kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ашты оюды? к?ркемдеу т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы:  А?ашты   к?ркемдеп   оюды?   т?рлері

Саба?ты?   ма?саты: О?ушылар?а  а?ашты  к?ркемдеп  ою  ?дістерін  ме?герту.

Дамытушылы?: О?ушыларды?  ?ол  икемділігін, іскерлігін, шеберлігін   ?алыптастыру, ??ыптылы??а, эстетикалы?  тал?ам?а  сай б?йымды  жасауды  ?йрету.

Т?рбиелік: О?ушыларды  ?немділікке, тияна?тылы??а, к?ркемдеп  оя  білуге  т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, к?рсету, практикалы? ж?мыс.

Саба?ты?  к?рнекілігі: о?улы?, дайын б?йымдар,пыша? т?рлері, дайын та?тайшалар, н?с?алар, плакаттар, ?ауіпсіздік  ережелері.

?ажетті  ??рал-жабды?тар:?арындаш, сыз?ыш, а?аш  материалдары, ою пыша?ы,  бал?а, ара, ?ашау, зімпара  ?а?азы, ?иыл?ан  ою  ?лгісі, лак  т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ашты оюды? к?ркемдеу т?рлері»





Тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері.


















Сабақтың тақырыбы: Ағашты көркемдеп оюдың түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп ою әдістерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың қол икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға сай бұйымды жасауды үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды үнемділікке, тиянақтылыққа, көркемдеп оя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, практикалық жұмыс .

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дайын бұйымдар,пышақ түрлері, дайын тақтайшалар, нұсқалар, плакаттар, қауіпсіздік ережелері.

Қажетті құрал-жабдықтар:қарындаш, сызғыш, ағаш материалдары, ою пышағы, балға, ара, қашау, зімпара қағазы, қиылған ою үлгісі, лак т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Сабаққа дайындығын қадағалап, қажетті құрал - жабдықтарын тексеру.

б) Қауіпсіздік ережелерін тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру

Оқушылар, жер жүзіндегі барлық халықтарда ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай,ірі мәдениет үлгісі ретінде жақсы сақталған.Халық арасындағы шеберлер ою арқылы сәулетті ғимараттар мен қару-жарақты, т.б. толып жатқан тұрмыста тұтынатын, бұйымдарды мәнерлеп, әшекейлеп отырған.Ою сөзі латынның ornamentum (орнамент) деген мағынаны білдіреді. Балалар, бүгінгі сабағымызда ағашты оюдың және ағаштардан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің алуан түрлі жасалу жолдарын іс жүзінде жасауды үйренеміз.Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт.Ағаштың:қаттылығы,салмағы,тығыздығы,иілгіштігі,түсі т.б. Ою дегеніміз - бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп жасауды айтады.

Жұмырлап оюда ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, ожау сияқты бұйымдарды жасауды айтады. Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі - геометриялық бейнедегі өрнек. Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.

Геометриялық оюлар – ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі . Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш және төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады .

1-сурет. Геометриялық резьбалардың базалық элементтері: а-екі қырлы; б-үш қырлы; в-төрт қырлы; г-қисық сызықты түрінде.

Геометриялық оюлардың элементтері.

Геометриялық оюлар пышақ, қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементтерден құралған әр түрлі комбинациядан тұрады. Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер тереңдігі мен ені әр түрлі, түзу және қисық сызықты екі қырлы ойықтар. Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үш қырлы ойықтар ( үшбұрыш ) көбірек таралған .

22-сурет.Геометриялық оюлардың техникалық орындалуы.



2Екінші тәсіл – өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тіліп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады.

Өрнекті тақтай бетіне көшірудің әдістері:

  • Өрнекті тақтай бетінің бір шетінен бастап салу әдісі ;

  • Өрнекті тақтай бетіне ортасынан бастап салу әдісі ;

  • Тақтайдың бетіне өрнекті тізбектей салу әдісі .



Геометриялық үш қырлы ойық өрнекті орындау технологиясы :

  • а)Тең бүйірлі үшбұрыштардан құралған өрнектің төбесін ойықтың түбіне қарата ою ;

  • б)Шаршы ішіндегі тең қабырғалы үшбұрыштардың төбелерін ойықтың ортасына қарай тереңдете ою ;

  • в)Тең қабырғалы үшбұрыштардың табандарын батыра ою .

Ағашты ою арқылы бұйым жасау үшін :

  1. Ең алдымен ою үлгісін қағазға салып алып қияды ;

  2. Үлгіні ағаш тақтаның бетіне көшіреді ;

  3. Тақтаға қарындаштың ізін қуалап , пышақтың жүзімен өрнекті түсіру үшін қашауды жұдырыққа тік етіп сығымдап ұстап, ішке қарай нығырлап тартып оюды ;

  4. Екінші көмекші қолың пышақ жүзінің кері бағытында болады ;

  5. Дайын өрнекті , бұйымды тазалау, әрлеу , лактау.

Оқушылар ақ қағазға геометриялық ою-өрнектердің түрлі үлгілерін сызып, қию әдістерін орындайды. Верстакта ағашты өңдеу жұмысы жүргізіледі.

Оқушы ағашты арамен кесу, түрпімен тегістеу, зімпарамен тазалау, қарындашпен белгі түсіріліп, ойылатын жердің бойымен сызықтар жүргізіліп, ою пышағымен кертіп ойылады, лакпен әрлеу жұмыстарын жүргізіледі.Жұмыс орындау кезінде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы қажет.

1. Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмысқа дейін

  1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат).

  2. Жұмысқа қажетті құрал- саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер

(верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б).

  1. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр.

  2. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

Жұмыс кезінде

  1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.

  2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандарың қайралған, әрі тұтқасы жарылмаған болсын.

  3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды (кесу, жону, тесу, біріктіру т. б.) өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.

  4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.

  5. Жұмыс кезінде алаңдама.

  6. Құрал – сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін

  1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

  2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды.

  3. Өзіңді ретке келтір.

  4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Сабақты қорытындылау , талдау.

Үйге тапсырма : өрнектерді оюды аяқтау .


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
А?ашты оюды? к?ркемдеу т?рлері

Автор: Байгабылов Марат Балтабайевич

Дата: 12.04.2016

Номер свидетельства: 317956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства