау берген мәліметтер жағдайды толығынан ашуы керек.
Барлаудың үзіліссіз жүргізілуі – оның жоспарлы, жүйелі түрде күндіз-түні, ауа райына, жер жағдайына қарамастан қамтьамасыз етілуі.
Барлаудың тез арада жүргізілуі – оның белгілі уақытта АҚ штабын барлау бөлімдерінің жинаған мәліметтерін қажеттілігіне қарай тез арада штабтарға жеткізілуі.
Барлаудың жинақтылығы – болған жағдайды толық қамту.
Барлаудың шынайылығы – жағдай бірнеше жолдармен тексеріледі, жиналған мәліметтерді салыстыра отырып, оның дәлдігіне көз жеткізіледі.
2. ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Халықты және әскери қызметшілерді психологиялық дайындыққа әзірлеу.
Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуә шабуылынан қорғанужүйесі құрылды.
Кеңестер Одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ-не төмендегідей міндеттер жүктелді:
- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
- әуе шабуылының зрдаптарын жою;
- бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
- зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
- қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
- ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу;
- арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, қорғаныс жасақшыларыц саны жаппай өсіп, 6 млн-нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды. Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолданылуынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.
Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары мен міндеттері.
Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:
Әр қоғамда ең басты, бағалы нәрсе – адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру – негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу.
Төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету (Барлық өнімдерді қажетті мөлшерде өндіре алу).
Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу.
Апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.
Зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету.
Төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу.
Өндіріс орындарындағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру.
Адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу.
Территорияны, техниканы, киімді, тамақты улы, радиоактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
Әр мекеменің бірінші бастығы – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдына бірден-бір жауапты адам
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу. Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады. Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады.
Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері. Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді.
Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.
Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.
Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.
Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.
Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар).
Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады. Олар жаппай өртке не жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учскелердегі адамдар басқаларға біріктіріледі. Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады. Әрбір төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің маңызы өте зор.
Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» - деп аталатын («Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті. Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.
ТЖ –ды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабулетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында тсоғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.
Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық обектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принциптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР-ның Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.
Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:
- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;
- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;
- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
- көшіру шараларын даярлау;
- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.
Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын күштерімен ерекшеленеді. Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің жаңа құралдарының пайда болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы жоюға болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып тұр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін. Соғыс уақыты жағдайында, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:
- қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;
- АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға, сондай-ақ соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға орналастыру. Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Ядролық соққы беру ықтималдығы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолық жерлерде халықты, негізінен, радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады. Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген адамдарды да қорғау ескеріледі. Сөйтіп, соғыс қимылдары кезінде тұрғындар мен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандайда бір елді мекеннің қазіргі заманғы қырып-жою құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжанғн шабуыл сипатына байланысты анықталады. Басқаша айтқанда, қорғау шаралары ықтимал шабуылдың күтілген сипатына сай келуі тиіс. Демек, бұл ірі елді мекендер мен аса маңызды объектілерді, халықты қорғау деңгейінің аса жоғары болуы тиіс екендігін көрсетеді. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай міндеттерін анықтау кезіндегі өткізілетін шаралардың сипаты мен көлемі әртүрлі аймақтарға тән зілзала түріне, сондай-ақ аса қауіпті шаруашылық объектілеріндегі ықтимал апаттарға байланысты. Жер сілкіну қауіпі бар аудандар үшін халықты қорғаудың негізгі міндеті апатты жер сілкінісі кезінде халық құрбандығы мен экономикалық залалды азайту үшін жүргізілетін шаралар болып табылады. Су басу, тасқын аймағына орналасқан халық үшін зілзала болатындығын алдын ала ескертудің маңызы өте зор және оның ықтимал зардабына байланысты. Химиялық, радиациялық жарылу және өрт қауіпі бар объектілердегі ықтимал апат қауіпі кезінде халықты қорғау міндеті апатты болдырмау және ол пайда болған кездегі залалды азайтуға байланысты. Халықты қорғау жөніндегі шаралардың кешенділігі ТЖ сипатына байланысты қорғаныс әдістері мен құралдарын тиімді пайдалануға, ал соғыс уақытында зақымдау құралдарының түрі мен көлеміне орай туындайды. Әрбір нақты жағдайда қалыптасқан ахуалға олардың қасысы барынша сәйкес келетіндігіне мән бере отыра, халықты қорғау әдістерін қисынды үйлестіріп, дәл қолдана білу қажет. Халықты бейбіт уақыттағы ТЖ-дан осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жағдайына жедел аудару үшін бейбіт уақытта сипаты мен көлемі бойынша әртүрлі инженерлік, көшіру, радиациядан қорғау, дәрігерлік қорғау, өрттен қорғау және өзге шаралардың кешенін өз уақытында жоспарлап, іске асыру қажет.
Осы шаралардың мәнін қысқаша қарастырайық.
а) Инженерлік шаралар.
Халықты қорғаныс ғимаратына жасыру – шабуыл жағдайында оны қорғаудың ең негізгі әдісі болып табылады. Азаматтық қорғаныс тобына жатқызылған қалалар мен шаруашылық объектілеріне панаханаларды дер кезінде салу мақсатында қалалар мен селолық жерлерді радиациядан қорғайтын орындарды (РҚО) салуды өрістету болып табылды.
ә) Көшіру шаралары.
Төтенше жағдайда болсын, заманғы зақымдау құралдарын қолдануда тұрғындарды қорғау мақсатында көшіру шараларын дер кезінде жүргізудің маңызы өте зор.
б) Радиация мен химиядан қорғау шаралары.
Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:
1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау:
- радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21);
- химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24);
- залалсыздандыруда осы құралдарды әзірлікте ұстау;
- радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау;
- халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру;
- радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеу;
- жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азыұ-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану;
- радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.
в) Медициналық шаралар.
Халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау бойынша дәрігерлік шаралар халықты иондаушы сәулелерден, улы заттармен, газдармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау немесе дәрежесін төмендету мақсатында жүргізіледі.
Ол мыналарды қамтиды:
санитарлық-гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізу;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жасақшыларын зақымданған кезде өз-өзіне және өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйрету;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру;
объектілердің радиоактивті, химиялық заттармен және бактериалдық құралдармен зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.
г) Өрттен қорғау шаралары.
Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мқсатында жүргізілектін техникалық және ұйымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:
ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болдап, анықтау;
қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шраларын жүргізу;
өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын қамтамасыз ету;
өрттің көлемі мен мөлшерін бағалау мен оны бақылауға алу;
өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау;
өрттің алдын алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру.
Сонымен, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас ғана халықтың сенімді қорғалуын қамсыздндырады.
2.2. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы қимылдар.
Халықты қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан қорғауды ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің рөлі ерекше.
Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:
қорғаныс ғимаратына жасыру;
халықты таратып қоныстандыру және көшіру;
жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану;
дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;
азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;
радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;
өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;
зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыс пен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;
адамдарды, техниканы, киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздандыруды жүргізу.
Қорғаныс ғимараттарына жасыру – халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуә шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғауды негізгі және ең сенімді әдісі.
Адамдарды радиациядан қорғайтын панаханада жасыру, тек жеке және ұжымдық дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз еткен де ғана сенімді бола алады. Таратып қоныстандыру әдісі АҚ топтарына жататын қалалардың халқын, яғни жау шабуылы құралдарының әсерінің қауіпі нақты төнген халықтың бөлігін қорғау үшін жүргізіледі. Бұл әдісте адамдарды қауіп төнген аудандардан дер кезінде алып кетуді және оларға жеке қорғаныс құралдырын кигізіп, радиациядан қорғайтын панаханада жасыру мен қауіпсіз аймақтарға орналастыруды қарастырады. Таратып қоныстандыру мен көшіру туралы шешімді Үкімет өзі қабылдайды, шешімді орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүзеге асырады. Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде, қырып-жою құралдарының қолданылу қауіпі туындағанда тұрғындардың жекелеген бөлігін дер кезінде көшіру (ішінара көшіру) жүргізілуі мүмкін.
Жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын қолдану қазіргі заманғы қырып жою қаруларының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс құралдары радиоактивтік, улағыш заттардан және улы газдардан және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Дәрігерлік қорғаныс құралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалынжоюға және әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдищасындағы өзге бактериядан қорғау құралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.
Әуеден шабуыл болғанда – біріншіден, қалалық, аудандық Азаматтық қорғаныс штабынан жоғарыда айтылған қауіптер туралы хабар түседі. Сол кезде не істеу керек? Жарықты, газды, пештегі отты сөндіру керек. өз басыңыздың құжатын яғни, документтерді жинап, тамақ, су алып үйден шығамыз. Көршілерге тез ескертіп, мүмкіншілік болса қарт, ауру адамдарға көмек көрсетеміз. Тезірек панаханаға жету немесе басқа ылдилау (шұңқыр, құдық), таса жерлерге паналау керек.
Радиоактивтік немесе химиялық шабуылда да осындай дабылдар беріледі. Егер хабар жеткенде үйде болғанда есік терезелерді бекітіп, саңылауларды бітеу керек. Далағ шығатын болсаңыз комбинизон, етік, егер олар болмағанда пленкадан жасаған иыққа жамылғыш (накидка) кию керек. Азаматтық қорғаныс штабынан екінші рет хабар берілгенше паналаған жерден кетпей күту керек. Қауіптің өткендігі жөнінде хабар алған соң, асығып-саспай, байсалдылықпен қимылдау қажет.
Орта және жоғары оқу орындарында төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.
- Барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады.
- Қоғамдық тәртіп қорғау топтары.
- Санитарлық дружина – 25 адам.
- Санитарлық бекеттер – 2-3 дам.
- Радиайиялық не химиялық бақылау бекеттері.
- Құтқарушы топтар – 30-35 адам.
- Бірнеше өрт сөндірушілер топтары - әрқайсысында 4-5 адам.
Төтенше жағдайларда студент қыздарды ауруханаларға жіберуі мүмкін.
Студенттер ересек азамат ретінде төтенше жағдай және де басқа қатерлі апаттардың зардабын жоюға белсене қатысуы керек. Сондықтан бұндай жағдайға нақтылы дайындықпен келуі тиіс. Азаматтық қорғаныс сабақтарын мұқият ұғып, жүргізілетін пратикалық сабақтарында белсенділік көрсету; азаматтық қорғаныстың өткізетін барлық шараларына қатынасу; өздері төтенше жағдайларға психологиялық дайын болу, егер шын қиыншылыққа кездескенде асып-саспай, қайраттылық көрсету.
Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтарын халық шаруашылығы объектілерінде қолдануының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен түрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық және қырып-жоюдың өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген, түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі.
Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: жұмыс бөлімщелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау жұмыстарына кірісу; жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру; жарақаттанғанда мен көміліп қалғандарды құтқару; зақымданғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған адамдарға оларды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау. Ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру, киімдерін, территорияларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек.
Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды.
Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін. Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады.
Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады.
Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру командалары т.б. Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық квартираларды, парктерді, скверлерді химиялық тұнбалар тұрып қалып ластап, улайтындығын қатты ескеру қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, өңдеу жұмыстарымен айналысады.
Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстарға жататындар: бактериаларды барлау және бактериялар бар нәрселерді индикациялау; бастықтың рұқсатымен каратин режимін жүргізу немесе обсервациялау; санитарлық сараптама өткізіп, зақымданған азық-түліктерді бақылауға алу; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық емдеуді ұйымдастыру; эвакуациялау, ветеринар-санитарлар жиындарын, түсініктемелер жұмыстарын жүргізу. Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстарының жүргізілуінің соңы деп, соңғы ауру анықталып уақыи өткеннен кейін, аурудың инкубациялық даму мерзімінің ең ақырғы сатысына тең болғанын айтады.
Біздің мемлекетіміздің әскери доктринасының мазмұны халықтың қауіпсіздігін қорғау және қорғаныс сипаттағы іс-әрекетті алға қояды. Дегенмен Қазақстанның геополитикалық күрделі жағдайы өзінің қарулы күштерін ұстады және олардың әскеридайындығын жоғары ұстағанды талап етеді. Сондықтан қайтымы жоқ миллиондаған ақшалай қражатар қорғаныс жұмыстарына жұмсалып жатады. Кейінгі жылдары мемлекеттік деңгейде Азаматтық қорғаныс жұмысы қолға алынып, 1997 жылы арнайы «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңы қабылданды.
Соғыс жағдайында адамдарды, мал-мүлікті, шаруашылықты қорғау мақсатында дұрыс әрі ойластырылған шешім қабылдау үшін, қазіргі заманғы жаппай қырып-жою қаруларының сипаттамасын білу қажет. Бүгінде кейбір мемлекеттерде ядролық қару ғана емес, сондай-ақ лазерлік, ғарыштық тағы басқа түрлері де бар. Бұндй қарулар қоланған кезде қирау, көптеп адам, мал шығындары сияқты үлкен зардап, әкелетіні сөзсіз.
2.3. Ядролық қарудың жарылыс ошағы.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.
Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына:соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады.
Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. тасажерлергежасырынып, сақтанады.
Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультра-күлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.
Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.
Родиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойвна толық тарайды.
Радиоактивті заттардан аранайы панаханалар ғана сақтайды.
Электрлік магниттік импульсжарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды, конденсаторларды, ваккумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс апаттары, электрондық есеп машиналалары жарамсыз болып қалады.
Радиацияға қарсы қорғаныс. Медициналық көмек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек; радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су мен тамақты радиоактивтік ластануға зерттеу жасау қажет.
Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарларды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.
Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:
1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); терің жарасы әсері (иприт, люизит); жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан); тұншықтыру әсері (восген, фифосген), психикаға әсері (BZ); тітіркендіру әсері (CS – адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен және т.б.).
2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синильдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.
3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және т.б.) және адамдарды уақытша есінен айырды.
4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін).
5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.
Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизм-дері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады.
Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.
Экстремальдық жағдай (ситуация) дегеніміз не? Адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды экстремальдық деп атайды. Бұл жағдайда мынадай белгілер тән:
кенеттен немесе ойламаған жерден пайда болуы;
адамның зорлану, шиеленісу жағдайында болуы;
алғашқы секунд пен минуттағы денсаулыққа залалын тигізетін қатердің мүмкіндігі;
жедел істелетін белсенді іс-әрекеттің қажеттілігі.
Экстремальдық жағдайлар адамдардың табиғат аясында болған кезінде де (шөлде, орманда, тегісте, өзенде және т.с.с.), қала ішінде де (ауданда, ауылда), тіпті күнделікті жағдайда да пайда болуы мүмкін.
Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай-күймен анықталады:
1. Ниет ету. Экстремальды жағдайға, көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескеруге адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальды жағдайға түсе бермейді, бірақ ондай жағдайға тап болғанда өзіне-өзі сенімділік көрсете алмайды.
2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «менімен ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады.
Баспана тұрғызу. Апат болғандығы жөнінде дабылды берген соң немесе оған дайындық жасап болған соң, паналайтын баспана тұрғызуды ойластыру қажет. Бірінші ретте, оны тұрғызуға қолда бар заттарды (парашют, мата кесіндісі, қаптайтын заттар) пайдаланады. Болмаса табиғи заттардан тұрғызады. Экстремальды жағдайға тап болған кездегі баспана тұрғызудың қажеттігі жаңбырдан, күшті желден, суықтан, қайнаған ыстықтан қорғанумен айқындалады.
Баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі – тент. Жерге белгілі бір бұрышпен орнатылған тент жаңбырдан ,ана қорғап қоймайды, сонымен бірге оттың жылуын да сақтауға көмектеседі. Суық уақытта жатын орынды от жанып, қызуы қалған жерге салған жөн. Астына майда бұтақтармен құрғақ жапырақтар төсеген абзал. Егерде жерде түнеу қауіпті болса, жатын орынды ағаш басында орнатуға болады. Бүйрекке суық тигізбес үшін сыз жерде, қар үстінде жатуға мәжбүр болғанда, белді жылы киіммен орап тастаған жөн.
Қажет болғанда қауіпсіз баспана тұрғызған дұрыс. Ол үшін ыңғайлы орын табу керек. Біріншіден, орын құрғақ, жан-жағы ашық болуы керек, су көзіне де жақын болғаны тәуір. Егер уақытша баспананы табиғи орыннан тапса (ағаштың қуысы, үңгір т.с.с.), уақыт жағынан да, әл-күшті сақтауға да үлкен көмегі тиер еді. Үлкен ағаштағы қуыста баспана бала алады.
От жағу. Баспана тұрғызылған соң, от жағуды ойлану керек. Сапарға шыққанда, табиғат аясында дем алу үшін қыдырысқа шыққанда, қажет болса, өзіңізбен бірге сіріңке алып жүргеніңіңз абзал. Әрине сіріңке полиэтилен пакетіне салынған болса, немесе оралған болса, онда сіріңке су болмай құрғақ күйінде сақталады. Егер де сіріңкеңіз су болған болса, отты басқа жолмен (үйкеумен) алуға тура келеді.
Оттың жануына құрғақ бұтақтар керек. Алдымен тұтанғыш үстіне, тығыздамай, жіңішке бұтақтар, немесе құрғақ шөп, мүк салып тұтандырған жөн.От жаққанда өрт шығып кетпеудің қамын ойлаған абзал.
Тамақ пен суды табу. Экстремальды жағдай кезінде тамақ пен су табу аса маңызды мәселенің бірі болып есептеледі. Егер адам жападан жалғыз қалуға мойын ұсынып, дайындалған болса, онда ол осы мәселені ертерек ескергені жөн, яғни соған сәйкес дайындық жасауы қажет. Ал егер бұндай жағдайға ойда жоқ жерден душар болған болса, онда су мен тамақты табудың жолын, мүмкіндіктерін іздестіреді.
Адамдардың аштықта, шөлде өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеті туралы талай рет ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін дайындық кезінде толық ескерген жөн.
Егер адам толық сусыз, тамақсыз қалған жағдайда, алғашқы 10 күн ішінде қазаға ұшырайтындығы белгілі.
Ал арнайы дайындалған адамдардың тәжірибесі, мысалы, иогтардың өз бойын толық меңгеріп сусыз, тамақсыз 40 күнге дейін тірі бола алады екен.
Аштықтың алғашқы 2-3 күнінде адамда тағам қозуы (қарыны ашады) болады. Бұл кезде адам қанында қант бірден төмендеп кетеді. Аштық қинап, іші гүрілдеп, сілекейі ағып, мазасызданады. Бір тәуліктің ішінде адам салмағы 1 кг азаяды. Қан қысымы көтерілмегенімен тамыр соғысы жиілейді.
Организмде көміртегінің азаюы майдың қорытылмауына, метоболизмнің (май қышқылы, ацетон) қышқыл өнімдерінің жиналуына әкеліп соғады. Ацидоз дами бастайды. Синил қышқылымен уланған кездегідей , аш адам ацидоздан өледі.
Экстремальдық жағдайда ас тұзының жетіспеушілігінен адам организмінде ауыр өзгерістер болады. Тұз бен сіріңке – сапарға шыққандағы ең қажетті заттар екенін ұмытпау керек.
Осындай табиғи және өсімдік дәмдерін пайдалана отырып, топ немесе жалғыз адам қиын-қыстаудан шыға алады.
Ересек адамның организмінің 80 % судан тұрады, оның 2/3 бөлігі клеткалардың ішінде юолса, тек ¼ клеткадан тыс сұйық ретінде қанның плазмсын құрайды. Біздің организміміз сусыз өмір сүре алмайтын ашық жүйені құрайды. Су соншалықты қажет болғанымен, адам организмінде судың қоры шектелген, оның тек 10 %-ға азаюының өзі үлкен келеңсіз, адам өліміне себеп болатын өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғады. Организм судан үлкен қор жасай алмайды. Судың көп болуы дененің ісінуіне, тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан ұзақ уақытқа, алдын ала ішіп, суға қанып алу мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды бағалай отырып, мынадай қорытындыға келуге болады: судың адам организміне қажеттілігі соншама, денеден судың кетуі су қоры табылмаса, өте ауыр жағдайға ұшыратады. Алғашқы 3-5 тәуліктің ішінде адам өліміне әкелуі мүмкін. Яғни тамақтан гөрі, су тапшылығы адам өміріне аса қауіпті.
Қаладағы экстремальды жағдайлар және оның түрлері.
Қоғамның дамуы адамның өмір-тіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың мамандануынан туып отыр. Қалалықтар өз шаруашылықтарынан құтылуға қол жеткізеді, қызмет көрсету саласы дамып, жақсы ұйымдастырылған өнеркәсіп саласына айналды.
Қол жеткізген жетістіктер қалаларда жаңа күрделі мәселелер туғызуда, олардың көбісі қаладағы адамдардың өмір-тіршілігіне тікелей немесе жанай қауіп тудырады.
Солардың ішінде:
А. Әлеуметтік-психологиялық мәселелер. Шағын елді-мекенде тұрғындары бірін-бірі таниды, көбісі бір-біріне туысқан да болып келеді, ал үлкен қалаларда тіпті көршілер бірін-бірі танымайды. Осы жағдай қала тұрғындарында жалғыздық сезімін туғызады. Сонда адам соншама көп адамдардың ортасында өмір сүріп жүріп, басына қатер туғанда, қиындыққа ұшырағанда көмек те ала алмауы мүмкін.
Ә. Қала тұрғындары өз үй-тұрмыс мәселелерін шешуге дайын емес. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғына көбіесе бағытталған мамандықтың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалалықтарды қиын жағдайға душар етеді.
Б. Қала көлікпен қамтамасыз етудің технологиялық аймағына айналды. Бұл қалаларда адамдардың үлкен тобының жұмысқа, демалыс және басқа орындарға баруымен және қайтуымен байланысты болып отыр.
В. Қала криминогенді қауіпті аймаққа айналды. Адамдардың үлкен тобының қалада жинақталуының өзі қылмысты қауіпті аймақтың пайда болуына әкеліп соғады. Осындай жағдайды қылмыс топтары өз қылмыстарын жасауға және жауап беруден құтылуға пайдаланады екен.
Г. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Қалаларда өндірістің әр түрлерінің орналасуы, көліктің көбеюі атмосфераның ластануына әкеліп соғады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған.
Сонымен, қалаларды қауіп-қатердің, экстремальдық жағдайдың көзі ретінде қарастыра отырып, экстремальды жағдайды баспанада және баспанадан тыс болады деп, екіге бөлуге болады.
Баспанада болатын экстремальдық жағдайлар. Үлкен қалаларда баспананың негізгі түрі болып, көп қабатты үйлердегі пәтерлер саналады. Бұндай пәтерлер сумен, жылумен, электр қуатымен, өмір-тіршілік өнімдерін әкету жүйесімен, байланыс және ақпарат жүйесімен қамтамасыз етілген. Әрине, тұрғындардың өмірі және оның қауіпсіздігі осы жүйелердің қызметіне де байланысты. Қазіргі заманғы құрылысты көптеп салу жүйесі баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейді: панелдердің, есіктер мен терезелердің қиылысында жылу кететін, кеміргіштер кіретін саңылалар болуы мүмкін. Пәтерлер бір-бірімен ұштасып жатқандықтан бір жерден шыққан өрт екінші жерге таралып кету қаупі әр уақытта да бар. Улы түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Баспана үшін зардабы зор ең қауіптісі – өрт.
Баспанадағы өрт. Өрт өндіріс орындарына қарағанда үйлерде жиі болады. Өрттің себебі барлық уақытта бірдей-ақ:
- отты, оның барлық түрлерінде, дұрыс пайдаланбау;
- тұрмыста қолданылатын қыздыру приборларының бұзылуы;
- электр сымдарын және электр жүйесін пайдаланудағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу;
- теледидарлардың, радиоапаратуралардың жануы;
- пештің, оның құбырының дұрыс салынбауы және бұзылғандығы;
- балалардың отпен ойнауы.
Темекіні абайсыз шегудің зардабына ерекше тоқтап кету керек. Темекі шегушілер әзірге өте көп, сондықтан өрт болуға себеп те жеткілікті, сонымен қатар, оны себеп ретінде дөп басу ажырату қиын. Кейбір темекі шегетін адамдар сіріңкелерін, темекінің тұқылын қалай болса солай лақтыра салады, рұқсат етілмейтін жерлерде темекі шегеді, темекінің тұқылын ағаштан жасалған заттардың үстіне, тез тұтанатын заттардың қасына қоя салады. Негізінде өшпей қалған темекінің тұқылынан шыщщан өрт ең көп таралған өрттің түрі болып саналады.
Адамның өзі жасаған өмір сүру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі. Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күні осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады. Көлік адамның, тіпті қоғам өмірінің бөліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Көлікті күнделікті пайдалану қалыптасып кеткендіктен, жолаушылар оның қауіпсіздігі туралы ойланып та жатпайды. Ал негізінде олай емес. Көлік жүйесінің қатысымен болатын адам өлімі немесе жарақаттануы, қаладағы басқа да болатын қатердің түрімен салыстырғанда, әлденеше рет көп.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз, өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді. Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес, айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Теміржол көлігі. Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі. Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы – 140 км/сағ. жылдамдықпен жүре алады. Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса, жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді, сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтай алмайды. Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.
Аса қауіпті аймақтардың бірі – теміржол мен автокөлік жолдарының, қала көшелерінің қиылыстары. Кесіп өтетін жолдарды тік қиып өтетін, кез-келген жағынан жақсы көрінетін «темір жолға 50 м қалғанда, жақындап келе жатқан пойыз 400 метрдей жерден көрінетін болуы керек) етіп орналастырады.
Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады, темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса жер сілкіністері болып тұрады.
Жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғыш және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын өзгеріске алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
Жер сілкінісімен бірге өрт пайда болып, геологиялық ортаның экологиясы бұзылады, қопарылма, сырғыма, сел тасқыны және т.б. шаруашылыққа қосымша залал әкеледі. Жер сілкінісінің жанама шығыны да орасан зор: өндірістік циклдың уақытша тоқтауы, еңбек ресурстарының зардапты жоюға және тағы басқалар. Сонымен қатар көлік жолдарының зақымдалуына, тұрғын үй тұрмыстық жағдайдың нашарлауына, халықтың апат аймағынан кетуіне, жерасты дүмпуінің қайталануын күтуінің нәтижесінде адамдардың ұнжырғасының түсуіне әкеліп соғады. Жер сілкінісі салдарының аса ауыр түрлері ғимараттар мен үйлерді сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар жер сілкінісі қауіпі ескерусіз жүргізілетін құрылыс пен ғимараттарда пайда болады. Бұған мысал ретінде соңғы жылдары Қазақстанда болған жер сілкіністері салдарын келтіруге болады.
Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының және өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.
ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.
Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.
Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы – адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т.б.) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т.с.с.) – бәрінің маңызы өте зор.
Экстремальдық жағдайға душар болған адам бірінші ретте сырт ортамен байланыс жасауға шара қолдануы керек. Оның құралдары: белгі зымырандары, от, факель жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау, ысқыру және т.с.с. Өндіріс орындарында төтенше жағдайға арналған арнайы белгі беру құралдары болады. Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл белгілерін берген жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.В.Г.Атаманюк., Л.Г.Ширшев., Н.И.Акимов., «Гражданская оборона», учебник для ВТУЗОВ М., Высшая школа., 1987г.
2. Алтунин А.Т. «Формирования Г.О.в борьбе со стихиными бедствиями» М., 1978г.
3. Дуриков А.П., «Оценки радиоцонный обстановки на объекте народного хозяства» М., 1982г.
4. ТЖ және АҚ жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. Тоқсандық мамандандылыған басылым.
5. Қарғабаев Т. «Азаматтық қорғаныс сабағын оқытудың әдістемесі» Түркістан-2003ж.
6. Төтенше жағдайлар және азаматтық жөніндегі материалдардың ақпараттық әдістемелік жинағы (№14 (16) шығарылым, 2003ж.) Гражданская оборона для ВТУЗ. Атаманюк, 1989 г. Москва.
7. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық әдістемелік жинағы. ҚР ТЖ агенттігі. АҚ және ТЖ Республикалық басылым.
8. Ширшев Л.Г. Ионизирующие излучение и электроника М., 1969 г.
11. С.Е. Ешімханов. Патриотизм мектебін шыңдасқан ұстаздар. Оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік нұсқау. Алматы, 1999.
12. С.Е. Ешімханов. Өнегелі іске қатыстыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Оқушыларды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әдістемелік нұсқау. Алматы, 1999.
13.Қайсар Әлім, Тәуелсіздіктің тегеурінді сақшысы, «Егемен Қазақстан» 27-желтосан 2000 жыл.
14.Указ Президента Республики Казахстан от 7-мая 1992 года. «О созданий Вооружонных сил РК».
Егемен Қазақстан 9 мамыр 1992 ж.
20.Қазақстан сарбазы 3 маусым 2005ж.
21.М. Қ. Абдисов. Мектептегі әскери отансүйгіштік тәрбие. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 2, 2008 ж.
22.Ғ. Т. Оралбек., Г. Ө. Құбаева, Ә. С. Қайырғалиева. Қазақ тіліндегі әскери терминдер мен ұғымдар қолданысын Бауыржан Момышұлынан үйренейік!
23. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 1, 2008 ж.
24.Қ. Н. Темірбаев. Қазақстандық патриоттық сезімді бала бойында қалыптастырудың жолдары. Алғашқы әскери дайындық. Өмір қауіпсіздігі негіздері. № 1, 2008 ж.
25.Г. Жайлаубаева. Лирикалық өлеңдерді оқыту арқылы оқушыларды ұлттық рух пен патриотизмге тәрбиелеу. Ұлағат, № 1, 2008 ж.
26.С. Нұрмағамбетов. Патриотизм - үлкен мәні бар, философиялық дүние. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
27.С. Сапанов. Ұлттық мейрамдарды насихаттау өз деңгейінде емес. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
28.Бақытжан Момышұлы. Патриотизмнің ең негізгі қазығы - Ана сүті. Алматы ақшамы, № 5 (3943), 2007.
29.Е. Абенова, Т. Машенбаев. Ауылдық мектеп ерекшелігі. Қазақстан мектебі, № 80, 2003, 24-25 беттер.
30. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпы әскерлік жарғылары Алматы 2007ж
31. Егемен Қазақстан 9 мамыр 1992 ж.
32. Қазақстан сарбазы 3 маусым 2005ж.
33. С. Сапанов. Ұлттық мейрамдарды насихаттау өз деңгейінде емес. Алматы